Қош келдіңіз Гость • Тіркелу • Кіру • RSS
Бейсенбі, 18.4.2024, 09:49
Главная » Статьи » Қазақ тілінде » Фатуалар

Ханафи мазхабындағы саусақты көтеру мәселесі

Ханафи мазхабының атақты шейхы Абуль-Хасан әс-Синди былай деп айтатын: "Біздің имамдарымыздың және басқа да ғалымдардың көпшілігі ташаххудта саусақты көтеру туралы хадиске сүйенетін, ал мұны сөгетін біздің кейбір жақтастарымызға қатысты айтар болсақ, олардың сөгістерінде негіз жоқ”. Қз.: "Хашия ‘аля ән-Насаи” 2/236.

Бұл мәселе ертедегі ханафи ғалымдарының: Мухаммад әш-Шайбанидің «Мууатта»; әт-Тахауидің «Шарх ма’ани аль-асар»; Бадруддин әл-‘Айни «Фатх аль-Қадир», «аль-‘Иная», «‘Умда әл-Қари» атты ең танымал ханафи кітаптарында және ханафи мазхабының өзге де маңызды дереккөздерінде жан-жақты қаралған!

Алайда кейбір кісілер әл-Масғудидің «Китаб әс-Саля» және әл-Кайданидің «Хуласа» деген кітаптарына сүйенеді. Бұл кітаптардың авторлары – өздерін ханафи мазхабына теліген кейінгі кезеңнің ғалымдары. Осы кітаптардың негізінде көптеген ханафи бауырларымыз «Сұқ саусақ шайтанға темірден қатты әсер етеді» деген хадиске (Ахмад 4/15, және әл-Баззар, хадис хасан) және имам Муслим (1/162) келтірген Ибн ‘Умардың: "Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ташаххудты оқуға отырғанда сол қолының алақанын сол тізесіне, ал оң қолының алақанын оң тізесіне қоятын еді. Ол (оң қолының) барлық саусақтарын жұдырыққа жинайтын және сұқ саусағын көтеретін», - деп баяндаған хадисіне қарамастан, ташаххудта қол көтеруге тыйым салады.

Ал ақидаға, манһажға, фиқхқа және өзге де шариғи ғылымдарға  қатысты кез келген мәселелердегі дұрыстық Мухаммад пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетіне қатаң түрде ілесуде, сондай-ақ мұсылмандардың алғашқы буындарынан болған ғалымдардың түсінуіне лайықты  назар бөлуде.

Категория: Фатуалар | Добавил: admin (22.07.2012)
Просмотров: 875 | Комментарии: 1 | Теги: ташаххуд | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
0  
1 Karcy   (22.10.2012 13:07) [Материал]
Dag nabbit good stuff you whipeprsnappers!

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]