Қош келдіңіз Гость • Тіркелу • Кіру • RSS
Бейсенбі, 18.4.2024, 10:15
Главная » Файлы » Қазақ тілінде » Ақида

Үш негіз және оның дәлелдері
[ Скачать с сервера (1.12 Mb) ] 19.05.2011, 17:32
[1] Бұл – әрбір мұсылманға маңызды болып табылатын жолдау. Ғалымдар оған шарх (түсіндірме) жазуға қатты көңіл бөлген. Себебі онда, қабірдің үш сауалына, яғни екі періштенің құлдан Раббысы, діні және кітабы туралы сұрақтарына жауап бар. Сондықтан кітап «Үш негіз және оның дәлелдері» деп аталады. [2] Бұл жолдау «Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен!» деген сөздермен басталады, осылайша оның авторы Аллаһтың Кітабы мен Аллаһтың елшісінен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) үлгі алып отыр. Құран беттерін ашқан кезде, адамның көзі ең бірінші «Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен!» сөздеріне түседі. Сол сияқты, пайғамбарымыз да (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әрбір сөзі мен ісін және ел басшылары мен патшаларға Ислам дініне шақыру мақсатымен жіберген хаттарын осы берекелі сөздермен бастаған. Осыдан түсінетініміз, бұл – пайғамбарымыз Мухаммедтің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сүннеті. Одан бұрын Сүлеймен пайғамбар да (оған Аллаһтың игіліг мен сәлемі болсын) Сәбә елінің патшасы Билқисқа жіберген хатын «Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен!» сөздерімен бастаған. Бұл туралы Аллаһ Тағала былай деді: «Ол (яғни, Билқис) былай деді: "Әй, бастықтар! Расында, маған ардақты бір хат тасталды. Ол Сүлейменнен жетті, әрі аса Қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен басталады. Онда: «Маған ұлықтық қылмай, мұсылман күйде келіңдер!», - делінген”» (Нәміл сүресі, 29-31-аяттар). Көптеген адамдар осы керемет Сүннетті тастап қойды. Мүмкін осының себебімен, олардың кітаптары мен жолдауларында береке мен пайда жоқ. «Бисмил-Ләһир-Рохмәнир-Рохим!» сөздерінің мағынасы: «БисмилЛәһи» - Аллаһтың атымен; «әр-Рохмән» - Кең мейріммен сипатталған ("қандай?” сұрағына жауап береді); «әр-Рохим» - Мейірімін басқаларға жеткізуші ("не істейді?” деген сұраққа жауап береді. Бұл сөйлемде бір етістік жасырылған. Алайда, ол жағдайға, орынға сай өзгере береді. Яғни, егер адам кітап оқуға кірісейін деп жатса, онда ол: «Аса Қамқор, ерекше Мейрімді Аллаһтың атымен оқимын!», - дейді. Ал егер ол хат жазса, онда: «Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен жазамын!», - деп айтады. Сондай-ақ, бұл етістік араб тілінің ережелеріне сай сөйлемнің басында тұру керек, бірақ бұл жерде біз оны соңына қойып, жасырдық. Осыдан екі пайдаға қол жеткізе аламыз: 1) Аллаһтың есімімен бастап, береке тілеу; 2) Шектеу тәсілін қолдану. Өйткені, ереже бойынша алдында тұру керек болған нәрсе, соңына қойылса, онда бұл сөздердің мағынасын шектейді. Сонымен, «Бисмил-Ләһир-Рохмәнир-Рохим!» сөздерінің жалпы мағынасы былай болады: «Кең мейіріммен сипатталған, рахымын басқаларға жеткізуші Аллаһтың атымен ғана (оқимын, жазамын...)». [3] «Біл!» - бұл, тақырыптың маңыздылығына нұсқайтын сөз. Сондықтан, егер адам сөзін бастар алдын: «Біл!», - деп айтса, онда одан кейінгі әңгіме өте маңызды болып табылады. Білім дегеніміз – бұл, бір нәрсені ақиқатына сай жетік меңгеру. Жалпы айтқанда, меңгерудің бірнеше дәрежесі бар: - Әл-`илм (білім) – бір нәрсені ақиқатына сай жетік меңгеру; - Әл-жәһл әл-басыйт (қарапайым надандық) – бір нәрсе жайлы мүлдем ештеңе білмеу; - Әл-жәһл әл-мураккәб (күрделі надандық) – бір нәрсе жайлы, оның ақиқатына теріс күйінде меңгеру. (Бұл жағдайды «білмейді, әрі білмейтінін де білмейді» деп те сипаттауға болады); - Әл-уәһм (пайымдау) – бір нәрсені, ақиқатынан алыс (қатесіне жақын) күйде меңгеру; - Әш-шәкк (күмән) – бір нәрсені ақиқатына жақын да емес, алыс та емес – орташа меңгеру (50/50%); - Әз-зонн (күдік) – бір нәрсені ақиқатына жақын (қатесінен алыс) күйде меңгеру. - Білім екі түрлі болады: - Дорурий – бұл дәлелдеуді, іздену мен зерттеуді талап етпейтін білім. Мысалы: От күйдіреді. - Назорий – бұл дәледеуді, зерттеуді, ой жүгіртуді қажет ететін білімнің түрі. Мысалы: Дәретке ниет ету парыз. [4] «Саған Аллаһтың мейірімі жаусын» - бұл білім ізденушіге айтылған дұға. Автор білім ізденушілерге осы сөздер арқылы Аллаһтан мейірім тіледі. Әрбір ұстаз, осылай, өз шәкірттеріне жұмсақ әрі мейірімді болу қажет. Егер ол жылы сөздер айтып, ізгі дұғалар тілеп білім үйрететін болса, онда бұл оқушыға міндетті түрде әсер етеді де, ұстаздан ілім қабылдауға үлкен септігін тигізеді. Ал егер мұғалім қатал әрі орынсыз сөздер айтатын болса, онда бұл адамдарды жалтартады. Сондықтан, әрбір мұғалім, Аллаһқа шақырушы әрбір адам және жақсылыққа бұйырып, жамандықтан қайтаратын әрбір мұсылман жұмсақ болу керек, жүрек жылытар сөздер айтып, дұға ету керек. «Саған Аллаһтың мейірімі жаусын» (Рахимәкәл-Лаһ!) сөздерінің мағынасы: Аллаһ сенің бұрын жасаған күналарыңды жарылқасын, әрі келешекте қате жіберуден сақтасын! [5] Парыз (немесе уәжиб) – бұл Аллаһ және Оның елшісі (оған Аллаһтың иігілігі мен сәлемі болсын) әмір еткен нәрсесі. Оны істеген үшін адамға сауап, ал істемеген үшін күнә жазылады. - Парыздың (немесе уәжибтің) екі түрі бар: - Фард (уәжиб) әл-`айн – бұл әрбір мұсылманға міндетті болған нәрсе. Мысалы: бес уақыт намаз, Рамазан айында ораза тұту. - Фард (уәжиб) әл-кифая – бұл мұсылмандардың бір тобына міндетті болған нәрсе: егер оны бір топ адамдар орындаса, басқалардың мойнынан ол түседі, ал егер оны ешкім орындамайтын болса, онда барлығы да күнә алады. Мысалы: сәлемге жауап беру, жаназа намазына қатысу. - Автор айтқан «төрт мәселені үйрену» - фард әл-`айн, яғни әрбір мұсылман адамға парыз, міндетті болып табылады. Сол үшін, ол: «кейбірімізге», - демей, «бізге», - деді, яғни барлығымызға бұл төрт нәрсені үйрену парыз.   [6] «Білім» деген сөзбен бұл жерде шариғи білім меңзеліп тұр, өйткені діни білімді ғана үйрену парыз болып табылады. Бұл мәселелерді әрбір мұсылман үйреніп, зерттеу керек: ер кісі де, әйел де; бостандықтағы адам да, құлдықтағы адам да; кедей де, бай да; патша да, қайыршы да. Кез-келген мұсылман адамға осы төрт мәселену үйрену міндетті болып есептеледі. Ал енді өндірістік, кәсіптік, инженерлік, медецина секілді дүниеуи білімдер туралы айтар болсақ, онда ол мубах (рұқсат етілген) істердің қатарына жатады. Сондықтан, кім оны үйренбесе, ешқандай күнә алмайды. Бірақ егер белгілі бір ғылымды, мәселен медицинаны үйрену Ислам үмметіне қатты қажет болса, онда шамасы келген адамға оны зерттеу парыз болып табылады. Алайда Құран мен Сүннетте мақталған білім – ол шариғи білім. Сол сияқты аяттар мен хадистерде артықшылығы хабарланған ғалымдар да – шариғи білімдердің иелері. Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Ғалымдар – пайғамбарлардың мирасқорлары», - деп айтты (әл-Бухари 67, Әбу Дәуд 3641, Ибн Мажәһ 223, әт-Тирмизи 2682). Пайғамбарлар мен елшілерден мұра ретінде қалған білім дүние білімдері емес еді, олардың үйреткені – шариғи білім! [7] «Аллаһты... тану». Құл өз Раббысын қалай тани алады? Ол Аллаһты шариғи және табиғи нұсқаулар (аят) арқылы тани алады. Егер адам Құран оқитын болса, онда ол Аллаһ Тағаланы таниды: Оның аспандар мен жерді жаратқанын, тірілтетінін және өлтіретінін, Оның барлық нәрсеге күші жететінін, Оның аса Қамқор, ерекше Мейірімді екенін біледі. Құран арқылы сен Жаратушыңды әрі Ризықтандырушыңды, сені түрлі нығметтермен жабдықтаған Раббыңды есімдерімен, сипаттарымен және істерімен танисың. Сол сияқты табиғи нұсқауларға қарап, құл осы дүниені жаратқан, даналығы мен біліміне сай реттеген, Раббысын тани алады. Аллаһ Тағала былай деді: «Жер бетінде анық сенгендер үшін аяттар (нұсқаулар) бар. Әрі өздеріңде де (нұсқаулар табылады). Неге көрмейсіңдер?» (Зәрият сүресі, 20-21-аяттар). [8] «Пайғамбарды (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)... тану». Ол – Мухаммад (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын). Не үшін оны тануымыз керек? Өйткені ол – Аллаһ Тағаладан хабар жеткізетін кісі. Ол, Аллаһ пен біздің арамыздағы елшілікті жеткізудегі дәнекер болып табылады. Сен оның кім екенін білесің бе? Оның шыққан тегін, туған жерін, немен келгенін, оған уахи қалай түсе бастағанын білесің бе? Мекке мен Мәдина қалаларында қалай шақыру (да`уа) жүргізгенін, оның сирасын (өмір жолын) қысқаша болса да білесің бе? Елші болмай тұрып ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қалай өмір сүрген, содан кейін пайғамбар және елші міндеті жүктелген соң не амал жасағанын білесің бе? Бұның барлығын зерттеу, үйрену – парыз. Оны пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сирасы, яғни өмір жолын тану арқылы жүзеге асыруға болады. Мұсылман адам өз пайғамбары (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) туралы ештеңе білмеуі – ұят нәрсе. Өзіңе белгісіз тұлғаның артынан қалайша ересің?! Бұл ақылға сыймайды! Пайғамбарды (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) танып қана қоймай, оның артынан еру керек, оның шығарған үкіміне разы болып бойұсыну қажет. Аллаһ Тағала былай деді: «Раббыңмен ант! Олар сені араларында туған келіспеушіліктерде би (үкім шығарушы) қылып алмайынша, сосын жүректерінде шығаршан шешіміңнен ақау таппайынша және толық бойұсынбайынша иман келтірмейді» (Ниса сүресі, 65-аят). Тағы да Аллаһ Тағала былай деді: «Расында, мүміндерді Аллаһқа және елшісіне араларында үкім шығыру үшін шақырғанда, олардың сөздері тек: "Естідік те, бойұсындық!”, - еді. Міне солар құтылады!» (Нұр сүресі, 51-аят). Тағы да Аллаһ: «Егер Аллаһқа және ақырет күніне иман келтірсеңдер, тартысқан кез-келген нәрсені, Аллаһ пен елшісіне қайтарыңдар. Бұл жақсырақ, әрі соңы да хайырлы!», - деп айтты (Ниса сүресі, 59-аят). Аллаһ Тағала былай деді: «Оның әміріне қарсы келгендер, бастарына түсетін фитнадан (бүліктен) немесе ұлы азаптан сақ болсын» (Нұр сүресі, 63-аят). Имам Ахмад: «Сен фитнаның (бүліктің) не екенің білесің бе? Фитна – ол ширк. Адам, пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) кейбір сөздерін кері қайтарып қабылдамауы мүмкін, сол үшін оның жүрегіне ауытқу кіреді де, ол опатқа ұшырайды», - деген. [9] «Ислам дінін... тану», яғни пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын), ал одан бұрын Аллаһ Тағаланың өз құлдарына ұстану керек деп бұйырған дінін тану. Ислам екі түрлі болады: 1) Жалпы ислам (әл-исләм әл-`ам) – бұл Аллаһқа таухид (жалғыздау) арқылы бойұсыну, әмірлерін орындау арқылы бағыну және ширк (серік қосу) мен мушриктерден (серік қосушылардан) аулақ болу. Бұл барлық елшілердің ұстанған діні. Өз заманында елшіге ерген әрбір адам мұсылман болып табылады. 2) Жеке ислам (әл-исләм әл-хос) – бұл Мұхаммед (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әкелген дін. Ол алдындағы бүкіл діндердің күшін жойды. Сондықтан, өз заманында Мұса пайғамбарға ілескен адам, немесе `Иса пайғамбардың артынан ерген адам мұсылман болып табылса, қазір – Мухаммед пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жіберілуінен кейін – тек қана оған ерген адам мұсылман болып саналады. Аллаһ Тағала: «Оларға: "Егер Аллаһты сүйсеңдер, маған еріңдер, сонда Аллаһ та сендерді жақсы көреді”, - деп айт», - деді (Әли `Имран сүресі, 31-аят). Ислам – бұл Аллаһ қабылдайтын және өз иесіне пайда әкелетін жалғыз ғана дін. Аллаһ Тағала былай деген: «Расында, Аллаһтың қасындағы дін – Ислам!» (Әли `Имран сүресі, 19-аят). Тағы да Аллаһ: «Ал кім Исламнан басқа бір дін іздесе, одан ешқашан ол қабыл болмайды, әрі ахырет күні зиянға ұшыраушылардың қатарынан болады», - деп айтты (Әли `Имран сүресі, 85-аят). Осы Ислам – Аллаһ Тағаланың біздің үмметке берген ұлы нығметі. Ол былай деді: «Бүгін сендерге діндеріңді толық қылдым, нығметімді тәмәмдадым, әрі сендерге Ислам дінімен разы болдым» (Мәида сүресі, 3-аят). [10] «Дәлелдермен тану», яғни соқыр ілеспей, алайда Құран мен Сүннетте келген дәлелдер арқылы тану. Міне осы нағыз білім болып саналады. Бір ғалым мынадай өлең жолдарын жазған: Бүгінде шешендер көп жанарларда Ел біткен сұлу сөзді санар арға. Сұлу сөз бірақ әркез дұрыс емес Екенінен Дүйім жұрт хабардар ма? Сөздің сұлу болғанымен Маңызы жоқ Болса егер еш дәлелсіз, аңызы көп. Пайдасы жоқ білімсіз дін ұстанып, Қам – қарекет қылғанның, тамызып от. Мүмкін емес білімсіз іс өнуі, Исламға қайтадан күш енуі. Білім – ол Құран, Хадис, Сахаба мен Ғалымдардың бұл дінді түсінуі. Шындық ізде! Қуғанды қойып елес, Дәлел сұра, себебі дін ойын емес. Дінді түсін сахабалар түсінгендей Дін деген менің, сенің ойың емес!!! Кез-келген адамның пайымдауы Құран мен Сүннетке сай келсе, қабылдап, ал сай келмесе, тастай салу қажет. Имам Мәлик, Аллаһ оны Өз мейіріміне алсын: «Кез-келген адамның сөзі қабылдануы да, қайтарылуы да мүмкін. Тек мына қабірдің иесінен басқа», - деп Аллаһ елшісінің (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) қабірін көрсетті. Дәл осы жолмен мұсылман ғалымдары жүрді – белгілі төрт имам да, басқа да ғалымдардың әрбірі соқыр ерудің қауіптілігінен сақтандырған еді, себебі Аллаһ Тағала Өз Кітабының көптеген жерінде соқыр ілесетіндерді даттайды. Бұрынғы кезде де, қазіргі кезде де кәпір болғандардың көбісі пайғамбарларға ермеген себебі кітапшыларына, монахтары мен ата-бабаларына соқыр ілескендіктен еді ғой. Әбу Ханифа, Мәлик, әш-Шәфи’и мен Ахмад және т.б. имамдар, Аллаһ оларға разы болсын, үнемі: «Біздің пікірімізге сүйеніп ешбір адамға фәтуә беруге болмайды немесе біздің қайдан алғанымызды білмейінше, біздің сөзімізді алуға рұқсат етілмейді», - деп айтатыны бәрімізге мәлім. Әрбір имам былай дейтін: «Егер сахих хадис табылса, онда сол менің мазхабым». Сондай-ақ олар әрдайым былай қайталайтын: «Егер саған белгілі бір пікір жетсе, онда сен оны Аллаһтың Кітабы мен Оның елшісінің (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) Сүннетімен салыстыр. Егер пікір оған сәйкес келсе, онда қабылда, ал егер сәйкес келмесе, онда оны қабырғаға ұр!». Ұлы имамдардың пікірі міне, осындай, Аллаһ Тағала оларды Жаннат бақтарына орналастырсын. Дәлел деген сөздің мағынасы: талап етілетін нәрсеге бағыттайтын құрал. Дәледің екі түрі болады: 1) Сәм`ия – бұл уахи арқылы бекітілген дәлелдер, яғни Құран мен Сүннет. 2) `Ақлия – бұл ойлау және қарастыру арқылы бекітілген дәлелдер. Аллаһ Тағала Құранда өте жиі дәлелдердің осы түрін келтіреді. Ол қасиетті кітабының көптеген аяттарында: «Оның белгілерінен мынау, Оның белгілерінен анау», - деп айтқан. Дәлелдің осы екі түріне мысал келтірер болсақ, онда Мухаммед (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Аллаһтың елшісі екеніне сам`ия делел ретінде, Құрандағы мына аяттарды ұсынсақ болады: «Мұмаммед – Аллаһтың елшісі!» (Фатх сүресі, 29-аят), «Мұхаммед – елші ғана. Одан бұрын да елшілер болған» (Әли `Имран, 144). Ал енді оның (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) пайғамбар екеніне `ақлия делел ретінде, ең ұлысы Құран болып табылған, оның көрсеткен мұғжизаларын, кейін расталған болашақта орын алатын оқиғалар жайындағы хабарларын келтірсек болады. Normal 0 false false false MicrosoftInternetExplorer4 [11] «Оған амал ету», яғни білімге сай амал жасау. Адамның үйреніп, үйретіп жүргені жеткіліксіз, ол міндетті түрде біліміне амал ету қажет. Артынан амалы жалғаспаған білім, адамға қарсы дәлел болады. Білім, амалсыз пайдалы болып есептелмейді. Үйренген біліміне амал етпеген адамға Аллаһтың ашуы болады, өйткені ол ақиқатты таныды, бірақ оны біле тұра тастап қойды. Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Шын мәнінде, Қиямет күні өз біліміне амал етпеген ғалым, Тозаққа ең бірінші отын болады» (әт-Тирмизи 2382). Білім амалға байланысты. Амал – білімнің жемісі. Егер ағашта ешқандай жеміс болмаса, онда оның еш пайдасы жоқ. Білім тек амал ету үшін түсірілген. Аллаһ Тағала: «Мен жындар мен адамзатты тек Өзіме құлшылық етулері үшін жараттым», - деді (Зәрият сүресі, 56). Демек, амал және құлшылық мақсат болып табылады. Ал оны білімсіз жасауға тыйым салынады. Ол адамды адасу мен ауытқуға апарады. Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Кімде-кім біз бұйырмаған бір іс жасаса, ол өзіне қайтарылады» (Муслим 18/1718), яғни қабыл болмайды. Сол үшін біз әр рака`атта Фатиха сүресінің келесі аяттарын оқимыз: «Бізді тура жолға сала гөр. Нығметке бөленгендердің жолына. Бірақ ашуға ұшарағандардың және адасқандардың жолына емес» (Фатиха сүресі, 5-7-аят). Осы аяттарда Аллаһ Тағала білімсіз амал еткендерді адасқандар, ал білімі бола тұра амал етпегендерді ашуға ұшарағандар деп атады. Осыған көңіл аудар, өйткені бұл өте маңызды! Білімге амал етпей, оны қалдырудың бір неше жағдайы болады: 1) Куфр (дінсіздік), ширк (көпқұдайшылық). Мысалы: адам Аллаһ Тағаланың құлшылықта жалғыз екенін біледі, алайда Оған серік қосу арқылы, біліміне сай амал етпейді. 2) Ма`сия (күнә). Мысалы: адам арақ ішудің, сатудың, құйып берудің, өндірудің харам екенін біледі. Алайда соған қарамастан, амал етпейді, яғни аталған істерді жасайды. 3) Мәкруһ (ұнамсыз нәрсе). Мысалы: егер адам пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазды белгілі кейіпте оқығанын біледі. Бірақ ол біліміне сай амал етуді қалдырады. Сүннеттердің бірін қалдырған адам күнә алмайды, өйткені ол парыз болып есептелмейді. 4) Мубах (рұқсат етілген нәрсе). Мысалы: егер адам пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) белгілі киім үлгісі, белгілі жүрісі болғанын біледі, бірақ та ол біліміне амал етпейді. Ондай адам күнә алмайды, сондай-ақ сауапқа да ие болмайды. Алайда, адам пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ілесу ниеті үшін сауап алу мүмкін. [12] «Оған шақыру», яғни адам үйреніп, сосын өзімен-өзі амал етіп, бірақ ешкімді Аллаһқа шақырмай жүре бергені жеткілікті емес. Ол міндетті түрде басқа кісіні де шықару қажет, солай ол өзіне де, өзге де пайда әкелген болып саналады. Бұл білім – аманат. Ол сенің сақтап, жинап жүретін, адамдарды одан мақұрым қалдыра алатын мүлкің емес. Адамдар оған мұхтаж. Жеткізу, түсіндіру және адамдарды жақсылыққа шақыру, сенің міндетің болып табылады. Аллаһ Тағала былай деді: «Сол кезде, Аллаһ Кітап берлгендерден уәде алды: "Сендер оны әлбетте адамдарға түсіндіресіңдер де, жасырмайсыңдар”» (Әли `Имран сүресі, 187-аят). Да`уаны (шақыруды) жүзеге асыру үшін, адамның білімі мен анық түсінігі болуы тиіс. Себебі, Аллаһ Тағала былай деді: «Айт: "Бұл – менің жолым. Мен және артымнан ілескендер Аллаһқа анық білімге сүйеніп шақырамыз. Аллаһ Пәк, ал мен серік қосушылардың бірі емеспін”» (Юсуф сүресі, 108-аят). Адам үш нәрсені білу керек: 1) Неге шақырып жатқанын, яғни баяндап жатқан амалдың үкімін білу. 2) Кімді шақырып жатқанын, яғни да`уа бағытталған адамның түсіну деңгейін білу. 3) Қалай шақыру керек екенін білу. Бұл туралы Аллаһ Тағала келесі аятта былай дейді: «Раббыңның жолына даналықпен және көркем уағыз арқылы шақыр. Әрі олармен ең жақсы түрде тартыс жүргіз» (Нахл сүресі, 125-аят). Аллаһқа шақырудың екі түрі бар: 1) Сөз арқылы. Бұған уағыз айту, үгіт-насихат жүргізу, кездесулер өткізу, сабақ беру кітап жазу жатады. 2) Амал ету арқылы. Кейде адам үндемей-ақ, өзі білген істеріне амал етеді, соның өзі айналасындағы кісілерге қатты әсер етеді. Ол осы ісімен солай жасау керегін адамдарға нұсқайды. [13] «Сабыр ету». Жақсылыққа бұйырып, жамандықтан қайтаратын және шындықты айтып, Аллаһқа шақыратын кісілер әрқашан халықтарының қарсылығына жолығатын еді. Өйткені, адамдардың көбісі жақсылықты қаламайды, олар көңілдерінің-қалауларына жағатын нәрселерді, тыйым салынған істерді жақсы көреді. Сондықтан, оларға Аллаһқа шақыратын кісі келіп, сезімдер мен нәпсіге еруден қайтарса, міндетті түрде сөздер мен істерде көрінісі тапқан тойтарысқа тап болады. Сол үшін, Аллаһтың Жүзіне ұмтылып, Оған шақыратын уағыздаушы қиыншылықтарға төзу керек, әрі да`уатын (шақыруын) жалғыстыру қажет. Бұған елшілерді, әсіресе олардың ең соңғысы Мухаммедті үлгі ретінде алуға болады. Олардың барлығына Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын! Аллаһ Тағала былай деді: «Сенен бұрын да елшілерді өтірікші деп санаған, алайда олар оған сабыр еткен. Біздің көмегіміз келгенше, қиыншылықтар көрген» (Ән`ам сүресі, 34-аят). Тағы да Аллаһ былай деген: «Міне осылай, олардан бұрынғыларға қандай елші келсе де, олар міндетті түрде: "Ол – сиқыршы, не жынды!”, - дейтін еді» (Зәрият сүресі, 52-аят). Тағы да Аллаһ Тағала: «Осылайша, Біз әрбір пайғамбарға күнәһарлардың ішінен жау істедік», - деді (Фурқан сүресі, 31-аят). Егер жаратылыстардың ең ардақтысы, адамдардың ең ұлысы болған пайғамбар мен елшілердің өздері осындай ауыртпашылықтарға тап болса, онда біз сияқты қарапайым адамдар туралы не айтуға болады?! Біз елшілер секілді сабыр етуіміз керек. Тіпті пайғамбарымыз Мухаммедтің өзі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзінен бұрын жіберліген пайғамбарлардан өнеге алуға бұйырылған еді. Бұл туралы Аллаһ: «Ұлы елшілер сияқты сабыр ет те, оларға (азапты) асықтырма», - деп айтты (Ахқаф сүресі, 35-аят). Сабырлы бол! Білім алып, оған амал етіп, сосын оған шақырған адам сабырлы болуға өте мұқтаж. Ал егер ол шыдамды болмаса, онда ол анық сенбейтіндердің кесірінен жеңілтектікке берліген адам болады. Аллаһ Тағала былай деді: «Сабыр ет! Шын мәнінде, Аллаһтың уәдесі – хақ! Анық сенбейтіндер сені жеңілтектікке апармасын» (Рум сүресі, 60-аят). Сол үшін, пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өз сахабаларын үнемі: «Алайда, сендер асығушы елсіңдер!», - деп, асығыстықтан сақтандырып отырған. Аллаһ Тағаланың өз елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтқан мына сөздеріне назар аудар: «Расында, біз саған Құран түсірдік» (Инсән сүресі, 24-аят). Осы аяттан соң Аллаһ Тағала: «Сол үшін Раббыңның нығметіне шүкір ет», - деп айтады деген ой келеді. Алайда Ол сөздерін: «Сол үшін Раббыңның үкіміне сабыр ет!», - деп аяқтайды (Инсән сүресі, 23-аят). Осыдан біз, Құранмен өмір сүруге бел байлаған адам сабырлықты талап ететін жағдайларға кезігетінін түсінеміз. Өз руластарынан соққы алып, бетінен қанын сүртіп жатқандағы пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Әй, Аллаһ! Еліме кешіре гөр, шынында олар білмейді ғой!», - деген сөздеріне қарап, шешім қабылдай бер (Бухари). Сабыр етудің үш түрі бар: 1) Аллаһтың әмірлерін орындауда шыдамдылық таныту; 2) Аллаһтың тыйымдарынан аулақ жүргенде шыдамдылық таныту; 3) Аллаһтың ауыртпашылық әкелетін тағдырына шыдамдылық таныту. Бұған дәлел, Аллаһтың келесі сөздері [14]: (Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен!) «Уақытпен ант [15]! Шынында, бүкіл адамзат әлбетте зиянда [16]. Тек иман келтірген, ізгі амал жасаған [17], бір-біріне шындықты үгіттеген және өзара сабырға үгіттескендерден басқа» (`Аср сүресі, 1-3-аят). [14] Яғни, аталған төрт мәселені үйренудің парыз екеніне дәлел Аллаһтың келесі сөздері: «Уақытпен ант етемін! Шынында, бүкіл адамзат әлбетте зиянда. Тек иман келтірген, ізгі амал жасаған, бір-біріне шындықты үгіттеген және өзара сабырға үгіттескендерден басқа» (`Аср сүресі). «Иман келтіргендер» сөздері, білімге дәлел болып табылады. Өйткені, иман білімсіз мүмкін емес. Ол – Аллаһ Тағаланы тану, Оның елшісін тану және Ислам дінін дәлелдермен тану. «Ізгі амал жасаған» сөздері, білімге сай амал етуге дәлел болып табылады. «Бір-біріне шындықты үгіттеген» сөздері, білім және амалға шақыруға дәлел болып табылады. «Өзара сабырға үгіттескендер» сөздері, білім және амалға шақыру жолында сабыр етуге дәлел болып табылады. [15] «Уақытпен ант!». Аллаһ Тағала уақытпен ант етті, ал ол жаратылыс болып саналады. Бірақ Аллаһ Тағала қалаған нәрсемен ант етеді, ал жаратылыстар тек Жаратушымен ғана ант ете алады. Өйткені ол тыйым салынған істердің қатарына жатады. Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Кім Аллаһтан өзге нәрсемен ант етсе, онда күпірлік не ширк жасады» (Әбу Дәуд 3251, Тирмизи 1535). Тағы да Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Кім ант ететін болса, онда Аллаһпен ант етсін немесе үндемесін», - деді (Бухари 6107, Муслим 3/1646). Сондай-ақ, Аллаһ Тағала тек маңызы бар, орны ерекше нәрсемен ғана ант етеді. Осы заманда түн мен күн ауысады, түрлі жағдайлар болып тұрады: жақсысы мен жаманы, құаныштысы мен қайғы әкелетіні. Зымырап жатқан бұл уақытта көптеген пайдаға қол жеткізуге болады, ал кім оған дұрыс көңіл бөлмесе талай игіліктерден айырылып қалады. [16] Бүкіл адамзат зиянға және опатқа ұшырайды, бірақ аталмыш сүреде айтылған қасиеттерді бойында жинағандар ғана құтылады. Олар: 1) Иман келтіру, ал бұл білімсіз мүмкін емес. 2) Ізгі амал жасау. Оның екі шарты бар: ықылас пен пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ілесу. 3) Дау`ат ету (шақыру), яғни жақсылыққа бұйырып, жамандықтан қайтару. Өйткені пайдалы білім алып, кейін оған сай ізгі амал жасаған адам, елдің арасында жақсылықты таратып, надандарға ақиқатты үйрету керек. 4) Сабыр ету. Адам өзі ғана сабыр етпей, басқаларды да шыдамдылыққа ұмтылдыру қажет. Имам Ибн әл-Қайим былай деген: "Өз-өзіңе қарсы джихадтың да төрт деңгейі бар: Біріншісі, оларсыз адам екі дүниеде де не жетістікке, не бақытқа ие бола алмайтын дұрыс жолды және ақиқат дінін біліп-зерттеу үшін, өз-өзіңмен күресуге тура келгенде (жалқаулықпен, шаршаумен т.б.) орын алады. Білімі оны тастап кеткенде ол (адам) екі дүниеде де бақытсыз болады. Екінші деңгей – алған білім негізінде амал ету үшін өзіңмен күресу, өйткені қарапайым білім амалсыз, егер зиянды болмаса, ең жоқ дегенде пайдасыз болады. Джихадтың үшінші деңгейі - діңге шақыру және оны білмегендерге үйрету ісіндегі күрес болып табылады. Кері болған жағдайда ол (адам) Аллаһтың түсірген басшылығын және айқын аяттарын жасырушы болып қалады, және оның білімі оған көмектеспейді және Аллаһтың жазасынан құтқармайды. Төртінші деңгей – Аллаһқа шақыру барысында туындайтын ауыртпалықтарға, Аллаһтың жаратқандарынан келіп тиетін ренжітулерге сабырлық танытуда және осының барлығына Аллаһтың разылығы үшін төзуде өз-өзіңмен күресу” (Қараңыз: "Зәд әл-Мә’ад” 3/10). [17] Әһл әс-Сунна уә әл-жама`а ақидасы (сенімі) бойынша, иман дегеніміз бұл – жүрекпен анық сену, тілмен растау және дене мүшелерімен амал ету. Алайда кейбір адасқан адамдар аятта келген «иман келтірген және ізгі амал жасаған» деген сөздерден, амал иман атаулысына жатпайды деп түсінеді. Олардың айтыуынша, егер амал иман атаулысына жатқанда еді, онда Аллаһ иман мен амалды «уәу» арқылы жалғамайтын еді. Өйткені, араб грамматикасы бойынша, екі сөздің арасында «уәу» жалғаулығы тұрса, онда бұл сол сөздердің екі бөлек мағына беретінін білдіреді. Бұл күдікке екі жолмен жауап берсе болады: 1) Иман – бұл тек амал емес, оған тілдегі сөз бен жүректегі сенім кіреді. Ал амал – бұл тек дене мүшелермен жасалатын істер ғана. Сондықтан, жалпы айтқанда, иман атаулысы мен амал атаулысы екі бөлек нәрсе. Сол үшін араларында «уәу» жалғаулығы тұр. 2) «Уәу» жалғаулағы әрқашан жан-жағындағы сөздердің екі бөлек мағына беретінін білдіре бермейді. Бұған дәлел келесі аяттар: «Ал кім Аллаһқа, періштелеріне және елшілеріне қас болса және («уәу» жалғаулығы келді) Жибрил мен Микәлға» (Бақара сүресі, 98-аят); «Рұх (Жәбрейил) және («уәу» жалғаулығы келді) періштелер түседі» (Ләйләтул-қадр сүресі, 4-аят). Имам әш-Шәфи`и [18]: «Егер де Аллаһ Өз жаратылыстарына бұл сүреден басқа еш дәлел түсірмегенде, бұның өзі жеткілікті болар еді», - деген [19]. Имам әл-Бухари [20] былай жазған: ««Білім – сөздер мен амалдардан бұрын!»[21] тарауы. Бұған дәлел Аллаһтың келесі сөздері: «Біл, Аллаһтан өзге құлшылыққа лайықты ешкім жоқ, сосын күнәларың үшін жарылқау тіле!» (Мухаммад, 19) (Аллаһ) сөздер мен амалдардан бұрын, білімнен бастады». [18] Оның толық аты: Әбу `Абдуллаһ Мухаммад ибн Идрис ибн әл-`Аббас ибн `Усмән ибн Шәфи әл-Һашим әл-Қураши. Хижра жыл санағы бойынша 150 ж. Газзада дүниеге келді. Хижра бойынша 204 ж. Мысырда қайтыс болды. Ол ұлы төрт имамның бірі еді. [19] Бұл сөздерімен имам әш-Шәфи`и, осы сүре адамды иман, ізгі амал, шақыру және сабырлық арқылы дінді мықтап ұстауға ұмтылдыруда жеткілікті болып саналады деп айтқысы келген. Оның сөдерінен, бұл сүре адамзатқа шариғаттың бүкіл үкімдерінің орнын толтыра алады деп түсінбеуіміз керек. Имам: «Егер де Аллаһ Өз жаратылыстарына бұл сүреден басқа еш дәлел түсірмегенде, бұның өзі жеткілікті болар еді», - деп айтты. Өйткені, ақылы дұрыс және санасы сау адам бұл сүренің сөздерін еститін болса, зиянға ұшыраудан қашып, одан құтылу жолдарын іздей бастайды. Бірақ оған ол, тек келесі төрт қасиетпен ие болған жағдайда ғана қол жеткізе алады: иман, ізгі амал, халықты ақиқатқа шақыру, шыдамды болуды өсиет ету. [20] Оның толық аты: Әбу `Абдуллаһ Мухаммад ибн Исмә`ил ибн Ибраһим ибн әл-Муғира әл-Бухари. Хижра бойынша 194 ж. Бухара қаласында Шәууәл айында туылды. Ол әкесі қайтыс болған соң, анасынң қолында өсті. Ол хижра бойынша 256 ж. Ораза Айтына қараған түнде, Самарканд қаласынан екі фарсах қашықтықта орналасқан Хартанк жерінде дүниеден озды. Бұл имам – Құраннан кейінгі ең сенімді кітап болып есептелетін «Сахих» атты хадистер жинағының авторы. [21] «Білім – сөздер мен амалдардан бұрын!», өйткені білімге негізделмеген амал, істеушісініе еш пайда әкелмейді. Надандықпен жасалған амал пайда әкелмек түгіл, істеушісіне Қиямет күні құрыдым мен опатқа айналыуы мүмкін. Сондықтан, міндетті түрде амал етуден алдын, мұсылман адам білім үйрену керек. Бұған дәлел Аллаһтың келесі сөздері: «Біл, Аллаһтан өзге құлшылыққа лайықты ешкім жоқ, сосын күнәларың үшін жарылқау тіле!» (Мухаммад сүресі, 19-аят). Аятқа назар аударсақ, Раббымыз әуелі: «Біл!», - деді, сосын ғана: «күнәларың үшін жарылқау тіле!», - деп бұйырды. Жарылқау тілеу амалға жатады. Демек, амал жасаудан алдын, тіпті жарылқау тілеуден алдын, адамға білім керек.  
Категория: Ақида | Добавил: admin
Просмотров: 1380 | Загрузок: 1006 | Рейтинг: 3.5/2
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]