Қош келдіңіз Гость • Тіркелу • Кіру • RSS
Сейсенбі, 23.4.2024, 17:19
Главная » Файлы » Қазақ тілінде » Хадис

Сүннет негіздері
[ Скачать с сервера (376.0 Kb) ] 28.05.2011, 19:56

АЛҒЫ СӨЗ

Оны дәріптеп әрі Одан жәрдем мен кешірім сұрап жалбарынатын Аллаһқа барлық мақтау мен мадақтар болсын! Жанымыздың жамандықтары мен жаман іс-амалдарымыздан Аллаһқа сиынып, Одан пана тілейміз. Кімде-кімді Аллаһ тура жолға бастаса, онда оны ешкім де адастыра алмайды. Ал кімде-кімді адастырса, онда оны тура жолға салар ешкім жоқ. Біз Аллаһтан өзге құлшылыққа лайық ешкім жоқ екеніне, Оның серігі жоқ әрі жалғыз екеніне куәлік етеміз, сондай-ақ  Мұхаммед Оның құлы әрі елшісі екеніне куәлік етеміз.

«Әй, иман келтіргендер! Аллаһтан шынайы қорқумен қорқыңдар, әрі тек қана мұсылман болған күйде өліңдер»[1].

«Әй, адамдар, сендерді бір кісіден жаратқан және одан оның жұбайын жаратып, ол екеуінен көптеген ер мен әйелді таратқан Раббыларыңнан қорқыңдар. Сондай-ақ, араларыңдағы сұрақ-жауаптарыңда ортаға аты салынатын Аллаһтан қорқыңдар және туыстармен қатынасты үзуден сақтаныңдар. Шын мәнінде Аллаһ тағала сендерді бақылаушы»[2].

«Әй, иман келтіргендер! Аллаһтан қорқыңдар әрі дұрыс сөз сөйлеңдер. Аллаһ істеріңді оңалтып, күнәларыңды жарылқайды. Ал кімде-кім Аллаһқа және Оның елшісіне бой ұсынса, әлбетте ол ұлы табысқа ие болады»[3].

Шын мәнінде сөздердің ең жақсысы-Аллаһ кітабы, ал ең жақсы жетекшілік-ол пайғамбарымыз Мұхаммедтің e[4] жетекшілігі. Амалдардың ең нашары-дінге жаңалық енгізу, ал кез-келген жаңалық-адасушылық. Ал әрбір адасушылық тозақта.

Одан кейін:

Имам Ахмад ибн Ханбалдың (оған Аллаһтың мейірімі жаусын), «Сүннет негіздері» деген жолдауы оны білген әрбір мұсылман ұстануы керек деген ережелерді қамтиды. Бұл негіздер өз бойында үмметіміздің әуелгі буынының сенімдерін қамтуы себепті екі дүниеде де бақытқа жетелейтін жолбасшы болып табылады. Имам Мәлик: «Әуелгі буын табысқа жеткен нәрсе арқылы болмаса, бұл үмметтің соңғы буыны басқа нәрсе арқылы табысқа жете алмайды»[5]-деген.

Сондай-ақ, Аллаһ тағала Құранда:

«Егер де олар сендер иман келтіргендей иман келтірсе, онда шынымен де тура жол тапқан болады. Ал егер де бет бұрып, теріс айналса, онда олар мүлдем жолдан шығып кеткен болады. Аллаһ сендерді қорғауға жеткілікті. Ол Аллаһ барлығын естуші, барлығын білуші»-деген[6].

Аллаһ мейірімімен Совет үкіметі құлап, коммунизм дінсіздігінің түнерген бұлты сейілгеннен кейін Ислам жаңа қарқын тауып, КСРО-ның түкпір-түкпірінде жаңа леппен қайта бой көтере бастады.

Алайда ТМД мұсылмандары үлкен проблемаға тап болды. Біреулері мұны түсініп, мойындап жатса, енді біреулері мойындаудан бас тартуда. Бұл проблема- Исламның ТМД аумағында жаңадан дамып келе жатқан кезеңінде сол аумаққа жүздеген жылдар бойы дінімізде жиылып қалған бүлік, адасушылық, дінге жаңалық енгізу және т.б. аурулардың кіріп кету проблемасы. Қаласақ та, қаламасақ та анығына келсек, Исламның бастапқы бұлағы араб елдері болғаны сияқты адасушылық пен дінге жаңалық енгізудің де алғаш бұлағы осы елдер болып табылады. Адасушы топ жетекшілері өздерінің жалған пікірлерін араб әлемінде тарату барысында дінді таза қалпында ұстап жүрген ғұламалардан жеңіліс тауып, ендігі кезекте Еуропа мен ТМД-ға көз тігіп, ол жерлерде ғұламалар мен білімнің жоқтығын пайдаланып, жалған ойларын сонда таратуға көшкен. Олардың осындай надан әрекеттерінде ұстанған жолдары сан қилы. Араб елдерінде оқып, тәлім алып жүрген студенттерге күмән салып адастыру, орыс тіліне аударылған шығармаларды басып шығару және өздерінің жалған пікірлерін интернет арқылы тарату сияқты жолдары бар.

Осының бәрі бұл үмметтің алғашқы буыны сусындаған дініміздің таза бұлақтарына мұсылмандарды қайта қайтару ісіне, Аллаһ қалауымен өз үлесімізді қосуға итермеледі. Ұлы Аллаһ та, Оның елшісі де, сахабалар және ұлы ғұламалар да бізді осыған шақырады. Кімде-кім төменде баян етілетін сенімдерді ұстанса, онда оның иманы артсын дейміз, ал кімде-кім күмәнданса, онда Аллаһтан оның бойындағы күмәнді сейілтуін сұраймыз.

Бұл жолдау әһлу суннаның[7] барлық сенім мәселелерін қамтымайды, алайда адамға шындық пен адасушылық арасын ажыратуына көмек берерлік негіздерді қамтығаны сөзсіз.

Сөзімнің соңында осы жолдауды шығаруда және оны таратуда жәрдем беріп, ат салысқан және болашақта ат салысатын жандардың бәріне де алғыс жолдағым келеді.

Әсіресе осы жұмысыма көмекші құрал болған «Сәбил әл-Жәнна» атты еңбек иесі шейхымыз Уәлид ибн Нәбих Сәйф ән-Насрға да үлкен алғыс жолдаймын.

Сонымен қатар осы жолдауды жинақтау барысында көмек пен қолдау көрсеткені үшін жұбайым Умму Ханифаға да зор алғыс білдіремін. Пайғамбарымыз e: «Адамдарға алғыс білдірмеуші Аллаһқа да алғыс білдірмейді»[8]-деген.

Ұлы Аллаһтан Оған құлшылық етуде жәрдем етіп, Ол жақсы көріп әрі разы болған нәрсеге жол салып беруін, әрі соңымызды қайырлы етуін сұраймын. Сондай-ақ, осы жұмысымызды берекелі қылып, оны қабыл етуін және Оның ризалығы үшін атқарылған ықыласты еңбек етуін тілеймін.

Барлық мақтау мен мадақ Аллаһқа тән. Мұхаммедке, оның отбасына

және оның сахабаларына Аллаһ тағаланың салауаттары

мен сәлемдері болсын!

Әбу Мухаммад Қазақстани

13 мамыр, 2006 ж

Ғабдус ибн Мәлик әл-Ғаттар (оған Аллаһтың мейірімі жаусын), былай дейді: «Мен Әбу Абдулла Ахмад ибн Ханбалдың, [1] t (Аллаһ оған разы болсын) [2] былай дегенін естідім [3]

 

 

[1]-Имам Әбу Абдулла Ахмад ибн Мухаммад ибн Ханбал Әш-Шәйбәни (оған Аллаһтың мейірімі жаусын)-үмметіміздің ұлы имамдарының бірі болып саналады. Ол һижра жылсанағы бойынша 164 жылы, рәбиғул әууәл айының 1 жұлдызында дүниеге келген. Имам Ахмад білім алуды он төрт жасында бастап өле-өлгенше жалғастырады. Бірде одан: «Әй, Әбу Абдулла! Сен қай уақытқа дейін білім аласың?»-деп сұраса керек. Сонда ол: «(Білім іздеу) бесіктен қабірге дейін жалғасады»-деп жауап берген екен.

Ибраһим Әл-Харби, (оған Аллаһтың мейірімі жаусын): «Менің ойымша Аллаһ әуелгілер мен кейінгілердің ілімдерінің бәрін Әбу Абдулланың бойына жинаған»-деген. [9]

Имам Әл-Музәни, (оған Аллаһтың мейірімі жаусын) әңгімелеп: «Бірде маған имам Шафиғи: «Мен Бағдадта бір жігітті көрдім. Ол бір сөз айтса болды, адамдар: «Шындық айтты»-деп айтады»-деді. (Әл-Музәни әрі қарай әңгімелеп) Мен одан (яғни имам Шафиғиден): «Ол кім екен?»-деп сұрадым. Ол: «Ахмад ибн Ханбал»-деп жауап берді»-деді. [10]

Ибн Әбу Хатим (оған Аллаһтың мейірімі жаусын): «Бірде мен әкемнен: «Али ибн Мәдәни мен Ахмад ибн Ханбалдың қайсысы көбірек біледі?»-деп сұрадым. Сонда ол: «Ол екеуі бір-бірімен шамалас, алайда Ахмад білімдірек болатын. Егер де сен Ахмадты жақсы көретін адамды кездестірсең, онда сол адамның сүннетті берік ұстанушы екенін біл»-деп жауап берді»-деп әңгімелейді.[11]

Имам Ахмад, (оған Аллаһтың мейірімі жаусын) 241 жылы, рәбиғул әууәл айының 12-сінде о дүниеге аттанды. Ол кісінің жаназа намазына бір миллионға жуық адам қатысты деген деректер бар. Имам Ахмадтың өзі де: «Біз (әһлу сунна) бен сендердің (әһлу бидға)[12] арамыздағы айырмашылық-жаназа намазы»-деп шын айтып кеткен еді.

[2]-«Аллаһ оған разы болсын» деген сөз екі жағдайда айтылады. Бірінші жағдай-дұға ретінде, ал екіншісі-бекіту, мақұлдау /тахқиқ/ ретінде.

Бекіту, мақұлдау түрі тек сахабаларға қаратылып айтылады. Ал дұға жағдайына келер болсақ, ол басқа адамдарға қатысты айтуға да болады. Бұл жерде дұға ретінде айтылған.

[3]-Имам Ахмад ибн Ханбалдың «Сүннет негіздері» /Усулу сунна/ деген жолдауы ол кісінің өз қолымен жазылмаған. Имамның шәкірттері сүннетті ұстанушылардың сенімі /ақидасы/ жайында сұраған кезде ол кісі шәкірттеріне

 

«Біздің түсінігіміздегі сүннет негіздері [4] ол:

 

Пайғамбарымыздың e сахабалары ұстанған нәрселерге шынайы берілу әрі оларға (сахабаларға) еру [5];

айтып отырып, олар жазып алған. Шәкірттері имамның айтқан жауаптарын сол қалпында жазып алып, кейін келе бұл жолдауға тақырып тағып, «Сүннет негіздері» деген атау берген.

[4]-Әуелгі буын /сәләфтар/ түсінігіндегі «Сүннет» термині дінге жаңалық енгізуге /бидғатқа/ қарама-қайшы нәрсе болып табылады. Сүннет дегеніміз-алғашқы буын мұсылмандары ұстанған сенім /ақида/ мен жолды /мәнһәжды/ білдіреді.

Мәнһәж дегеніміз-адамзаттың жаратылуындағы мақсатқа жету барысында әһлу суннаның ұстанған әдістемесі немесе жолы. Ал адамзаттың жаратылу мақсаты-жалғыз Аллаһқа құлшылық жасау. Бұл жайында Аллаһ тағала Қасиетті Құранда:

«Сендердің әрбіреулеріңе шариғат пен мәнһәж орнаттық»[13]-деген.

Қатада, (оған Аллаһтың мейірімі жаусын): «Барлық пайғамбарлардың діні бір, ал шариғаттары әрқилы»-деген[14].

Әл-Хафиз ибн Рәжәб (оған Аллаһтың мейірімі жаусын): «Сүннет деген жерде пайғамбар e мен сахабалардың жолы меңзеледі. Бойында ауру-сырқауы, күмәні мен сезімге берілу болмаған жол. Кейін келе сүннет сөзі астарында Аллаһқа, періштелерге, пайғамбарларға, кітаптарға, Қиямет күніне, тағдырға деген иман мәселелері мен сахабалар қадыр-қасиеті мәселелеріндегі күмәннан таза сенім меңзеле бастады. Сөйтіп, осы тақырыптағы кітаптар «Сунна» деген атаулар ала бастаған. Бұл ілім саласы «сунна» деген атаумен ерекшеленуі-оның маңызды болуы себепті. Ал бұл кітаптар қамтыған нәрселерге қарсы келуші адам өзін өлімге ұшыратады»-деп айтқан[15].

Сол үшін де біздің әділетті алдыңғы буын (сәләфтар) сенім (ақида) мен жолға (мәнһәжға) байланысты болған нәрсенің бәрін де «сүннет» деп атаған. Олардың басым бөлігі ақида мен мәнһәжға байланысты кітаптар жазған кезде мұндай кітаптарды «сунна» деп атайтын болған. Бұған Ибн Әбу Ғасымның «Суннасы», Абдулла ибн Ахмадтың «Суннасы», Мәруәзидың «Суннасы», Ибн Шәһинның «Суннасы», Хәлләлдің «Суннасы» және т.б. дәлел бола алады.

Қазіргі таңда мұсылмандар арасындағы біз көріп жүрген жік-жікке бөлінушілік себебі-алдыңғы буынның ақидалары мен мәнһәжі айтылатын осындай кітаптарды оқымауы себепті туындаған.


Категория: Хадис | Добавил: admin
Просмотров: 759 | Загрузок: 116 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]