Қош келдіңіз Гость • Тіркелу • Кіру • RSS
Жұма, 29.3.2024, 17:59
Главная » Статьи » Қазақ тілінде » Фатуалар

Ақиқатты таны, сонда кім хақ екенін білесің

Әбу Умар әл-Ғаззидің «Өзін-өзі өлтіру актілерінің және жарылыстардың ауыр зардаптары» атты кітабын жариялауды аяқтаймыз. Кітаптың ең көлемді бөлігін ««Шәһидтік» актілерді жақтаушылардың дәйектері және оларды теріске шығару» атты тарау алады. Онда автор адасушылардың негізгі дәйектеріне бірме-бір тоқталып, оларды Құран және Сүннеттің мәтіндерімен және ғалымдардың пікірлерімен теріске шығарады. Бұл сол тараудың әрі кітаптің соңғы тақырыбы.

«Шәһидтік» актілерді жақтаушылардың кейбіреулері Иорданиядағы жиырма сегіз ислам ғалымдарының докторлары Палестина жерінде мұндай актілерді өткізуге ерекше рұқсат етілгендігі туралы пәтуа шығарғандығына сілтеме жасауы мүмкін. Бұл дәйекке жауап беру үшін, осы пәтуаның мәтінін келтіру керек, ал онда нақтырақ айтқанда былай деп айтылады:

1. Бүгінгі күні Палестина жеріне отырып алған яхудилер Ислам тұрғысынан кәпірлер, дұшпандар, мұсылмандармен соғысушылар (мухарибтар) және басқыншылар болып табылады. Олар Палестина жерін толығымен, соның ішінде әл-Қудсты (Иерусалимді), басып алды және онда Израиль деп аталатын қарақшылылық және басқыншылық жасандысын құрды. Олар әл-Қудсты өздерінің яхуди мемлекетінің мәнгі астанасы деп есептеген және есептейді де.

2. Палестинадағы азаматтық яхуди тұрғындарын кәпірлер, дұшпандар, мұсылмандармен соғысушы адамдар және басқыншылар деп бағалау қажет. Олар – басқыншылық және террористік бағыттағы яхуди үкіметінің шақыруларына жауап беретін, соғысқа қатысушы солдаттар болып табылады. Олар әзірленген әскери және соғыс позицияларымен таныс және кез-келген шайқасқа қатысу үшін мобилизацияланатын запастағы әскери қызметкерлер болып табылады.

3. Палестинадағы азаматтық яхуди тұрғындар оның тұрғындарына қарсы соғысады, жазықсыз палестиналықтардың (ерлердің, әйелдердің және балалардың) қанын төгеді, немесе осыған материалдық және моральдық қолдау беру арқылы болысады.

4. Палестина территориясында орналасқан яхудилердің барлығын – азаматтықтарын да, әскерилерін де, – әскери деп есептеу керек. Олар палестиналықтарды – мұсылмандар мен христиандарды – олардың үйлерінен қуып шығарды, осы үйлерді қиянатшылдықпен тартып алды және оларда өмір сүріп, оларды пайдаланып жатыр.

5. Барлық яхудилер – азаматтықтары да, әскерилері де мәні – Палестина – яхудилер үшін мирас етілген жер және олар міндетті түрде әл-Ақса мешітін бұзып, оның орнында яхуди ғибадатханасын қуруы, және олар өз мемлекетін құруы үшін міндетті түрде Нілден Ефратқа дейінгі мұсылмандардың жерін басып алуы қажет – деген діни идеяны басшылыққа алып, Палестинаға жердің әр жақтарынан келген жат келімсектер болып табылады.

Жоғарыда келтірілген фактілердің негізінде мұсылмандармен соғысатын басқыншылар және оккупанттар болып табылатын яхудилерге қатысты төмендегі Шариғи қаулы шығарылады: олармен күресу және оларды Палестинаның территориясынан қуып шығару – міндетті, олармен қандайда болсын жақындасуға және дос болуға тыйым салынады.

Аллаһ Тағала былай деп айтқан:«Шын мәнінде Аллаһ сендермен дін үшін соғысқандарды, жүрттарыңнан шығарғандарды және шығарылуларыңа көмекші болғандарды ғана дос тұтуларыңа тыйым салады. Кімдер оларды дос көрсе, солар – залымдар». (әл-Мумтахана; 9).

Раббымыз, сондай-ақ, былай деп айтқан: «Оларды (көпқұдайшылдарды) кездестірген жерлеріңде өлтіріңдер және олар сендерді қуып шығарған жерден оларды қуып шығарыңдар». (әл-Бәқара; 191)». {пәтуаның соңы}. «Әл-Амән» журналы, Бейрут. № 199 29.03.1996 ж., 25-бет.

Бұл дәйекке жауап беріп, мынаны айту қажет: ешкім жоғарыда келтірілген фактілерді жоққа шығармайды да, алайда мынандай сұрақ туындайды: «Не үшін басым жағдайларда әскерилер емес, азаматтық тұрғындар шабуылдау объектілеріне айналады?» Біздің қарсыластарымыз, әрине, араб әскерлері әлсіз және Израиль армиясына қарсы соғысуға қабілетсіз деп айтады. Аллаһ Ұлы! Бірақ, осыны істеуге араб мемлекеттерінің қарулы күштері дәрменсіз болса, онда мұны істеуге қалыптасқан әскері де, территориясы да, қажетті дайындығы да жоқ бір, немесе екі топтың күші жетпек пе?!

Бұл пәтуаны шығарған докторлар адамдарға дұрыс насихат берсе, оларды дұрыс жолға бағыттаса, оларға Исламдағы джихад жүргізудің ережелері мен принциптерін түсіндіріп берсе – дұрыс болар еді. Ал бұл принциптерге топтасқандық және бөлінудің болмауы жатпайды ма? Бұл принциптерге қажетті қаруды және жарақты әзірлеу, сондай-ақ әмірге бағыну жатпайды ма? Топтардың көбі «шәһидтік» актілерді өздерінің үкіметтерінің және басшыларының рұқсатынсыз жасайды, ал оларға бағыну, біз алдын айтып кеткеніміздей, джихадтың шарттарының бірі болып табылады ғой.

Пайғамбардың жары, мүминдердің анасы Айшаның, Аллаһ оған разы болсын, мына хадисіне ой салыңыздар. Бірде ол Пайғамбардан (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Сен үшін Ухуд (соғысы) күнінен ауырлау күн болды ма?» – деп сұрады. (Бұған жауап ретінде Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын)) былай деп айтқан: «Мен сенің руластарың тарапынан (көп нәрселерді басымнан өткіздім), бірақ бәрінен ауыр – мен Ибн ‘Абд Йәләйлге (өзіме ілесуді) ұсынған, бірақ ол маған мен одан күткен жауапты бермеген ‘Акаба күні болды. Сонда мен ренішпен кетіп, тек Карн әс-Са‘алибке жеткен кезімде ғана өзіме келдім. Сол жерде мен басымды көтердім, сөйтсем, бұлттың саясына тұр екенмін. Сол бұлтқа қараған кезімде, онда Джәбраильді көрдім. Ол (маған қарап) былай деді: «Ақиқатында, Аллаһ саған тайпаластарың не айтқанын және олар саған нендей жауап бергенін біледі, және Аллаһ саған тау періштесін, сен оған олармен қалаған нәрсеңді істеуді бұйыруың үшін, жіберді». Ал содан соң тау періштесі маған сәлем берді де, былай деді: «Уа, Мухаммад, қалағаныңды (бұйыр)! Егер қаласаң, мен оларға екі тауды тастаймын!» Мен оған: «Жоқ, мен тек Аллаһ олардан Аллаһқа ғана құлшылық қылатын және Онымен қатар ешкімге құлшылық қылмайтындарды шығаруын сұраймын!» – дедім». әл-Бухари.

Не үшін Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) өзінің иман келтірмеген тайпаластарының опат болуын қаламады? Өйткені Аллаһ оны адамдарды тура жолға насихаттау үшін жіберді. Ал «шәһидтік» актілер адамдарды Исламнан кері бұрғызады, оларды Аллаһтың жолынан тайдырады. Мұсылмандардың дұшпандары оларды өзінің Исламға қарсы үгітінде көзір қарта ретінде пайдаланады және «шәһидтік» актілер адамдардың ақиқатқа ілесуден бас тартуының себебіне айналуда.

Әлде біреу мұнымен келіспей: «Мені адамдардың не айтатыны және Ислам туралы не ойлайтыны қызықтырмайды! Мен үшін мақсатқа жету және жерімді азат ету – ең бастысы!» – деп айтуы мүмкін.

Мұндай сөздер Макиавеллидің ізбасарларының айтатындарына ұқсас, бірақ олар біздің саф дінімізге жат, өйткені Ислам бүкіл адамзат үшін нәзіл болған дін. Аллаһ Тағала Пағамбарға (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқан: «Біз сені әлемдерге рахым ретінде ғана жібердік» (әл-Әнбия; 107). Сондықтан, біз дініміздің адамдарға бұрмаланған және ұсқынсыз түрде емес, өзінің алғашқы тап-таза саф күйінде жетуі үшін оның жақсы аты шығуына қамқорлық танытуымыз қажет.

Осы орайда Джәбир, Аллаһ оған разы болсын, баяндаған мына хадисті келтіру орынды: «(Бірде) біз пайғамбармен (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын бірге) бір әскери жорыққа қатысқан кезімізде, оның алдында көп мухаджирлер жиналды. Олардың арасында қалжыңдасуды жақсы көретін адам болды, ол (қалжыңдап) ансарлардың біреуін арқасынан төмендеу жерінен ұрды. Әлгі ансар қаты ренжіді де, (іс) олардың (көмекке басқаларды) шақыруымен аяқталды. Ансар: «Уа, ансарлар (көмектесіңдер)!» – деп айқайлады, ал мухаджир: «Уа мухаджирлер (көмектесіңдер)!» – деп айқалады. (Сонда өз шатырынан) Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) шығып: «Не үшін олар джәхилиет кезінің сөздерін (айтып тұр)?» - деді де, содан кейін: «Оларға не болды?» - деп сұрады. Оған мухаджирдің ансарды ұрғаны туралы айтып берді. Сонда Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «(Мұндай сөздерді айтуды) доғарыңдар, өйткені, ақиқатында, олар – жиіркенішті!» – деп бұйырды. Ал Абдуллаһ ибн Убәйя Ибн Салюльге келер болсақ, ол: «Олар (бірін-бірі) бізге (шабуыл жасау үшін) шақыруда, бірақ, ақиқатында, біз Мәдинаға оралған соң, құдыреттілеріміз жексұрындарды одан қуып шығарады!» – деді. (Мұны естіген) ‘Умар: "Уа, Аллаһтың Елшісі, бұл оңбағанның басын шаппаймыз ба?» – деді. (Бұған) Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Жоқ, өткені адамдар: «(Мухаммад) өзінің сахабаларын өлтіріп жатыр!» – деп айтады», – деді». әл-Бухари.

Назар бұрыңыз, құрметті оқырман! Абдуллаһ ибн Убәйя ибн Салюль -Мәдина екіжүзділерінің басшысы еді. Ол Исламның құдыретінен қорқандығынан өзінің оған қатыстылығын сырт көзге көрсетіп, Аллаһқа және Оның пайғамбарына (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) иман келтірмеген және мұсылмандардың жеңілуін аңсайтын еді. Бұл екіжүзді құрайштықтармен және Мәдина яхудилерімен келісімге кіріп, дұшпандарды Пайғамбарға (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) айдап салып отырды. Бұл деректе оның ашық түрде өзін құдыретті екендігін және Пайғамбарды (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) меңзеп, жексұрынды Мәдинадан қуып шығатынын айтты. Оның сөздері нендей жиіркенішті және өтірік еді! Көптеген өркениетті елдерде мұндай адамдар мемлекетке сатқындық жасағаны және мемлекеттік құрылысты шайқалтқаны үшін қатаң жазаға, тіпті өлім жазасына дейін, кесіледі. Алайда қарапайым адамдардың көбі, әдетте заттардың шынайы орнын біле бермейді. Оларға кім екіжүзді екені және оның әрекеттері беймәлім. Егер Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) Абдуллаһ ибн Убәйяны өлім жазасына кескенде, адамдар Мухаммад (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) өз сахабаларын өлтіруге кірісті деп айтар еді және бұл оларды ақиқат дініне кіруден кері қарай тартар еді. Сондықтан да, Пайғамбарымыз (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) бізге берген сабағынан өнеге-ғибратты пайда алуымыз қажет!

Адамдардың арасында Ислам туралы жақсы пікірді сақтап қалу – біздің Шариғатымыздың міндеттерінің бірі. Оны адамдармен қарым-қатынаста және саясатта орындау міндетті болып табылады. Мысалы, құрметті оқырман Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) Қағбаны Ибраһимнің салған негізінде қайта құрғысы келгенін, алайда оны арабтардың: «Мухаммад Аллаһтың үйін бұзып жатыр», – деп айтатыны тоқтатып тұрғанын білсе керек.

Айша, Аллаһ оған разы болсын, былай деп айтқаны жеткізіледі: «Мен Пайғамбардан (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Қабырға Қағбаның бөлігі болып табылады ма?» – деп сұрадым. Ол. «Ия», – деді. Мен: «Ендеше не үшін олар оны Қағбаға қосып қоймады?» – деп сұрадым. Ол: «Өйткені сенің руластарың қаржыдан жетіспеушілік көрді», – деді. Мен: «Не үшін оның есігі жерден биік көтерілген?» – деп сұрадым. Ол: «Сенің руластарың ішіне қалаған адамдарын кіргізу үшін және қаламаған адамдарын (Қағбаға) кіргізбеу үшін осылай істеді. Ал егер сенің руластарың жәхилиетке (соншалықты) жақын болмағанда және мен олардың жүректеріне мұндай нәрсе ұнамай қалуынан қорықпағанымда, мен бұл қабырғаны Қағбаға қосар едім, ал есікті жерге дейін түсірер едім», – деп айтты». әл-Бухари және Муслим.

Исламның жақсы атын сақтау біз тарапымыздан міндетті түрде назарға алынуы керек. Бүгінгі күні бұқаралық ақпарат құралдары осы «шәһидтік» актілер туралы жар салып, мұсылмандарды рахымшылдықтан жұрдай қанпезер және аяусыз адамдар ретінде көрсетуде. Ең сорақысы – адамдардың басым бөлігі бұқаралық ақпарат құралдары таратып жатқан фото және бейне материалдарға қарап және олардың түсіндірмесін тыңдап осыған сенетіндігі.

Бұқаралық ақпарат құралдары қалыптасқан жағдайды шынайы бейнелемейді, көп жағдайда ақпаратты керісінше етіп бұрмалап тастайды: жәбірлеуші қаналған болып, ал жәбір шеккен қанаушы болып көрсетіледі. Бұқаралық ақпарат құралдары дұшпанның мұсылман балаларына, әйелдеріне, қарттарына қатысты жасап жатқан қылмыстары туралы, олардың үйлері мен бақтарын не істеп жатқандығы туралы үн қатпайды. Мұның барлығы шынайы жәбірленгендерді және ақиқатында қаналғандарды біз куә болып жатқан әрекеттерді жасауға итермелейді, өйткені адамдардың сабыры таусылды және олар «дұшпан менімен бірге опат болсын» деген принциппен күресуде.

Сөйтіп, көп жағдайда жартылай болған шешім шешімнің болмауынан жаман, ал «шәһидтік» актілерді импровициялау және олардың жасалуын жетілдіруге бағытталған сәтсіз талпыныстар олардан бас тартуға қаранда жаман.

ҚОРЫТЫНДЫ

Соңында осы еңбек оқырмандарға пайдалы болар және олар көтерілген мәселе бойынша шариғи көзқарастарды біліп, болып жатқан оқиғаларды дұрыс және сауатты түрде түсінер деп үміт етеміз. Бұл әсіресе бүгінгі күнде ерекше маңызды болып табылады, өйткені түрлі себептермен орыс тілді оқырмандарда бұл тақырыпқа арналған жеткілікті әдебиет жоқ, ал оны бұрыс түсіну ауыр және қайта түзелмес зардаптарға әкеп соқтыруы мүмкін ғой.

Ескертпелер:

1. Қағбаның солтүстік-батыс қабырғасының жанында орналасқан, бірақ оған қосылмаған жартылай дөнгелек, аласа қабырға айтылып тұр. Қағбаның есігі солтүстік-шығыс қабырғасында, жерден екі метрдей биіктікте орналасқан. Ғибадатхана осындай бейнесін 603, немесе 605 жылда меккеліктер оны қайта құрған кезде алды.

2. Сөз Исламға дейінгі кезеңде Қағбаның қорушылары болған құрайштықтар туралы болуда.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТІҢ ТІЗІМІ:

1. Қасиетті Құран.

2. Әл-Бухари. Әл-Джәми әс-Сахих.

3. Муслим. Әл-Джәми әс-Сахих.

4. Әбу Дауд. Әс-Сунән.

5. Ибн Мәджәһ. Әс-Сунән.

6. Ән-Нәсәи. Әс-Сунән әл-Кубра.

7. Әт-Тирмизи. Әс-Сунән.

8. Әл-Әлбәни. Сахих Сунән Әбу Давуд.

9. Әл-Әлбәни. Сахих Сунән әт-Тирмизи.

10. Әл-Әлбәни. Сахих Сунән ән-Нәсәи.

11. Әл-Әлбәни. Сахих Сунән Ибн Мәджәһ.

12. Ибн Таймийя. Мәджму әл-Фәтауә.

13. Ибн Хаджәр. Фәтх әл-Бәри.

14. Әл-Изз ибн Абд әс-Саләм. Қауәид әл-Ахкәм.

15. Әл-Куртуби. Джәми әл-Бәйән.

16. Ибн Кәсир. Тафсир әл-Қуран әл-Азым.

17. Әт-Табәри. Тафсир әл-Кәбир.

18. Ибн әл-Усәймин. Әл-Ликә әл-Мәфтух.

19. Мәшхур Хасан Суләймән. Әс-Саләфиййун уә Кадийят Филистин.

20. Хасан Айюбин Исламдағы джихад және ерлік.

21. Хасан Айюбин Әл-Инджәд фи Әхкәм әл-Джихад.

22. Әл-Әлбәни, Сахих әл-Джәми әс-Сағир.

23. Әш-Шәфии. Әл-Умм.

24. Ибн әл-Усәймин. Шәрх Рияд әс-Салихин.

25. Әз-Зубейди. Мухтасар әс-Сахих әл-Бухари.

26. Әз-Зубейди. Итхаф әс-Садат әл-Муттақин Шәрх Ихйя Улюм әд-Дин.

27. Саләх Фәтхи Халәл. Әл-Имлә фи әл-Кабәир уә әл-Мәнәхи әш-Шәрийя ли ән-Нәсәи.

28. Фәйсал ибн Казар әл-Джәсим. Кәшф әш-Шубухат фи Мәсәил әл-Әхд уә әл-Джихад.

29. Мухаммад ибн Хусейн әл-Кахтани. Фәтауә әл-Аиммә фи ән-Нәуәзил әл-Мудалхимә (Салих ибн Фәузан әл-Фәузанның редакциясында). Әр-Рияд, 1424 г.

30. Ибн Қуддамә. Әл-Муғни (Абдуллаһ Ибн Әл-Мухсин Әт-Турки және Абд әл-Фәттах Мухаммад Әл-Халуә редакциясында).

31. Идрис Мухаммад Али, Мухаммад Халид Истанбули. Ибн Наххастың «Мәшәри әл-Ашуәк илә Мәсари әл-Ушшәк» (диссертация).

32. «Әл-Муджтамә» журналы, Кувейт.

33. «Әл-Амән» журналы, Бейрут.

34. «Әл-Асалә» журналы, Иордания.

35. «Ән-Нәхар» газеті, Ливан.

Категория: Фатуалар | Добавил: admin (24.05.2011)
Просмотров: 748 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]