Қош келдіңіз Гость • Тіркелу • Кіру • RSS
Бейсенбі, 18.4.2024, 07:41
Главная » Файлы » Қазақ тілінде » Ақида

Әһлю-Сунна уәл-жама’а “әл-жама’а” терминін қалай түсінеді
[ Скачать с сервера (279.0 Kb) ] 08.11.2011, 11:35

Аса Мейірімді, ерекше Рақымды Аллаһтың атымен

 Әһлю-Сунна уәл-жама’а

"әл-жама’а” терминін қалай түсінеді

 

1. Әл-жама’аға ілесуге және бөлінбеуге қатаң бұйрық  туралы

 

Құран, Сүннет және бір ауызды келісім  (әл-ижма’) «әл-жама’аға» ілесуге нұсқап, одан бөлініп шығуға тыйым салады!

Аллаһ Тағала былай деп айтты: «Адамдар біртұтас қауым еді, бірақ келіспеушіліктерге түсті» (Юнус  10: 19).

Мужәхид былай деген: "Адамдар бір үммет болатын және Адамның балаларының бірі өзінің бауырын өлтірген кезден бастап өзара келіспейтін болды. әт-Табари 13708.

Ал адамзат бытыраңқы болып, адамдар өздерінің дінінен ауытқығаннан кейін, Аллаһ Тағала оларға Өзінің елшілерін жіберді, ал олар адамдарға Оның дінін жеткізді және оларды біртұтас қауым етіп, араларын біріктіріп нығайтты. Аллаһ Тағала былай деп айтты: «(Мухаммад) Аллаһ Нухқа нұсқау берген нәрселерді және саған уахи еткенімізді, сондай-ақ Ибраһимге, Мусаға және Исаға нұсқау берген нәрселерімізді сендерге діни жол қылды: «Дінді мықты орындаңдар да, дінде бөлінбеңдер»» (әш-Шура 42: 13).

Имам әл-Бағауи  былай деген: "Аллаһ барлық пайғамбарларды дінді орнату үшін, әл-жама’аға ілесу үшін және келіспеушілікке түспеу үшін, әрі адамдар келіспеушілік пен бытыраңқылықты тастаулары үшін жіберді”.  Қз.: ”Тафсир әл-Бағауи” 4/122.

Әрі Аллаһ Тағала Ибраһим пайғамбар (оған Аллаһтың сәлемі болсын) Нухтың (оған Аллаһтың сәлемі болсын) жолында (партиясында)  екенін айтты, олардың  араларында үлкен уақыт аралығы өткен болса да! Аллаһ Тағала  былай деген: «Нухқа бүкіл әлемнен сәлем болсын. Рас, Біз, ізгі іс істеушілерді осылайша сыйға бөлейміз. Өйткені ол – сенуші құлдарымыздан. Сосын басқаларын суға батырдық. Күдіксіз, Ибраһим де  Нұхтың жолында (партиясында)» (әс-Саффат 37:  79-83).

Мужәхид  былай деген: "Бұл Ибраһимнің Нұхтың манхажында

Ал Мухаммад Пайғамбарға  (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Аллаһ Тағала Ибраһимге (оған Аллаһтың сәлемі болсын) ілесуді бұйырып: «(Мухаммад,) Сонан соң саған Ибраһимнің дініне ілесуіңді уахи еттік. Ол ханиф

Мухаммадтың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) үмметіне Аллаһ Тағала былай деп бұйырды: «Тұтас барлығың Аллаһтың жібінен бекем ұстаңдар да, бөлінбеңдер» (Әли Имран 3: 103).

‘Абдуллаһ ибн Мас’уд «Аллаһтың жібі» деген сөздер туралы былай деген: "Бұл әл-жама’а! Қз.: "Тафсируль-Китабиль-Азиз”3/182.

Хафиз Ибн Касир  былай деген: "«Тұтас барлығың Аллаһтың жібінен бекем ұстаңдар да, бөлінбеңдер» деген сөздер «жама’аға ілесіңдер де, бытыраңқылыққа салыңбаңдар!» дегенді білдіреді. Қз.: "Тафсир Ибн Касир” 1/397.

Аллаһ Тағала сондай-ақ  былай деген: «Өздеріне ашық дәлелдер келгеннен кейін бөлініп, өзара қайшылыққа түскендер тәрізді болмаңдар. Міне дәл соларға зор азап бар» (Әли Имран 3: 105).

Ибн ‘Аббас  былай деген: "Аллаһ Тағала мүміндерге жама’аға ілесуді бұйырды және оларға келіспеушіліктер мен бытыраңқылыққа тыйым салды, әрі оларды өздеріне дейін өмір сүргендерді Аллаһтың дініндегі айтыс-тартыстары мен келіспеушіліктері опат еткендігі туралы хабарлады. Қз.: "Тафсир әт-Табари” 4/39.

Аллаһ сондай-ақ  былай деген: «Күдіксіз, діндерінде бөлінгендер және топтарға жіктелгендер, оларға сенің еш қатысың жоқ. Олардың ісі Аллаһтың құзырында, әрі кейінірек Ол оларға істеген істері туралы хабарлайды» (әл-Ан’ам 6: 159).

Абу Хурайра: "Бұл аят осы үмметке қатысты түсірілген, – деп айтқан. Әт-Табари 14269.

Имам әл-Қуртуби  былай деген: "«Күдіксіз, діндерінде бөлінгендер» – олар  осы үмметтің қатарындағы діндегі жаңалықтардың, күмәндардың және адасушылықтардың жақтаушылары;  «топтарға жіктелгендер»әрқайсысында өз пікірі бар партиялар мен ағымдар; «оларға сенің еш қатысың жоқ». Осы ағымдардан сырт қалу уәжіп (міндетті) болып табылады”. Қз.: "Тафсируль-Қуртуби” 6/150.

Аллаһ Тағала сондай-ақ  былай деген: «Әрі серік қосушылардан болмаңдар. Сондай көпқұдайшылдардың қатарында, діндерін бөлшектеп, секталарға бөлініп, әрбірі өздерінің қолдарында барына мәз болғандардың қатарында болмаңдар»  (әр-Рум 30: 31-32).

Умардан Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)  былай дегені жеткізіледі: «Жама’ада болыңдар, әрі бытыранқылықтан сақтаныңдар! Ақиқатында, шайтан  жалғызбен бірге, ал екеуден ол аулақ болады. Әрі кім Жәннаттың ортасын қаласа, жама’аға ілессін!»

Әл-‘Ирбад ибн Сарийа былай деп баяндайтын: "Бірде Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бізге жүрегіміз қорқынышқа бөленген, ал көздерімізден жас төгілген насихат айтты, әрі біз: «Уа, Аллаһтың Елшісі, бұл қоштасушының насихаты сияқты ғой, ендеше бізге өсиет бер!», – дедік. Ол: «Мен сендерге Аллаһтан қорқуды өсиет етемін! Тыңдаңдар және мойынсұныңдар, тіпті сендерге құл әмірлік етсе де.  Ақиқытында, сендерден кім ұзақ өмір сүрсе, сол көп тартыстарды көреді. Ендеше менің Сүннетім мен тура жолдағы салиқалы халифалардың Сүннетін ұстаныңдар. Осыдан азу тістеріңмен ұстаныңдар және діндегі жаңалықтардан (бидғаттардан) толық аулақ болыңдар, өйткені діндегі әрбір жаңалық  – адасушылық!», - деді”. Абу Дауд 4607, әт-Тирмизи 2676, Ибн Мажжәһ 42, Ибн Наср 1/21. Хадистің сахихтығын имам Абу ‘Иса әт-Тирмизи, Ибн Хиббан, әл-Хаким, әл-Баззар, Абу Ну’айм, Ибн ‘Абдуль-Барр, әд-Дыйя әл-Мақдиси, әл-Әлбани, Муқбиль растады.

Сондай-ақ Ну’ман ибн Баширден Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)  былай дегені жеткізіледі: «Жама’а – рахым, ал оны қалдыру (тастау) – жаза!» Ибн Абу ‘Асым 895, Ибн Абу әд-Дунья 1/25, ‘Абду-Ллаһ ибн Ахмад 8/182. Хадистің сахихтығын шейх әл-Әлбани растаған.

Шейх Салих әл-Фаузан  былай деген: "Бөлінудің дінге қатысы жоқ, өйткені дін бізге Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жолына ілесіп, дұрыс ақида (сенім) мен бірқұдайшылық үстіндегі бір жамағат, бір үммет болуды бұйырады!” Қз.: «Муражжи’ату фи фиқхиль-уақи’» 44-45.

Шейх Ибн Жибрин  былай деген: "Исламның дінді біріктіру үшін келгенін және бөлінуге тыйым салғанын біл, Аллаһ: «Тұтас барлығың Аллаһтың жібінен бекем ұстаңдар да, бөлінбеңдер» (Әли Имран 3: 103), - деп айтқанындай. Ал бөліну – бұл түрлі топтарды құру.  Осы көптеген ағымдар үмметімізге жікшілдікті салады, әрі оны партиялар мен секталарға бөледі, ал бір ақида мен жолда бірігу уәжіп болып табылады!». Қз.: "әс-Сахуату-ссаләмия” 258.

Сөйтіп, біз Аллатың және Оның Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әл-жама’аға ілесуді бұйырғанын және бытыраңқылық пен түрлі партиялар мен жамағаттарға бөлінуге тыйым салғанын көрудеміз.

 

2. Ілесу әмір етілген «әл-жама’а» деген не?!

 

Абу Хурайрадан, Муғауидан, ‘Ауф ибн Маликтен және ‘Абдуллаһ ибн ‘Амрдан Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)  былай дегені жеткізілген: «Яхудилер 71 ағымға бөлінеді, ал христиандар – 72-ге.  Ал менің үмметім 73 ағымға бөлінеді, әрі олардың біреуінен басқасының барлығы Отта!». Оған: «Олар (құтылғандар) кімдер?», – деген сұрақ қойылды. Ол: «Бұл –әл-жама’а», - деп жауап берді. Бұл сөздің түсіндірмесін хадистің басқа бір нұсқасында Пайғамбардың өзі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп берген:  «Олар мен және менің сахабаларым ұстанғанды ұстанатындар!» Ахмад 4/102, Абу Дауд 2/503, әт-Тирмизи 3/367, Ибн Мәжжәһ 2/479, әд-Дарими 2/241, әл-Хаким 1/128, Ибн Абу ‘Асым 63. Бұл хадистердің сенімділігін (сахихтығын) имам Абу ‘Иса әт-Тирмизи, имам Ибн Хиббан, әл-Хаким, әз-Захаби, хафиз Ибн Хажжәр, имам әл-Бағауи, хафиз Ибн Касир, әл-Жузжәни, шейхуль-Ислам Ибн Таймия, әш-Шатыби, хафиз әл-‘Ирақи, әл-Бусайри, хафиз әс-Суюты, Ахмад Шакир, шейх әл-Әлбани және Муқбиль растаған.

Имам әл-Бағауи  былай деген: "Әрі Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұл үмметтің бөлінетіндігін, құмарлықтар мен діндегі жаңалықтардың (бидғаттардың) жақтаушыларының пайда болуын хабарлаған және құтылу оның (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетіне және оның сахабаларының Сүннетіне ілесуде екендігіне нұсқаған”. Қз.: "Шарху-с-Сунна” 1/277.

 

 

3. Үмметіміздің ұлы имамдары «әл-жама’а» термині туралы не айтқан?

 

Имам Ибн Хиббан  былай деген: "Жама’а – бұл сахабалар, ал сахабалардан соң бойында діні, ақыл-санасы және білімі бар адамдар, бұл өз құмарлықтарын тастағандар, тіпті мұндай адамдар аз болса да!  Және бұл қарапайым адамдардың қаратобыры емес, тіпті олар көп болса да!”. Қз.: "Сахих Ибн Хиббан” 14/126.

Имам Абу Шама  былай деген: "Ақиқатқа ілес және оны ұстан, оны ұстанатындар аз, ал оған қайшы келетіндер көп болса да! Ал ақиқат – бұл жама’а, яғни Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) және оның сахабаларының ұстанғандары. Әрі біз адасқандардың саны көп болғандығына қарамаймыз”. Қз.: "әл-Ба’ис” 22.

Имам Ибн Абиль-’Изз әл-Ханафи  былай деген: "Жама’а – бұл сахабалар және Қиямет күніне дейін соларға ілескендер. Оларға ілесу – міне осы шынайы жол, ал оларға қайшы келу – бұл адасушылық!” Қз.: »Шарху ақидати-Ттахауия» 1/430.

Имам әт-Тирмизи  былай деген: Әл-жама’а» сөзінің ғалымдар тарапынан берілген тәпсірі – бұл фиқхты, ілімді және хадисті білушілер (яғни ғалымдар)”. Қз.: «әл-Жәми’» 4/467.

Бірде имам Ибн әл-Мубаракқа: "Ілесу қажет жама’а не?”, – деген сұрақ қойылды және ол: "Абу Бакр мен ‘Умар!” , – деп жауап берді. Оған: "Бірақ Абу Бакр мен ‘Умар қайтыс болды ғой!”, – деп айтылды, ал ол: "Пәлен және пәлен”, – деді.  Оған: "Бірақ пәлен мен пәлен де қайтыс болды ғой!”, – деп айтылды. Ол болса: "Абу Хамза әс-Сакри (Мухаммад ибн Маймун), міне сол жама’а”, - деді. Қз.: «әл-И’тисам» 2/771. Абу ‘Иса әт-Тирмизи  былай деген: "Ол ол туралы оның көзі тірісінде айтқан”. Ол өз уақытының білімді адамы болған!

Шейх әл-Әлбани  былай деген: "Жама’а – бұл саләфтардың (сахабалардың) жолымен жүруші бір қауым, әрі олардың бір немесе әртүрлі қалаларда тұрыуына қарамастан, жолы да бір, сенімі де бір”. Қз.: «Фатауа әл-Әлбани» 106-114 ықшамдалған.

Міне осы – әл-жама’а – бұл Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабалары! Және солар әһлю-с-Сунна; саләфтар (алдыңғы буын); таифатуль-мансура (жеңіске жетуші қауым); фирқату-ннәжжийя (құтылған топ) және сауадуль-а’зам (ұлы қауым)! Аллаһ Тағала Оның Пайғамбарының (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) және сахабалардың жолына ілеспейтіндерді қорқытып, былай деді: «Ал біреу өзіне тура жол айқындалғаннан кейін Елшіге қарсы шықса, сондай-ақ мүміндердің жолынан басқа жол іздесе, оны бұрылған жағына бұрамыз да, Тозаққа саламыз. Ол нендей жаман орын!» (ән-Ниса 4: 115).

Салиқалы халифа ‘Умар ибн ‘Абдуль-‘Азиз  былай деген: "Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) және одан кейінгі халифалар онымен жүру, Ұлы және Аса Құдіретті Аллаһтың Кітабына сену, өз мойынсұнушылығыңды жетілдіру және Оның дінінен бекем ұстану дегенді білдіретін жол төсеп кетті.  Ешкім бұл жолды бұрмалауға немесе өзгертуге құқықты емес. Кім олардың жолымен жүрсе, сол тура жолда, ал кім ол арқылы соқырлықтан шығуға ұмтылса, сол соқырлықтан шығады. Ал кім одан ауытқыса және мүміндердің жолы болмаған жолмен жүрсе, соны Ұлы және Құдіретті Аллаһ бұрылған жағына қарай бұрып алып кетеді де, Отқа тастайды. Ол барар жер нендей жаман!” Әл-Әжжурри 1/94.

Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)  былай деген: «Менің сахабаларым  – үмметімнің сақтаушылары және олар бұл дүниеден кеткен кезде, менің үмметім оны ескерткен нәрселерге түседі»

Мухаммад ибн Сирин былай дейтін: "«Егер адам саләфтар ұстанғанды ұстанса, ол ақиқат жолында!» – деп айтылған”. Ибн Батта 1/357.

Имам Ахмад  былай деген: "Әһлю-с-Суннаның негізі – бұл Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) және оның сахабаларының ұстанғанын ұстану және соған ілесу, әрі кез келген бидғаттардан алшақ жүру”. Әл-Ләликаи 1/156.

Біз Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларының ұлықтығын көрудеміз, әрі ақиқатында, кім олардың жолына ілессе және онда табанды түрде тұрса, сол ұлы сый алады!  Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)  былай деген: «Ақиқатында, сендерден кейін сабырлық күндері келіп жетеді және кім сондай жағдайларда сендер ұстанғанды ұстанса, сол сендердің елуіңнің алған сыйына тең сый алады». Адамдар: "Уа, Аллаһтың Пайғамбары, мүмкін олардың елуінің шығар?, – деп сұрады. Ол: «Жоқ, дәл сендердің!», – деп жауап берді. Ибн Наср "әс-Суннада” 33, әт-Табарани "әл-Аусатта” 3142. Шейх әл-Әлбани хадистің сенімділігін растаған.

Ал Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабалары қайтыс болғаннан кейінгі жама’а – бұл сахабалар жүрген жолды барлығынан жақсырақ білетін ғалымдар (уляма). Исхақ ибн Рахауайх  былай деген: "Өз уақытында жама’а – бұл Абу Хамза еді, біздің кезімізде бұл Мухаммад ибн Асләм және оған ілескендер”. Ибн Рахауайх сондай-ақ былай деген: "Егер сен жахильдерден (надан адамдардан) Ұлы қауым (сауадуль-а’зам) туралы сұрасаң, олар: "Бұл адамдардың жамағаты (яғни қарапайым адамдардың қауымы, жиынтығы)», – деп жауап береді. Ал олар жама’а – бұл Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жолына ілесуші ғалым екенін және онымен бірге болғандар – міне солар жама’ада, ал кім оған қарсы келсе, міне сол жама’аны қалдырған болатынын білмейді”. Қз.: «Хилиятуль-әулия» 9/239.

Имам әш-Шатыби  былай деген: "Ғалымдар – міне осылар Ұлы қауым (сауадуль-а’зам), олардың аз болғанына қарамастан”. Қз.: ”әл-И’тисам” 2/776.

Имам әш-Шатыби сондай-ақ былай деген: "Кімдер: «Әл-жама’а – бұл жай адамдардың қауымы ғана, олардың арасында ғалым болмаса да», – деп санаса, солар қателеседі, әрі бұл ғалымдардың емес, ақымақтардың түсінігі!” Қз.: "әл-И’тисам” 2/267.

Ибн әл-Қайим  былай деген: "Ақиқатында, ижма’ да, хужжә да (дәйек), сауадуль-а’зам да (Ұлы қауым) – бұл ақиқатқа ілесуші ғалым, тіпті ол жалғыз болса да, әрі тіпті егер жер тұрғындарының барлығы оған қайшы келсе де!” Қз.: "И’ләмуль-мууақи’ин” 3/397.

Құран мен Сүннетке оларды сахабалар қалай түсінген болса, дәл солай түсініп ілесетін және пайғамбарлардың мирасқорлары – ғалымдардан ұстанатын мұсылман, міне сол – жама’аға ілесуші, тіпті ол жалғыз болса да! Ибн Мас’уд  былай деген: "Жама’а – бұл ақиқатқа сәйкес келетін нәрсе, тіпті сен жалғыз болсаң да!” Әл-Ләликаи, Ибн ‘Асакир, иснады сенімді (сахих). Қз. сондай-ақ: шейх әл-Әлбани "әл-Мишкат” 1/61.

Сол сияқты Аллаһ Тағала да кезінде жалғыз мүмін болған Ибраһимді үммет деп атап, былай деді:  «Ақиқатында, Ибраһим үммет, Аллаһқа мойынсұнушы және бірқұдайшыл еді» (ән-Нахль 16: 120).

Міне осы «әл әл-жама’а» терминінің әһлю-Сунна уәл-жама’а түсінуіндегі шынайы мазмұны!

 

4. "Әл-жама’а” терминінің қате түсінігі

 

Үлкен өкінішке орай, біздің кезімізде түрлі секталар мен топтар «әл-жама’а» терминіне оның Исламдағы мазмұнынан өзге мазмұн берді де, «жамағат» сөзін әлдебір партиялар сияқты саяси бір нәрсеге айналдырды. Бұл топтар өздерінің жамағаттарын құруда, әрі оларға қалаған адамдарын қабылдап, қалағандарын олардан шығарып тастауда. Алайда бұл біздің үмметіміздің саләфтары ұстанған нәрсеге сәйкес келмейді! Бұл адамдар бүкіл ислам үмметі Аллаһ Тағала: «Рас, үмметтерің (діндерің)  - біртұтас үммет, ал Мен – Раббыларың! Ендеше Менен қорқыңдар! Бірақ олар дінін бөлшектерге жіктеді, әрі әрбір секта өзі ие болған нәрсесіне мәз» (әл-Му’минун 23: 52-53) – деп айтқанына сәйкес әл әл-жама’а болып табылатынына қарамастан, партиялар мен қалаларға, аймақтар мен аудандарға бөлінеді.

Осындай партиялардың біреуіне кірген мұсылман адам «жамағаттық» болып шыға келеді, тіпті оның сенімдері үмметіміздің саләфтарының ұстанған нәрселеріне сәйкес келмесе де! Олар Исламды қабылдаған әрбір адамнан: «Сен жамағаттықсың ба? Қай жамағаттансың?», – деп сұрайды. Ал мұндайды  Пайғамбар да (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын), оның сахабалары да істемеген еді! Аллаһ Тағала былай деп айтты: «Сонда егер олар тәубе етіп, намазды толық орындап, зекет берсе, онда олар сендердің дін бауырларың» (әт-Тауба 9: 11).

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия  былай деген: "Кәпірлер тәубе етіп, мүміндердің бауырларына айналады, әрі сондықтан да Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) кезінде Исламды қабылдаған барлық кәпірлерге мұсылман ретінде қатынас жасалатын”. Қз.: "Минхажжу-с-Сунна” 1/20.

Және көпқұдайшылардың ешқайсысынан олар Исламды қабылдағаннан кейін Пайғамбар да (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын), сахабалар да: "Сен жамағаттансың ба әлде жоқ па?”,  – деп сұрамаған.

Олардың (секта-ағымдардың) көбі көпшілік болуды ақиқаттың өлшемі (нышаны) деп есептейді, ал іс жүзінде бұл олай емес. Бірде ‘Умар ибн әл-Хаттаб "О Аллаһ, мені аз болғандардан ете гөр!” деп дұға етіп тұрған адамның жанынан өтіп бара жатып, оның осынысына таң қалды да: «Мұның не?!», – деп сұрады. Сонда ол: «Уа, мүміндердің әмірі, өйткені Аллаһ Тағала: «Бірақ онымен (Нухпен) бірге аз ғана адам иман келтірді» (…?), - деді ғой. Ол сондай-ақ: «Әрі құлдарымның аз бөлігі ғана шүкір етеді» (Саба 34: 13), - деді. Әрі Аллаһ сондай-ақ былай деп айтады: «Расында, серіктестердің көбі бір-біріне әділетсіздік істейді. Бірақ иман келтіріп, ізгі амал ететіндерден басқа. Бірақ ондайлар аз!»  (Сад 38: 24). Және ‘Умар: "Шындығында да, сенікі дұрыс!”, – деген екен. Ахмад "әз-Зухдта” 1/114.

‘Абдуллаһ ибн ‘Амр былай баяндайтын: "Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) біз оның жанында болған күндердің бірінде: «Туба

Исламды Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) манхажына сәйкес келмейтін әдістермен ұлықтауға және таратуға рұқсат етілмейді. Ал «Мақсат кез келген тәсілді ақтайды!»

Са’ид ибн Жубайр  былай деген: "Сөздер істермен бірге болмаса, өзгеше /өзге жайғдайда/ қабыл болмайды. Әрі сөздер мен істер дұрыс ниетпен бірге болмаса, өзгеше /өзге жағдайда/ қабыл болмайды. Және сөздер, істер, ниеттер Сүннетке сәйкес болмаса, өзгеше /өзге жағдайда/ қабыл болмайды”. Ибн Шахин, әл-Ләликаи.

Сондай-ақ мұндай жамағаттар өздерінің «жамағат» деп атайтын тобына кірмеген мұсылман мен Исламнан алыс адамдардың арасында ерекше айырмашылық көрмейді.  Олардың жақсы көруінің өлшемі Аллаһ сол үшін бүкіл болмысты жаратып, Пайғамбарларды жіберіп отырған таухид (бірқұдайшылық) емес, әрі ғибадат пен Аллаһтың тыйым салған нәрселерінен тыйылу да емес, солардың жамағатына кіру болып табылады! Сонда Аллаһ Тағалаға құлшылық ететін және көпқұдайшылық жасамайтын, күнәлардан тыйылатын адам осылардан алыс адаммен тек мұндай жамағаттар мен партияларға кірмегендігі үшін тең бе?! Аллаһ және Оның Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) орнатпаған мұндай өлшем-критерийлерді кім орната алмақ?!

Біздің кезіміздің мұсылмандарының үлкен көкейтесті мәселесі  – Аллаһ оларды жауапты етпеген нәрселерге өздерін жауапты (мас’уль) етіп алғандарында және шын мәнінде олар жауапты болған өздері мен өз отбасыларын тастап қойып, әлемді құтқарумен айналысып кеткендігінде.  Біз: «Мұсылмандарға көмектесудің қажеті жоқ және оларды тастап қойып, тек өздеріміздің ғана қамымызды жасаумыз қажет», – деп айтып тұрған жоқпыз, өйткені Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Кім мұсылмандардың істеріне қам жемесе, сол олардан емес», – деген. Әл-Баззар, әт-Табарани. Хадис сахих. Қз.: сондай-ақ "Мәджмуу-ззауаид” 1/93. Бірақ Аллаһ: «Әй мүміндер! Өздеріңді әрі үй-іштеріңді отыны адамдар мен тастардан болған Оттан қорғаңдар. Оның басындағы періштелер жуан денелі, қатал. Олар Аллаһтың өздеріне берген әмірлеріне қарсы келмейді. Не бұйырылса, соны орындайды» (әт-Тахрим 66: 6), – деп бұйырғанындай, алдымен өзімізден және өзіміздің отбасыларымыздан бастауымыз қажет.

Егер жамағаттың қамын істеп жүргендердің әрбірі ең бірінші кезекте өзінен және өзінің отбасынан бастаса еді, бұл дұрысырақ және жақсырақ болар еді, өйткені бүкіл әлем осы отбасылардан құралады ғой!

 

5. Исламда ағымдардың пайда болуының себептері

 

Исламдағы бөлінушілік көптеген секталар Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) және оның сахабалары ұстанған сенімдерді бұрмалағаннан кейін басталды, нәтижесінде мұндай ағымдар мен секталар әл-жама’адан бөлініп шықты, өйткені олар насихаттай бастаған бидғаттар осы ақиқат жолымен ұйқаспайды!

Сондай-ақ түрлі жамағаттардың құрылуына Исламның адамдар арасындағы дұшпандары да себеп болуда, бұл туралы шейх Ибн Баз айтқанындай. Олар мұсылман үмметін қасақана бөледі де, мұсылмандарды әлсіз етіп, қатарларына бүлік салады. Өйткені дұрыс сенімге ие  мұсылмандардың біртұтас үмметінен дұшпандар қорқады, әрі, өкінішке орай, көптеген мұсылмандар әртүрлі жамағаттар құрып, осындай айлакерліктерге бой береді. Қз.: "Мәжму’уль-фатауа” 3/415.

Сондай-ақ жамағаттарға жіктелу жиі жағдайда ықыласты талпыныстардың әсерімен де орын алуда. Олардың арасында сенімдерінде негізінен салиқалы алғашқы буынның (саләфтардың) жолына ілесіп, Аллаһтың Есімдері мен сипаттарын теріске шығармай және бұрмаламай, сондай-ақ ғибадаттағы бидғаттардан сақтанатындары да бар. Алайда олар әдіснама-манхаж бен шақыру-дағуатта Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жолына ілеспейді де, өздері соны түсінбей, басқа бір нәрселер ойлап табады. Мұндай партиялардың көбі өздерін «фирқату-н-нәжжийя» (құтылған топ) немесе «тоифатуль-мансура» (жеңісті қауым) деп санайды, әрі осы себептен,  Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)  олар туралы: «Менің үмметімнен болған бір топ ақиқатты ашық түрде ұстануын тоқтатпайды, әрі оларға қарсы шығатындар Аллаһтан үкім келгенге дейін оларға зиян тигізе алмайды!» (әл-Бухари 4/187, Муслим 6/52), – деп айтқандардың қатарынан болуды ықыласты түрде қалап, өздерінің жамағаты сияқты топтар мен ұйымдар құрады.

Бірақ Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Менің үмметімнен болған бір топ», – деп, көптеген топтарды емес, бір топты атады ғой!

Осы орайда тағы да «Әрқашан ақиқатты ұстанатын бұл топ кімдер?» деген сұрақ туындайды.

Ибн әл-Мубәрак: «Олар – хадис білгірлері (асхабуль-хадис)», – деді. «Шарафу асхабиль-хадис» 26.

Ибн Мадини және әл-Бухари де: «Олар – хадис білгірлері», – деп санаған. «Сунан» ат-Тирмизи, 6/356.

Имам Ахмад былай деді: «Егер олар – хадис білгірлері болмаса, онда мен олардың кім екендігін білмеймін!» әл-Хаким «Ма’рифату ‘улюмиль-хадис» 4.

Ахмад ибн Синан: «Олар – алдыңғы буын өкілдерінің (саләфтардың) жолына ілесуші білім иелері!» – деп айтқан.  «Шарафу асхабиль-хадис» 26.

Сондай-ақ Ибн Қутайба, әт-Тирмизи, Ибн Хиббан, әл-Ажжурри, әл-Хаким, Ибн Сабит, әл-Бағауи, Ибн әл-Жәузи, Ибн Таймия, әш-Шатыби, Ибн Хажжәр және ән-Науауи де осылай деген, ал соңғысы: «Ғалымдардардың "«тоифатуль-мансура» — бұл білімді алып жүрушілер” деген пікірі бір жерден шықты», – деп айтқан. Қз.: "Тахзибу асмаи уа-ллюғат” 1/18.

Бұл аз болса, Пайғамбардың өзі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) осы құтылған топ кімдер екендігіне нұсқап: «Бұл мен және менің сахабаларым ұстанғанды ұстанатындар!», – деп айтты.

Ал қазіргі заманның барлық ағымдарына және олардың ұмтылатын нәрселері мен өз мақсаттарына қалай қол жеткізуіне қатысты айтар болсақ, бұл туралы шейх  Салих әл-Фаузан келесі өте жақсы сөздерді айтты: "Біз пайғамбарлардың жолымен жүрмей, өз жолын таңдап алған Исламды таратушы қазіргі заман мұсылман топтарының сәтсіз соңын көрудеміз. Олардың көбі адамдарды бір Аллаһқа ғана құлшылық етуге шақыруға және дұрыс мұсылмандық көзқарастарды таратуға емес,  екінші кезектегі мәселелерді түсіндіруге назар бөлуде. Олардың кейбіреулері саясатқа араласып, шариғат заңдарын өмірге енгізуді  талап ете бастады. Мұның барлығы өте маңызды, бірақ одан да маңыздырақ нәрселер бар. Аллаһтың заңдары Аллаһқа серік қосушыларға қатысты қолданылмай жатқан кезде қалайша ұрылар мен зинақорларды Аллаһтың заңдары бойынша жазалауды талап етуге болады?! Шариғаттың заң ережелері пұттар мен қабірлерге құлшылық етушілерге, Аллаһтың көркем есімдері мен сипаттарын жоққа шығарушыларға, оларды өзгертіп, мағынасын бұрмалаушыларға қатысты қолданылмайынша, қалайша бір қойдың немесе түйенің себебінен болған дауды шариғаттың заң ережелеріне сәйкес шешілуін талап етуге болады?!  Бұл – зинақорлықтан да, шарап ішуден де және ұрлықтан да қорқынышты күнә емес пе?!  Адам зинақорлық және ұрлық жасап, өзге адамдардың құқықтарын бұзады, ал қабірлерге және әулиелерге құлшылық қылып және Аллаһтың есімдері мен сипаттарын жоққа шығарып, адам Құдіретті Жаратушының Өзін қорлайды! Сөзсіз, біздің Жаратушымыздың алдындағы міндеттеріміз Оның жаратылыстарының алдындағы міндеттерімізден едәуір жоғары. 

Шейх-уль-ислам Ибн Таймийя «әл-Истиқама» кітабында (1/466) былай деп жазған: «Аллаһқа серік қоспаған күйде күнәлар жасау басқа күнәлар жасамай Оған серік қосудан жақсырақ».

Басқа тағы бір топ бар. Оның ілесушілері өздерін Исламның уағыздаушылары деп санайды, бірақ олар Аллаһтың пайғамбарлары мирас еткен жолдан өзге жолмен жүруде. Олар ізгі ислами сенімдердің таралуына лайықты назар бөлмей, сопылар секілді, негізінен адамдарды ғибадатқа және Аллаһты жиі зікір етуге шақырады. Олар халықты өзіне қарату үшін сапарларға шығады, бірақ адамдар жиі жағдайда дұрыс емес көзқарасқа ие екендігіне маңыз бермейді.

Мұндай топтардың барлығы бидғатшыл болып табылады. Олардың бидғаты Аллаһтың елшілерінің жолы біткен жерден-ақ бастау алады. Ақиқатында, олар -басы жоқ денені емдеп жүргендер сияқты; өйткені дұрыс сенімнің діндегі орнының маңызы бастың денедегі маңызы секілді.  Бұл топтар өздерінің көзқарастарын қайта қарап, оларды Құран мен Сүннеттің негізінде құруы қажет. Тек Аллаһтың Кітабының және хадистердің арқасында олар Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Исламды таратуда қандай әдістерді қолданғаны туралы біле алады.  Билікке жетуге және Аллаһтың заңын орнатуға ұмтылған мұсылмандар мұның барлығы біз тек дұрыс сенімге қайтып, бір ғана Аллаһқа құлшылық етіп және оған серік қоспағаннан соң ғана мүмкін болатынын білуі керек.  Бұл жөнінде Аллаһ Тағала былай деп айтты: «Аллаһ сендерден иман келтіріп, ізгі іс істегендерге өздерінен бұрынғы өткендердей жер жүзіне мұрагер қылуды уәде етті. Сондай-ақ, олар үшін Өзі разы болған дінін нығайтып, қауіп-қатерден кейін бейбітшілікке айналдырады. Олар, Маған құлшылық қылады. Маған серік қоспайды. Кім бұдан кейін қарсы келсе, міне солар – бұзақылар» (ән-Нур 24:55).

Өтініш жалғасын толық жүктеп оқыңыз. Жүктеу сілтемесі жоғарыда
Категория: Ақида | Добавил: admin
Просмотров: 1307 | Загрузок: 204 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]