Қош келдіңіз Гость • Тіркелу • Кіру • RSS
Сейсенбі, 16.4.2024, 22:05
Главная » Файлы » Қазақ тілінде » Фиқһ

Ораза жайлы
[ Скачать с сервера (149.5 Kb) ] 08.08.2011, 11:38

Оразаның шарттары мен тіректері

Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен!

 

1.Оразаның шарттары

1. Ислам дінін ұстану

Ислам дінін ұстану – бұл, бүкіл амалдардың қабыл болуының негізінде жатқан аса маңызды шарт. Аллаһ Тағала былай деді: «Иман келтіруден бас тартқан кісінің амалдары жойылады да, Ахырет күні ол зиянға ұшыраушылардан болады» (әл-Мәида, 5).

Және де Аллаһ Тағала: «Саған (Әй, Мухаммед!) әрі сенен бұрыңғыларға былай уахи етілді: «Егер сен Аллаһқа серік қоссаң, онда сен әлбетте зиянға ұшыраушылардан боласың»», - деді (Зумар, 65).


2. Тыйылу

Жеп-ішу, жыныстық қатынасқа бару сияқты оразаны бұзатын кез-келген нәрседен тыйылу, оразаның бірден-бір шарты болып табылады ("Тухфәтул-фуқаһа” 1/537).

3. Уақыт

Бұл жерде оразаны таң атқаннан күн батқанға дейін тұту жайында айтылуда. Аллаһ Тағала: «...ал сосын кешке дейін ораза тұтыңдар», - деген (әл-Бақара, 187).

4. Ниет

`Умар ибн әл-Хаттабтан жеткен хадисте, пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың иглігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны хабарланады: «Расында, амалдар тек ниетке қарай бағаланады. Шынында, әрбір адам тек өзінің ниеттенген нәрсесін ғана алады» (әл-Бухари 1, Муслим 1907).

Осы хадистен байқайтынымыз, Аллаһтан басқа біреу үшін жасалатын кез-келген іс есептелмейді, әрі амалдарды ықылассыз жасаған адам осы дүниеде де, арғы дүниеде де ешқандай игілікке қол жеткізе алмайды.


Имам Ибн әлМунзир айтқан: «Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Амалдар тек ниетке қарай бағаланады» деген сөздері, барлық істерге нұсқайды. Әрі ешқандай амал: парызы болсын, қосымшасы болсын одан ерекшеленбейді (тыс қалмайды)» ("әл-Әусат” 1/371).


5. Ораза тұтуға мүмкіншіліктің болуы


Бұл жерде ораза тұту үшін денсаулықтың болуы, сондай-ақ етеккір мен босағанан кейінгі қан кетуден тазалану жайында айтылуда (Қараңыз: "Хашия әд-Дусуқи” 1/509).

 

 

2.Оразаның рухани жағы мен ораза тұтушының тәртібі

 

Аллаһ Тағала Мухаммадтың (оған Аллаһтың игілігі болсын) үмметіне ораза тұтуды бұйырып, былай деген: «Әй, иман келтіргендер! Сендерден бұрыңғыларға ораза тұты парыз етелгендей, сендерге де ол парыз етілді – әрине тақуа боласыңдар!» (әл-Бақара 183).
Құдыретті әрі Аса Дана Аллаһ, Өз құлдарына бір үкімді әмір еткенде немесе парыз қылғанда, онда Ол әдетте тек бұйрықтын өзін ғана атап, оның даналығын баяндамай кетеді. Өйткені, Аллаһтың жалпы даналығы, Өз құлдарына оларды сынап, Оған бағынатындар мен бағынбайтындарды айқандайтын бір міндет жүктейтіні. Алайда, аталмыш аятта Аллаһ, Құранда жиі кездесе бермейтін, бір нәрсені атап өтті. Ол - ораза тұту әмірінің даналығының түсіндірмесі: «әрине тақуа боласыңдар».
Бір күні Талқ ибн Хабиб айтқан: "Фитна (бүлік) туған кезде, оны тақуалықпен сөндіру керек". Одан: "Ал тақуалық деген не?", - деп сұрағанда, ол: "Тақуалық - бұл Аллаһтың нұры арқылы, Аллаһтың сауабын үміт етіп, Аллаһқа бағыну. Тақуалық - Аллаһтың нұры арқылы, Аллаһты қорқып, Аллаһтың тыйымдарынан аулақ болу" (Ибн әл-Мубәрак 1343, Ибн Әби Шәйба 30356).
Тура сол сияқты Са`ид ибн Джубайр да керемет сөздер айтты: "Расында, Аллаһтан қорқу дегеніміз - бұл сені мен күнәларыңның арасында тұратын нәрсе. Міне осы нағыз қорқу! Аллаһты еске алу (зикр) - бұл Аллаһқа бағыну. Сондықтан, кім Аллаһқа бой ұсынса, Аллаһқа бағынған боп саналады. Ал кімде-кім Аллаһқа бағынбаса, онда ол құранды көп оқып, Аллаһты жиі мақтаса да, еске алушы боп есептелмейді" (Әбу Ну`айм "Әл-Хилья" 4/276).
Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі болсын) оаразаның міндеттілігінің даналығын түсіндіріп: «Өтірік айтып, өтірік бойынша амал ететіндердің, тамақтары мен суларын қалдырғандарында Аллаһ мұқтаж емес», - деді (әл-Бухари 1903).
Имам Әбу Бәкр ибн әл-`Араби айтқан: «Кімде-кім осы хадисте айтылғанды істейтін болса, оразасы үшін сауабын алмайды!» (Фатхул-Бәри 4/177).
Осы хадистен түсінетіміз, егер ораза тұтушы адам күнәлар жасауды, өтірік айтуды, балағаттауды доғармаса, онда Аллаһ ондай кісінің тамақ пен судан және әйелімен жақындасудан бас тартқанына көңіл бөлмейді (Қараңыз: "Итхафул-Кирам” 187).
Ораза тұту әміріндегі даналық, ол міндетті болса да, мүміндердің тек ұнамды, рұқсат етілген, игі заттардан тыйылулары ғана емес, бірақ бұл талап етілетін жалғыз нәрсе емес. Аллаһ Тағала Өзінің ораза тұту әмірін «әрине тақуа боласыңдар» - деген сөздермен аяқтайды.
Осыдан түсінетініміз, оразаның парыз етілгенінің даналығы, мұсылманның ораза кезінде, Аллаһ Тағалаға құлшылықтарын арттыру керектігінде, әрі оның, бұрыңғысына қарағанда бойұсынғыш болу және жаманның барлығын қалдыру керектігінде.
Ораза тұтып жүрсе де, жаман нәрселерді қалдырмаған адам, қаланы қиратып, зәулім сарай соғып жатқан адам секілді. Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтқан: «Ораза тұтушы, аштықтан басқа ештеңеге қол жеткізбеуі мүмкін» (Ибн Мәджаһ 1690. Хадистің сенімділігін шейх әл-Әлбәни).
Сондықтан, ораза - бұл тек ішіп-жеуден тыйылу емес, оған қоса бұл, балағаттау, ғайбаттау, өтірік айту,және т.с.с. тыйым салынған істерден бас тарту болып саналады. Әбу Һурайрадан жеткен хадисте, Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі: «Ораза – бұл жәй ғана ішіп-жеуден тыйылу емес. Ораза – бос сөздер мен балағаттаудын тыйылу!» (Ибн Хузәйма, Ибн Хиббән, әл-Хәким. Хадис сахих. Қараңыз: "Сахих әт-тарғиб” 1082).
Әрбір мұсылман, оразаны бұзатын істер, бұл тек бәріне мәлім болған, ішіп-жеу мен жыныстық қатынас жасау сияқты дене амалдар ғана емес екенін білуге міндетті. Оразаның мәнісі бұлардан тыйылуда ғана емес. Сондықтан да, кейбір ғалымдар оразаны бұзатын нәрселерді екі топқа бөледі. Рамазан кезінде адамдарға уағыз айтатын көптеген дағуатшылар, оразаны бұзатын нәрселер туралы айтып жатқанда, тек іжіп-жеу және жақындасу сияқты, заңдық нормалар жайында ғана сөз қозғайды. Бірақ олар, оразаны бұзатын екінші топқа да басты назар аударулары қажет.
Ал енді оразасын тек, ішіп-жеуден, жыныстық қатынастан тыйылу мен ғана шектейтін, әрі Рамазаннан бұрын бойында болған бұзық тәртібінде қасарысып тұрып алатын адамға келер болсақ, онда бұл Раббымыз: «әрине тақуа боласыңдар», - деп нұсқаған, осы айда заңдастырылған құлшылықтың дана мағынасына сай келетін ораза болып саналмайды.
Сондықтан да, біз мұсылман бауырларымызға, оразаны құнсыз ететін істердің басқа да тобына, ішкі дүниеге де көңіл бөлулерін еске салып, кеңес береміз. Бұл туралы уағыздаушылар мен адамдарды тура жолға салуды қалайтын адамдар өте сирек айтады. Онда, ораза бұзатын істердің осы тобын мүлдем білмейтін қарапайым адамдар жайында не айтса болады?!
Әрбір мұсылман, пайғамбаымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тіл бәлелеріне қатыст көптеген өсиеттерін есте тұтып жүруі қажет. Жаман немесе пайдасы жоқ нәрселерді айтқаннан гөрі, үндемеген абзал, әсіресе осы ұлы айда. Му`аз ибн Джәбәлдан жеткен хадисте, Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай айтқан: «Үндемей жүре берсең, игілікте боласың. Ал сөйлей бастасаң, онда бұл не сенің пайдаң үшін болады, не саған қарсы айналады» (әт-Табарни "әл-Кәбир” 2/73. Хадис сахих).
Ораза тұтушы осы айда, Аллаһқа құлшылық етуде және Оған бойұсынуда қаттырақ тырысу керек. Адамдар келтіретін забіріне төзіп, ешкіммен ұрысып-керіспей, дауысын жоғарлатпау керек. Егер ораза тұтушыны біреу ұрысатын болса, онда ол барынша шыдап былай жауап қайтару керек: «Менің ауызым берік!» /Инни соимун!/ . Бұл туралы мына хадисте айтылған: «Сендерден ешкім ораза күні жаман сөздер айтпасын, дауысын жоғарлатпасын. Ал егер де біреу онымен ұрысатын болса немесе жанжал туғызғысы келетін болса, онда ол: «Расында, менің ауызым берік!», - деп айтсын» (әл-Бухари 1904, Муслим 1151).
Сол сияқты, адам күнәлардан аулақ болып, оның ішінде тыйым салынған нәрселерге қарамай, көздерін төмен түсіріп жүру керек. Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтқан: «Қиямет күні үш адамның көздері Отты көрмейді: Аллаһтан қорқып жылаған көздер, Аллаһ жолында күзетші болған адамның көздері және Аллаһтың тыйым салғанын көргенде, төмен қараған адамның көздері» (Ибн ‘Асәкир "әт-Тәрих” 1/297. Хадис хасан. Қараңыз: "әс-Силсилә әс-Сахиха” 2673).
Ибн Мас`удтан, пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай айтқаны хабарланады: «Шын мәнінде, ораза – бұл аманат (сеніп тапсырылған зат). Сондықтан, әркім оған сеніп тапсырылған нәрсеге ие болсын!» (әл-Хараити "Мәкәримул-ахләқ”. Хафиз әл-‘Ирақи хадистің иснадын хасан деген. Қараңыз: "Тахридж әл-Ихья” 1/354).

 

3.Оразаға ниет ету туралы

Ораза тұтып жатқанда мұсылман адам Аллаһтың әміріне бағынамын және Оған жақындаймын деген ниетке ие болу керек. Ал ораза денсаулыққа пайдалы екені үшін ғана немесе барлығы тұта бастағандары үшін ғана, немесе оны адамдар мақтасын деген оймен ауызын бекіткен адамның оразасы есептелмейді. Оразалары қабыл болмайтынымен бірге, олар тағы бұл үшін азапталады. Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Көзбояушылықпен (рия жасап) құлшылық еткен адам, ширк (көпқұдайшылық) етті», - деп айтты (Ахмад 4/126 Хадис хасан).
Тағы да Әбу Умама әл-Баһили (оған Аллаһ разы болсын) жеткізген хадисте, пайғамбар (оған Аллаһтың иглігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Расында, Аллаһ тек Оның жүзіне жақындау ойымен, ықыласты түрде жасалған істерді ғана қабылдайды» (Ән-Нәсаи 3140, Шейх әл-Әлбәни сахих деген).

Ораза тұту үшін қашан ниет етіп қою керек?


Ораза дұрыс болу үшін, біз Рамазанның әр түні таң атқанға дейін жүрегімізде ораза тұтуға деген ниетімізді бекітіп қоюымыз қажет. Әрі бұл ең күшті пікір болып саналады, себебі ол сенімді хадистерге негізделген.

Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әйелі Хафсадан жеткен хадисте, Аллаһ елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Таң атқанға дейін жүрегінде ораза тұтуға деген ниетін бекітпеген адамның, оразасы жоқ» (Әбу Дәуд, Ибн Мәджаһ, әт-Тирмизи, ән-Нәсаи. Хадистің сенімділігін әд-Дарақутни, Ибн Хузайма, Ибн Хиббан, әл-Хаким, Ибн Хазм, әл-Хаттаби және әл-Әлбәни секілді имамдар растаған. Қараңыз: "Тухфатул-аһуази” 2/80, "Ируәул-ғалил” 914).
Дәл осыны `Айша мен Ибн `Умар да айтқан (Мәлик 1/288, әд-Дарақутни 2/172. Екі иснад та сенімді болып табылады).
Имам әл-Бағауи айтқан: «Бұл хадис, ғалымдардың көпшілігі ұстанған пікірге (таң атқанға дейін ниет бекітіп кою) нұсқайды. Өйткені, күделікті ораза өзінің ниетін талап ететін жеке құлшылық болып табылады» (Қараңыз: "Шарху-Ссунна” 3/476. Тағы да қараңыз: "Раддул-мухтар” 2/87, және "Шархул-кәбир” 1/521).
Имам ибн Хузайма: «Қосымшасынан басқа оразаға түнде-ақ ниет бекітіп қою міндетті болып есептеледі», - деп айтқан (Қараңыз: "Сахих Ибн Хузәйма” 3/198).
Шейх Сыддық Хасан Хан былай айтқан: «Әр күнге жеке ниет ету міндетті болып саналады» ("Раудәту-нәдийя” 1/539).

Таң атқанға дейін бір себептермен ниетін бекітіп ала алмаған адамның оразасы жайлы


Егер адам таң атқанға дейін ниетін бекіту керегін білмеген, ұмытып қалған болса немесе ұйықтап қалса, онда оның оразасы дұрыс болады. Себебі, пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «
Расында, Аллаһ мен үшін үмметіме қателесіп, ұмытып және де мәжбүрленіп істегендерін кешіреді», - деп айтқан (Ибн Мәджаһ 2045, әл-Байхақи 7/356, әт-Тахауи 2/56. Хадистің сенімділігін имам әл-Хаким, әз-Заһаби, имам ән-Нәуауи, хафиз Ибн Раджаб, шейх әл-Әлбәни. Тағы да қараңыз «Ируаул-ғалил» 83).

Ниетті қалай бекіту керек


Ниет – бұл жүректің ісі, әрі ол түннің кез-келген сәтінде етіле береді, тіпті бұл тура таң атудың алдында болса да. Имам ән-Нәуәуи айтқан: «
Ниетсіз ораза есептелмейді, ал ниеттің орны – жүректе!» (Қараңыз: "Раудату-тталибин” 2/350).
Ал енді, көп адамдар жасайтындай, ниетті тілмен айту мәселесіне келер болсақ, онда бұл дінге еңгізілген жаңалық болып табылады, өйткені бұлай пайғамбар да (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын), оның сахабалары да және имамдардың біреуі де олай істемеген.
Шейхул-Ислам ибн Тәймийя айтқан: «Ниетті сырттай айту – бұл бид`а (жаңалық), әрі ертен Рамазан күндерінің бірі болатынын білетін және ораза тұтқысы келетін әрбір адам ниетін бекітуге міндетті» ("Мәджму’ул-фәтауа” 25/215).

 

 

 


Категория: Фиқһ | Добавил: admin
Просмотров: 1226 | Загрузок: 494 | Рейтинг: 2.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]