Қош келдіңіз Гость • Тіркелу • Кіру • RSS
Дүйсенбі, 20.8.2018, 19:32
Главная » Файлы » Қазақ тілінде » Фиқһ

Мүмін әйелдерге қатысты үкімдерге ескертулер
[ Скачать с сервера (1.10 Mb) ] 08.11.2011, 10:33

بسم الله الرحمن الرحيم

1-бөлім

Жалпы үкімдер

1-Әйел адамның Ислам келуінен бұрынғы жағдайы.

Исламнан бұрын деп жалпы жер бетіндегі адамдардың, атап айтқанда арабтардың өмір сүрген жәһілет дәуірін айтады. Сол кезде адамдар пайғамбарлардың келуі тоқтаған және тура жолдың жоғалған кезеңінде еді. Аллаһ Тағала оларға қарап хадисте айтылғанындай олардың ішінен кітап иелерінің қалдықтарынан басқа арабтарды да, араб еместерін де жақтырмады. Сол уақытта әйел адам әсіресе араб елдерінде көбінше өте қиын кезеңде өмір сүрген еді. Арабтар қыз баланың дүниеге келуін жақтырмайтын, олардың кейбіреулері оны топырақ астында өлсін деп тірідей жерге көметін болған. Кейбіреулері оны Құранда айтылғанындай қорлық-зомбылық пен қиыншылық өміріне тастап қоятын еді. Аллаһ Тағала айтады:

«Егер олардың біреуі қызбен сүйіншіленсе, (әйелінің қыз тапқанын естісе) оны ашу басып, беті қап-қара бола бастайды. Өзіне келген жаман хабардың салдарынан елден жасырынады. Оны қордыққа шыдап ұстау немесе топыраққа көміп тастау керек пе?-дейді. Олар нендей жаман үкім береді»[1];

«Тірідей көмілген қыздың қандай күнасы үшін өлтірілгендігі сұралған кезде»[2].

Егер жаңадан туылған қыз тірідей топырақ астына көмілуден аман қалса, ол қор болып өмір сүретін еді. Оған өзінің бір туысы өлсе, егер сол туысының малы қандай көп болса да, және ол қыз пақырлық пен мұқтаждықтан қандай қиналып жүрсе де, оған туысының малынан ешқандай мирас берілмейтін. Өйткені олар мирасты тек еркектерге беретін. Ал әйел, егер оның ері өлсе оны ерінің туыстары малды мирасқа бөліп алғандай бөліп алатын еді. Бір еркектің қол астында көптеген әйел өмір сүретін болған, өйткені еркектер әйелдердің сол себепті таршылық пен зұлымдықты тартып жатқандарына қарамастан сан шектемей әйелдерге үйлене беретін еді.

2-Әйелдің Исламдағы дәрежесі.

Ислам келіп әйелді бұл зұлымдықтан құтқарды және оған адамзат есебіндегі құнын қайтарып берді. Аллаһ Құранда былай дейді:

«Әй адамдар! Шындығында біз сендерді бір еркек және бір әйелден жараттық»[3].

Аллаһ Тағала әйелдің адамзаттың бастапқы жаратылуында еркектің серігі екендігін айтты, сол сияқты әйел еркекке амалдағы сауап пен жазада серік екенін баяндады:

«Ер немесе әйелден кім иман келтірген бойда ізгі амал істесе, әлбетте оған жақсы өмір сүргіземіз, әрі олардың сауаптарын істегендерінен жақсырақ қылып береміз»[4];

«Аллаһ мұнафық еркектер мен мұнафық әйелдерді, мүшрік еркектер мен мүшрік әйелдерді азаптауы үшін»[5].

Аллаһ Тағала әйелді өлген ерінің мирасына жатқызуды арам етіп былай деді: «Ей момындар, сендерге әйелдерді мәжбүрлеп мирас етіп алуларың дұрыс емес»[6].

Сөйтіп Аллаһ Тағала әйелге жеке бас бостандығын беріп, оны мирасқа берілетін емес, керісінше мирасқа ие болатын және өз туысқанының малынан мирас алуға ақылы қылды. Бұл жайында Аллаһ Тағала былай дейді:

«Еркектерге ата-аналары мен жақын туыстары қалдырып кеткен мирастан үлес бар. Әйелдер үшін де ата-аналары және жақын-туыстары қалдырып кеткен мирастан үлес бар. Бұл үлестер аз-көптігіне қарамастан, парыз етілген ақылардан»[7];

«Аллаһ перзенттеріңе тиісті мирас турасында бір ұл үшін екі қыз үлесі, не барабар мирас беруді әмір етеді. Егер, мирас алушылар екіден артық қыз болса, оларға ата-аналары қалдырған нәрсенің үштен екісі, егер жалғыз қыз болса, оған мирастың жартысы тиеді»[8].

Үйленуге келсек, Аллаһ оның жоғары шегін төртке шектеді және әйелдердің арасында шама келгенше әділдікті орнатуды шарт етті. Сондай-ақ олармен жақсы қарым-қатынас жасауды бұйырып былай деді: «Олармен жақсы қарым-қатынас қылып, тыныш-тату жасаңдар»[9].

Ислам әйелге мәһірды алуға құқылы қылды және оны әйелдің шын көңілімен кешіргенінен басқасын толық беруге бұйырды:

«Әйелдердің мәһірін ықыласпен беріңдер. Сонда егер әйелдер өздері көңілдерінен сендерге мәһірден бір нәрсені кеңшілік етсе, онда оны адал және берекелі деп біліп жей беріңдер».[10]

Аллаһ Тағала әйелге күйеуінің үйіндегі жауапкершілікті жүктеді, оны үйде бұйырушы, тыйым салушы және балаларына әмірші қылды. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм): «Әйел өз күйеуінің үйіне жауапты және жауапкершілігінен сұралушы» - деді. Күйеуіне әйелдің нафақасына, оның киім-кешегіне дұрыс қарауды уәжіп етті.

3-Ислам жаулары және олардың бүгінгі күндегі көмекшілері әйелдің құн-қасиеттерін жоғалтуды әрі оны ақысынан айыруды қалаулары.

Шындығында кәпірлер мен мұнафықтардан және жүректерінде ауырулары болған Ислам жауларын, тіпті бүгінгі күні бүкіл адамзаттың жауларын мұсылман әйелдің бұл құрмет пен ізетке жеткендігі және исламның қорғауына кіргендігі өте қатты ашуландырды. Өйткені мұнафықтар мен кәпірлерден болған Ислам жаулары әйел затын бүлдіргіш әрі құрту құралы болуын және онымен өздерінің кернеген шаһуаттарын қандырғаннан кейін иманы әлсіз, көңілдері бос адамдарды аулайтын ау болуын қалайды. Аллаһ Құранда былай дейді: «Шаһуаттарына берілгендер сендердің (тура жолдан) мүлде ауып кетулеріңді қалайды».[11]

Сондай-ақ жүректерінде ауытқуы болған мұсылмандар әйелді шаһуаттары мен шайтанның азғыруына ергендердің көрмесінде арзан тауар болуын, олардың көз алдарында оның әдемілігіне қарап ләззат алатын ашық тауар болуын қалайды. Немесе одан да жаман нәрсеге жетеді. Міне осы үшін әйелді еркек пен қатараласып жұмыс істеуі үшін оны үйінен шығаруға тырысады. Әйелді ауруханада бөтен еркекке қызмет қылуына, немесе ұшақтарда стюардесса болуына, немесе еркектермен аралас оқу сыныптарында оқушы немесе мұғалім, не циркте клоун немесе әнші болуына, не теледидарда өзінің ашық-шашық түрімен және дауысымен фитналандырушы әр түрлі хабарларда жүргізуші болуына әрекет қылады. Сол сияқты әр-түрлі көргенсіз порнографиялық журнал иелері өздерінің журналдарын өткізу үшін оның бетіне жалаңаш қыздардың суретін шығарады. Кейбір саудагерлер мен завод фабрикалар өз тауарларын өткізу үшін шығарған заттарына сол қыздардың суреттерін жабыстыратын болды. Міне осындай қатерлі шаралар себебті әйел өзінің үйдегі негізгі қызметінен айырылып қалды. Тіпті олардың күйеулері балаларын тәрбиелеу үшін және үй жұмыстарын атқару үшін шеттен қызметші әйел жалдауға мәжбүр болды. Ал бұл нәрсе көптеген фитналардың тууына себеп болып көптеген жаманшылықтар әкелді.

4-Біз егер келесі шарттар орындалса әйелдің үйінен тыс жерде жұмыс істеуін қайтармаймыз.

1-Әйелдің ол жұмысты істеуге мұқтаж болуы, немесе оны атқаратын еркек болмағандықтан қоғам әйелдің сол жұмысты атқаруына мұқтаж болуы.

2-Бұл жұмысты әйел өзінің үйдегі негізгі қызметтерін істеп бітіргеннен кейін істеуі.

3-Бұл жұмыс тек әйелдер ортасында болуы, әйелдер медресесі не әйелдер дәрігері сияқты еркектерден алшақ жерде болуы.

4-Сол сияқты әйел өз дінін үйренуінен қайтарылмайды, керісінше оны үйрену оған уәжіп болады. Сондықтан әйел оны білуге мұқтаж болған дін істерін үйренуінен қайтарылмайды. Бірақ оның білім алуы әйелдер ортасында болуы керек.

Әйелге алғашқы ислам әйелдерінің білім алып оны басқаға үйреткендеріне әрі мешітке келгендеріне сүйеніп жұмыс істеулеріне, оқуларына және мешітке келулерінде оқасы жоқ.

Өтініш жалғасын кітапты толық жүктеп оқыңыз. Жүктеу сілтемесі жоғарыда.

Категория: Фиқһ | Добавил: admin | Теги: әйелдің исламдағы орыны, әйелдерге арналған ислам үкімдері
Просмотров: 611 | Загрузок: 1165 | Рейтинг: 2.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]