Қош келдіңіз Гость • Тіркелу • Кіру • RSS
Дүйсенбі, 19.11.2018, 17:21
Главная » Файлы » Қазақ тілінде » Ақида

Мұсылман ғалымдарының қазіргі заманның үндеулеріне берген жауаптары
[ Скачать с сервера (711.5 Kb) ] 03.12.2011, 10:37

БІРІНШІ БӨЛІМ

 

МҰСЫЛМАН ЖӘНЕ МҰСЫЛМАН ЕМЕС МЕМЛЕКЕТТЕРІНДЕГІ ЖАРЫЛЫСТАР ЖӘНЕ ҚОПАРУШЫ ІС-ӘРЕКЕТТЕР ТУРАЛЫ МӘСЕЛЕГЕ БАЙЛАНЫСТЫ  ШЕШІМГЕ ҚАТЫСТЫ ИМАМДАРДЫҢ БЕРГЕН ЖАУАПТАРЫ

 

Ең ірі ислам ғалымдары Комитетінің

жарылыстар және қопарушы әрекеттер жөніндегі шешімі

 

Әлемдердің Раббысы – Аллаһқа мадақ! Тақуаларды соңында игілік күтеді, ал жауласуды тек қана залымдарға қатысты көрсету керек, және Қиямет күніне дейін Аллаһтың игілігі мен сәлемі Оның жаратқандарының ішіндегі ең абзалы болған Пайғамбарымыз Мұхаммедке, оның отбасына, барлық сахабаларына және оның ең дұрыс болған жетекшілігінің арқасында тура жолға түскендердің барлығына болсын.

Хижра жыл санауы бойынша 1409 жылы, мухаррам айының 12-нен 18-дейін (1988 жылдың 24 тамызынан 30 тамызына дейін) ат-Таиф қаласында өткен Ең ірі ислам ғалымдарының  Комитеті Кеңесінің 32-сессия мәжілісі террористік актілердің орын алғандығы жөніндегі анықталған фактілері бойынша өткізілді. Бұл терактілердің салдарынан көп мұсылман және мұсылман емес мемлекеттерінде көптеген жазықсыз адамдар құрбан болды және қоғамдық мүліктің және қоғамдық мекемелердің жойылуы орын алды. Бұл келеңсіз уақиғаларға имандары пәс, немесе тіпті иманнан жұрдай, нәпсілерін дерт және жеккөрушілік жаулап алған адамдар жауапты. 

Үйлерді жару, қоғамдық мүлікті өртеу, көпір мен туннельдерді жару, сондай-ақ, ұшақтарды жару немесе басып алу - қопарушылықтың осындай іс-әрекеттерінің мысалы  бола алады. Бірнеше алыс және жақын елдерде осындай қылмыстар жиі қайталанатындықтан және Сауд Арабиясы да, басқа да елдер сияқты, осындай қопарушылық іс-әрекеттерінің объектісі болғандықтан, Ең ірі ислам ғалымдарының Кеңесі, ол іс-әрекет зиян тигізу немесе қоғамдық тыныштықты бұзу мақсатымен, мейлі қоғамдық және үкіметтік мекемелерге қарсы бағытталсын, мейлі – басқа бір нәрселерге бағытталсын, қопарушылық іс-әрекетімен айналысатын адамдарға бұлтарғыш бастау бола алатын жазаны орнату мәселесін қарастыруды міндетті деп тапты.

Кеңес шариғат қағидалары жалпы алғанда бес міндетті нәрсені: атап айтқанда  - дінді, өмірді, ар-намысты, ақыл-есті және мүлікті қорғау және сақтау міндетіне қатысты екендігі туралы ғалымдардың нұсқауларымен танысты. Кеңес мұсылмандардың өміріне, ар-намысына және мал-мүлкіне қол сұғу қандай ұлы қауіптермен қаншылықты қатерлі екендігіне, сондай-ақ қопарушылық іс-әрекет қоғамдық тыныштықтың бұзылуына, анархияға, бүлікке, мұсылмандарды үрейлендіруге және олардың мал-мүлкіне қауіп төнуіне әкелетіндігіне өзіне толық есеп береді.

Аллаһ Тағала, оған мадақтар болсын, жазаларды, олар арқылы қоғамдық және жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін,  қолдануды заңдастырып, адамдардың дінін, денелерін, өмірлерін, ар-намысын, ақыл-есін және мал-мүлкін қорғады.  Аллаһтың мына сөздері осының түсіндірмесі болады: «Соның салдарынан Исраил ұрпақтарына: «Кім кісі өлтірмеген, немесе жер жүзінде бұзақылық қылмаған[1]  біреуді өлтірсе, сонда шынайы түрде барлық адамды өлтіргенмен; және кім оны тірілтсе[2], барлық адамды тірілткенмен тең», - деп жаздық». (әл-Мәида сүресі, 32-аят).

Аллаһ Тағала айтты: «Аллаһ және Елшісімен соғысқандардың және жер жүзінде бұзақылық жасап жүргендердің жазасы - өлтірілулері, не асылулары, яқи, қол-аяқтарының қиғашталып кесілулері[3], немесе жерден айдалулары. Бұл - олардың дүниедегі жапасы. Және олар үшін Ахиретте ірі азап бар...» (әл-Мәида сүресі, 33-аят)

Осы аяттарда аталған жазаларды қолдану қауіпсіздік пен тыныштықты қамтамасыз етуге және мұсылмандардың өмірі мен мал-мүлкіне қол сұғуға нәпсісі итермелеген кез келген адамды жүгендеуге кепілдеме береді.   Негізінде, ғалымдар  қалалардың ішінде соғыс әрекеттерін жүргізудің басқа жерлерде соғыс әрекеттерін жүргізуден ешбір айырмашылығы жоқ дейді, өйткені Аллаһ Тағала: «...және жер жүзінде бұзақылық жасап жүргендердің …», - деді.

Аллаһ Тағала сондай-ақ: «Адамдардан кейбіреулерінің дүние тіршілігіндегі сөзі өзіңді таңырқатады да, Аллаһты жүрегіндегісіне айғақ қылады. Ол - өте сотқар қаскүнем. Қашан беті бұрылса, жер жүзінде сотқарлық істеуге, сондай-ақ егінді, малды жоқ етуге тырысады, ал Аллаһ жауыздықты жақсы көрмейді», - деді.  (әл-Бақара сүресі, 204-205-аяттар).

Аллаһ Тағала сондай-ақ: «Жер жүзі түзетілгеннен кейін[4] бүлікшілік қылмаңдар», - деп бұйырды. (әл-Ағраф сүресі, 56-аят).

Ибн Касир, Аллаһ оны рахымына бөлесін: «Аллаһ Тағала жер бетінде бұзақылық (жасауға) және ол (жер) түзетілгеннен кейін оған зиян тигізетін нәрселерді таратуға тыйым салады, өйткені, егер алғашында істер дұрыс бағытта жүрген болса, ал кейіннен барлығы бұзылған болса, бұл - Аллаһтың құлдары үшін ең зиянды болып табылады, сөйтіп Аллаһ Тағала бұған тыйым салды», - деді.

Әл-Қуртуби[5]: «Аллаһ Тағала, Оған мадақтар болсын, түзетуден кейін қандай болса да, кез келген бұзақылық жасауға тыйым салды, және бұл (үкім) барлық (адамға) қатысты», - деді.

Жоғарыда баяндалғандарға негізделіп және жоғарыда аталған іс-әрекеттер, материалдық немесе өзге де мүдделер үшін соғысып жатқандардың іс-әрекеттермен салыстырғанда, қауіптірек болып табылатынындығына сүйеніп, өйткені, қопарушылық іс-әрекетімен айналысып жүрген адамдар қоғамдық қауіпсіздікті бұзуға, мұсылман үмметін қиратуға, оның ақидасын жоюға және оны Раббымыз көрсеткен жолынан тайдыруға ұмтылып жатқандығы себепті, Кеңес төмендегідей шешім шығарды: 

1.      Егер адамның қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төндірген: үйлерді, мешіттерді, мектептерді, ауруханаларды, көпірлерді, қару қоймаларын, сумен қамтамасыз ету көздерін және мұнай құбырларын немесе ұшақтарды жару яки басып алу және соған ұқсас іс-әрекеттер арқылы өзге адамдардың өміріне және жеке немесе қоғамдық мүлікке қарсы қастандық жасау жолымен қопарушылық іс-әрекетімен айналысып жүргені, немесе жер бетінде бұзақылықты таратып жүргені шариғатқа сәйкес анықталса, осыған күнәлі адам өлім жазасына лайықты.

Бұған осындай әрекеттерді істеп жүргені үшін күнәлі адам өлім жазасына лайықты болады деген жоғарыда келтірілген Құранның аяттары, және қопарушылық іс-әрекетімен айналысып жүрген адамдар үлкен қауіп төндіретіндігі және қарақшылардан да көп зиян әкелетіндігі нұсқау бола алады.

Жеке адамға ғана оны өлтіру немесе тонау арқылы қастандық жасаған қарақшыға Аллаһ осындай жазаны бекіткен болса, ал көптеген жазықсыз адамдарға қайғы-қасірет тигізетін террористер оған тіпті лайық.

2.      Бірінші тармақта айтылған жазаны қолданудан бұрын шариғат соттары, тергеу органдары және Жоғарғы сот тарапынан іске асатын дәлелдерді жинақтау жұмыстарын жүргізу қажет.  Бұл өз парызымызды толық өтеу үшін, абай болудың  қажетті іс-шараларын  орындау үшін және бұл мемлекет қылмыстарды тергеуге және оларға жаза белгілеуге  байланысты шариғат бекіткен барлық рәсімдерді ауытқымай ұстанатынын көрсету үшін қажет.

3.      Кеңес мұндай жазаның бекітілгендігі туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялану қажет деп есептейді.

Аллаһтың игілігі мен сәлемі Оның құлы және елшісі - пайғамбарымыз Мұхаммедке, оның отбасына және сахабаларына болсын.

 

Ең ірі ғалымдар комитетінің Кеңесі[6]

 

Ең ірі ғалымдар Комитетінің Әр-Рияд қаласында орын алған жарылыс туралы шешімі 

 

Әлемдердің Раббысы Аллаһқа мадақ! Өзінен соң басқа пайғамбарлар келмейтін Мұхаммедке, оның отбасына және оның сахабаларына салауаттар мен сәлем болсын.

Комитет:  «Бұл қастандық - күнә, жиіркенішті қылмыс, қиянаттың көрінісі, сатқындық және адамдардың өмірі мен мүлкіне қол сұғылмаушылыққа, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздік пен тұрақтылыққа қатысты діни тыйымдарды бұзу болып табылады», - деп шешті.   

 Мұндай қылмысты бойын өшпенділік, қиянатшылдық, көралмаушылық, әділетсіздік, дұшпандық және өмір мен игілікке деген жиіркеніш баулап алған пасық қана істей алады. Мұсылмандар бұл қылмыстың тыйым салынғандығы, жиіркеніштілігі және өте үлкен күнә екендігі жөнінде бірауызды пікірді ұстанады, ал осы және осы сияқты қылмыстарға тыйым салынғандығына нұсқайтын Құранның аяттары және хадистер өте көп және аян.

Осыдан шыға келе, Комитет бұл қылмысқа тыйым салынатындығы жөнінде шешім шығарады,  әйгі (жаман) ағымдарға,  бұзақы идеялық көзқарастарға және опатқа соқтыратын бағыт-бағдарларға ілесуден сақтану керектігін ескертеді, өйткені егер адам жамандыққа үндейтін өз нәпсіне ерік берсе, ол оны опат болуға жетектейді. Тұла бойын жеккөрушілік баулап алған адамдар осы әрекеттерде өздері үгіттеп жүрген жақсаруға деген шақыру түріндегі өздерінің мақсаттары мен қалауларын іске асыруға мүмкіндік табады.  Ал осы қопарғыш элементтер туралы бір нәрсе болса да білген әрбір адам, олар туралы құзырлы органдарға хабарлауы керек.

Құранда  Аллаһ адамдарды жамандыққа шақыратындардан және жер бетінде бұзақылық пен пасықтық жасап-таратушылардан сақтануды ескертті. Аллаһ Тағала айтты: «Аллаһ және Елшісімен соғысқандардың және жер жүзінде бұзақылық жасап жүргендердің жазасы - өлтірілулері, не асылулары, яқи, қол-аяқтарының қиғашталып кесілулері, немесе жерден айдалулары. Бұл - олардың дүниедегі жапасы. Және олар үшін Ахиретте ірі азап бар...» (әл-Мәида сүресі, 33-аят)

Аллаһ Тағала сондай-ақ: «Адамдардан кейбіреулерінің дүние тіршілігіндегі сөзі өзіңді таңырқатады да, Аллаһты жүрегіндегісіне айғақ қылады. Ол - өте сотқар қаскүнем. Қашан беті бұрылса, жер жүзінде сотқарлық істеуге, сондай-ақ егінді, малды жоқ етуге тырысады, ал Аллаһ жауыздықты жақсы көрмейді. Ал қашан оған: «Аллаһтан қорық!» - делінсе, оның паңдығы ұстап, өзін күнәкар етеді. Оған тозақ жетеді[7], нендей жаман орын», - деді.  (әл-Бақара сүресі, 204-206-аяттар)

Біз Оған ғана мадақтар айтылатын және Одан ғана дұға тілейтін Аллаһ Тағаладан бейтбіт тұрғындарға қастандық қылатындарды әшкерелеуін, бізден және барша мұсылмандардан зұлымдықтын бетін бұруын, осы және өзге де мұсылман елдерін барша жаман және қайтарылатын нәрселерден қорғауын және біздің мұсылман  әмірлерімізге, сондай-ақ барлық мұсылман мемлекеттерінің әмірлеріне адамдар мен мемлекеттерге пайда беретін амалдар жасауға көмектесуін жалбарынып сұраймыз. Пайғамбарымыз Мұхаммедке, оның отбасына және сахабаларына Аллаһтың сәлемі мен игілігі болсын. 

 

 Ең ірі ғалымдар Комитетінің Кеңесі

 

Ең ірі ғалымдар Комитетінің әл-Хубар қаласында орын алған жарылысқа байланысты шешімі

 

 

Әлемдердің Раббысы Аллаһқа мадақ! Өзінен соң басқа пайғамбарлар келмейтін Мұхаммедке, оның отбасына және оның сахабаларына салауаттар мен сәлем болсын.

Ең ірі ғалымдар Комитетінің Кеңесі 13.02.1417 х.ж. (29.06.1996 ж.) сенбі күні ат-Таиф қаласында өткен өзінің төтенше 10-отырысында Шығыс ауданында орналасқан әл-Хубар қаласында хижра бойынша  09.02.1417 ж. (25.06.1996 ж.) сейсенбіде орын алған және қирауларға, көптеген мұсылмандар мен мұсылман емес адамдардың опат болуына, жарақат алуына және үрейленуіне әкеп соқтырған жарылыс туралы мәселені қарады.

Аталған мәселені қарап және зерттеп, Кеңес бірауызды төмендегі шешімді қабылдады:

1. Аталған жарылыс - қылмыстық ақция болып табылады деген пікірге мұсылмандар бірауызды келіседі, бұған төмендегі жағдайдайлар нұсқайды:

а) Аталған жарылыс баршаға аян болуға тиіс болған Ислам тыйымдарын бұзу болып табылады. Мұндай әрекеттерді жеке тұлғаға қол сұғылмауға қастандық, қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, сондай-ақ бейбіт тұрғындардың өміріне қарсы және адамдар оларсыз тұра алмайтын қоғамдық қызметтерге қарсы қастандық  болып табылады. Аллаһтың тыйымдарын бұзуға қорықпай бет алған, Оның құлдарына қатысты зұлымдыққа жол береген  және мұсылмандар мен олардың арасында өмір сүретін басқа тұрғындарды қорқытып-үрейлендіруге кіріскен кімсенің қылмысы нендей жиіркенішті және ауыр болып табылады! Оған окініш, тағы да өкініш болсын, өйткені оны Аллаһтың жазасы, кек алуы және Оның лағнеті күтіп тұр, ал біз Аллаһтан қылмыскерді әшкерелеуін және оны қорлауын тілейміз.  

б) Шариғатқа сәйкес әрбір мұсылман және де мұсылмандармен бейбіт өмір сүріп жатқандардың барлығы қол сұғылмаушылық құқығына ие болып табылады; бұл жөнінде Аллаһ Тағала былай деген: 

«Кім бір мүмінді әтейге өлтірсе, оның жазасы - ішінде мүлде қалатын Тозак болады. Сондай-ақ, оған Аллаһтың ашуы, қарғысы болып және оған зор қинау әзірлеп қойған!» (ән-Ниса сүресі, 93-аят)

Мұсылмандардың қорғауында болған адамды[8] білместікпен өлтіру туралы айтар болсақ, бұл жөнінде Аллаһ Тағала былай деді: «Ал егер ол (өлтірілген адам) сендермен олардың арасында келісім болған бір елден болса, өлгеннің иесіне құн тапсырып, әрі бір мүмін құл азат етуі керек». (ән-Ниса сүресі, 92-аят)

Ал егер қорғау астында болған адамды білместікпен өлтіргені үшін құн төлеп, айыпты өтеу амалдарын жасау қажет болса, онда мұндай адамды әтейі өлтіру туралы не айтуға болады?  Мұндай адам өлтіру едәуір ауыр қылмыс және едәуір салмақты күнә болып табылады, ал сахих хадистердің бірінде Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Муахадты[9] өлтірген (адам) жұпар иісі қырық жылдық жолдан сезілетін Жәннәттың иісін де сезбейді» - дегені хабарланады. (әл-Бухари «Сахих», №3166 хадис)

Сонымен, қорғау астында болған адамды өлтіріп, өте ауыр және жиіркенішті қылмыс жасау түгілі, оны ренжітуге де болмайды. Муахадты өлтірген адамға өте қорқынышты ескертулер жолданған, өйткені мұндай күнә өте ауыр күнәларға жатады, және оны жасаған адамға Жәннәтқа кірмейтіндігі туралы қорқытылып айтылады, ал біз Аллаһтан пана іздейміз және Ол бізді қолдаусыз қалдырмауын тілейміз!   

в) Мұндай қылмыс Ислам тыйым салған бірқатар амалдардың жасалуымен байланысты. Олардың қатарына қиянат, сатқындық, зұлымдық пен өшпенділіктің көрініс беруі, мұсылмандарды қорқыту т.б. жатады. Бұл амалдардың барлығы Аллаһ, Оның Елшісі және муминдер тәрк ететін және жек көретін,  сөгіс айтылатын өте жиіркенішті істер болып табылады.

2. Кеңес мұндай қылмыстық әрекеттер шариғатпен тыйым салынғандығына анық нұсқайды және әлемге төмендегіні жариялайды:

Исламның мұндай іс-әрекеттермен ешбір ортақтығы жоқ, сол сияқты Аллаһқа және Соңғы Күнге иман келтірген кез келген мұсылманның да онымен ешқандай ортақтығы жоқ. Мұндай амалдарды тек қана бұрмаланған көзқарасқа және бұзылған сенімге ие болған адам ғана жасай алады. Ол өзінің күнәсына және өзінің қылмысына жауапкершілік тартады және оның әрекеттерін Исламмен де, іс жүзінде Исламның бекіткен ережелерін басшылыққа алып Құран мен Сүннеттің нұсқауларын ұстанатын мұсылмандармен де байланыстыруға болмайды.  

Мұндай іс-әрекеттер - нағыз пасықтық және қылмыс болып табылады және шариғатпен де, адамның табиғатының өзімен де тәрк етіледі.  Дәл сол үшін де Құран мен Сүннет мұндай әрекеттерге үзілді-кесілді тыйым салады және оларды жасап жүргендермен байланыста болудан сақтану керектігі туралы қатаң ескертеді. Өйткені Аллаһ Тағала:   

«Адамдардан кейбіреулерінің дүние тіршілігіндегі сөзі өзіңді таңырқатады да, Аллаһты жүрегіндегісіне айғақ қылады. Ол - өте сотқар қаскүнем. Қашан беті бұрылса, жер жүзінде сотқарлық істеуге, сондай-ақ егінді, малды жоқ етуге тырысады, ал Аллаһ жауыздықты жақсы көрмейді. Ал қашан оған: «Аллаһтан қорық!» - делінсе, оның паңдығы ұстап, өзін күнәкар етеді. Оған тозақ жетеді, нендей жаман орын», - деді.  (әл-Бақара сүресі, 204-206-аяттар)

Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деді:

«Аллаһ және Елшісімен соғысқандардың және жер жүзінде бұзақылық жасап жүргендердің жазасы - өлтірілулері, не асылулары, яқи, қол-аяқтарының қиғашталып кесілулері, немесе жерден айдалулары. Бұл - олардың дүниедегі жапасы. Және олар үшін Ахиретте ірі азап бар...» (әл-Мәида сүресі, 33-аят)

Аллаһ Тағаладан осындай істермен айналысып жүрген адамдарды шариғат бойынша соттау үшін әшкерелеп және ұстап алуға көмектесуін жалбарынып сұраймыз. Сондай-ақ, біз Одан бұл елден де, басқа мұсылман елдерінен де қайғы-қасіреттің бетін аулақ етуін, екі Қасиетті мешіттердің қызметшісі болған король  Фахд бин Абд әл-Азизге, оның үкіметіне барлық мұсылман әмірлеріне елдер мен Аллаһтың құлдарына пайда әкелетін істерді орындауға, бұзақылық пен бұзықыларды басып тастауға көмектесуін, осы әмірлер арқылы Оның дініне көмектесуін, Оның сөзін ұлықтап-биіктетуін және барша мұсылмандардың істерін ретке келтіруін тілейміз, өйткені бұл Оған ғана тәуелді және Ол мұны істей алады.

Пайғамбарымыз Мұхаммедке, оның отбасына және оның сахабаларына Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын. 

 

Ең ірі ғалымдар Комитетінің Кеңесі[10]


Кітаптың толық мәтіні оқу үшін кітапты жүктеңіз(MS Word)

Категория: Ақида | Добавил: admin | Теги: Ислам террорға қарсы, террор актілерін жоққа шығару
Просмотров: 761 | Загрузок: 217 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]