Қош келдіңіз Гость • Тіркелу • Кіру • RSS
Жұма, 29.3.2024, 03:07
Главная » Статьи » Қазақ тілінде » Фатуалар

Қандай ақыл-парасат және дін терактілерді джихад деп атай алады?! Уа, жастар, естеріңді жиыңдар!

Сайтымыздың оқырмандарына шейх Абдуль-Мухсин әл-Аббәдтың енбегін ұсынамыз

Мейірімді Рахымды Аллаһтың атымен

шейх Абдуль-Мухсин әл-Аббәдтың кіріспесі

Біз Өзін ғана мадақтайтын және Өзінен ғана көмек пен кешірім тілейтін Аллаһқа мақтаулар болсын! Аллаһтан өзіміздің нәпсіміздің және амалдарымыздың жамандығынан пана іздейміз. Кімді Аллаһ тура жолмен жүргізсе, оны ешкім адастыра алмайды. Ал кімді Аллаһ тастап қойса, оны ешкім тура жолға сала алмайды. Жалғыз Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқтығына куәлік береміз, және Мухаммад – Аллаһтың құлы әрі Оның Елшісі екеніне куәлік береміз. Йә, Аллаһ, оған, оның отбасы мен сахабаларына, және Ақырет Күніне дейін оның жолы мен басшылығына ілескендердің барлығына рахметің мен игілігіңді сыйлай гөр!
Ал содан соң:
Ақиқатында, шайтаның мұсылмандарды уәс-уәстайтын және адастыратын екі жолы бар. Олардың біреуіне ол күнәларға бейім, селқостыққа және дінге деген немқұрайлыққа берілетіндерді итермелейді. Мұндай мұсылманға ол күнәларды және нәпсісінің дегенімен жүруді әдемі етіп көрсетіп, оны Аллаһқа және Оның Елшісіне (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) мойынсынудан алыстатады.
Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтатын: «Жәннәт (нәпсі) ұнатпайтын нәрселермен, ал Тозақ әуес-қалаулармен қоршалған». әл-Бухари 6487, Муслим 2822.
Ал басқа жолға шайтан ғибадатта және Аллаһқа бағынуда ыждағаттылық танытатындарды итермелейді. Мұндай адам үшін ол шектен шығушылықты әдемі етіп көрсетіп, дінді бұзу үшін, онда орынсыз нысапсыздық жасауға итермелейді. Пәк Аллаһ Тағала былай деді: «Йә, Кітап Иелері! Діндеріңде нысапсыздық көрсетпеңдер және Аллаһ туралы тек шындықты айтыңдар!» (ән-Нисә 4: 171).
Аллаһ Тағала сондай-ақ, былай деді: «Әй, Кітап иелері! Ақиқатқа қарсы діндеріңде орынсыз шектен шықпаңдар, және бұрынрақ тура жолдан тайып, адасушылыққа түскен және өзге көпшілікті адастырған адамдардың әуесін құптай бермеңдер!» – де». (әл-Мәидә 5: 77).
Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтатын: «Діндегі нысапсыздықтан (орынсыз артық нәрселерден) абай болыңдар, өйткені сендерден бұрын өмір сүргендерді діндегі шектен шығушылықтары опат қылды!» – деді. Бұл хадис сахих болып табылады. Оны имам ән-Нәсәи тағы да басқалар келтіреді. Бұл хадис – Пайғамбарымыз (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) қоштасу қажылығы кезінде айтқан хадистерінің қатарынан. Ол жөнінде толық шейх әл-Әлбәнидің «әс-Сильсилә әс-сахиха» сынан қараңыз 1283.
Және шайтанның шектен шығушыларға және нысапсыздық танытушыларға қатысты айлаларының қатарынан – бұл оның оларға өз әуес-қалауларына ілесуді және дінді бұрыс түсінуді әдемі етіп көрсетуі. Ол оларды ғалымдарға жүгінуден алыстатады, ғалымдар оларға ақиқатты түсіндіре алмауы және тура жолға нұсқай алмауы үшін, және сөйтіп оларды өз адасушылықтарымен алданып қала беруі үшін. Аллаһ Тағала былай деді: «Және әуес-қалауға ерме, әйтпесе ол сені Аллаһтың жолынан тайдырады!» (Сад 38: 26).
Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деді:
«Аллаһтың басшылығынсыз өз қалауларына ергеннен кім артығырақ адасушы болып табылады?»
(әл-Қасас 28: 50).
«Сондай жаман ісі өзіне әдемі көрсетіліп, оны игілік деп санайтын біреу тура жолға ілесушімен тең бе? Аллаһ қалағанын адастырып, қалағанын тура жолга салады».
(Фәтыр 35: 8).
«Ал сонда Раббысынан түскен басшылыққа ілескен біреу, өзіне жаман амалы әдемі көрсетіліп, әуестерін құптай берген біреумен тең бе?»
(Мухаммад 47: 14).
«Ол – Аллаһ, саған Құранды түсірді. Оның ашық мағыналы аяттары бар. Солар – Кітаптың негізгі іргетасы. Сондай-ақ, астарлы ұғымдағы өзге аяттар бар. Ал жүректерінде қыңырлық болғандар, бұзақылық таратқысы келіп, астарлы мағыналы аяттардың ұғымын іздестіріп, соңына түседі».
(Әли ‘Имран 3: 7).
Имам әл-Бухаридің (4547) және имам Муслимнің (2665) жинақтарында Айшадан, Аллаһ оған разы болсын, жеткен мына хадис риуаят етіледі. Бірде Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) жоғарыда келтірілген аятты оқыды да: «Егер айқын болмаған нәрсеге ілесушілерді көрсең, біл: міне осылар – Аллаһ олар туралы айтқандардың дәл өздері, ендеше, олардан сақ бол!» – деді.
Сондай-ақ Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Аллаһ кімге игілікті қаласа, Ол оны дінді жетік түсінуші қылады». әл-Бухари 71, Мус-лим 1037.
Бұл хадис Аллаһ өзінің құлына игілікті қалауының бір белгісі етіп оны дінді дұрыс түсінушілерден қылатынына нұсқайды. Сондай-ақ, осыдан – кімге Аллаһ игілікті қаламаса, Ол оны дінді түсінуге алып келмейтіні де шығады. Тіпті Ол оны діннің бұрмаланған түсінігімен зақымдайды.
Діннің бұрмаланған түсінігінің мысалы – Алиге, Аллаһ оған разы болсын, қарсы шыққан және кейіннен оны өлтірген хауәридждердің түсінігі болып табылады. Ақиқатында, олар шариғаттың мәтіндерін сахабалардың түсінуіне қайшы келетін бұрыс түсінумен түсінді. Міне сондықтан да, Ибн Аббас оларға Құран мен Сүннеттің мәтіндерін дұрыс түсіндірген және олардың дұрыс түсінігіне нұсқаған кезде, хауаридждердің бір бөлігі тәубеге келіп, өздерінің бұрыңғы көзқарастарынан бас тартты. Бұл уақиға имам әл-Хакимнің «әл-Мустадрак» атты еңбегінде 2/150-152 санымен, имам Муслимнің шарттарына сәйкес келетін сахих иснадымен келтірілген.
Бұл тарихи деректе алты мың хауәриждерден құралған топ халифа болып табылатын Али ибн Әбу Талибтен бөлініп шығып, «Харура» деген жерде қоныстанғаны туралы баяндалады. Және адамдар Алиге келіп: «Йә, муминдердің әмірі, адамдар саған қарсы шықты!» – деп айтуын тоқтатпады. Ол бұған: «Оларды қойыңдар, өйткені, мен олармен, өздері бірінші болып бастамайынша, соғыспаймын, және олар жуық арада осыны істейді деп ойлаймын», – деп жауап беретін. Және барлығы осындай жағдайда болып тұрған кезде, Ибн Аббас бесін (зухр) намазынан кейін Алиге келіп:: «Йә, муминдердің әмірі, маған рұқсат ет: мен ол адамдарға барып, сөйлесейін», -деді. Али оған: "Олар саған жауыздық жасайды деп қорқамын”, – деп айтты. Сонда Ибн Аббас: "Мен жұмсақтық танытамын және олардың ешқайсысын қорлап сөйлемеймін!” – деді. Содан соң Али оған рұқсат берді және: "Олармен Құран арқылы айтыспа, Сүннет арқылы айтыс”, – деп айтты. Ибн Аббас: "Мен Аллаһтың Кітабын олардан жақсы білемін!” – деп жауап берді. Сонда Али оған: "Дұрыс, алайда Құранды әртүрлі тәпсірлеуге болады”, – деді.
Ол хауәриждерге түстен кейін келді және оларды түскі тамақтың үстінде кездестіріп үлгерді. Ибн Аббас былай деп баяндаған: "Оларға келіп, мен ғибадатта олардан ыждағатты болған адамдарды ешқашан көрмеген адамдарды көрдім. Мені көріп, олар былай деді: "Сенімен амандасамыз, йә, Ибн Аббас. Сені бізге не алып келді?” Ол: "Мен сендерге Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларынан – мухаджирлер мен ансарлардан, және оның көкесінің баласынан келдім. Құран оларға түсірілген еді, және олар оның мағынасын сендерден жақсырақ біледі, ал сендердің араларыңда олардың біреуі де жоқ! ” – деді.
Олардың кейбіреулері: «Онымен сөйлеспеңдер!» – деп айқайлай бастады. Сонда сол кезде әлі хауәридж болып жүрген Ибн әл-Кәуә орнынан тұрып, адамдарға қарап, оларды Ибн Аббастан сақтандырып: "Йә, Құранға ілесушілер! Егер бұл Ибн Аббасты біреулер білмесе де, мен оны білемін, міне соның халқы туралы Аллаһ былай деді: «Олар – керісуші адамдар болып табылады» (әз-Зухруф 43: 58). Оны қожайынына қайтарыңдар және Аллаһтың Кітабынан қайтпаңдар!” – деді.
Ал басқалары былай деді: "Айта бер, біз сені тыңдаймыз”. Және сонда Ибн Аббас оларға Алидің келесі шарттарын жеткізді: "Сендер харам етілген қанды төкпейсіңдер, жолдарда қарақшылық жасамайсыңдар, және зиммийлерді жәбірлемейсіңдер. Және осыдан бір нәрсені істесеңдер, біз сендерге қарсы соғыспен шығамыз!”
Сондай-ақ, Ибн Аббас оларға былай деді: "Маған сендер Аллаһтың Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) немере інісін, сондай-ақ оның қызының күйеуін бір нәрселерде күнәлап жатыр деген хабар жеткізілді. Ол Пайғамбарға (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) алғашқы иман келтірген адам еді, ал сендер оған наразысыңдар ма?! Шынымен де солай ма?!”
Олар: "Біз оған үш нәрсе үшін өте наразымыз", – деді.
"Қандай?” – деп сұрады Ибн Аббас.
Олар: "Біріншіден, ол адамдарды Аллаһтың дінінде сот етіп тағайындады, ал Аллаһ: «Үкім тек Аллаһқа тән» , – дейді. (әл-Ан’ам 6: 57).
Екіншіден, ол Муъауия және Айшамен соғысқан кезде, олжамен тұтқын алмады. Егер олар кәпір болған болса, онда бұл рұқсат етілген еді, ал егер олар мумин болған болса, онда тұтқын алуға да, олармен соғысуға да рұқсат етілмеген еді!
Үшіншіден, мұсылмандар оған ант беріп, оны өздерінің әмірі етіп тағайындаса да, ол өзінен муминдердің әмірі (амируль муъминин) деген атақты алып тастады, ал егер ол муминдердің әмірі болмаса, онда ол кәпірлердің әмірі болып табылады! ” – деді.
Абдуллаһ: "Тағы қандайда бір сұрақтар бар ма?” – деп сұрады. Олар: «Жоқ, осы жеткілікті!» – деді.
Ибн Аббас: "Егер мен сендердің көзқарастарыңды Аллаһтың Кітабы және Пайғамбардың Сүннетімен (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) жоққа шығарсам, сендер өз пікірлеріңнен бас тартасыңдар ма?!” – дегенде, олар: "Ия”, – деп жауап берді.
Абдуллаһ сонда былай деді: "Оның адамдарды Аллаһтың дінінде сот етіп тағайындауына байланысты айтар болсақ, онда Аллаһ Тағала: «Әй мүміндер! Сендер их-рамда аң өлтірмеңдер. Сендерден біреу оны қасақана өлтірсе, оның жазасы – өлтіргеніндей бір мал, оны сендерден екі әділ кісі Кағбаға баратын бір құрбанды үкім етеді», – деп айтады ғой. (әл-Маида 5: 95).
Аллаһ Тағала, сондай-ақ, ері мен әйелінің арасындағы келіспеушіліктер туралы былай деді: «Егерде екеуінің арасының ашылуынан қауіптенсеңдер, еркектің ағайынынан бір төреші, әйелдің ағайынынан бір төреші жіберіңдер. Егер ол екеуі жарастыруды қаласа, Аллаһ та екеуінің арасын үйлестіреді». (ән-Нисә 4: 35).
Аллаһпен сендерге жалбарынам! Айтыңдаршы, ал адамдардың қанына, өміріне және олар-ды табыстыруға қатысты адамдар соты маңыздырақ емес пе?!”
Олар: "Әрине, маңыздырақ", – деді.
Ибн Аббас: "Қалай, енді бірінші іс бітті ме?” – деп сұрағанда, олар: "Ия, Аллаһпен ант етеміз”, – деп жауап берді.
Абдуллаһ былай жалғастырды: "Сендер Али соғысты, бірақ ол Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) істегендей тұтқын да, олжа да алмады дедіңдер. Сонда сендер күң ретінде сендердің аналарың Айшаны алып, оған күңге қатысты істегеңдеріңді істейін деп едіңдер ме?! Егер сендер: «Ия», – деп айтсаңдар, онда күпірлікке түсесіңдер, ал егер сендер Айша – аналарың емес деп айтсаңдар да, күпірлікке түсесіңдер, өйткені Аллаһ Тағала былай деді: «Пайғамбар муминдерге олардың өздерінен жақын, ал оның жұбайлары – олардың аналары». (әл-Ахзаб 33: 6).
Кейін Абдуллаһ былай деді: "Қалай, енді мұнымен де іс бітті ме?”
"Ия, Аллаһпен ант етеміз ”, – деп жауап берді олар.
Абдуллаһ өз сөзін жалғастырды: «Сендер, сондай-ақ, Али өзінің муминдердің әмірі деген атағынан бас тартты дедіңдер. Худайбия бітімі жасалған күні Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) көпқұдайшылдармен жасасқан келісім-шартта «Мухаммад – Аллаһтың Елшісі» деп жазғысы келгенде, мушриктер наразы болып: «Егер біз сенің Аллаһтың Елшісі екендігіңе сенгенде, сені қуып жібермейтін едік және сенімен соғыспайтын едік. «Мухаммад ибн Абдуллаһ» – деп жаз», – деді. Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) олардың талаптарына көніп: «Йә, Али, мұны өшір де, «Абдуллаһтың ұлы Мухаммад» деп жаз, ал Аллаһ менің Аллаһтың Елшісі екенімді біледі!» – деді».
Осыдан кейін Ибн Аббас: "Қалай, мұнымен де біттік пе?” – деп сұрағанда, олар: "Аллаһпен ант етеміз, ия”, – деді.
Ибн Аббас былай деді: "Олардан (хауәридждерден) екі мың адам қайтты, және адасуда қалғандар өлтірілді. Және оларды мухаджирлер мен ансарлар өлтірді”.
Бұл тарихи деректе екі мың хауәридждер, ибн Аббас, Аллаһ оған разы болсын, оларға айқын және бұлтартпайтын дәлел ұсынғаннан кейін, өз адасушылықтарынан бас тартты деп жеткізілген.
Бұл деректе, сондай-ақ, ғалымдарға жүгіну – жауыздықтан және бүліктерден құтылу болып табылатындығына нұсқау бар. Ал Аллаһ Тағала былай деді: «Егер өздерің білмесеңдер, білім иелерінен сұраңдар». (ән-Нәхль 16: 43).
Сондай-ақ, ғалымдарға жүгіну – мұсылмандар үшін олардың дінінде де, дүние істерінде де игілік болып табылатынына дәлел болып – имам Муслим өзінің хадистер жинағында (191) Язид әл-Фақирден жеткен мына хадис те табылады: "Бірде маған хауариждердің бір пайымдаулары ұнап қалған еді. Біз қажылық жасауды және содан соң адамдарға қарсы шығуды қалап, көп санды топтың құрамында сапарға шықтық. Біздің жол Мәдинаның үстінен өтті, онда мен күтпеген жерден Джәбир ибн Абдуллаһты көріп қалдым. Ол бағананың жанында адамдарға Аллаһтың Елшісі туралы (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) хабарлар жеткізіп отырған болатын. Өзге нәрселер қатарында ол джәханнәмийюн туралы да айтты . Мен оған былай дедім: «Йә, Аллаһтың елшісінің (Аллаһтың оған иглігі мен сәлемі болсын) сахабасы, сен не туралы айтып отырсың?! Аллаһ былай деді ғой: «Раббымыз! Сен кімді отқа салсаң, расында оны қорладың. Залымдардың еш жәрдемшісі жоқ!» (Әли ‘Имран 3: 192). Және Ол, сондай-ақ, былай деді: «…Қашан олар, тозақтың бейнетінен шығуды қаласа, оған қайта итеріледі…» (Хадж 22: 22). Ал сендер не деп отырсыңдар?!» Ол: «Сен Құранды оқисын ба?» – деп сұрады. Мен: «Ия», – дедім. Ол: «Ал сен Мухаммадтың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) орны туралы естіп едің бе, яғни оны Аллаһ алып келетін орын туралы?» – деп сұрады. Мен: «Ия», – дедім. Сонда ол: «Бірақ, міне осы – Мухаммадтың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) иеленетін мақтаулы орыны ғой (мәқамун мәхмуд), Аллаһ ол арқылы Өзі Оттан шығаратындарды Оттан шығарады!» – деді.
Ал содан кейін ол сырат көпірі қалайша құрылытыны және адамдар одан қалайша өтетіні туралы айта бастады. Басқалар оның сөздерін жақсырақ есте сақтап қалды деп қорқамын, алайда, ол: кейбір адамдар Отқа түскеннен кейін одан шығады деді. Ол деген сөз, олар кунжіттің сабақтары дүниеге шыққан сияқты шығады және Жәннәттың өзендерінің біріне кіреді, ал содан соң олар сол өзенде жуынады, ал одан шыққан кезде (тап-таза) парақ сияқты болады.
Біз қайттық және былай дедік: «Өкініш сендерге! Сонда сендер осы қария (Джәбир) Аллаһтың Елшісі туралы (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) өтірік сөйледі деп ойлайсыңдар ма?!» Және қайтып келген соң біздің ешқайсымыз ашық түрде (хауәриждердің жағына) шыққан жоқпыз, бір-ақ адамнан басқа”.
Бұл хабарда осы топтың (хауәридждердің) үлкен күнәләр істейтін мұсылмандарды күпірлікте айыптауға және осындайлар Отта мәңгі қалатынына қатысты көзқарастарымен әуестенгеніне нұсқау бар. Алайда, олар Джәбирді, Аллаһ оған разы болсын, кездестіргенде және ол оларға адасқан нәрселерін түсіндіріп берген кезде, олар өз көзқарастарын өзгертті және өздері түсіп жүрген адасушылықтан бас тартып, ол нұсқаған ақиқатты қабылдады. Бұған қоса, олар қажылықтан кейін өздері жоспарлаған мұсылмандарға қарсы шығудан бас тартты. Және бұл – мұсылман адам ғалымдарға жүгінген кезде алатын ұлы пайда болып табылады.
Діндегі нысапсыздықтың және ақиқат пен әхлю-Суннә уәл жәмәаның жолынан ауытқудың қауіптілігіне Пайғамбарымыздың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) Хузайфә жеткізген мына хадисі де нұсқайды. Онда Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Ақиқатында, мен сендер үшін Құранды оқитын, және оның әдемілігі оның келбетіне шығып тұратын, және ол Исламның қорғаушысы болатын адамнан қорқамын. Кейін ол Құранды артына тастап қалдырады, өз көршісін көпқұдайшылықта (ширкте) айыптап, оған қылыш көтеріп тап береді». Хузайфә: "Йә, Аллаһтың пайғамбары, олардың қайсысы көпқұдайшылыққа жақын, айыптаушысы ма, әлде айыпталушысы ма?! ” – деп сұрады. Ол: «Жоқ, айыптаушысы», – деді. әл-Бухари "әт-Тарих” 297, Ибн Хиббән 81. Хадистің сахихтығын имам әл-Хайсами, хафиз Ибн Кәсир және шейх әл-Әлбәни растаған. "әс-Сильсилә әс-сахиха” 3201.
Сондай-ақ, дінді бұрыс түсінудің себебі болып – жастық шақ та табылады. Бұған дәлел болып – имам әл-Бухари (4495) ‘Уруа ибн аз-Зубәйрдан келтіретін мына хадис табылады. Ол былай деп баяндаған: "Бірде мен – сол кезде мен жас едім – Айшадан мына аят жөнінде сұрадым: «Ақиқатында, Сафә мен Мәруа – Аллаһтың рәсімдік белгілерінен. Және кім Қағбаға қажылық немесе умра жасаса, олардың арасын айналып өтсе – күнәхар болмайды». (әл-Бәқара 2: 158). "Сен бұл жөнінде не айтасың? Мен бұл екі төбенің арасын (Сәфуа мен Мәруа) айналып өтуді жасамауда проблема көріп тұрған жоқпын”. Ол былай деп жауап берді: "Жоқ! Егер бұл осылай болғанда, онда: «Оларды айналып өтпеген – күнә жа-самайды», – деп айтылар еді. Бұл аят Исламға дейін Қажылығын Манат деген пұттың алдынан бастайтын, ал Ислам келгеннен кейін олар Сәфә мен Мәруаның арасын айналып өтуден қауіптенетін ансарлар жөнінде түскен. Олар не істеуін білмеді және бұл жөнінде Пайғамбардан (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) бұл жөнінде сұрады, және Аллаһ осы аятты түсірді ”.
‘Уруа ибн аз-Зубәйр ең жақсы табиғиндердің бірі және Мәдинаның ең атақты жеті фәқиһтарының бірі болып саналатын. Алайда, Айшаға өз сұрағын қойған кезінде, ол әлі жас еді. Және осыда жастық шақ та – дінді бұрыс түсінудің себебі болып табылатындығына , сондай-ақ ғалымдарға жүгіну – игілік және құтылу болып табылатындығына нұсқау бар!

Қандай ақыл-парасат және дін терроризмді джихад деп атай алады?!

Осы кіріспеден және шайтан, бұл хауәридждерден және олардың идеяларын жұқтырып алғандардан байқалатындай, ғибадатта ыждағаттылық танытушыларға, олардың дінін бұзу үшін, діндегі шектен шығушылық пен нысапсыздық жағынан келетініне нұсқағаннан соң, бүліктерден құтылудың жолы – ғалымдарға жүгіну болып табылатыны келіп шығады. Бұған мысал – Ибн Аббастың түсіндіруінен кейін тура жолға қайта оралған екі мың хауаридждер және, сондай-ақ, Джәбирді кездестірген топтың көзқарастарының түзелуі.
Міне, осы кіріспеден соң мен мынаны айтқым келеді: «Ақиқатында, терактілердің себебімен Әр-Риядта орын алған және осы жылдың (х.1424 ж.) басында Мекке мен Мәдинада орын алған нәрселер – осы міне – шайтанның уәсуәсінің нәтижесі және оның осыған беріліп кеткендерге шектен шығушылық пен нысапсыздықты әдемі етіп көрсетуі. Орын алған нәрселер – қылмыстардың ішіндегі ең жек көрінішті амал және жер бетіндегі бұзақылық болып табылады . Бірақ, бұдан да жек көрініштісі – бұл шайтанның осыны істеген адамдарды осы – джихад деп ойлауға мәжбүрлеуі! Ал қандай ақыл-парасат және дін мұсылмандарды және муахадтарды (мұсылмандармен келісім-шартта болған кәпірлер) өлтіру, адамдарға зәресі ұшатындай үрей салу, жесірлер мен жетімдерді қалдыру, сондай-ақ, ғимарат-құрылыстарды ішіндегі адамдарымен қоса қирату – бұл джихад болып табылады деп айта алады?!
Мен бізден алдынғы шариғаттарда адам өлтіру күнәсінің үлкендігі және оның қауіптілігі жөнінде айтылғандарға қатысты Құран мен Сүннеттің мәтіндерін келтірдім. Сондай-ақ, мен қасақана немесе қателікпен жасалған өзін-өзі өлтіруге, мұсылмандарды және олармен келісім-шартта болған кәпірлерді өлтіруге қатысты Құран мен Сүннеттің мәтіндерін де келтірдім. Және мен оларды, «кім жоқ болатын болса, ашық дәлел бойынша жоғалсын. Ал кім тірі қалатын болса да ашық дәлел бойынша тірі қалсын!» (әл-Анфәл 8: 42) деген мақсатта дәлел келтіру үшін келтірдім .
Және мен Аллаһтан тура жолдан тайғандарды тура жолға салуын ,және оларды қараңғылықтардан жарыққа шығаруын, және мұсылмандарды жауыздық жасаушылардан сақтауын тілеймін, ақиқатында, Ол – Естуші және дұғаларға Жауап Беруші!

Бізден алдыңғы қауымдардың шариғатында
адам өлтіру күнәсінің ауырлығын және қауіптілігін дәлелдейтін Құран мен Сүннеттің мәтіндері.

Пәк Аллаһ Тағала Адамның ұлдарының бірі туралы былай деді: «Сонда оның нәпсісі өз туысын өлтіруге итермеледі де, ол, оны өлтіріп, зиянға ұшыраушылардан болды». (әл-Мәидә 5: 30).
Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деді: «Соның себебінен Исраил ұрпақтарына: «Кім кісі өлтірмеген, немесе жер жүзінде бұзақылық таратпаған біреуді өлтірсе, сонда шынайы түрде барлық адамды өлтіргендей болады, және кім оны тірілтсе, (өлімнен құтқарса) – барлық адамды тірілткендей!» – деп жаздық». (әл-Мәидә 5: 32).
Ал Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Хақысыз адам өлтіру жасалған әрбір кезде, қантөгіс үшін күнә Адамның ұлына да жүктеледі, өйткені, адам өлтіруді сол бастады!» әл-Бухари 3335, Муслим 1677.
Аллаһ Тағала Өзінің Муса пайғамбары туралы, Хидр баланы өлтірген кезде, ол оған былай деп айтқанын баяндайды: "Кісі өлтірмеген жазықсыз біреуді өлтірдің бе? Рас жаман іс істедің!” – деді»» (әл-Кахф 18: 74).
Аллаһ, сондай-ақ, Муса пайғамбар (оған Аллаһтың сәлемі болсын) туралы қиссасында оның өз руласына болысуы кезінде мысырлықты өлтіргенін баяндайды. Аллаһ Тағала былай деді: «Сонда өз тобынан болғаны дұшпанына қарсы Мусадан көмек тіледі. Сонда Муса оны жүдырықпен ұрганда, оған қаза жетті. (Муса): «Бұл – шайтан ісі. Өйткені, ол – ашық адастырушы дұшпан. Раббым! Рас өзіме кесір істедім. Мені жарылқа!» – деді. Сондықтан, Аллаһ оны жарылқады. Өйткені, Ол – тым Жарылқаушы, ерекше Мейірімді». (әл-Қасас 28: 15-16).
Имам Муслимнің сахих хадистер жинағында Салим ибн Абдуллаһ ибн ‘Умардың, былай дегені келтірілген: «Әй, Ирақтың тұрғындыры, сендерді кіші (күнәлар) туралы сұрап, үлкендерін жасауға не мәжбүрлейді? Мен әкем ‘АбдуллаҺ ибн ‘Умардың былай дегенін естігенмін: "Мен Аллаһтың Елшісінің, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын: «Бүлік ана жақтан келеді», – деп, қолымен шығысқа, шайтанның мүйіздері көрініп шығатын жаққа қарай сілтегенін көргенмін. Сендер бір біріңнің бастарыңды шауып жатырсыңдар, ал Муса, Аллаһтың оған сәлемі болсын, Перғауынның қауымынан болған (адамды) өлтірді және Аса Құдыретті және Ұлы Аллаһ оған былай деді: «Және бір кісі өлтірдің. Сонда сені, ол қайғыдан құтқарған едік те, сынаулармен сынаған едік». (Та ха, 40)». Муслим № 2905.
Салим ибн Абдуллаһтың: «Сендерді кіші (күнәлар) туралы сұрап, үлкендерін жасауға не мәжбүрлейді!» – деген сөздері оның әкесі – Ибн ‘Умардың әл-Бухариде (5994) келтірілген сөздеріне ұқсайды. Ол, Ирақтық біреудің, масаның қаны туралы қойған сұрағына былай деп жауап берген еді: "Сендер мынаған қараңдаршы, ол менен масаның қаны туралы сұрап тұр, алайда олар Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) немересін өлтірді, ал мен Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтатынын естігенмін: «Олар мен үшін бұл дүниенің екі гүлі сияқты». Әл-Хасан мен әл-Хусейн туралы, Аллаһ оларға разы болсын, айтылуда.
Аллаһ Тағала Исраил ұрпақтары туралы былай деді: «Сендерден өздеріңнің қандарыңды төкпеулерің және бір-біріңді жұрттарыңнан қуып шығармауларың жөнінде уәде алған едік. Кейін сендер осыны мақұлдап, осыған куә болған едіңдер». (әл-Бәқара 2: 84).
Ол, сондай-ақ, былай деді: «Оларға Тәуратта: жанға жан, көзге көз, мұрынға мұрын, құлаққа құлақ, тіске тіс және жараларға – құн төлеу (қысас) жаздық». (әл-Мәидә 5: 45).

Қасақана және қателікпен өзін-өзі өлтіргендерге қатысты Құран мен Сүннеттің мәтіндері

Пәк және Ұлы Аллаһ былай деді: «Әй, мүміндер! Өзара малдарыңды бұзықтықпен жемеңдер. Бірақ өз ризалықтарыңмен саудаласу – басқа. Және бір-біріңді өлтірмеңдер. Расында, Аллаһ сендерге ерекше мейірімді. Ал кім осы айтылғанды дұшпандығы және зұлымдығымен істесе, оны жақын арада отқа сала-мыз. Бұл – Аллаһқа оңай!» (ән-Нисә 4: 29-30).
Сабит ибн Даххактан Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі: «Кім қандайда бір нәрсемен өзін өлтірсе, Қиямет Күні сол нәрсесімен азапталады». әл-Бухари 6047, Муслим 176.
Сондай-ақ, Әбу Хурайрадан, Аллаһ одан разы болсын, оның былай деп айтқаны жеткізіледі: «Аллаһтың Елшісі, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын: «Кім өзін таудан (арнайы) тастап опат етсе, өзі мәнгілікке (тасталатын) Тозақтың (отына) үздіксіз төмен қарай құлай береді; кім (арнайы) у ішіп өзін опат етсе, (өзі) мәңгілікке (тасталатын) Тозақтың (отында) оны өз қолымен үздіксіз ішеді; кім өзін темірмен өлтірсе, (өзі) мәңгілікке (тасталатын) Тозақтың (отында) өз қолымен сол темірмен өзінің қарнына үздіксіз соға (шанша) береді», – деп айтатын». әл-Бухари № 5778, Муслим № 175.
Сондай-ақ, Әбу Хурайрадан Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі: «Кім өзін-өзі тұншықтырса, өзін-өзі тұншықтыруын Отта жалғастырады, ал кім өзін-өзі сойып өлтірсе, мұны Отта да істейді». әл-Бухари 1365.
Джундабәдан (Аллаһ оған разы болсын) Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: «Көп жарақаттары бар бір адам өзін-өзі өлтірді, және сонда Аллаһ Тағала былай деді: «Менің құлым өз еркімен менен озды, сол үшін мен оған Жәннәтты харам еттім»». әл-Бухари 1364.
Джәбир ибн Самурадан (Аллаһ оған разы болсын): "Бірде жарақат алған бір адам өзін-өзі өлтіргенгенде, Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) оған жаназа намазын оқымады”. – деп жіткізіледі. Шейх әл-Әлбәни бұл хадистің сахихтығын растаған. "Сахих ат-тарғиб” 2457.
Қателікпен өзін-өзі өлтіргенге қатысты айтар болсақ, ол Аллаһтың мына сөздеріне сәйкес осы үшін жазаланбайды: «Егер сендер қателік жасасаңдар – күнә көтермейсіңдер, тек егер осыны істеуді жүректеріңде ниет етпеген болсаңдар». (әл-Әхзаб 33: 5).
Және, сондай-ақ, мына аятқа сәйкес: «Рабымыз! Біз ұмытсақ немесе қателескен болсақ, бізді жазалама» (әл-Бәқара, 2: 286), және бұл жалбарынуға Аллаһ Тағала былай деп жауап берді: «Мен мұны істеп қойдым», бұл жөнінде Муслимде келтірген 126-хадисте айтылатындай.

Мұсылман адамды қасақана немесе қателікпен қақысыз өлтіруге қатысты Құран мен Сүннеттің мәтіндері

Мұсылманды өлтіру қақылы да, қақысыз да орын алуы мүмкін. Қақылы өлтіру – бұл қақысыз адам өлтіру үшін тең мөлшерде есе қайтару (қасас) және белгілі қылмыстар үшін өлім жазасымен жазалау.
Мұсылманның заңсыз өлтірілуі қасақана да, кездейсоқ та болуы мүмкін. Аллаһ Тағала қасақана өлтіру туралы:
«Кім бір мүмінді қасақана өлтірсе, оның жазасы – ішінде мүлде қалатын Тозак болады. Сондай-ақ, Аллаһ оған ызаланады, лағнеттейді және зор қинау әзірлеп қояды»,
– деді. (ән-Нисә 4: 93).
«Олар Аллаһпен бірге басқа құдайларға жалбарынбайды. Аллаһ өлтірілуін харам еткен кісіні, оған құқы болмаса, өлтірмейді, және зина жасамайды. Кімде-кім осыларды істесе – күнәға жолығады. Ал кім осылай істесе – жазасын алады. Оған Қиямет күні, еселенген азап болады. Ол онда қор болып, мүлде қалады. Бірақ, бұл – тәубе қылғандарға, иман келтіргендерге және ізгілік жасағандарға қатысты емес. Аллаһ олардың жамандықтарын жақсылықтарға ауыстырады. Өйткені, Аллаһ өте Жарылқаушы, ерекше Мейірімді».
(әл-Фурқан 25: 68-70).
«Және де заңды болғаннан өзге Аллаһ харам еткен жанды өлтірмеңдер».
(әл-Әнғәм, 6: 151).
«Кедейшіліктен қорқып, балаларыңды өлтірмеңдер. Біз оларды да, сендерді де ризықтандырамыз. Расында, оларды өлтіру – зор күнә».
(әл-Исра 17: 31).
«Сондай ақымақтықпен, еш білімсіз балаларын өлтіргендер және Аллаһ туралы өтірік сөйлеп Аллаһтың өздеріне берген несібесін харам еткендер – зиянға ұшырады. Олар адасушылыққа түсті және тура жолға ілеспеді».
(әл-Әнғәм 6: 140).
Ал Аллаһтың Елшісіне (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) қатысты айтар болсақ, ол былай деді: «Ақырет Күні адамдар арасындағы істердің қаралуы басталатын алғашқы нәрсе – бұл қантөгіс!» әл-Бухари 6864, Муслим 1678.
Ал өзінің қоштасу қажылығының барысында ол адамдарға құтпа айтып, онда тағы да бір рет мұсылмандардың қанының, мал-мүлкінің және ар-намысының ұлықтығына нұсқап, оларды (сол) орын мен уақыттың ұлықтығымен салыстырды. Абу Бәкр, Аллаһ оған разы болсын, былай деп баяндайтын: "Құрбан Айт күні Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) бізге құтпа айтты да, ізінен: «Ал сендер бұл не күн екенін білесіңдер ме?» – деп сұрады. Біз: «Аллаһ және оның елшісі жақсырақ біледі», – деп жауап бердік, ал ол үнсіз тұрып қалды, және біз оны өзгеше атайды ма деп ойлап қалдық. Бірақ, ол: «Бұл – Құрбан Айт күні емес пе?» – деді. Біз: "Ия”, – деп жауап бердік. Кейін ол: «Ал бұл – қандай ай?» – деп сұрады. Біз: «Аллаһ және Оның елшісі жақсырақ біледі», – дедік. Ал ол үнсіз тұрып қалды, және біз оны басқаша атайды ма деп ойлап қалдық, бірақ ол: «Бұл – зуль-Хижжә емес пе?» – деді. Біз: "Ия”, – деп жауап бердік. Сонда ол былай деді: «Ақиқатында, сендердің араларыңдағы қарым-қатынастарың – сендер үшін осы қалаларыңдағы осы айларыңдағы осы күндерің қандай қасиетті болып табылса – қандарың да, мал-мүліктерің де және ар-намыстарың да сондай қасиетті болатындай болуы керек! Осында барлар мұны осында жоқтарға хабарласын. Өйткені, ақиқатында, осында бар адам бұл жөнінде осыны өзінен жақсы түсінетін адамға жеткізуі мүмкін».”. әл-Бухари 1741, Муслим 1679.
Әбу Хурайрадан, Аллаһ оған разы болсын, Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Жеті опат етуші күнәдан аулақ болыңдар!» – дегені жеткізіледі Адамдар: "Йә, Аллаһтың Елшісі, бұл – не күнәлар?” – деп сұрады. Ол: «Аллаһпен бірге кімге болсын құлшылық қылу; сиқыршылық; заңды болғаннан өзге жағдайда Аллаһ өлтіруге тыйым салған адамды өлтіру; өсімқорлық; жетімнің хақысын жеу; шайқас кезінде соғыс майданынан қашу және зина жасау туралы тіпті ойланбаған арлы, иман келтірген әйелдерді зинақорлықта айыптау», – деді. әл-Бухари 2766, Муслим 1/189.
Ибн Умардан, Аллаһ оған разы болсын, Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі: «Мумин тыйым салынған қанды төкпейінше өз дініндегі кеңшілікті сезінуін тоқтатпайды». әл-Бухари 6862.
Ал Ибн Умардың өзі былай деп айтатын: "Егер біреудің басына шығар жолы жоқ (қиын) жағдай түссе, ол тыйым салынған қанды төккен болғаны! ” әл-Бухари 6863.
Убәда ибн әс-Самит, Аллаһ оған разы болсын, бірде Аллаһтың Елшісінің айналасына сахабалардың бір тобы жиналғанда, ол былай деп айтқанын жеткізген: «Аллаһтан өзге ешкімге құлшылық қылмайтындарыңа, ұрлық, зинақорлық жасамайтындарыңа, балаларыңды өлтірмейтіндеріңе, жүректеріңмен тоқылған өтірікті таратпайтындарыңа, сендерге шариғат мақұлдаған нәрсе бұйырылғанда – мойынсынудан бас тартпайтындарыңа маған ант беріңдер. Сендерден кім осы антына берік болса, Аллаһ оны марапаттайды. Ал кім осы аталған күнәлардың біреуін істесе, ал Аллаһ оның күнәсын жасырса, онда Аллаһтың өзі шешеді, және егер қаласа – оны кешіреді, ал қаласа – жазалайды». әл-Бухари 18, Муслим 1709.
Абдуллаһ ибн Умардың, Аллаһ оған және оның әкесіне разы болсын, сөздерінен жеткен хадисте Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Бізге қару көтерген – бізден емес ». әл-Бухари 6874, Муслим 161.
Абдуллаһ ибн Мас‘удтан, Аллаһ оған разы болсын, жеткен хадисте Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Үш жағдайдан басқа кезде мұсылманның қанын төгуге рұқсат етілмейді: зинақорлық жасаған үйленген адамды өлім жазасымен жазалау кезінде, өмір үшін өмірді алған кезде; және біреу діннен шығып үмметті тастап шыққан кезде». әл-Бухари 6878, Муслим 1676.
Сондай-ақ, Ибн Маc‘удтан, Аллаһ оған разы болсын, Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: «Мұсылманды балағаттау – бұзақылық, ал онымен соғысу – күпірлік!» әл-Бухари 48, Муслим 116.
Ибн Аббастан, Аллаһ оған және оның әкесіне разы болсын, Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі: «Аллаһқа ең жек көрінішті адамдар болып мына үшеуі табылады: Қорықты орында бола тұра ақиқаттан ауытқыған, надандық (джәхилия) дәуірінің салттарын Исламда сақтағысы келген адам, және қақысы болмай біреудің қанын төккісі келген». әл-Бухари 6882.
Пәк және Ұлы Аллаһ былай деді: «Әй, мүміндер! Сендерге қысас (есе қайтару) парыз етілді: азатқа – азат, құлға – құл, әйелге – әйел. Дегенмен, өлтіруші өзінің бауыры тарапынан кешірілсе, онда әділдік жасап, оған дұрыс құн төлеп беруі қажет. Міне осы – Раббыларың жағынан жеңілдік және мәрхамет. Ал кімде-кім бұдан кейін шектен шықса (кек сақтаса), ол үшін Ақыретте күйзелтуші азап бар. Әй, ақыл иелері! Қысас (кісі өлтіргенді өлтіру) сендердің өмірлеріңді сақтайды. Мүмкін сендер тақуалық танытарсыңдар». (әл-Бәқара, 2: 178-179).
Ибн ‘Умар, Аллаһ оған разы болсын, мынаны баяндаған: "Бірде бір жас жігіт өлтірілгенде, Умар былай деді: «Егер оны өлтіруге тіпті бүкіл Сана (Йәмән) тұрғындары қатысса еді, мен міндетті түрде олардың барлығын өліммен жазалар едім».” . әл-Бухари 6896.
Әл-Бухаридің сахих жинағында (7152) Джундубтың, Аллаһ оған разы болсын, былай деген сөздері келтірілген: "Ақиқатында, адам бойындағы ең бірінші шіри бастайтыны – оның қарыны, ендеше кім игі нәрседен өзге ешнәрсе жемей (жүре) алса, осылай істесін, және кім өзін Жәннәттан ол төккен бір уыс қан болса да алыстата алмайтындығына қол жеткізе алса, оны төкпесін”.
Хафиз ибн Хаджәр былай деді: "Тіпті бұл хадис мауқуф түрінде (сахабадан) жеткізілген болса да, оның жағдайы марфуъ (пайғамбардан жеткен) хадиске жатады, өйткені сахабалар мұндай нәрселер туралы өзінен айтпайтын. Бұл хадисте мұсылманды заңсыз өлтірген адамға өте үрейлі қорқыту бар. ”. "Фәтхуль-Бәри” 13/130.
Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтатын: «Кім менің үмметіме соғыспен қарсы шығып, олардың арасындағы иман келтіргендерді ескермей, өзі келісім-шарт жасасқандармен жасаған келісімін орындамай, ізгілер мен пасықтарды (қосып) өлтірсе, оның маған еш қатысы жоқ, ал менің – оған (еш қатысым жоқ)». Муслим № 1848.
Әл-Мунзиридің ”әт-Тарғиб уәт-тархиб” кітабындағы мына төменде келтірілген хадистер әл-Бухари мен Муслимның жинақтарында кездеспесе де, алайда, олардың сахихтығын шейх әл-Әлбәни "Сахих әт-тарғиб” еңбегінде 1/629-634 растаған:
Әл-Бәрдан, Аллаһ оған разы болсын, Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: «Бұл дүниенің түгелімен опат болуы Аллаһ үшін муминнің заңсыз өлтірілуінен маңыздырақ емес!»
Әбу Са‘идтен және Әбу Хурайрадан, оларға Аллаһ разы болсын, жеткен хадисте Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Егер аспандар мен жердің бүкіл тұрғындары бір муминді бірлесіп өлтіруге айыпты болған болса еді, Аллаһ міндетті түрде олардың барлығын Отқа тастар еді».
Абу Бәкрадан, Аллаһ оған разы болсын, Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткен: «Егер аспандар мен жердің тұрғындары бірігіп мұсылманды өлтірген болса еді, Аллаһ оларды міндетті түрде жүздерімен Отқа тастар еді».
Муъауиядан, Аллаһ оған разы болсын, жеткізілетін хадисте, Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Аллаһ кез-келгенге оның күнәсын кешіре алады, күпірлікте өлгеннен және муминді қасақана өлтіргеннен басқа».
Абу Мусадан, Аллаһ оған разы болсын, Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: «Ібліс өзінің әскерін жинаған кезде, оларға: «Кім бүгін мұсылманды жеңсе, оған мен тәж кігіземін», – деп айтады. Және оған шайтанның біреуі келіп: «Ол өз әйелімен ажыраспайынша мен оны уәсуәстауымды тоқтатпадым», – дейді. Бірақ, Ібіліс: «Ол оған қайта үйлене алады», – деп айтады. Сонда басқасы келіп: «Ол ата-анасына мойынсұнбаушылық танытпайынша мен оны уәсуәстауымды тоқтатпадым», – дейді. Ал Ібіліс: «Бірақ, ол оларға игі пиғыл көрсетуді қайтадан бастай алады», – дейді. Сонда үшіншісі келіп, былай дейді: «Ол көпқұдайшылыққа түспейінше мен оны уәсуәстауымды тоқтатпадым!» Ібіліс: «Сен! Сен!» – деп жауап береді. Сонда Төртіншісі келіп: «Ол адам өлтірмейінше мен оны уәсуәстауымды тоқтатпадым», – дейді. Оған ол: «Сен! Сен!» – деді және оған тәж кигізді».
Ибәд ибн Саммиттен, Аллаһ оған разы болсын, жеткен хадисте Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Кім муминді өлтіріп, сонысына қуанған болса, Аллаһ одан ерікті амалдарын да, парыз амалдарын да қабыл етпейді!» Бұл хадисті Абу Дауд келтіреді, және ол кейін Халид ибн Дахқанның былай дегенін жеткізеді: "Мен Яхья ибн Яхьдан «сонысына қуанған болса», деген сөздер туралы сұрадым, және ол: "Сөз, бүлік кезінде соғысатындар туралы болып тұр. Біреу екіншісін өлтіріп, өзін тура жолда деп есептейді және жасаған қылмысы үшін тәубе етпейді”.
Әбу Са‘ид әл-Худриден, Аллаһ оған разы болсын, жеткізілген хадисте Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Қиямет Күні Оттан мойын шығып: «Ақиқатында, маған (мына) үшеуді азаптау бұйырылған: әрбір тәкәппар езушіні; Аллаһқа серік қосқанды; және қақысыз адам өлтіргенді», – деп айтады. Және олардың үстінен Тозақ жабылады да, олар түпсіз тұңғиыққа тасталады». "әс-Сильсилә әс-сахиха” 2699.
Ал, мұсылманды қасақана емес өлтіру туралы айтар болсақ, Аллаһ мұндайды істеп қойған адамды құн төлеумен (дия) және өтеумен (кәффара) міндеттеді, бұл жөнінде Аллаһ Тағала былай деп айтқанындай: «Бір мүміннің бір мүмінді өлтіруіне болмайды. Бірақ, қателікпен болса – басқа. Мүмінді қателікпен кім өлтірсе де, ол бір мүмин құл азат етіп, әрі өлгеннің отбасына құн тапсыруы керек. Бірақ, олар кешірім етсе, ол басқа. Егер өлтірілген сендермен дұшпан елдегі біреу болса, (құн төлемей) бір мүмін құл азат етуі керек. Ал егер өлтірілген сендермен олардың арасында келісім болған бір елден болса, өлгеннің иесіне құн тапсырып, әрі бір мүмін құл азат етуі керек. Бұларды таба алмаған кісі, Аллаһқа тәубе ету ретінде тұтас екі ай ораза ұстауы керек. Аллаһ – Білуші, Дана». (ән-Нисә 4: 92).

Мұсылмандармен келісім-шартта болған кәпірді қасақана және кездейсоқ өлтіруге қатысты Құран мен Сүннеттің мәтіндері

Мұсылмандардың жерінде өмір сүріп, джизья төлеуші кәпірді (зиммий), және мұсылмандардың әмірі келісім-шарт жасасқан кәпірді (муахад), сондай-ақ, мұсылмандардын біреу қауіпсіздік кепілдігін берген кәпірді (мустамин) өлтіру – харам (тыйым салынған)! Және мұны жасаған үшін қатаң жаза әзірленген. Абдуллаһ ибн Амрдың сөздерінен, Аллаһ оған және оның әкесіне разы болсын, Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізілген: «Кім муахадты өлтірсе – Жәннәттың иісін де сезбейді. Ал, ақиқатында, Жәннәттың исі қырық жылдық жолдың алшақтығынан сезіледі». әл-Бухари № 3166.
Бұл хадисті имам әл-Бухари өзінің жинағындағы «Муахадты заңсыз өлтіргеннің күнәсы туралы» деп атаған тарауында келтірген. Сондай-ақ, ол тура осы хадисті «Өтеулер» деген кітабында келтіріп, тарауды «Зиммийді заңсыз өлтіргеннің күнәсі» деп атаған.
Хафиз Ибн Хаджәр "Фатхуль-Бәри” (12/259) кітабында былай деп жазған: "Ол (әл-Бухари) бұл хадисті, онда муахад аталса да, зиммийге қатысты қолданған. Хадисте мұсылмандармен келісім-шарты болған кәпір туралы сөз болуда, мейлі ол – джизья төлеу, әмірмен бітім, немесе мұсылманның берген қауіпсіздік кепілдігі (амән) болсын”.
Тура осы хадисті имам ән-Нәсаи де (4749), бірақ, енді оның басқа риуаятын келтірген: «Кім зиммийді өлтірсе – жетпіс жылдық жол алшақтығынан сезілетін Жәннәттың иісін сезбейді».
Сондай-ақ, Әбу Бәкрадан Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізілген: «Рұқсат етілмеген уақытта муахадты өлтіргенге Аллаһ Жәннәтты харам етеді». Әбу Дауд 2760, ән-Нәсаи 4747. Хадистің иснәді сахих.
Ал мұсылмандармен келісім-шарты бар кәпірді өлтіру туралы айтар болсақ, мұны жасағанды Аллаһ құн (дия) төлеумен және күнәны өтеумен (кәффәра) міндеттеді. Аллаһ Тағала былай деді: «Ал егер өлтірілген сендермен олардың арасында келісім болған бір елден болса, өлгеннің иесіне құн тапсырып, әрі бір мүмін құл азат етуі керек. Бұларды таба алмаған кісі, Аллаһқа тәубе ету ретінде тұтас екі ай ораза ұстауы керек. Аллаһ – Білуші, Дана». (ән-Нисә 4: 92).
Және соңында мен мыналарды айтқым келеді:
Уа, жастар! Аллаһтан қорқыңдар және сендерді бұл дүниеде бақытсыздыққа, ал Ақыретте азапталуға итермелейтін шайтанның олжасы болмаңдар!
Аллаһтан қорқыңдар және мұсылмандардың қарттарын, ересектерін және балаларын өлтірмеңдер!
Аллаһтан қорқыңдар және мұсылмандардың аналарын, қыздарын және апа-қарындастарын өлтірмеңдер!
Аллаһтан қорқыңдар және Аллаһқа құлшылық қылатын қарттарды және емізулі сәбилерді өлтірмеңдер!
Аллаһтан қорқыңдар, тыйым салынған қанды төкпеңдер және біреудің мал-мүлкін иемденбеңдер!
«Ендеше, отыны адамдар мен тастар болатын Оттан қорқындар».
(әл-Бәқара 2: 24).
«Сендер Аллаһқа қайтарылатын күннен қорқыңдар. Сол кезде әрбір адам өзі жеткен нәрсесін толығымен алады және оларға зұлымдық жасалмайды».
(әл-Бәқара 2: 281).
«Сол күні әркім істеген игілігін әзір табады да, істеген жамандығының арасымен өз арасының ұзақ қашықтықта болуын қалайды».
(Әли ‘Имран 3: 30).
«Сол күні, кісі туысынан қашады: шешесінен, әкесінен, әйелінен және балаларынан. Ол күні әркімнің ісі – ауыр (әркім өз халымен әлек)».
(Абәса 80: 34-37).
Ұйқыларыңнан ояныңдар және өздеріңнің ұқыпсыздықтарыңнан құтылыңдар, және жер бетінде бұзақылық таратуда шайтанның қаруы болмаңдар!
Және мен Аллаһ Тағаладан мұсылмандарды дінді дұрыс түсінуге алып келуін және оларды айқын да, жасырын да адасушылықтар мен бүліктерден сақтауын тілеймін.

Және Аллаһтың сәлемі мен игілігі Оның құлы және пайғамбары Мухаммадқа, сондай-ақ, оның отбасы мүшелеріне және сахабаларына болсын!

Категория: Фатуалар | Добавил: admin (04.07.2011)
Просмотров: 972 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
0  
1 Carlye   (12.11.2012 09:32) [Материал]
As Charlie Sheen says, this airltce is "WINNING!"

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]