Қош келдіңіз Гость • Тіркелу • Кіру • RSS
Сенбі, 20.4.2024, 17:25
Главная » Файлы » Қазақ тілінде » Ақида

Қиссашылардың (қуссас) Исламдағы үкімі, және қиссалар (қысас) негізінде діңге шақыру туралы
[ Скачать с сервера (219.0 Kb) ] 11.07.2011, 17:45

Мейірімді, Рахымды Аллаһтың атымен!

Кіріспе

Біз Өзін ғана мадақтайтын және Өзінен ғана көмек пен кешірім тілейтін Аллаһқа мақтаулар болсын! Біз Аллаһтан өзіміздің нәпсіміздің және амалдарымыздың жамандығынан пана іздейміз. Кімді Аллаһ тура жолмен жүргізсе, оны ешкім адастыра алмайды. Ал кімді Аллаһ тастап қойса, оны ешкім тура жолға сала алмайды. Жалғыз Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқтығына күәлік береміз, және Мухаммад – Аллаһтың құлы және Оның Елшісі екеніне куәлік береміз.
Содан соң:

Аллаһ Тағала адамдарға өнеге насихат жеткізу үшін және оларды ақиқат жолына шақыру үшін елшілерді жіберді және Кітаптарын түсірді. Мысалы, Мусаға (Аллаһтың оған сәлемі болсын) түсірілген Таурат туралы Аллаһ Тағала былай деді: «Мусаға (Тәурат) тақтайларында әр нәрсені үгіт түрінде ашалап жазған едік: «Сонда оны мықты ұста және еліңе әмір ет. Оның көркем нұсқауларын алсын!» (әл-А’раф 7: 145).

‘Иса пайғамбардың (Аллаһтың оған сәлемі болсын) Інжілі туралы Аллаһ былай деп айтты: «Және пайғамбарлардың ізінше өзінің алдындағы Тәуратты растаушы етіп, Мәрйям ұлы ‘Исаны жібердік. Әрі оған ішінде туралық, нұр болған алдындағы Тәуратты бекітуші, сондай-ақ, сақтанушылар үшін тура жол, үгіт түрінде Інжілді бердік». (әл-Мәидә 5: 46).

Соңғы пайғамбар және елші Мухаммадқа (Оған Аллаһтың сәлемі мен игілігі болсын) түсірілген Өзінің соңғы уахиі – Құран туралы Аллаһ Тағала былай деп айтты: «Аллаһтың өздеріңе берген нығметін әрі сендерді насихаттау үшін түсірген Кітапты, хикметті түсініңдер». (әл-Бәқара 2: 231).

Бұл аятта Аллаһ Тағала Құранмен бірқатарда «даналықты» атап өтеді, ал оны көп тәпсіршілер Пайғамбардың (Оған Аллаһтың сәлемі мен игілігі болсын) Сүннеті деп түсіндідіреді. Және Аллаһтың Елшісі (Оған Аллаһтың сәлемі мен игілігі болсын) өзі де өзінің Сүннеті туралы: «Ақиқатында маған Құран және оған ұқсас бір нәрсе сый етілді!» – деген. Әбу Дауд 4604, әт-Тахауи 2/321. Хадис сахих. Қараңыз "әс-Силсилә әс-сахиха” 2870.

Аллаһ Тағала өзінің пайғамбарына (Оған Аллаһтың сәлемі мен игілігі болсын) былай деп айтты: «Менің жолым осы. Мен және маған ергендер Аллаһқа ашық дәлел негізінде шақырамыз», – деп айт». (Юсуф 12: 108).

Имам әш-Шаукани бұл аят жөнінде: «Яғни анық дәлелге сүйеніп шақырамыз. Мұндағы «әл-басыйра» – ақиқат пен жалғанды ажырататын түсінік (ұғым), білім!» – деген. "Фатхул-Қадир” 1/298

Шейх Ибн Қасим былай дейді: «Аллаһқа шақыруда (дағуатта) екі шарттың болуы қажет: біріншісі – шақыру тек Аллаһ үшін орындалу керек; екіншісі – шақыру Оның Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетіне сәйкес болуы керек. Бірінші шартты бұзған адам – мүшрик болды, ал екінші шартты бұзған адам – дінге жаңалық еңгізудің жақтаушысы (бидғатшы) болды!» Қараңыз "Хашия Китаб ат-таухид” 55.

Біздің үмметіміздің салиқалы алдыңғы буын өкілдері дағуатта (дінге шақыруда) даналық танытып, адамдарды біліммен қосақталған дәл Аллаһтың соңғы Кітабының және Оның Пайғамбарының (Оған Аллаһтың сәлемі мен игілігі болсын) кіршіксіз Сүннетінің негізінде насихаттады, дағуаттады (шақырды) және оқытты. Және осыда оларға бұл үмметтің танылған имамдары да ілесті.

Алайда, олардан кейін, өздері айтатын нәрселерін істемейтін, және өздеріне әмір етілмеген нәрселерді істейтін адамдар пайда болды. Олар насихат пен өнеге айтудың көптеген, бұл үмметтің салиқалы алдыңғы буын өкілдерінің (саләфтар) ұстанғанына сәйкес келмейтін, және өздері олармен Құран және Сүннеттің насихаттауын ауыстырып жіберген өнеге мен насихат айтудың жаңа формаларын ойлап тапты, және өзінің әдістерін біздің заманымызда тиімдірек және пайдалырақ деп есептеуде. Олардың кей біреулері сопылық нашидтер түріндегі әндермен, кей біреулері аңыз-хикаялармен және өлең-поэмалармен, ал кей біреулері көбісі көбінесе сенімді болмаған түрлі әңгімелер және қиссалармен насихат айтып, діңге шақырып жүр. Және осының барлығы осы күндерге дейін жалғасын тауып келуде, және біз сондай-ақ, адамдардың ислам дағуатын жетілдіреміз деп, оған «жәмәат» деп аталатын сан алуан түрлі партиялар құруды, өздері «ислами» деп атап алған нашидтерді, ислами сахналық қойылымдарды, немесе көркем филмдерді, әр-түрлі әңгімелер мен қисса-хикаяларды еңгізіп қойғанын өз көзімізбен көріп жүрміз.

Бұл еңбекте Аллаһтың рұқсат етуімен осы күндері көптеген дін уағыздаушылары және дағуатшылар (діңге шақырушылар) қолданып жүрген қисса (қисас) деген дағуаттың (діңге шақырудың) әдісі туралы және қиссашы-әңгімешілердің өздері (қуссас) туралы айтылады. Және біздің бұл тақырыпты таңдауымыздың себебі – қисса-әңгімелерді (қисас) діңге шақыруда қолданудың рұқсат етілгендігі не етілмегендігі жөніндегі мәселе көп мұсылмандар арасында тартыстар және өзара түсініспеушіліктер туғызып жатқаны болды. Және олардың арасында, осы мәселені дұрыс түсінбегендіктен, тіпті имамдардың өмірінен кейбір мысалдарды келтіруді де айыпталатын әңгіме-қиссалар санатына жатқызып, айыпты деп есептеп жүргендер де бар. Тіпті осыған, оның қатарына тәубе қылу, тақуалық жасау, тәуекел ету, зуһд т.с.с. қосуға болатын рухани тәрбиедей насихаттау әдісін қосып жататындар да бар. Ал, енді бұл мәселеде жоғарыда аталған пікірлерге қарама-қайшы жағынан шектен шығушылыққа шалынып, Исламнан алыс болған адамдарға Құран мен Сүннеттің көмегімен насихат айту тиімді емес деп айтып жүргендер де бар, өйткені, олардың ойынша, сондай адамдарға таухид (бірқұдайшылық) т.б. туралы дәрістерді тыңдау ауыр келеді, және оларға сол арқылы өздері тәубеге келіп, діңге оралатын түрлі әңгіме-қиссаларды тыңдау оңай.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде және көптеген орыс тілді мұсылмандардың өтініші бойынша біз Исламдағы қуссас және қисас үкіміне арналған еңбек құрастыруды жөн көрдік. Осы орайда, біз осы мәселеге арналған және оны егжей-тегжейлі қарастыратын ертедегі имамдардың және қазіргі заман ғалымдарының танылған еңбектеріне сүйендік. Өйткені, біздің кезімізде көп мұсылмандар бұл мәселеге лайықты мән бермеуіне қарамастан, ол едәуір маңызды болып табылады, өйткені онымен мұсылман қауымының көптеген салмақты мәселелері байланысты! Көптеген атақты имамдар өздерінің хадистер жинақтарында қисас пен қуссастар мәселесіне жеке баптарды арнады.

Сондай-ақ, бұл жөнінде ертеде өмір сүрген көптеген имамдардың бидғаттарды сөгу туралы кітаптарында да айтылған, мысалы: имам Ибн Уәддәхтың «әл-Бида’ уәл-хауәдис», немесе имам әт-Туртушидің «әл-Хауәдис уәл-бида’» деген кітаптары. Сондай-ақ, көп имамдар қуссас пен қисас мәселесіне арнап жеке еңбектер жинақтады, мысалы: имам Ибн Әбу ‘Асымның «әл-Музәккир уә-ттәзкир уә-ззикр», имам Ибн әл-Джәузидің «әл-Қуссас уәл-музәккирин», хафиз әл-‘Ирақидың «әл-Бә’ис ‘алә әл-халәс мин хауадис әл-қуссас», немесе имам әс-Суютыдың «Тахзир әл-хаууәс мин аказиб әл-қуссас» деген кітаптары.

Мұның барлығы – біздің кезіміздің көптеген мұсылмандары қажетті маңыз бермей жүрген бұл мәселенің маңызды екеніне нұсқайды!

Бұл еңбекте ақиқат болғанның барлығы – Аллаһтан. Және біз Одан бұл шағын ғана еңбекті игі етуін және барлық мұсылмандарға пайдалы етуін сұраймыз!

«Әл-қисса», «әт-тазкир» және «әл-уа’з» деген не

«Қасс» сөзі өзінің тілдік мағынасында: реттілік, ізден ізге өту дегенді білдіреді. Терминологиялық мағынада бұл сөз адамдарды қисса-әңгімелер (қисас) арқылы үгіттеу дегенді білдіреді.

Имам Ибн әл-Джәузи, «қас» бұл – бұрын болып өткен әңгімені баяндап және оған түсіндірме бере отырып, оған сүйенетін (адам).

«Әт-тәзкир» сөзі: адамдарға Аллаһ Тағаланың оларға берген нығметтерін түсіндіруді, оларды осы үшін Оған шүкір етуге талпындыруды және мойынсынбаудан сақтандыруды білдіреді.

«Әл-уа’з» сөзі, (қазақшада көбіне «уағыз» деп жазылып жүр) Аллаһтың құлдарын одан жүректер жұмсаратындай етіп қорқыту дегенді білдіреді.

«Қас» (қиссашы-әңгімелеуші) терминіне келер болсақ, ол өзіне үгіттеудің осы үш түрін де қамти алады. Қараңыз "әл-Қуссас уәл-музаккирин” 157-159, "Тарих әл-қуссас” 13.

Исламдағы «қисас» пен «қуссас» үкімі

Әл-Хаббәб ибн әл-Араттан, Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтты дегені жеткізіледі: «Ақиқатында, Исраил ұрпақтары опат қылынғанда, олар қисса-әңгімелер айтуды бастаған еді». Әбу Ну’айм в "әл-Хиля” 1681, әт-Табәрани в "әл-Кәбир” 3705. Имам әл-Бәззар, имам әд-Дыя әл-Мақдиси и шейх әл-Әлбәни хадистің иснадын жақсы деді.

Шейх әл-Әлбәни бұл хадиске қатысты мыналарды айтты: "«Ән-Нихая» (Ибн әл-Асирдің) кітабында: «Яғни олар (Исраил ұрпақтары) амалдарды тастап, тек сөздерге ғана сенім артатын болды, міне осы олардың опат етілуінің себебі болды. Немесе керісінше, олар амалдардарды тастау себебінен опат етілген кезде,қисса-әңгімелерге беріліп кетті», - деп айтылады. Мен (әл-Әлбәни): Олардың опат болуының себебі – олардың уағыздаушы-үгіттеушілері адамға оның дінін тануға көмектесетін және игі амалдарды жасауға талпындыратын фиқх және пайдалы ілімді үйренуге емес, әңгімелерге және қиссаларға елігіп кетуі болды деп айтамын. Сөздері исраилияттардың (Исраил ұрпақтарынан жеткен хабарлар), әңгімелердің және сопылық қиссалардың төңірегінде айналып жүрген біздің кезіміздің көптеген қиссашы-әңгімешілердің (қуссас) үкімі (жағдайы) осындай! ” "әс-Силсилә әс-сахиха” 4/247-248.

‘Ауф ибн Маликтен, Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Адамдарға қиссаларды мұсылман әмірлерінен, әмір бұйырған адамнан, немесе өзін өзі (мақтанып) көрсетушіден басқа ешкім айтпайды!» – деп айтқаны жеткізіледі. Әхмәд 6661, Әбу Дауд 3665, Ибн Мәжжәһ 3753. Хадистің сахихтығын әл-Хайсами, хафиз әл-‘Ирақи, имам әс-Суюты, шейх Әхмәд Шәкир, шейх әл-Әлбәни және шейх Шу’айб әл-Арнаут растаған.

Имам әл-Мунауи былай деп айтты: "«Адамдарға…ешкім қиссаларды айтпайды» деген сөздер: ешкім адамдарға жолдап үгіт-насихат айтпайды және оларға пәтуа бермейді дегенді білдіреді. Ат-Тыби айтатын: «Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «үгіт-насихат айтпайды» деген сөзі тыйымға нұсқамайды, ал осы аталған адамдардан өзге кімде-кім осылай жасайтынын жоққа шығарылатындғына нұсқау болады».”. "Фәйдул-Қадир” 6/587.

Бұл хадистің басқа нұсқасы Аллаһтың елшісінің, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, осы сөздерінің мағынасын керемет түсіндіреді: Кәсир ибн Муррадан бірде ‘Ауф ибн Малик Хумс мешітіне онда адамдар бір адамның төңірегіне көп болып жиналған тұста кіргені туралы жеткізіледі. Ол (сонда): «Бұл не жәмәат?» – деп сұрады. Оған: "Ка’б (ибн ‘Ийяд) қиссалар айтуда”, – деп жауап қайтарылды. Сонда ‘Ауф: "Қасірет оған! Ол не, Аллаһтың Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Адамдарға қиссаларды мұсылман әмірлерінен, әмір бұйырған адамнан, немесе өзін өзі (мақтанып) көрсетушіден басқа ешкім айтпайды!» – деген сөзін естімеген ба», – деді. Және бұл сөз Ка’бқа жеткенде, ол осыдан кейін қисас айтқанын ешкім көрмеді”. Әхмәд 4/233. Хафиз әл-Хайсами хадистің иснадын хасан деді. "Маджма’у-ззауаид” 1/190.

Әл-А’маш былай деп баяндайтын: «Бірде Басра тұрғындары қисасқа қатысты өзара келіспеушілікке түсті, және Әнәс келгенде олар одан: "Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) қисас айтты ма?!” – деп сұрады. Ол: "Жоқ!” – деп жауап берді». әл-Байхақи "әш-Шу’аб әл-иман” 409, әз-Захаби в "әс-Сияр” 9/424. Иснады хасан.

Ибн ‘Умар айтатын: "Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) кезінде де, Әбу Бакрдың кезінде де, ‘Умардың кезінде де, ‘Усманның кезінде де қисса айтылмаушы еді. Қисса-әңгімелер алғаш болып бүлік (фитна) орын алған кезде пайда болды«. Ибн Әбу Шәйбә 5/290, Әбу Ну’айм 164. Хафиз әс-Суюты және шейх әл-Әлбәни сахихтығын растады. "Тахзир әл-хаууәс” 60, "Сахих әл-Мәуәрид” 97-111.

Имам Ибн Әбу ‘Асым былай деп айтты: "Ибн ‘Умардың: «Аллаһтың Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын), Әбу Бакрдің, ‘Умардың және ‘Усманның, оларға Аллаһ разы болсын, кезінде қисса айтылмады» деген сөздері мұның – олардан кейін пайда болған жаңадан ойлап табылған амал екендігіне дәлел болады, ал Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Жаңадан ойлап табылған амалдардан сақ болыңдар! Ақиқатында, әрбір жаңадан ойлап табылған амал – бидғат болып табылады!» – деп айтатын”. "әл-Музаккир уә-ттазкир уә-ззикр” 46.

Ал Ибн ‘Умар айтатын – одан кейін Мухаммадтың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) үмметтінде қисастар пайда болған бүлікке (фитнаға) келер болсақ, бұл жерде исламдағы алғашқы секта және олардың пайда болуы барлық адасушылықтардың пайда болуына себеп болған хауариждер туралы айтылуда! Мухаммад ибн Сириннен қисас туралы туралы сұрағанда, ол: "Қисас бұл – хауариждер еңгізген бидғат!” – деп жауап берді. Ибн Әбу Шәйба. Қараңыз "Тахзир әл-хәууәс” 83.

Имам Ибн әл-Джәузи айтатын: "Хауриждер қисас қолдануды бастаған және оларға жиі жүгінген кезде, оларға осыда ұқсау харам болды”. "әл-Қуссас уәл-музаккирин” 177.

Сахабалардың және олардың ізбасарлары мен имамдардың қуссастар мен қисасқа деген қатынасы

Харис ибн Му’ауия әл-Кинди, бірде ол ‘Умар ибн әл-Хаттәбқа, одан кейбір нәрселер туралы сұрау үшін келгенін баяндайды. Өзгелердің арасында ол одан мынаны да сұрады: "Және мен сенен қиссалар (қисас) туралы сұрағым келеді, өйткені адамдар қиссаларды қалайды”. ‘Умар: "Қалауың білсін” – деп, оған мұны тыйым салғысы келмегендей болып жауап берді. (Сонда) Харис: «Мен сен қалай деп айтсаң, солай істегім келеді!» – деді. Ал ‘Умар былай деп айтты: «Мен сен үшін: егер де сен қисас айта бастасаң, олардан нәпсіңмен жоғарылайсың деп қорқамын. Кейін сен қисасты, олар сені өзіңді жұлдыздарға жетекендей сезінетіндей етіп көтермелегенше айтасың, алайда кейін Ақыретте осының себебімен Аллаһ сені олардың табандарының астына қояды!» Әхмәд 1/18. Хафиз әс-Суюты, шейх Әхмәд Шәкир и Шу’айб әл-Арнаут сахихтығын растады.

‘Амр ибн Динар былай деп баяндайтын: "Бірде Тамим ад-Дари ‘Умар ибн әл-Хаттабтан адамдардың алдына қисас айтып шығуға рұқсат сұрады. Алайда, ‘Умар рұқсат бермеді. Кейін ол тағы да одан рұқсат сұрады, бірақ ‘Умар тағы оған рұқсат бермеді. Ал ол одан үшінші рет рұқсат сұрағанда, ол оған қарап: «Қаласаң», – деді де, қолымен өзінің тамағынан жүргізді”. әт-Табәрани "әл-Кәбир” 2/49, әт-Туртуши «әл-Хауәдис уәл-бида’» 109. Хафиз әл-Хайсами, бұл хабардың жеткізушілері әл-Бухари мен Муслимнің жеткізушілері болып табылады деп айтады, ал имам әс-Суюты оның иснадын күшті деді. "Маджма’у-ззауәид” 1/189, "Тахзир әл-хаууәс” 60.

Хафиз әл-‘Ирақи былай деп айтты: "Әрбірі лайықты және шыншыл болған сахабалардың қатарына жататын бұл адамға ‘Умардың тыйым салу әрекетіне назар аудар! Бірақ, Тамим сияқтылар табиғиндердің және олардан кейінгілердің арасында бар ма?!” Қараңыз "Тахзир әл-хаууәс” 223.

Ал, Тамим ақиқатында да орын алғаннан өзге қисса-әңгімелер айтпағандығын ескерсек, біздің күнімізде Тамим сияқтылар қайда! Және хафиз әл-‘Ирақи біздің кезіміздің қуссастарының көптеген және таңғаларлық қиссалары мен әңгімелерін естісе, олар туралы не айтар еді?! Мысалы, кейбір қазіргі заман уағызшыларының, өлген адамды жуушылар оның ішінен шығып жатқан ыссы отты сезгендігі, немесе намаз оқымаған өлген біреуді ұсқынсыз зақымданған түрде қазып алғандығы, немесе бір жылан бір күнәхардың қабіріне кіріп алғандығы туралы кең тараған әңгімелер. Және мұның барлығы күнәхарларды қорқыту ретінде айтылады және баяндалып жатқандардың соңының жаман болғандығының белгісі ретінде көрсетіледі.

Біріншіден, осы қуссастардың ешқайсысы осындай әңгіме-қиссаларының сахих көздерін ешқашан ұсынбады. Ал екіншіден, осы нәрселердің негізінде ғайып туралы сөйлеуге болады ма?! Оның үстіне, көптеген қуссастар үшін олардың әңгімелерінің қайнар көзі – кәпірлер ойлап тауып, интернет кеңістігіне жариялап жатқан, Құранды жыртып тастаған бір әйел қорқынышты мақлұққа айналып кеткендігі және басқа да сол сияқты нәрселер болып жатқандығына жеттік. Ал, іс жүзінде бұлар – кәдімгі фотомонтаж, алайда кейбір қуссастар оларды интернет кеңістігінен тауып алып, ғажайыптар және Аллаһтың белгілеріне жатқызып, өзінің кезектегі әңгіме-қиссасына сюжет ретінде қолданады. Ал бұл кезде кәпірлер оларға өздері сұқпалап жіберген осы «знамениелер» үстінен келемеждеп, күледі!

Және осы аталғандарға интернет кеңістегіндегі, газет, журнал, кітаптардағы, телевидение және радиодағы, ел ауызындағы т.б. күмәнді көздерден алынған кез-келген әңгіме-қиссаларды және хабарларды жатқызуға болады.
‘Абдуллаһ ас-Сәлми былай деп баяндайтын: "Бірде ‘Али ибн Әбу Талиб қисса-әңгімелер айтып отырған адамды көріп, одан: «
Сен үкімін жоюшы (нәсих) мен үкімі жойылғанды (мәнсух) ажырата білесің бе?!» – деп сұрады. Ол: «Жоқ», – деп жауап берді. ‘Али (сонда) былай деп айтты: "Онда сен өзіңді және өзгелерді опат етіп жатсың!” Әбу Хайсама "Китаб әл-‘илм” 130, әл-Байхақи "Мифтах әл-джәннә” 45. Шейх әл-Әлбәни сахихтығын растады.

Имам Ибн Әбу ‘Асым былай деп айтты: "Осыда қиссашының білімін тексеруге рұқсат етілгендігіне нұсқау бар”. "әл-Музаккир уә-ттазкир уә-ззикр” 36.

Әбу ‘Амир әл-Хузани мынаны баяндаған: "Бірде мен Му’ауия ибн Аби Суфянмен бірге қажылық жасауға бардым, ал біз Меккеге келгенде оған Бану махзум тайпасынан болған бір қиссашы Меккенің тұрғындарына қисса-әңгімелер айтып жүр деген хабар жеткізілді. Му’ауия оны алып келуді бұйырды да, ол келтірілген кезде ол одан: «Саған мұны істеу бұйырылып еді ма?!» – деп сұрады. Ол: «Жоқ», – деді. Му’ауия: «Онда менің рұқсатымсыз адамдарға сөйлеуге сені не итермеледі?» – деді. Ал ол: «Біз өзімізге Аллаһ үйреткен білімді таратып жүрміз», – деді. Сонда Му’ауия былай деп айтты: «Егер мен бұл жерге бұрын келгенімде, онда сенің денеңнің бір бөлігін кесіп тастар едім!” әл-Хаким "әл-Мустадрак” 1/128, Ибн Нәср в "әс-Суннә” 51. Иснады хасан.

‘Амр ибн Зарара былай деп баяндайтын: "Бірде Ибн Мас’уд мен қиссалар айтып отырған кезімде менің төбемнен келіп тұрып алды да: «Әй, ‘Амр! Ақиқатында, сен адасушы бидғат ойлап таптың! Не сен Мухаммад және оның сахабаларынан да дұрысрақ жолмен жүрудесің!» – деді. Және содан соң олар мені тастап кетті, және мен өзім отырған жерде ешкім қалмағанын көрдім”. әт-Табәрани "әл-Кәбир”. Хафиз әл-Мунзири және шейх әл-Әлбәни сахихтығын растады. "Сахих ат-тарғиб” 57.

Салим былай деп баяндайдайды: «Бірде Ибн ‘Умардың мешіттен шығып баратып: «Мені мешіттен мына сендердің қиссашы-әңгімелушілеріңнің дауысынан өзге ешнәрсе шығармады», – дегенін көрдім». әл-Мәруази в "Китаб әл-‘илм”. "Тахзир әл-хаууәс” 71.

Бірде қала тұрғындары Салмән әл-Фәрисидің мешітте отырғандығы жөнінде естігенде, олар оның алдына келіп, мыңға жуықтағанша дейін жинала бергендігі жайлы жеткізіледі. Салмән оларға қарап: "Отырыңдар, отырыңдар”, – деді. Адамдар отырып болған соң, Салмән Юсуф сүресін ашып, оны оқи бастады. Адамдар тарала бастады, олардан жүз шақтысы қалғанша. Сонда Салмән ашуланып, оларға қарап: «Сендерге сәнді етіп көрсетілген сөздер үшін жиналдыңдар, ал мен сендерге Аллаһтың Кітабын оқи бастағанымда, таралдыңдар?!» – деді”. Әбу Ну’айм в "әл-Хиля” 1/203.

Сондай-ақ, осы күндерде де көптеген мұсылмандар өздеріне кәдімгі бір нәрсе болып көрінетін Құранның ұлықтығы туралы ұмытып, әртүрлі қиссаларға және әңгімелерге қалауы ауады, және адамдарға олар Құраннан ықпалдырақ болады есептейді.

Әл-Хакам ибн ‘Утайбә мынаны баяндайды: "Мен Ибн Әбу Ләйләдан қисас туралы сұрадым және ол былай деп жауап берді: «Мен Мухаммадтың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын), сахабаларын олар бір-бірімен отыратынын және олардың әрқайсысы (пайғамбардан) естігенін айтатынын көріп үлгердім. Бірақ, олардың біреуі уағызшы сияқты отырғаны, ондай болмады!»” Ибн Уәдах «әл-Бида’» 85.

Әңгіме дінге үйретушіні тыңдап отыру туралы емес, дәл қисас түріндегі уағыздап-үгіттеу туралы болып тұр, бұл туралы шейх Салих әл-Хидджи Ибн Уадахтың «әл-Бида’» кітабына жазған шархында айтатындай, өйткені саләфтар жиі мәжіліс құрвп отырып адамдарға дін үйрететін, мысалы, мұны Му’аз Шамда істеген, немесе мұны Мәдинаның ғалымдары т.б. істеген. Мәймун ибн Михран айтатын: "Қиссашы (қасс) Аллаһтың өшпенділігін күтуде болады!” Ибн әл-Мубарак "аз-Зухд” 84.

‘Асым ибн Бахдалә былай деп баяндайтын: "Біз жастық шағымызда ‘Абдур-Рахман ас-Сәлмиге келетінбіз, және ол бізге былай дейтін: «Қуссастармен бірге отырмаңдар! Және олармен бірге отырушылар бізбен бірге отырмасын! Қуссастардан сақтаныңдар!»” Әбу Ну’айм "әл-Хиля” 4/193.

Әбу Идрис әл-Хауләни айтатын: "Мешітте лаулаған отты көру – мен үшін қисас айтушы қуссасты көруден сүйіктірек!” Әбу Ну’айм в "әл-Хиля” 5/124.

Әд-Даххақ: "Мен ‘Умар ибн ‘Абдул-‘Азиздің құссастарды және олармен бірге отырушыларды түрмеге отырғызатынын көрдім», – деп баяндайтын. Ибн Уадах в «әл-Бида’» 87.

‘Умар ибн ‘Абдул-‘Азиз түрмеге ғалымдарды және білім иелерін жаппағандығы, және мұны адасқандарға қатысты жасағандығы айқын. Және осыда шынайы ғалымдар мен қарапайым адамдар оларды ғалым деп есептейтін қисашы-әңгімешілердің арасында үлкен айырмашылық бар екендігіне нұсқау бар!

‘Абдул-Мәлик ибн Мәруаннан қисас туралы сұрағанда, ол: "Бұл – сендердің істеп жатқан нәрселерің сияқты, бидғат және пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Егер ел бидғат енгізсе, онда олар сол бидғатқа тең болған Сүннетті жоғалтады!», – деп айтты”, – деді. "Тахзир әл-хаууәс” 73.

Му’ауия ибн Қурра айтатын: "Біз қисса айтып жүрген адамды көрген кезімізде: «Ол – бидғатшы!» – дейтінбіз”. Ибн Уәддәх «әл-Бида’» 48.

Шу’ба: "Ақиқатында, біз қуссастарға хадис айтпаймыз!” – деп айтатын. Одан: «Не үшін, йә, Әбу Бистам?!» – деп сұрады. Ол: «Өйткені олар бізден бір қарыс хадис алады да, оны бір шынтақ етеді», – деп жауап берді. "әл-Джәми’ әл-ахләқ әр-рауи” 2/165.

Хаммәм ибн Харис былай деп баяндайтын: "Ибраһим әт-Тайми қиссалар айтуды бастаған кезде, оның әкесі: «Сен не ойлап таптың?!» – деп, оны үйінен қуып жіберді?!” Ибн Уаддах «әл-Бида’» 51.

Әбу Қиляба айтатын: "Қуссастардан өзге ешкім дінді өлтірген жоқ! Адам қуссастармен бірге бір жыл болып, пайдалы ешнәрсе алмауы мүмкін, ал білім ортасында отыруы да мүмкін, және ол пайдалы нәрсе алмай тұрмайды!” Әбу Ну’айм в "әл-Хиля” 2/287.

Бұл ұлы имамның сөзі нендей дұрыс, өйткені қуссастарды тыңдаушылардың жағдайы бүгіңгі күні де тура осындай, олар бірнеше жыл өтседе де, ешбір шариғат ілімдерін алмай жүре береді!

Имам Мәлик быдай деп айтатын: "Мен мешіттегі қисса-әңгімелерге (қисас) сөгіс айтамын, және қиссашылармен отыру рұқсат етілген деп есептемеймін! Ақиқатында, қисас бұл – бидғат! Адамдар оларға хатыбқа (құтпа айтушыға) ұмтылғандай ұмтылмауы керек. Және Ибн әл-Мусайиб және басқалар қиссашыларды олар қисас айтып жатқан кезде тастап кететін». "әл-Мадхәл” 2/144.

Яхя ибн Яхя әл-Ләйси мынаны баяндады: "Бірде, біз Тарабилистан Мәдинаға қарай жолға шыққанда, бізбен бірге бір жас жігіт шықты. Және біз қай жерде тоқтасақ та, ол бізге Мәдинаға жеткенше уағыз айтып барды. Және біз осыған таң қалатынбыз. Ал біз Мәдинаға жеткенімізде, ол оның тұрғындарының арасында біздің арамызда істеген нәрсесін істегісі келді. Және мен оның орнынан тұрғанын және тұрған бойында бір-нәрселерді баяндап жатқанын көрдім. Алайда, Мәдинаның тұрғындары оның қасынан кетіп қалды, ал балалар оған тас лақтырып: «Үніңді өшір, йә, надан (джәхил)!», – деп айтты. Мен көргеніме таң қалдым! Біз Мәликке кіргенімізде, сәлемдескенімізден кейін одан ең бірінші сұрағанымыз, әлгі жігітпен орын алған жағдай болды. Малик: «Адамдар, оны тастап кеткен кезде, дұрыс істеді, және балалар да, өтірігі үшін оған сөгіс айтқан кезде, дұрыс істеді!» – деп айтты”. "әл-Мәдхәл” 2/145.

Әл-Фадл ибн Михран былай деп баяндайтын: "Мен Яхя ибн Мә’инға: «Менің бауырым қуссастардың алдында отырады», – дедім. Ол: «Оған тыйым сал!» – деді. Мен: «Ол тыңдамайды», – дедім. Ибн Мә’ин: «Оған насихатта», – деп айтты. Мен: «Ол қабылдамайды», – дедім. Сонда ол: «Одан өзіңді шеттет», – деді. Мен: «Жақсы», – дедім. Содан соң мен Әхмәд ибн Ханбәлға келіп, оған тура осыны қайталап баяндап бердім, ол маған: «Бауырыңа айт, ол Құран оқысын, Аллаһ Тағаланы зікір етсін және Аллаһтың Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) хадистерін үйренсін», – деді. Мен: «Ал егер ол (мұны) істемесе ше?» – деп сұрадым. Ол: «Істейді ин ша-Аллаһ», – деді. Мен: «Ал егер істемесе, мен одан өзімді шеттетейін бе?» – дедім. Бұған Әхмәд күлімдеді де, ешнәрсе айтпай қойды”. "әл-Мадхәл” 2/149.

Бірде имам Әбу Зур’адан өз кезінің танымал қиссашысы болған Харисә әл-Мухасаб және оның кітаптары туралы сұрады және ол: "Бұл кітаптардан сақ бол! Бұл кітаптар – бидғат және адасушылық болып табылады! Саляфтардан жеткен хабарларға ілес, ақиқатында, оларда осы кітаптарға жүгінбеу үшін жетіп асатын нәрселер бар!” – деді. Оған: "Бірақ, бұл кітаптарда ғибрат бар ғой!” – деп айтылды. Бұған Әбу Зур’а: "Аллаһтың Кітабында ғибрат болмағанға, ол ішін бұл кітаптарда да ғибрат болмайды», – деді. Содан кейін ол былай деп айтты: "Адамдар бидғатқа нендей тез ұмтылып жатыр!” "әс-Сияр” 13/99, "әл-Ансаб” 4/99.

Категория: Ақида | Добавил: admin
Просмотров: 965 | Загрузок: 143 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]