Қош келдіңіз Гость • Тіркелу • Кіру • RSS
Бейсенбі, 18.10.2018, 15:16
[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
  • Страница 1 из 1
  • 1
ФОРУМ » АССАЛАМУ АЛЕЙКУМ! SUNNA.MOY.SU САЙТЫ ТУРАЛЫ ФОРУМ. САЙТТЫҢ ҚАНДАЙ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ » sunna.moy.su сайты жайлы. » Таухид
Таухид
Ерлан ТеңелбаевУақыты: Бейсенбі, 01.09.2011, 13:49 | Хабарлама # 1
Топ: Қонақтар





Tаухид
بسم الله الرحمن الرحيم
الحمد لله رب العالمين، الرحمن الرحيم، مالك يوم الدين
أشهد أن لا إله إلا الله و أشهد أن محمدا عبده و رسوله
صلى الله عليه آله و سلم

Барлық мақтау бүкіл әлемнің Раббысы, ерекше мейірімді аса рақымды, қиямет күннің иесі — Аллаһқа тән! Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқ және Мұхаммед оның құлы әрі елшісі деп күәлік беремін! Оған және оның жанұясына Аллаһтың сәлемі мен салауаты болсын!

{يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُواْ اتَّقُواْ اللّهَ حَقَّ تُقَاتِهِ وَلاَ تَمُوتُنَّ إِلاَّ وَأَنتُم مُّسْلِمُونَ}
«Әй иман келтіргендер, Аллаһтан шынайы түрде қорқыңдар және тек мұсылман болған күйде ғана өліңдер!»[1]

Аллаһ Тағала бізге дінді толық қылды және нығметтерін тамамдады, сондай-ақ Ислам үмметін ең жақсы үммет қылды. Аллаһ Тағла бізге оның аяттарын оқитын, бізді жақсылыққа тәрбиелейтін және бізге Құран мен сүннетті үйрететін әрі бүкіл әлемге рақымдылық ретінде елшісі Мұхамметті жіберді. Аллаһ Тағала жын мен адамзатты тек өзіне құлшылық етулері үшін жаратты. Ол құлшылық—таухид, яғни Аллаһты бірлеу. Сондықтан да таухид және өзінің негізі болған Құран және сүннеттен алынған дұрыс ақида (сенім) осы құлшышықты іске асырудың басты негізі болып табылады. Сондай-ақ таухид осы әлемнің құрылуының басты негізі, егер таухид жоғалса бұл әлем де жоғалады. Аллаһ Тағала Құранда:

{لَوْ كَانَ فِيهِمَا آلِهَةٌ إِلَّا اللَّهُ لَفَسَدَتَا }
«Егер көк пен жерде Аллаһтан басқа құдайлар болғанда еді, (ол құдайлардың әрбірі өзі қалаған істі жүзеге асырмақшы болар еді және осының нәтижесінде жер мен көктің) екеуі де бұзылар еді»[2]-деді.

Адамдардың өз ақылдарына сүйеніп құлшылықтың негіздері мен жіктерін білулері мүмкін болмағандықтан Аллаһ Тағала оларға осыны үйрететін елшілерін жіберді, кітаптарын түсірді. Сөйтіп әр бір үмметке өз замандарында пайғамбарлар адамдарға діндерін үйрету үшін бірінен соң бірі келе бастады. Аллаһ Тағала айтады:

{ثُمَّ أَرْسَلْنَا رُسُلَنَا تَتْرَا }
«Кейін елшілерімізді бірінен соң бірін жібердік»[3]-деді.

Тіпті пайғамбар келмеген үммет қалмады. Аллаһ Құранда:

{وَإِن مِّنْ أُمَّةٍ إِلَّا خلَا فِيهَا نَذِيرٌ}
«Әрбір үмметтің ішінде әлбетте бір ескертуші пайғамбар өткен"[4] –деді.

Аллаһ Тағала осылайша әрбір үмметке пайғамбарларын жібере отырып оларды пайғамбарлардың ең құрметтісі, олардың имамдары болған пайғамбарымыз Мұхаммедпен аяқтады. Пайғамбарымыз үмметіне Исламды жеткізді, өзіне артылған аманатты біздерге тапсырды, күні-түні насихат қылды, Аллаһ жолында көптеген қиыншылықтар көрді, өзінен бұрынғы өткен пайғамбарлар сияқты бәріне сабыр сақтады. Аллаһ Тағала дінді үстем етіп адамдар дінге топ-тобымен кіргенге дейін Аллаһтың тура жолына шақыра берді. Пайғамбарымыз Мұхаммед Аллаһ Тағала онымен дінді толық қылып, нығметін тамамдамйынша өмірден өтпеді. Аллаһ Құранда:

{ الْيَوْمَ أَكْمَلْتُ لَكُمْ دِينَكُمْ وَأَتْمَمْتُ عَلَيْكُمْ نِعْمَتِي وَرَضِيتُ لَكُمُ الإِسْلاَمَ دِينًا }
«Бүгін діндеріңді толықтастырдым, және нығметімді тамамдадым әрі сендерге Ислам дінін қоштап разы болдым»[5]-деді.

Пайғамбарымыз Мұхаммед дінді толық баяндады, оның негіздерін және тармақтарының барлығын үйретіп кетті. Тіпті Мединенің имамы Мәлік ибн Анас: «Пайғамбар Мұхаммед үмметіне истинжаны[6] үйреткенде таухидті үйретпей кетті деп ойлау мүмкін емес"-дейді.

Пайғамбарымыз басқа пайғамбарлар сияқты таухидке, яғни бір Аллаһқа ықыласты түрде құлшылық етуге және ширктің барлығын;кішісін де үлкенін де тастауға шақырған еді. Өйткені барлық пайғамбарлардың негізгі мақсаттары осы еді. Аллаһ Тағала айтады:

{وَلَقَدْ بَعَثْنَا فِي كُلِّ أُمَّةٍ رَّسُولاً أَنِ اعْبُدُواْ اللّهَ وَاجْتَنِبُواْ الطَّاغُوتَ فَمِنْهُم مَّنْ هَدَى اللّهُ وَمِنْهُم مَّنْ حَقَّتْ عَلَيْهِ الضَّلالَةُ فَسِيرُواْ فِي الأَرْضِ فَانظُرُواْ كَيْفَ كَانَ عَاقِبَةُ الْمُكَذِّبِينَ}
«Расында біз әр үмметке: «Аллаһқа ғибадат етіңдер де шайтаннан ұзақ болыңдар деген уахимен бір пайғамбар жібердік. Сонда ол үмметтердің арасында оларды Аллаһ тура жолға салғандар да және жолдан ауытқығандар да болған. Ендеше жер жүзін аралап өз пайғамбарларын өтірікке шығарған елдің ақыры қандай болғанын көріңдер»[7]-деді. Тағы бір аятта:

{وَمَا أَرْسَلْنَا مِن قَبْلِكَ مِن رَّسُولٍ إِلَّا نُوحِي إِلَيْهِ أَنَّهُ لَا إِلَهَ إِلَّا أَنَا فَاعْبُدُونِ}
«(Мұхаммед ), сенен бұрын қандай-да бір пайғамбар жіберсек, оған: «Расында менен басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқ, сондықтан маған ғана құлшылық етіңдер»-деп уахи етіп жібердік»[8]-деді.

Пайғамбарлардың барлығы ағайындылар сияқты, олардың шариғаттары әр заманға сай әртүрлі болғанымен, діндерінің негізі—ақидалары бір.

Пайғамбарлардың әрқайсысы өз қауымдарына Аллаһ Тағаланың ұлықтығын, оның әр нәрсеге құдіретті, әр нәрсені білуші және дұғаларды еститін, қиыншылыққа тап болғанға жәрдем ететін, пайда да, зиян да беретін Аллаһ екендігін жеткізді. Сонымен қатар олар өз қауымдарына олардың құлшылық еткендері оларға еш пайда не зиян әкелмейтінін, оларға дұға қылса дұғаларын естімейтіндерін және оған жауап та қайтара алмайтындықтарын жеткізді. Сондай ақ пайғамбарлар қауымдарына олардың құлшылық еткен пұттары сөйлемейтіндіктерін және оларды тура жолға сала алмайтындықтарын, олар үшін не пайда не зиян әкеле алмайтындықтарын хабарлады.

Міне осының барлығы олардың тек Аллаһқа құлшылық етулерін, оған тәубе етіп өз қажеттерін тек Аллаһтан сұрауларын талап етеді. Сондай-ақ бұның барлығы Аллаһтың жіберген пайғамбарларын растап, Аллаһтың шариғатын ұстануды талап етеді.

Жоғарыда айтылғандай пайғамбарымыз дінді толық жеткізіп кетті. Онда айтылмаған нәрсе жоқ. Пайғамбарымыз хадисінде:

"ليس من عمل يقرب إلى الجنة إلا قد أمرتكم به و لا عمل يقرب إلى النار إلا قد نهيتكم عنه"

«Жәннатқа жақындататын қандай амал болса, сендерді соған бұйырдым және тозаққа жақындататын қандай-да бір амал болса, седерді одан тыйдым»-деді.

Сондықтан оған бір нәрсені қосудың не алып тастаудың еш қажеті жоқ. Мұсылман адам дінді пайғамбарымыз қалай үйреткен болса, солай қабылдауы және солай ұстануы парыз болады. Сонда ғана адам Аллаһтың разылығына жетуі және күналарының кешірілуі мүмкін. Аллаһ Құранда:

{قُلْ إِن كُنتُمْ تُحِبُّونَ اللّهَ فَاتَّبِعُونِي يُحْبِبْكُمُ اللّهُ وَيَغْفِرْ لَكُمْ ذُنُوبَكُمْ وَاللّهُ غَفُورٌ رَّحِيمٌ }

«(Мұхаммед, оларға):«Егер Аллаһты жақсы көрсеңдер, онда маған еріңдер! Сонда Аллаһ сендерді жақсы көреді және күналарыңды кешіреді. Аллаһ өте кешірімді, рахымды»-де»-деді.[9]

Осыған орай мұсылман адам ең бірінші Аллаһқа деген иманының дұрыс болуына қатты көңіл бөлуі керек. Сондай-ақ дұрыс иман Аллаһтың кітабі — Құраннан және оның пайғамбарының сахих хадистерінен алынатынын білуі қажет. Иман мәселелері Құран және сүннеттен ғана алынады, басқа біреудің ақыл-ойынан алынбайды.
Аллаһ барлығымыздың істеген қате-күнеларымызды кешірсін! Қияметте амал дәптерлерімізді оң жақ қолымыздан беріп, жаннаттық бақытты адамдардан қылсын! Әмин!
[1] Әлі Имран.102
[2] Ниса.22
[3] Мүміндер.44
[4] Фатыр.24
[5] Мәйда.3
[6] Дәретке отырғаннан кейін ластанған жерді тазалау. Яғни үш реттен көп сүртіп тазалау, қыблаға бұрылып отырмау және сүйекпен әрі тезекпен сүртпеу.
[7] Нахл.36
[8] Әнбиә.25
[9] Әлі Имран.31
 
alex3DУақыты: Жексенбі, 01.04.2012, 18:45 | Хабарлама # 2
Рядовой
Топ: Пайдаланушы
Хабарламалары: 2
Атақ: 0
Статусы: Желіден тыс
Понравился ваш форум. Хочу в ближайшее время тоже сделать такой сайт.
Сегодня наткнулись в интернете на интересное предложение по подбору причёсок онлайн http://pricheskaonline.narod.ru без регистреции обещают подобрать подходящую причёску. Кто - нибудь пробовал воспользоваться подобными услугами и подобрать причёску? Будем благодарны за совет или адрес сайта, на котором можно подобрать подходящую причёску онлайн.
Немного не в тему пишу, но не найти мне подходящего раздела, не ругайте пожалуйста!
 
ФОРУМ » АССАЛАМУ АЛЕЙКУМ! SUNNA.MOY.SU САЙТЫ ТУРАЛЫ ФОРУМ. САЙТТЫҢ ҚАНДАЙ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ » sunna.moy.su сайты жайлы. » Таухид
  • Страница 1 из 1
  • 1
Поиск: