Қош келдіңіз Гость • Тіркелу • Кіру • RSS
Дүйсенбі, 19.11.2018, 16:27
Главная » Файлы » Қазақ тілінде » Фиқһ

Зәкәт әл-фитр
28.05.2011, 19:58

Аса Қамқор, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен!

Зәкәт әл-фитр

(Ауызашар садақасы)

Зәкәт әл-фитрды беру парыз болып табылады

Ибн `Умар айтқан: «Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) зәкәт әл-фитрды бір са` тамақ ретінде таратуды бұйырды. Ол бұны мұсылмандардың, құлы мен бос адамына, еркегі мен әйеліне, кішісі мен қартына бұйырып, оны айт намазына шығарда беруді әмір етті» (әл-Бухари 1503).

Имам әл-Хаттаби былай деді: «Бұл хадисте, зәкәт әл-фитрдың міндетті екеніне нұсқау бар, әрі оның парыз екені бүкіл ғалымдардың пікірі болып табылады» ("Мә’алиму-Ссунән” 3/214).

Имам ән-Нәуәуи: «Зәкәт әл-фитр әрбір мұсылманға парыз екенінде, ғалымдардың барлығы бірауыздан келіскен», – деп айтқан («әл-Маджму’» 6/106).

Тағы да, зәкәт әл-фитрдың міндетті екенінде ғалымдардың барлығы бірауыздан келіскеніне имам Ибн әл-Мунзир де нұсқаған («әл-Иджма’» 34).

Зәкәт әл-Фитр кім үшін міндетті болып табылады?

Зәкәт әл-фитр, мүмкіншілігі бар әрбір мұсылманға міндетті болып табылады. Алайда, ғалымдардың арасында, өзі асырап жүрген қол астындағы адамдар үшін де фитрды беру міндетті ме, әлде әрқайсысы өзі үшін беру керек пе деген мәселеде келіспеген. Имам ән-Нәуәуи былай айтқан: «Адам, бұл зәкәтты өзі үшін, әрі оларға дүниесін жұмсауға міндетті болған кісілер үшін, атап өткенде: әйелі, балдары және ата-аналары үшін беру парыз болып табылады» («әл-Маджму’» 6/128).

Адам фитрды өзі үшін, әрі оларды асырауға міндетті болған кісілер үшін беру парыз деген пікірдің жақтастары, Ибн `Умардан жеткен келесі хадисіне сүйенеді: «Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: "Оларды асырауға міндетті болған кісілерің үшін, Фитр беріңдер» (әд-Дарақутни 2/141, әл-Байһақи 4/161).

Алайда, бұл хадистің сенімділігі жөнінде, ғалымдар арасында қарама-қайшылықтар бар. Ибн әл-‘Араби, әз-Зәһаби, ән-Нәуәуи және Ибн Хаджар секілді имамдар бұл хадисті әлсіз деген, ал Дарақутни: «Дұрысы, бұл сөздер пайғамбарымыздікі емес, бірақ Ибн `Умардікі болып табылады», – деді. Бірақ, кейбір имамдар, олардың ішінде шейх әл-Әлбәни, бұл хадиске сүйеніп, оның сенімділігін ұқсас хадистер арқылы күшейткен ("Ируәул-ғалил” 835).

Сондай-ақ, бұл пікірді Тұрақты комитеттің (әл-Ләжнәтуд-дәима) ғалымдары таңдаған ("Фатәуа әл-Ләджна” 9/367).

Ал имам Ибн Хазм болса, анасының құрсағында жатқан бала үшінде Фитр беру парыз деп есептеген. Алайда, бұл пікір қате болып саналды, әрі имамдардың ешқайсысы осыған ұқсас сөздер айтпаған. Имам Ибн әл-Мунзир айтқан: «Анасының құрсағында жатқан бала үшін Фитр беру парыз емес екеніне ғалымдар бірауыздан келіскен» («әл-Иджма’» 31).

Ал енді, `Усмән ибн `Аффан өз отбасы үшін, әрі тіпті құрсақтағы бала үшін де Фтитр берген деп айтылған, Әбу Шәйба келтірген кең тараған әрі белгілі хабар туралы айтар болсақ, онда ол әлсіз болып табылады ("Ируәул-ғалил” 3/330).

Бірақ, бұл хабар сенімді болған күнде де, ол ең көбі тек құрсақтағы бала үшін Фитр беру парыз емес, рұқсат екеніне нұсқау ғана болар еді. Әбу Қиләба былай айтқан: «Сәләфтар, тіпті құрсақтағы балдар үшін де Фитр беруді жақсы көрген» (Ибн Әбу Шәйба 3/173, Абдур-Раззақ 5788. Иснады сахих).

Сондай-ақ ғалымдар, әрбір мұсылман Фитр беру керек пе, әлде тек ораза тұтқан адам ба деген мәселеде келіспеген.  Көпшілік ғалымдар, ал олардың ішінде төрт мазһаб имамдары да бар, науқас немесе қарт кісілер сияқты, ораза тұтпаған адамдар да Фитр беру керек деп есептеген. Ал кейбір ғалымдар, тек ораза тұтқан адам ғана Фитр беруге міндетті деп санаған. Өйткені, Ибн `Аббастың хадисінде былай айтылған: «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) зәкәт әл-фитрды, ауыз бекіткен адам үшін бос әңгімелерден тазарту ретінде бұйырған» (Әбу Дәуд 1609, Ибн Мәджаһ 1827, әд-Дәрақутни 2/138. Хадистің сенімділігін имам әл-Хаким, әз-Зәһаби, имам ән-Науәуи және шейх әл-Әлбәни растаған).

Алайда, бұл дәлелге жауап беру оңай. Сонда Рамазан айында бос әңгіме айтпаған адам, Фитрды бермеу керек пе, осыған сүйенсек? Әрине, беру керек ("Фатхул-Бәри” 3/364).

Еш күдіксіз, зәкәт әл-фитр оразада жасалған қателерден тазартады, алайда күнәлардың бар болуы оны беруудің шарты болып табылмайды. Бұл аздай, Ибн `Умардан жеткен хадисте былай делінген: «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұны мұсылмандардың, құлы мен бос адамына, еркегі мен әйеліне, кішісі мен қартына бұйырды» (әл-Бухари 1503).

«Кіші» сөзімен кішкентай бала меңзелген, ал бірақ бала ораза тұтуға міндетті емес екенін белгілі.

Егер адам, Фитрды басқа біреудің атынан бергісі келсе, онда ол сол кісіге хабарлап қою керек, әрі бұны тек соның рұқсатымен істеу керек. Өйткені, зәкәт – бұл, ниеті болуды қажет ететін құлшылық болып табылады.

Егер адамда зәкәт әл-фитрды беруге мүмкіншілігі болмаса, онда оған күнә жазылмайды, сол үшін ол қарызға ақша сұрап жүруі қажет емес. Аллаһ Тағала: «Аллаһ адамға, шамасынан тыс нәрсені жүктемейді», – деді (әл-Бақара, 286). Ал пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Мен сендерге бұйырғандарымнан, шамаларың келгенді істеңдер!» (әл-Бухари 1/234).

Имам Ибн әл-Мунзир былай айтқан: «Мүмкіншілігі жоқ кісі, Фитрды беруге міндетті емес екеніне, ғалымдар бірауыздан келіскен» («әл-Маджму’» 6/113).

Зәкәт әл-Фитрдың даналығы

Аллаһ Тағала Мухаммедтің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) үмметіне, мұхтаждарды айт күндері тілеп жүруден құтқару үшін және ораза кезінде жіберіп алған қателерден тазарту үшін, зәкәт әл-фитрды міндеттеді. Ибн `Аббас айтқан: «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын), ауыз бекіткен кісіні бос сөздерден тазарту және кедейлерге тамақ ретінде зәкәт әл-Фитрды бұйырды. Кім оны айт намазына дейін берсе, қабыл алынған зекет болады. Ал кім оны намаздан кейін берсе, онда ол тек садақа сияқты ғана болады» (Әбу Дәуд 1609, Ибн Мәджаһ 1827, әд-Дәрақутни 2/138. Хадистің сенімділігін имам әл-Хаким, әз-Зәһаби, имам ән-Нәуәуи және шейх әл-Әлбәни растаған).

Уаки’ ибн әл-Джаррах былай айтқан: «Рамазан айындағы зәкәт әл-фитр, намаздағы сәждә саһуа секілді. Саждә сәһуа намаздың кемшіліктерін толтырғандай, Зәкәт әл-фитр де оразаның кемшіліктерін толтырады» («әл-Маджму’» 6/321).

Ал енді: «Рамазан айы аспан мен жер арасында тұрады. Әрі зәкәт әлфитрден басқа ештеңе оны Аллаһқа көтермейді» (әд-Дәйлями және Ибн Шахин), – деген хадиске келер болсақ, онда ол имам Ибн әл-Жәузи, хафиз әс-Суюти және шейх әл-Әлбәни айтқандай әлсіз болып табылады.

Шейх әл-Әлбәни айтқан: «Егер де бұл хадис сахих болғанда, ол зәкәт әл-фитрсыз Рамазан оразасы қабыл болмайтынына нұсқау болар еді! Мен, зәкәт әл-фитрсыз ораза қабылданбайбы деген бірде –бір ғалымды білмеймін» (Қараңыз: "әс-Силсилә әд-дә’ифа” 1/118).

Зәкәт әл-фитр кімге беріледі?

Ғалымдардың көбісі, зәкәт әл-Фитрды кәдімгі зекет сияқты, Құранда аталған сегіз санатқа үлестіру керек деп есептейді: «Шын мәнінде садақалар (зекеттер), Аллаһ тарапынан бір парыз: қолы тар пақырларға, түгі жоқ міскіндерге, оны жинауға белгілегендерге, көңілдерін (Исламға қарай) аударылатындарға, құлды азат етуге, қарыздарларға, Аллаһ жолына және жолаушыларға беріледі. Аллаһ әр нәрсені білуші, хикмет иесі» (Тәуба, 60).

Алайда, бұл пікір қате болып табылады, өтйкені бұлай салыстыру Ибн `Аббастың жоғарыда келген хадисіне қарама-қайшы келеді: «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын), ауыз бекіткен кісіні бос сөздерден тазарту және кедейлерге тамақ ретінде зәкәт әл-Фитрды бұйырды».

Шейхул-Ислам Ибн Тәймия: «Зәкәт әл-фитрды кедейлерден басқа біреулерге беру рұқсат етілмейді»,  – деп айтты ("Мәжму`ул-фатәуа”, "Ихтияратул-фиқһия” 102).

Тура осылай шейх Ибн әл-Қайим, имам әш-Шәукәни және басқа да зерттеушілер айтты (Қараңыз: "Зәдул-мә’ад” және "Сәйлул-джәрар” 2/86).

Бір кедейге бірнеше зәкәт әл-Фитр беруге болады, немесе бір Фитрды бірнеше кедейлерге үлестіруге болады. Бұны Мәлик, Ахмад, сондай-ақ шейхул-Ислам айтқан. Алайда, Фитрдың бір бөлігін ғана алған кедейге, оның бір са`тан кем алғанын ескерту қажет, себебі ол алған зәкәт әл-Фитрды өз атынан беруі мүмкін (Қараңыз: «Шархул-Мумти’» 6/179).

Бір адам Фитрды бір са`тан артық көлемінде бере алады, алайда бір са`тан кем беруге рұқсат етілмейді, бұнда еш қарама-қайшылық жоқ (Қараңыз: "Мәджму’ул-фатәуа” 25/70).

Тұрақты комитет ғалымдарына мынадай сұрақ қойылды: «Базарларда ақша тілеп жүретіндерге зәкәт әл-Фитрды беруге болады ма, біз олардың шынай жағдайын білмейміз ғой?». Олар былай жауап берді: «Фитрды кедей мұсылмандарға, тіпті егер олар күнәһар, бірақ діннен шықпаған болса да. Ол негізінде бай болып қалса да, біз оның сыртқы халіне қарауымыз керек. Алайда, шама келгенше шынайы күнәөарларды іздеу керек. Егер адам зәкәтының жағдайы бар адамның қолына түскенін білсе, онда бұл оның зәкәтына зиян тигізбейді» ("Фатәуа әл-Ләжна” № 3055).

Зәкәт әлФитрды кімге беруге тыйым салынады

Зәкәт әл-Фитрды кәпірлерге беруге болмайды, өйткені зекеттің парыз үкіидерінде оларға ештеңе тиесілі емес. Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Му`аз ибн Жәбәлды Иеменге адамдарды Исламға шақыру үшін жібергенде, былай деген: «Егер олар саған ол нәрседе (яғни, бірқұдайшылық пен намаз оқуда) бағынса, онда оларға Аллаһ байларының кедейлеріне зекет берулерін әмір еткенін хабрла» (әл-Бухари 3/225, Муслим 19).

Хасан әл-Басри былай деген: «Мұсылмандардың жерінде тұратын кәпәрлерге, парыз зекеттен (кәдімгі зекет пен зәкәт әл-Фитр) ештеңе тиесілі емес. Алайда егер адам қаласа, оларға нәфил (қосымша) садақаны бере алады» (Әбу ‘Убәйд 1/236).

Ал Әбу Мәйсара зәкәт әл-Фитрды жинап, оны монахтардың арасында таратқан деген хабарға келер болсақ, онда ол сенімді хабар емес ("Тамәмул-минна” 389).

Сондай-ақ, зәкәт әл-Фитрды адам, ата-анасы, балдары мен әйелі сияқты өзі асырауға міндетті болған кісілірге беруге болмайды. Имам Мәлик: «Өзің асырауға міндетті болған, жақын туысқандарының қатарындағы кісілердің ешқайсысына зекет берме!»6 -деді (Қараңыз: "әл-Мудәуина” 1/344).

Имам әш-Шәфи`и былай деген: «Зәкәт әкеге де, анаға да, атаға да, әжеге де берілмейді» (Қараңыз "әл-Умм” 2/87).

Имам Ибн әл-Мунзир, адамның өзі асырауға міндетті болған кісілерге зекет берілмейтінінде, ғалымдар арасында келіспеушілік болмағанын айтқан (Қараңыз: «әл-Иджмә’» 32).

Алайда әйел өз күйеуіне зекет бере алады, өйткені ол оны асырауға міндетті болып табылмайды.

Шейх Ибн `Усәймин айтқандай, кәдімгі зекетті және зәкәт әл-Фитрды, өзі асырауға міндетті болып табылмайтын кедей туыстарына берген жақсырақ.

Сонымен қатар, зәкәт бай және күші бар, жұмысқа жарамды кісіге берілмейді. Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) быдай айтты: «Бай және күші бар, жұмысқа жарамды кісіге зекет беру рұқсат етілмейді» (Әбу Дәуд 2/234, Ибн әл-Джәруд 363. Имам Әбу ‘Исә әт-Тирмизи, әл-Хаким, хафиз Ибн Хаджар және шейх әл-Әлбәни хадистің сенімділігін растаған).

Имам Ибн Қудама: «Кедейлер мен міскіндерге арналан садақаны, бай кісіге беруге болмайды, әрі бұл мәселеде ғалымдар арасында қарама-қайшылықтар жоқ» (Қараңыз: "әл-Муғни” 2/522).

Зәкәт әл-Фитрдың мөлшері

Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Зәкәт әл-Фитрды бір са` тамақ ретінде беріңдер!» (Әбу Ну’әйм 3/262, әл-Бәйһақи 4/167. Сахих хадис. Қараңыз: «Сахих әл-джәми’» 282).

Зәкәт әл-Фитрды бір са` азық-түлік ретінде беру керек. Бір са` төрт муддқа тең, ал бір мудд – бұл, қос алақанға сыятын нәрсе (Қараңыз: "Мәусу’әтул-фиқһия” 3/163).

Бір са`тын мөлшері, шейх Ибн Бәз айтқандай, жобамен күріштің 3 килограмына сәйкес. Азықтың түріне қарай, оның салмағы да өзгере береді. Мысалға, бір са` арпа, 3 килограмнан аз болса, күріш немесе сүзбенің бір са` 3 кг артық болуы мүмкін. Бір са`Фитрдың нақты көлімін бергісі келген адам, шейх Ибн `Усәймин «Шархул-мумти`та» айтқандай, 2,4 кг тең азықтың мөлшерін анықтап алу керек.

Зәкәт әл-Фитрды немен беру керек

Әбу Са`ид әл-Худри былай деген: «Біз Фитрді бір са’ тағаммен төлейтінбіз, немесе бір са` арпамен, немесе құрмамен, немесе сүзбемен, немесе мейізбен» (әл-Бухари 1506).

Хадистерде аталған «та`ам» сөзінің мағынасы жайында ғалымдар әртүрлі пікір білдірген. Кейбіреулері, «тағам» сөзімен бидай меңзеліп тұрғанын айтқан. Ал басқаларының айтуынша, тек хадисте аталған тағам түрімен ғана төлеуге болады деген. Шын мәніне келсек, онда хадистердегі «та`ам» сөзі жалпы, әрі өлшенетін тамақтың барлық түріне қатысты деп есептейтін ғалымдардың пікірі күштірек және дәлелге жақынырақ. Оған қоса, зәкәт әл-Фитрды, сол аймақта негізгі болып табылатын азық-түлікпен беру қажет. Бұған Әбу Са`идтің келесі хадисі нұсқайды: «Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тірі кезінде біз фитрді бір са’ тағаммен төлейтінбіз, ал ол кезде біз арпамен, мейізбен, кептірілген ірімшікпен және құрмамен тамақтанатынбыз» (әл-Бухари 1510).

Ашхаб былай айтқан: «Мен имам Мәликтің: "Арпаны жемейтінге, оны бермеу керек! Адамдар жеп жүрген нәрсені ғана беру керек”, – деп айтқанын естідім» (Қараңыз: "әл-Истизкәр” 9/263).

Хафиз Ибн `Абдул-Барр былай деген: «Белгілі бір жерде негізгі тамақты есепке алу, барлық уақытта міндетті болып саналады» (Қараңыз: "әт-Тәмхид” 7/127).

Шейхул-Ислам Ибн Тәймия былай айтқан: «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бір са` құрма және арпамен зәкәт әл-Фитр төлеуді парыз қылды, өйткені бұл Мәдина тұрғындарының тамағы еді. Егер де Мідина тұрғындары оны емес, басқа тамақтарды қолданғанда, онда пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оларға, қолданып жүрмеген тамақтарын төлеуді бұйырмас еді» (Қараңыз: "Мәджму’ул-фатәуа” 25/68).

Шейх Ибн әл-Қайим былай жазған: «Хадистерде аталған азық-түлік, Мәдина тұрғындарының негізгі тамақтары еді. Егер белгілі бір жер тұрғындарының негізгі тамақтары ондай болмаса, онда олар Фитрды қолданыстағы тағам түрлерімен беру керек, мәселен, жүгері, күріш, інжір және т.б. Ал егер олардың жейтін тағамдары сусымалы емес, бірақ ет немесе балық секілді тағамдар болса, онда олар, нені болса да, әйтеуір өздері жеп жүрген нәрсені Фитр ретінде бері керек. Бұл көпшілік ғалымдардың, әрі ең дұрыс пікір болып табылады» ("И’ләмул-мууаққи’ин” 3/12.).

Шейх Ибн `Усәймин былай айтқан: «Егер сусымалы азық-түлік белгілі бір жердің негізгі тамағы болып саналмаса, бірақ керісінше олардың негізгі тамақтары, мысалға ет болса, онда олар Фитрды етпен беру керек. Бұл дұрысырақ пікір!» («Шархул-мумти’» 6/182).

Ал Әбу Са`идтің, олар Фитрды бір са` ұнмен бергені тұралы айтылған хадиске келер болсақ, онда ол, имам Әбу Дәуд және басқалар айтқандай,  әлсіз болып табылады ("Ируәул-ғалил” 848). Алайда, бұл хадистің әлсіздігіне қарамастан, кейбір ғалымдар зәкәт әл-Фитрды ұнмен беруді рұқсат еткен. Имам Ибн Қудама былай айтқан: «Фитрды ұнмен беруге болады, әрі бұл туралы имам Ахмад айтқан» ("әл-Муғни” 2/357).

Сондай-ақ, бұл пікірді имам Әбу Ханифа, шейхул-Ислам Ибн Тәймия, шейх Ибн әл-Қайим ұстанған, ал замандас ғалымдардың ішінде бұл пікірді, шейх Ибн `Усәймин таңдаған.

Шейз Ибн `Усәймин: «Фитрды макарондармен де, егер олар белгілі бір жердің негізгі тағамы болып есептелсе, беруге болады», – деді («Шархул-мумти’» 6/191).

Сонымен, жоғарыда айтлғандарға сүйене отырып, Фитрды кез-келген азық-түлікпен, ол макарон, күріш, бидай, ет және т.б. нәрсемен болсын, белгілі бір жерде негізгі болып табылатын, азықпен беруге болады. Әрі адам, ең қымбат тамақпен Фитрды беруге міндетті емес, оған өзі жеп жүрген орта бағалы нәрсемен зекет беру рқсат етіледі.

Фитрды бұзылған азық-түлікпен және де тез бұзылатын тамақпен бермеу керек. Ибн әл-Қайим былай айтқан: «Нан туралы және дайындалған тамақ айтар болсақ, онда оларда кедейлер үшін пайда бар болса да, әрі уақыт пен еңбекті талап еткен болса да, бәрібір сусымалы тағамдардың пайдасы көбірек, өйткені олардың сақтау мерзімі ұзақ. Ал нан мен дайындалып қойған тамақ  көп болса да, ол тез бұзылады әрі оны ұзақ сақтау мүмкін емес» (Қараңыз: "И’ләмул-муәқи’ин” 3/18).

Сонымен қатар, Фитрды қантпен, тұзбен және соған ұқсас нәрсемен беруге болмайды, себебі олардың барлығы тамақ емес, те дәмдеуіш қана.

Ал Аллаһ Тағала былай айтқан: «Сүйікті нәрселерің жұмсамайынша, сендер ешқашан игілікке жетпейсіңдер, ал сендер не жұмсасаңдар да, Аллаһ ол туралы біледі» (Әли ‘Имран, 92).

Зәкәт әл-фитрді ақшалай түрде беруге болады ма?

Зәкәт әл-фитрді киіммен де, ақшамен де, не тағамнан басқа да нәрсемен беруге болмайды, себебі бұл Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әміріне қайшы келеді. Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тек қана тағам түрінде беруді бұйырған. Алайда, осыған қарамастан кейбір ғалымдар фитрді ақшалай беруді рұқсат еткен. Имам ан-Науауи былай деген: "Фақихтардың көбісі фитрді ақшамен беруді рұқсат етпеген, дегенмен Абу Ханифа рұқсат еткен. Хасан аль-Басри, Омар ибн Абдул-‘Әзиз және Суфьян ас-Саури осылай етуді рұқсат еткенін Ибн әл-Мунзир жеткізген”. "Шарх сахих Муслим” 7/60.

Имам әл-Хаттаби, Абу Са’идтің хадисін жеткізе отырып: "Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тірі кезінде біз фитрді бір са’ тағаммен төлейтінбіз, ал ол кезде біз арпамен, мейізбен, кептірілген ірімшікпен және құрмамен тамақтанатынбыз”, былай деген: "Бұл хадисте фитрді ақша түрінде беруге болмайтынына дәлел бар, өйткені бұл жерде ақша емес, нақты азық-түлік туралы айтылған”. "Ма’алиму-Ссунна” 2/44.

Динарлар мен дирхамдар пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) кезінде де болған, алайда шариғат фитрді ақшамен емес, тамақпен беруді ұйғарған. Сол үшін біз осыда тоқтауымыз керек. Пайғамбарымыз Мухаммад (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Кімде-кім біздің ісімізде (Аллаһтың кітабы менен оның пайғамбарының сүннетінде көрсетілмеген) бір амалды істесе, ол (амал) қайтарылады (қабылданбайды)» Муслим 1/236.

Имам Адмадтан дирхаммен фитрді төлегісі келген адам туралы сұрағанда ол былай деп жауап берген: "Оның бұл ісі, пайғамбардың сүннетіне қарсы келгендікен, есепке алынбайды ма деп қорқам!” Тағы имам Ахмад былай дегенде: "Фитрді тамақтың орнына ақшамен беруге болмайды!”, – одан сурапты: "Бұл жерде адамдар Омар ибн Абдул Әзиз ақшамен берген деп жатыр”. Сонда имам былай деп жауап берді: "Аллаһтың елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сөздерін жерге тастап: «Біреу солай айтты» деп тұр!” "әл-Муғни” 2/671.

Зәкәт-әл Фитрды қашан беру керек?

`Умар ибн `Абдул-`Азиз бен Әбул-`Алия, Аллаһ Тағаланың: «Тазарған, Раббысының атын еске алып, намаз оқыған (адам) табысқа жетті» (А`лә, 14-15), – деген сөздері жайлы былай деді: «Бұның мағынасы: зәкәт әл-Фитрды беріп, сосын айт намазына барды» (Қараңыз: "Ахкәмул-Қурән” 3/176).

Ибн `Умар былай деді: «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Фитрды, айт намазына шығудан алдын беруді әмір еткен» (әл-Бухари 1503).

Имам Ибн әт-Тин: «Фитр беру уақыты таң намазынан бастап, айт намазына дейін жалғасады», – деген (Қараңыз: "әл-Мутәуәри” 135, "Фатхул-Бәри” 3/478).

Кейбір ғалымдар, Фитр беру уақыты Рамазанның ақырғы күні аяқталып, күн батқан соң басталады да, айт намазына дейін жалғасады деп есептеген. Алайда, оны айт намазына шықпас бұрын беру керек деген бірінші пікір, күштірек болып саналады, себебі ол тікелей хадиске сүйенген.

Ал Фитрды Рамазанның басында да беруге болады деп санаған ғалымдардың пікірі жайында айтар болсақ, онда ол қате әрі ештеңеге негізделмеген болып табылады. Ол аздай, әлгі пікір, Фитрдың мәнісі айт күндері кедейлерді тамақтандыруда екені туралы айтылған, Ибн `Аббастан жеткен хабарға қайшы келеді. Имам Ибн Қудама былай деді: «Зәкәт әл-Фитрдың парыз болудың мағынасы – бұл Ораза айт» (Қараңыз: "әл-Муғни” 2/676).

Әш-Шәукәни мен Шамсул-Хаққ ‘Азим Абәди деген имамдар былай деген: «Ғалымдардың көбісі, зәкәт әл-Фитрды айт намазына дейін жәй мустахаб, әрі оны айт күні аяқталғанша беруге болады деп есептеген. Алайда Ибн `Аббастың хадисі оларға қарсы (мықты) жауап болады» («‘Аунул-Мә’буд», "Нәйлул-әутар” 4/255).

Шейх әл-Әлбәниге: «Зәкәт әл-Фитрды айт намазынан, бірнеше күн немесе бірнеше апта бұрын беруге рұқсат па?», – деген сауал қойылады. Оған шейх былай жауап берді: «Бұл рұқсат етілмейді, өйткені зәкәт әл-Фитрдың мәнісі, кедейлерді тілеп, сұрап жүруден арылтуда (құтқаруда). Егер сен одан бұрын Фитрды беріп қойсаң, онда еш күмәнсіз кедей оны айтқа дейін сақтай алмайды» (Қараңыз: "әл-Һәуи мин фатәуа шейх әл-Әлбәни” 283).

Бірақ, егер адам Фитрды айт намазына дейін беруге үлгермей қаламын деп қауіптенсе, онда оны айт намазына дейін бір-екі күн бұрын берсе болады. Бұл жалпы ережеден тыс жағдай болып табылады. Нәфи` былай айтқан: «Ибн `Умар кейде, зәкәт әл-Фитрды айттан бір-екі күн бұрын беретін еді» (әл-Бухари 1511, Муслим 986).

Кейбір ғалымдардың айтуынша, Ибн `Умар Фитрды бір-екі күн бұрын кедейлердің өзіне емес, бірақ Фитрды жинауға тағайындалған кісіге беретін еді. Бұған басқа хабарлар нұсқайды. Нәфи`: «Ибн `Умар зәкәт әл-Фитрды айттан бір-екі күн бұрын, оны жинап жүрген адамға жіберетін», – деп айтқан (Мәлик 1/285).

Тағы да Әйюбтан жеткен хабарда «Ибн `Умар Фитрды қашан беріп жүрген еді?», – деген сұраққа, Нәфи`тың былай жауап бергені айтылған: «Жинаушы Фитрды жинай бастағанда». Одан: «Ал жинаушы Фитрды қашан жинай бастаған?», – деп сұрағанда, ол: «Айттан бір-екі бұрын», – деп жауап берді (Ибн Хузәйма 4/83).

Алайда, Ибн `Аббас айтқандай, зәкәт әл-Фитрды айт намазынан кейін берсе, ол есптелмейтінін ескерту маңызды болып табылады. Ибн `Аббас былай деген: «Ал кім оны намаздан кейін берсе, онда ол кәдімгі садақа ретінде қарастырылады».

Тұрақты комитеттің ғалымдары былай деді: «Фитрды уақытында бермеген адам, күнә жасады! Ол Фитр беруді кешіктірген үшін тәубе етіп, бәрі бір оны кедейлерге беруге тиіс» (Қараңыз: "Фатәуа әл-Ләджна” 9/369). Бірақ білмеген адамның жағдайы басқа.

Зәкәт әл-Фитр төленді деп, тек кедейге берілген кезде ғана есептеледі. Ол кедейге немесе Фитрды жинайтын сенімді кісіге, уақытылы жету керек. Кедей адам, басқа біреуді оған тиесілі болған зекетті жинауды тапсыруына болады. Сенімді кісіге зекеттің уақытылы  жетуі, кедейді оны алғаны сияқты болады.

Алайда егер адам зәкәт әл-Фитрды беруге үлгермеген болса немесе оны ұмытқан болса, онда ол төлеуді талап ететін қарыз болып табылатынында, ғалымдар бірауыздан келіскен ("әл-Муғни” 2/458, "Мәусу’әтул-фиқһия” 41/43).

Шейх Ибн `Усәйминнен былай сұрады: «Мен Рамазан айының басында Мысырда болғанымда, зәкәт әл-Фитрды беріп қойған едім, бірақ қазір мен Меккедемін. Фитрды қайта беру мен үшін міндетті болып табылады ма?». Шейх былай жауап қатты: «Йә, сен Фитрды қайта беруің керек, себебі оны уақытынан ерте беріп қойдың! Іс, себебімен байланысты. Ал Фитрдың себебі, Ораза айт күні болып табылады әрі бұл уақыт аталмыш зәкәттың уақыты болып саналады. Ораза айт күні, тек Рамазанның соңында ғана болатынын жақсы білеміз. Фитр, Рамазанның ақырғы күні аяқталып, күн батқан соң ғана беріледі. Бірақ Фитрды айт намазына дейін бір-екі күн бұрын беруге рұқсат екенінде жеңілдік бар. Бұл тек жеңілдік қана, өйткені бұл зәкәттың шынайы уақыты Рамазанның ақырғы күнінің кешінен басталып, айт намазына дейін созылады. Ал егер мүмкіншілік болып жатса, онда Фитрды таңертен, айт намазына дейін берген жөн болады» ("Фатәуа Ибн ‘Усәймин” 18/180).

Әрі соңында, әлемдердің Раббысы Аллаһқа мадақтар мен мақтаулар болсын!

Категория: Фиқһ | Добавил: admin
Просмотров: 408 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]