Қош келдіңіз Гость • Тіркелу • Кіру • RSS
Бейсенбі, 25.4.2024, 14:44
Главная » Файлы » Қазақ тілінде » Фиқһ

В категории материалов: 9
Показано материалов: 1-9

Сортировать по: Уақыты бойынша · Атауы бойынша · Рейтингі бойынша · Пікірлер саны бойынша · Жүктелуі бойынша · Қаралуы бойынша

Мұсылман адам жалпы сауабы мол маусымдарды күналарынан шынайы тәубе етуімен қарсы алады. Өйткені қандай да бір жақсылықтан махрум қалу күналар себепті болады. Аллаһ Тағала бұл жайында айтады:

) وَمَا أَصَابَكُم مِّن مُّصِيبَةٍ فَبِمَا كَسَبَتْ أَيْدِيكُمْ(

«Сендерге келген қандай бір қиындық өздеріңнің істеген күналарың себепті»

Фиқһ | Қаралды: 817 | Жүктелді: 0 | Жариялаушы: admin | Уақыты: 09.01.2012 | Пікірлер (0)

Барлық мақтау әлемдердің Раббысы Аллаһқа тән, оның құлы әрі елшісі пайғамбарымыз Мұхаммедке, оның жанұясына және сахабаларына Аллаһтың сәлемі мен салауаты болсын! Расында Аллаһтың бізге берген нығметтерінің бірі — бізге көптеген жақсылықтарға жететін әрі молдаған сауаптарға ие болатын маусымдарды нәсіп етуі.
    Бұл үмметтің өмірі алдыңғы үмметтерге қарағанда өте қысқа екені белгілі. Пағамбарымыз r айтады: " أعمار أمتي ما بين الستين إلى السبعين " «Менің үмметімнің ғұмыры алпыс пен жетпістің арасы».(1) Бірақта Аллаһ Тағала өзінің кеңшілігінен бізге сол қысқа өмірдің орнын толтыратын, және өмірімізді берекелі қылатын жақсы амалдарды берді. Адам оларды істейтін болса өте ұзақ өмір сүрген адамдай болады. Соның бірі қадір түні.
Фиқһ | Қаралды: 1163 | Жүктелді: 0 | Жариялаушы: admin | Уақыты: 09.01.2012 | Пікірлер (0)

Бұл кітапта Сүннет жолын ұстанған ең ірі ғалымдардың жауаптары жинақталған. Егер қаласаңыз, оларды бүгінгі күнде сәнге айналған «вахаббист» сөзімен атаңыз. Бұл жауаптарда террористік актілердің кез-келген түрінен, бейбіт адамдарды өлтіруден және ұрлаудан, өзін-өзі өлтіруден, жарылыстардан қорқытып айтылатын ескерту бар, өйткені мұндай іс-әрекеттер озбырлыққа және жәбірлеуге жатады.

Сондай-ақ, бұл жауаптар осы адасушылық жолын ұстанып жүргендердің күмәндарын теріске шығарады. Осы тақырыпқа қатысты ғалымдардың сөйлеген сөздерінің басым бөлігі 11-қыркүйектегі әйгілі уақиғалардан көп уақыт бұрын айтылған болатын, бұл, өз кезегінде, Исламның оларға ешбір қатысы жоқ екендігіне күә болады. Бұл пәтуаларды оқу – әрбір әділ адамның құқығы болып табылады және шындықты білуге ұмтылған барлық сауатты адамдардың мүддесіне үйлеседі.

Ақида | Қаралды: 1315 | Жүктелді: 225 | Жариялаушы: admin | Уақыты: 03.12.2011 | Пікірлер (0)

Құран, Сүннет және бір ауызды келісім  (әл-ижма’) «әл-жама’аға» ілесуге нұсқап, одан бөлініп шығуға тыйым салады!

Аллаһ Тағала былай деп айтты: «Адамдар біртұтас қауым еді, бірақ келіспеушіліктерге түсті» (Юнус  10: 19).

Мужәхид былай деген: "Адамдар бір үммет болатын және Адамның балаларының бірі өзінің бауырын өлтірген кезден бастап өзара келіспейтін болды. әт-Табари 13708.

Ал адамзат бытыраңқы болып, адамдар өздерінің дінінен ауытқығаннан кейін, Аллаһ Тағала оларға Өзінің елшілерін жіберді, ал олар адамдарға Оның дінін жеткізді және оларды біртұтас қауым етіп, араларын біріктіріп нығайтты. Аллаһ Тағала былай деп айтты: «(Мухаммад) Аллаһ Нухқа нұсқау берген нәрселерді және саған уахи еткенімізді, сондай-ақ Ибраһимге, Мусаға және Исаға нұсқау берген нәрселерімізді сендерге діни жол қылды: «Дінді мықты орындаңдар да, дінде бөлінбеңдер»» (әш-Шура 42: 13).

Имам әл-Бағауи  былай деген: "Аллаһ барлық пайғамбарларды дінді орнату үшін, әл-жама’аға ілесу үшін және келіспеушілікке түспеу үшін, әрі адамдар келіспеушілік пен бытыраңқылықты тастаулары үшін жіберді”.  Қз.: ”Тафсир әл-Бағауи” 4/122.

Ақида | Қаралды: 1308 | Жүктелді: 204 | Жариялаушы: admin | Уақыты: 08.11.2011 | Пікірлер (0)

Исламнан бұрын деп жалпы жер бетіндегі адамдардың, атап айтқанда арабтардың өмір сүрген жәһілет дәуірін айтады. Сол кезде адамдар пайғамбарлардың келуі тоқтаған және тура жолдың жоғалған кезеңінде еді. Аллаһ Тағала оларға қарап хадисте айтылғанындай олардың ішінен кітап иелерінің қалдықтарынан басқа арабтарды да, араб еместерін де жақтырмады. Сол уақытта әйел адам әсіресе араб елдерінде көбінше өте қиын кезеңде өмір сүрген еді. Арабтар қыз баланың дүниеге келуін жақтырмайтын, олардың кейбіреулері оны топырақ астында өлсін деп тірідей жерге көметін болған. Кейбіреулері оны Құранда айтылғанындай қорлық-зомбылық пен қиыншылық өміріне тастап қоятын еді.
Фиқһ | Қаралды: 983 | Жүктелді: 1174 | Жариялаушы: admin | Уақыты: 08.11.2011 | Пікірлер (0)

Әй мұсылман қарындасым! Шындығында сен Аллаһ жатырыңда жаратқан нәрестеге жауаптысың. Сондықтан оны жасырма. Аллаһ Құранда:

﴿ وَلاَ يَحِلُّ لَهُنَّ أَن يَكْتُمْنَ مَا خَلَقَ اللّهُ فِي أَرْحَامِهِنَّ إِن كُنَّ يُؤْمِنَّ بِاللّهِ وَالْيَوْمِ الآخِرِ ﴾

«Егер, Аллаһқа және ақірет күніне сенсе, оларға Аллаһ жатырларында жаратқан (нәрестені) жасыру адал болмайды»[29] - деді.

Жатырыңдағы перзентті түсіруге және одан құтылуға қандай жолмен болса да тырыспа. Өйткені Аллаһ Тағала саған егер екі қабат кезіңде қиналатын болсаң көптеген жеңілдіктер берді. Егер екі қадат кезіңде ораза ұстау қиын болса, не жүктігіңе зиян тигізсе, аузыңды ашуды рұқсат етті. Қазіргі кездегі кең таралған аборт операциялары харам нәрсе. Егер жатырыңдағы сәбиге жан үрленіп қойса, кейін ол аборт себепті өлетін болса — бұл Аллаһ харам еткен кінәсәз жанды өлтіру болып табылады. Бұл қылық қылмыстық жаупкершілікке әкеліп соғады, ал ол жауапкершілік — дия төлеу[30].

Және кейбір имамдардың айтуынша кәфәрәт төлеу, ол — бір мүмін құлды азат ету, егер оған шамасы келмесе екі ай қатарынан ораза тұту. Кейбір ғұламалар бұл қылықты — жаңа туылған сәбиді тірідей топырақ астына көму деп атаған. Шейх Мухаммад ибн Ибрахим фатауалар жинағында (151/11):«Жатырдағы сәбидің өлгені анықталмайынша, оны түсіруге әрекеттенуге болмай-ды, егер анықталса, болады» - деді.

Фиқһ | Қаралды: 947 | Жүктелді: 260 | Жариялаушы: admin | Уақыты: 20.10.2011 | Пікірлер (0)

Аллаһ Тағала Мухаммадтың (оған Аллаһтың игілігі болсын) үмметіне ораза тұтуды бұйырып, былай деген: «Әй, иман келтіргендер! Сендерден бұрыңғыларға ораза тұты парыз етелгендей, сендерге де ол парыз етілді – әрине тақуа боласыңдар!» (әл-Бақара 183).
Құдыретті әрі Аса Дана Аллаһ, Өз құлдарына бір үкімді әмір еткенде немесе парыз қылғанда, онда Ол әдетте тек бұйрықтын өзін ғана атап, оның даналығын баяндамай кетеді. Өйткені, Аллаһтың жалпы даналығы, Өз құлдарына оларды сынап, Оған бағынатындар мен бағынбайтындарды айқандайтын бір міндет жүктейтіні. Алайда, аталмыш аятта Аллаһ, Құранда жиі кездесе бермейтін, бір нәрсені атап өтті. Ол - ораза тұту әмірінің даналығының түсіндірмесі: «әрине тақуа боласыңдар».
Фиқһ | Қаралды: 1226 | Жүктелді: 494 | Жариялаушы: admin | Уақыты: 08.08.2011 | Пікірлер (0)

Аллаһ Тағала Өзінің елшілері мен пайғамбарларына және олар жіберілген адамдарға халәл нәрселермен ғана қоректенулерін және игі амалдар жасауларын бұйырды. Ұлы Аллаһ былай деді: «Әй, иман келтіргендер! Ризықтандырғанымыздың жақсысынан жеңдер». (әл-Бақара 2: 172).

Тыйым салынған (харам) нәрселерді жеудің зияны мен қауіпі - оның себебінен амалдар мен дұғалар қабыл болмайды, ал Ақыретте ол үшін жаза бар. Әбу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, Аллаһ елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізген: «Расында, Аллаһ Тағала – Игілігінде Пәк, және ол игі болған нәрседен басқаны қабыл етпейді. Расында, Аллаһ пайғамбарларға нені жүктеген болса, иман келтіргендерге де соны жүктеді. Аллаһ Тағала былай деді: «Иә, пайғамбарлар! Таза нәрселерден жеңдер де, таза амалдар жасаңдар». (әл-Муминун 23: 51). Ұлы Аллаһ сондай-ақ былай деді: «Иә, иман келтіргендер! Ризықтандырғанымыздың жақсысынан жеңдер». (әл-Бақара 2: 172).

Фиқһ | Қаралды: 655 | Жүктелді: 198 | Жариялаушы: admin | Уақыты: 28.05.2011 | Пікірлер (0)

Зәкәт әл-фитрды беру парыз болып табылады

Ибн `Умар айтқан: «Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) зәкәт әл-фитрды бір са` тамақ ретінде таратуды бұйырды. Ол бұны мұсылмандардың, құлы мен бос адамына, еркегі мен әйеліне, кішісі мен қартына бұйырып, оны айт намазына шығарда беруді әмір етті» (әл-Бухари 1503).

Имам әл-Хаттаби былай деді: «Бұл хадисте, зәкәт әл-фитрдың міндетті екеніне нұсқау бар, әрі оның парыз екені бүкіл ғалымдардың пікірі болып табылады» ("Мә’алиму-Ссунән” 3/214).

Имам ән-Нәуәуи: «Зәкәт әл-фитр әрбір мұсылманға парыз екенінде, ғалымдардың барлығы бірауыздан келіскен», – деп айтқан («әл-Маджму’» 6/106).

Тағы да, зәкәт әл-фитрдың міндетті екенінде ғалымдардың барлығы бірауыздан келіскеніне имам Ибн әл-Мунзир де нұсқаған («әл-Иджма’» 34).

Зәкәт әл-Фитр кім үшін міндетті болып табылады?

Зәкәт әл-фитр, мүмкіншілігі бар әрбір мұсылманға міндетті болып табылады. Алайда, ғалымдардың арасында, өзі асырап жүрген қол астындағы адамдар үшін де фитрды беру міндетті ме, әлде әрқайсысы өзі үшін беру керек пе деген мәселеде келіспеген. Имам ән-Нәуәуи былай айтқан: «Адам, бұл зәкәтты өзі үшін, әрі оларға дүниесін жұмсауға міндетті болған кісілер үшін, атап өткенде: әйелі, балдары және ата-аналары үшін беру парыз болып табылады» («әл-Маджму’» 6/128).

Фиқһ | Қаралды: 744 | Жүктелді: 0 | Жариялаушы: admin | Уақыты: 28.05.2011 | Пікірлер (0)