Қош келдіңіз Гость • Тіркелу • Кіру • RSS
Жұма, 19.4.2024, 17:13
Главная » Файлы » Қазақ тілінде » Фиқһ

Мүмін әйелдерге қатысты үкімдер
[ Скачать с сервера (112.0 Kb) ] 20.10.2011, 12:08

"Мүмін әйелдерге қатысты үкімдер"

кітабынан үзінді

Шейх Солих Фаузан

Үшінші бөлім

Етеккір, ауыру және нифас қанына арналған үкімдер.

Бірінші: Хайз (Етеккір)

1 – Хайздың анықтамасы:

Хайздың тілдің мағынасы: ағу.

Ал шариғаттағы мағынасы: "Әйелдің жатырының түбінен белгілі уақыттарда ауырусыз және жарасыз шығатын қан". Бұл Аллаһтың Адамның u қыздары үшін жаратқан нәрсесі. Аллаһ оны әйел жүкті болған уақытта баланың жатырдағы азығы болуы үшін жаратты. Кейін бала дүниеге келгеннен кейін ол сүтке айналады. Егер әйел жүкті не омыраудағы баласы болмаса, ол қанның кететін жері болмай қалады да, әдет немесе айлық айналым деп танылып белгілі уақыттарда шығып тұрады. Ол әдет немесе айлық айналыммен білінеді.

2 – Хайз келетін жас.

Әйелдің хайз келетін жасы көбінше, тоғыз жастан басталып елу жасқа дейін болады. Аллаһ Тағала былай дейді: «Әйелдердің арасындағы етеккір көруден үміт үзгендері, егер, сендер (олардың иддалары[1] қанша созылуы туралы) күмәндансаңдар, онда (біліңіз) олардың иддалары үш ай және (әлі) етеккір көрмеген әйелдердің иддалары да үш ай"[2]

Бұл аяттағы етеккір көруден үміт үзгендер дегені, олар елу жасқа жеткен әйелдер, ал әлі етеккір көрмегендер дегені – олар тоғыз жастан кіші қыздар.

3 – Хайз үкімдері

А) Хайз жағдайында әйелмен жыныс мүшесі арқылы жыныстық қатынас жасау харам етіледі. Өйткені Аллаһ айтты: "Сізден етеккір жайлы сұрайды. Айтыңыз: "Ол жиіркенішті, таза емес. Етеккір келген кезде әйелдеріңнен аулақ болыңдар және тазарғанша оларға қосылмандар. Тазарғаннан соң, оларға Аллаһ бұйырған жақтан келіндер. Әлбетте, Аллаһ көп тауба етушілерді және әрдайым өздерін таза ұстағандары сүйеді"".[3]

Бұл тыйым әйелден етеккір қанның шығуы тоқтап, жуынғанға дейін жалғасады. Өйткені Аллаһ Тағала: "Және тазарғанша оларға қосылмандар. Тазарғаннан соң, оларға бұйырған жақтан келіңдер" – деді.

Хайз көрген әйелдің еріне онымен жыныс мүшесі арқылы қатынас қылмастан басқа дене мүшелерін пайдаланып, құшырлануына рұқсат етіледі. Өйткені пайғамбарымз r: "(Еттеккір көрген әйелмен) жыныс мүшесінен қосылудан басқасының барлығын істей беріңдер"[4]-деген.

Б) Хайз уақытында әйел намаз оқымайды және ораза ұстамайды. Ол екеуін істеу етеккір әйелге харам етіледі, егер істесе дұрыс деп есептелмейді. Өйткені пайғамбарымыз r:"Әйел егер етеккір көрсе намаз оқымайды және ораза тұтпайды емес пе?!" – деген.[5]

Етеккір біткеннен кейін әйел оразаның қазасын өтейді де намаздың қазасын өтемейді. Өйткені Айша анамыз былай дейді: "Пайғамбарымыздың r кезінде етеккір көретін едік, сонда оразаның қазасын өтеуге бұйырылатын едік те намаздың қазасын өтеуге бұйырылмайтын едік"[6].

Намазбен оразаның айырмашылығы – намаз қайталана береді сондықтан оны өтеу қиын болғандықтан, қазасы өтелмейді, ал ораза ондай емес.

В) Етеккір көрген әйелге қолына еш нәрсе киместен құранды ұстау харам етіледі. Өйткені Аллаһ Тағала айтады: "Оны тек (дәретті) тазалар ғана ұстайды" – деді.[7]

Сондай-ақ пайғамбарымыздың r Амр Ибн Хазмға жазған кітабында: "Құранды тек дәретті адам ұстай-ды"[8] – деген. Бұл хадис адамдардың оны қабылдаулары себепті ол мутауатирге[9] ұқсайды.

Шейхуль Ислам ибн Таймия былай дейді:"Төрт имам-ның мазхабы:"Құранды тек даретті адам ұстайды!"

Ал етеккір көрген әйелдің Құранды ұстамай оқуы – бұл білім иелері арасындағы келіспеушілік мәселесі. Ең жақсысы етеккір әйел Құранды оқымайды, бірақ оқуға қажет болып тұрса, оны ұмытып қою сияқты нәрселерден қорқатын болса, оқуына болады. Аллаһ Білушірек!

Г) Етеккір жағдайындағы әйелге Қағбаны тауаф ету харам етіледі. Өйткені Айша анамыз (оған Аллаһ разы болсын) қажылық кезінде етеккір болып қалғанда, пайғамбарымыз r оған: "Хажы істейтін нәрселердің бәрін істе, бірақ тазарғаныңа дейін Қағбаны тауаф етпе"[10] – деді.

Д) Етеккір әйелге мешітте болуына болмайды.

Өйткені пайғамбарымыз r: "Мешітті етеккір мен жүніпке рұқсат етпеймін" – деген[11]. Тағы бір хадисінде: "Мешіт етеккір мен жүніпке рұқсат етілмейді"[12] – деді.

Етеккір әйелге мешіттен кідіріп қалмай өтуіне болады. Өйткені Айша анамыз (оған Аллаһ разы болсын) айтты: "Пайғамбарымыз r : "Маған мешіттен шүперекті әперіп жібер" – деді. Сонда мен оған: "Мен етеккірмін" - дегенде, ол: "Сенің етеккірің қолында емес қой"[13] – деді.

Сол сияқты ол әйелге шариғат зікірлерін айтуға, тәкбір, тәһліл, тәспих және басқа да дұғалар айтуына болады. Сондай-ақ таңғы-кешкі зікірлерді, ұйықтар және оянғандағы зікірлерді айтуына болады. Және де тәпсір, хадис, фиқһ сияқты білім кітаптарын оқуына да еш кедергі жоқ.

Ас – суфра және Әл – Кудраға байланысты үкімдер

Ас-суфра: сарғыштау келген, ірің сияқты нәрсе. Әл-Кудра қою кір судың түсі сияқты нәрсе. Егер әйелге өзінің әдеттегі етеккір келетін уақытында Әл-Кудра немесе Әс-Суфра келсе, оны етеккір деп есептейді, және олар жоғарыда айтылған етеккірдің үкімін алады. Ал егер олар әеттегі етеккір келмейтін уақытта келсе, оларды етеккір деп есептемейді де, әйел өзін тазамын деп санайды. Өйткені Умму Атия (оған Аллаһ разы болсын): "Етеккірден тазарғаннан кейін суфра және кудрыны ешнәрсе емес деп есептейтін едік[14]-деген. Имам Бухарйи бұны:"Тазарғаннан кейін" - деген сөзді айтпастан риуаят етті. Хадис иелерінде бұл "Рофғ" [15]үкімін алады. Өйткені бұл пайғамбарымыздың r осыны мойындауы деп есептеледі. Бұның түсінігі – қудра мен суфра тазарудан бұрын етеккір болады және соның үкімін алады.

Пайдалы мәселе:

Сұрақ: Әйел өзінің етеккірінің біткенін қалай біледі?

Жауап: Оны қанның тоқтауымен біледі. Бұл екі белгімен болады.

Біріншісі: Етеккір қанына еріп гипстың суына ұқсайтын ақ судың келуі. Ол кейде ақтан басқа түс болып та келуі мүмкін, оның түсі әйелдердің жағдайларының әр – түрлі болуымен өзгеруі мүмкін.

Екіншісі: Құрғақтық. Ол бір шүперек не мақтаны мүшесінің ішіне кіргізіп, кейін оны құрғақ күйінде, қан не кудра немесе суфраның еш қайсысы жағылмаған күйінде шығаруы.

4–Әйелдің етеккірі біткеннен кейін істейтін нәрселері.

Етеккір біткенннен кейін әйелге ғусл алуы керек. Ол суды бүкіл денесіне тазалану ниетімен құюы арқылы болады. Өйткені пайғамбарымыз r етеккір болған әйелге : "Егер етеккірің келсе намазды қой, ал егер кетсе жуын да намаз оқы"[16] – деді.

Етеккірден ғусл алудың сипаты:

Намаз сияқты нәрселерге дәрет алуды не дәретсіздікті кетіруді ниет қылуы, кейін: "Бисмиллә" деуі, кейін барлық денесіне су құю, шаштарыңның түбіне су жеткізіп тигізуі. Егер шашы өрілген болса оны шешудің қажеті жоқ, тек оны сулайды болды. Егер сидр[17], не басқа нәрселермен жуса жақсы. Жуынып біткеннен соң мақтаға миск немесе басқа жақсы иісті нәрсе жағып етеккір келген жерге салып қоюы мустахаб болады. Өйткені пайғамбар r Асмаға (оған Аллаһ разы болсын) соны бұйырған.

Маңызды ескерту:

Егер етеккір не нифас көрген әйел күн батудан бұрын тазарса, оған сол күннің зухрмен аср намазын оқуы керек. Егер олардың біреуі таң атудан бұрын тазарса, оған сол түннің мағриб пен иша намаздарын оқуы керек. Өйткені үзірлі жағдайда екінші намаздың уақыты — бірінші намаздың уақыты болады.

Шейхуль ислам ибн Таймия өзінің фатауасында (22/434) былай деді: "Осы үшін (Мәлик, Шафиғи және Ахмад сияқты) жалпы ғұламалар – егер етеккір көрген әйел күннің ақырында тазарса, зухр мен асрды қосып оқиды. Егер түннің ақырында тазарса мағриб пен ишаның барлығын оқиды. Бұл Абдурахман ибн Ауф t, Абу Һурайра t және Ибн Аббастан t жетті. Өйткені үзірлі жағдайда уақыт екі намаз арасында серіктес болады. Сондықтан әйел егер күннің ақырында тазарса, зухрдың уақыты әлі қалған болады да, оны асрдан бұрын оқиды. Ал егер түннің ақырында тазарса мағрибтің үзірлі жағдайдағы уақыты қалған болады да, оны ишадан бұрын оқиды". Сөз соңы.

Ал егер намаз уақыты кіргеннен кейін намаз оқудан бұрын етеккір көрсе немесе нифас болып қалса, басымды сөз бойынша: оған намаздың әуелгі уақытына жетіп, оны оқудан бұрын етеккір не нифас болып қалған намаздың қазасын өтемейді.

Шейхуль ислам ибн Таймия фатауалар жинағанда (335/23) бұл мәселе жайында былай дейді: "Абу Ханифа мен Мәлік мазхабының анық дәлелдерінде: "Ол әйелге ешнәрсе міндеттелмейді, өйткені қазаны өтеу жаңа бұйрық себепті уәжіп болады. Ал бұл жерде оған қазаны өтеуге міндеттейтін ешқандай бұйрық жоқ. Және бұл әйел намазды рұқсат бойынша кешіктірді, сондықтан ол немқұрайлыларға жатпайды. Ал намаздан ұйықтап қалған немесе ұмытқан адам болса, ол да егер немқұрайлы болмаса да оның істейтіні (яғни ұйқыдан тұрып оқыған намазы) қаза өтеу емес. Кірісінше бұл ұйқыдан оянған және ұмытып есіне түсірген адам үшін намаз уақыты болып есептеледі". Сөз соңы.

Өтініш жалғасын жүктеп оқыңыз.
Категория: Фиқһ | Добавил: admin | Теги: хайз, әйелдерге арналған шариғат үкімдері, месячный, қан келу, нифас
Просмотров: 947 | Загрузок: 260 | Рейтинг: 2.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]