Қош келдіңіз Гость • Тіркелу • Кіру • RSS
Бейсенбі, 28.3.2024, 20:16
[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
  • Страница 1 из 1
  • 1
ФОРУМ » Ақида » Ақида мәселесіндегі сұрақтар » Адамның ең бірінші парызы не? (Аллаһқа иман келтіру)
Адамның ең бірінші парызы не?
adminУақыты: Сейсенбі, 16.08.2011, 12:46 | Хабарлама # 1
Администратор(модератор)
Топ: Администратор
Хабарламалары: 16
Статусы: Желіден тыс
Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен!

Адам баласына ең бірінші міндеттелетін парыз – бұл Аллаһқа иман келтіру. Егер адам өзін жаратқан Аллаһты білмесе, онда ол мал сияқты өмір сүреді. Оны Кім жаратқанын білмейді, осы өмірге не үшін келгенін білмейді. Жеп-ішеді, ұйқыдан оянып, қайтадан ұйықтайды… Не үшін өмір сүргенін білмей, осылай өтіп кетеді. Аллаһ Тағала айтады: «Ал, сондай иман келтірмегендер, дүние тіршілігінен аз ғана пайдаланады және хайуандар тәрізді жей береді. Олардың орны Тозақ оты» (Құран, 47:12).
Сонымен қатар, мұндай адам өзінің әрекеттерімен жер бетінде бұзақылық жасайды, себебі ол адам амалдардың қайсысы жақсы, қайсысы жаман екенін білмейді. Қай амалдар Аллаһтың разылығына жеткізеді, ал қай амалдар Оның қаһарына ұшырататынын білмейді. Мысалы, теледидар құрастырушының нұсқауын оқымай, қолданушы адам теледидарды дұрыс басқара алмайды, қосып-сөндіре алмайды. Дәл сол секілді кез-келген нәрседе.
Ол пайдаланып жатқан затын ойлап тапқан адамның нұсқауына сүйенсе, дұрыс басқара алады. Демек, адам баласы Аллаһтың жаратылысы ретінде өз-өздігінен тура жолды анықтай алмайды. Аллаһтың уақытша жаратқан жаратылыстарын дұрыс пайдалану үшін, міндетті түрде соны жаратқан Жаратушы Аллаһтан басшылық болу керек. Сондықтан, осы жер бетіндегі түрлі бұзақылықтардың себебі аспан мен жерді Жаратушы Аллаһтың көрсеткен тура жолына ілеспегендіктен болып отыр.
Аллаһ тағала былай дейді: «(Мұхаммед) оларға айт: "Расында, сендер қашқан өлім: әрине ол сендерге кездеседі. Содан соң көмес пен көрнеуді Білуші Аллаһқа қайтарыласыңдар. Сонда сендерге істеген істеріңді көрсетеді"»(Құран, 62:8).
Өкінішке орай, қоғамның көп бөлігі осындай жағдайда. Көптеген адамдар өзін жаратқанға және кез-келген уақытта кетуі мүмкін болған өлімге ғапылдық қылып, уақыттарын босқа өткізіп жүр. Бұл осы өмірдегі надан адамның жағдайы. Дей тұрғанмен, бұл мәселенің екінші маңызды жағы бар – оның көмегімен адам өз жағдайын дұрыстап, ретке келтіре алады. Бұл тәубе ету және Аллаһ Тағаланың бұйрықтарына бағынып, бой ұсыну, алайда бұл нәрсені адам тек осы дүниеде ғана істей алады. Егер де адам осы өмірді босқа өткізген болса, онда ол өзін ең қымбат нәрседен айырған болып табылады. Бұл ең қымбат нәрсе – Аллаһ тағаланың разылығы мен Оның Жаннаты. Денесінен жаны шыққан соң, адам өзінің жағдайын ешқашан өзгерте алмайды. Оған екінші мүмкіндік берілмейді.
Демек, Аллаһтың адамдарға ең бірінші жүктеген міндеті – Аллаһқа иман келтіру. Егер адам шамалы болса да шынайы ойланар болса, Аллаһ тағала оны жаратып, сонымен қатар оған білім алуға мүмкіндік бергенін түсінеді. Аллаһ тағала былай дейді: «Аллаһ тағала сендерді аналарыңның құрсағынан еш нәрсені білмейтін етіп шығарды да, сендерге есту, көру және ойлау қабілетін берді. Әрине шүкіршілік етерсіңдер!» (Құран, 16:78).
Аллаһ тағала бізге көру, есту және ойлау қабілетін бергендіктен, Оған ең бірінші шүкірлігіміз – Аллаһтың Өзі туралы білім алу болып табылады. Аллаһ тағала айтады: «Енді біл! Шын мәнінде Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты тәңір жоқ және өзіңнің күнәларың үшін жарылқау тіле…» (Құран, 47:19).
Жаратушының Өзі туралы білмей тұрып, осы дүниеде де, о дүниеде де бақытқа жеткізетін тура жолға еру мүмкін емес. Кімде-кім Аллаһтың бұйрықтарын білуге талпынбаса, онда ол қасіретке ұшырайды.
Біз Аллаһқа иман келтіру деп мыналарды айтамыз: Аллаһтың бар екенін, Оның Өзіне тән барлық Есім, Сипаттарын білу, жүрегіне бекіту, мойындау және анық сену. Сондай-ақ, тек Аллаһ қана құлшылыққа лайықты екеніндіге иман келтіру. Аллаһтың бұйрықтарын орындап және тыйымдарыннан сақтанған адамның жүрегі әрдайым тыныш болады.
«Иман келтіріп бой ұсынушылар, Жаннатқа кіріңдер, сендер де, жұбайларың да шаттыққа бөленесіңдер! Оларға алтыннан табақтар мен кеселер ұсынылады. Сондай-ақ онда көңілдерің қалаған нәрселерің мен көздеріңді қуантатын нәрселер бар. Сендер онда мәңгі қаласыңдар. Міне, осы сендердің амал етіп, мұра қылып алған жаннаттарың!» (Құран, 43:69-72).

Аллаһ жақсырақ біледі!
 
kibgctuxsutУақыты: Бейсенбі, 10.01.2013, 05:50 | Хабарлама # 2
Топ: Қонақтар





The Worry of Neurology the cardinal united <a href=http://www.shanghaidelightescorts.com>shanghai escorts</a> infirmary of University was founded in At the end of one's tether with the next decades and dear adherence of the aptitude members.
 
ФОРУМ » Ақида » Ақида мәселесіндегі сұрақтар » Адамның ең бірінші парызы не? (Аллаһқа иман келтіру)
  • Страница 1 из 1
  • 1
Поиск: