Қош келдіңіз Гость • Тіркелу • Кіру • RSS
Бейсенбі, 28.3.2024, 19:22
Главная » Статьи » Қазақ тілінде » Фатуалар

«Хунәфә» сайтындағы пәтуаға жауап

Мейірімді Рахымды Аллаһтың атымен

Біз Өзін ғана мадақтайтын және Өзінен ғана көмек пен кешірім тілейтін Аллаһқа мадақ. Аллаһтан өзімізідің нәпсіміздің және істеріміздің жамандығынан пана іздейміз.

Аллаһ Тағала былай деді: «Әй мүміндер! Аллаһ үшін куәлікте туралық үстінде мықты тұрыңдар. Және бір елдің өшпенділігі сендерді әділсіздікке тартпасын. Әділдік істеңдер. Сол тақуалыққа жақынырақ. Және Аллаһтан қорқыңдар. Күдіксіз, Аллаһ не істегендеріңнен толық хабар алушы». (әл-Мәидә; 8)

Біз жақында «Хунәфә» сайты «Қазақстан полициясына қарсы джихад» деген атпен «пәтуа» деп атап шығарған материалы себепті Қазақстан мұсылмандарына жолдау жасағымыз келді.

Оның мазмұны төмендегідей:

Мейірімді Рахымды Аллаһтың атымен

Біз – Қазақстандық жастармыз, біздің елімізде полицияшылар бізге қысым жасайды, кейбіреулерімізді түрмелерге отырғызады. Біз мынандай сұраққа айқын жауап алғымыз келеді: Біз ғалымдардың бірауызды пікірі кәпірлермен соғысудан бұрын оларды дінге шақыру міндетті болып табылатындығы туралы айтатынын біле тұра, күшті күпірлігімен және Ислам мен мұсылмандарға деген дұшпандығымен ерекшеленетін кейбір полицияшыларды өлтіре бастасақ болады ма? Және біздің әрекеттеріміз Аллаһтың жолындағы джихад болып аталады ма? Аллаһ сізге игілік сыйласын және білімдеріңізді арттырсын.

Жаупты «Минбару-ль-Таухид уә-ль-Джихад» сайтының пәтуалар комитетінде мүшелікте тұратын шейх Әбу Мунзир әш-Шинқити береді:

«Құрметті бауыр, сен атап кеткен соғысудан бұрын дінге шақырудың міндетті болатындығы жайындағы ғалымдардың бір ауызды пікірі шабуыл джихадына қатысты. Ал қорғану джихадына келер болсақ, онда алдын ала дінге шақыру – шарт болып табылмайды. Керісінше, джихадты мүмкіндіктерге сәйкес кейінге қалдырмай бастау міндетті болып табылады.
Сен сондай-ақ, полицияшылар сендерге қысым көрсетіп, түрмеге отырғызып жатқанын хабарлайсың, ал бұл жағдайда олармен соғысу – шабуыл джихадының емес, қорғану джихадының түрі болады. Ал орын алып жатқан әділетсіздікке, езгіге деген сендердің тойтарыстарың – Аллаһтың жолындағы Джихад болып саналады және кім осы жолда өлсе, сол, Аллаһ қаласа, шәһид болады. Бұған Саид ибн Зәйдтан жеткен Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Кім өзінің мал-мүлкін қорғау үстінде өлтірілсе, сол шәһид; кім өзінің дінін қорғау үстінде өлтірілсе, сол шәһид; кім өзінің отбасын қорғау үстінде өлтірілсе, сол шәһид», – деген хадис нұсқайды. (Әбу Дауд, Тирмизи, Нәсәи, Ибн Мәджәһ; Тирмизи хадисті сахих және хасан деді)

Алайда сендердің шектен шыққандарға қарсы джихадтарың одан нәтиже мен өзгеріс болмайтын жалғыздың (яғни жеке бір адамның) реакциясы болмауы керек. Шындығында, сендердің әрекеттерің ұжымдық және ұйымдасқан болуы қажет, сендер өздеріңнің джихадтарыңның ізгі амалдары адамдарға және елге пайда әкелуі үшін және оның оң нәтижесі болуы үшін объектілерді, мақсаттарды, құралдар мен сатыларды анықтауларың қажет. Қандай болған жағдайда да, тіпті бұл нәтижелерге қол жеткенге дейін де, зұлымдық жасаушылардан өш алу Шариғатта әрбір езгіге ұшыраған үшін заңдастырылған болып қала береді, Аллаһ Тағаланың: «Әлбетте біреу зүлымдық көргеннен кейін өшін алса, сонда оларға сын жоқ» (Шура, 41), – деген сөздеріне сәйкес.

Бұл пәтуаға, оның сұрағы мен жауабын қамтығанда, бізде кейбір ескертулер бар.

Сұрақ қоюшы былай деп жазады:
«Біз – Қазақстандық жастармыз, біздің елімізде полицияшылар бізге қысым жасайды, кейбіреулерімізді түрмелерге отырғызады».

Біз де, Аллаһ Тағалаға шүкір, Қазақстандық мұсылмандармыз және бұл жердегі жағдайды білуіміз сұрақ қоюшыдан нашар емес. Оның сұрағынан Қазақстанда полицияшылар әрбір мұсылманды тек ол мұсылман болғандығы үшін ғана жәбірлеп, түрмеге отырғызады деген ой қалыптасады. Бұл – өтірік, және бұл туралы тіпті радикалды пиғылдағы Ауғаныстан мен Уәзірістанда болып келгендер де біледі. Егер Қазақстандық полиция тіпті аталған елдерге джихадқа кеткендерді олар қайтып келген соң жәбірлемеген болса, онда қалайша олар тек Ислам үшін жас мұсылмандарға қысым қорсетеді (деп айтуға болады)?! Мұның үстіне олар Уәзірістанға кеткендерге олар белгілі бір мерзімнің ішінде қайтуы, кері жағдайда оларды азаматтықтарынан айыратындықтары туралы жолдау жасаған жағдайлар қаншама болды? Ал олар қайта оралған соң олармен жәй сөйлесті, ең көбі – белгілі бір уақыт бойы үй қамауына алды, бірақ еш қашан ұрып-соқпады да, қинап-азаптамады да. Сондай-ақ, қаншама Кавказдық және Өзбекістандық мұсылмандар: «Бізде де біздің милициямыз бізге осындай қарым-қатынаста болса ғой!» – деп айтатын.

Алайда автор барлық нәрсені бұрмалаған түрде ұсынып жатыр, бұл жөнінде шейх Ибн ‘Усаймин: "Қалыптасқан жағдайды суреттеу (фиқх әл-уәқи’) – шын мәнісінде әуес-қалауларға еру! Ал әрбір адам қалыптасқан жағдайды өздігінше суреттейді”, – деп йтқанындай. "Шәрх Хилья талиб әл-‘ильм” 41.

Мұның үстіне, бұл – «джихад», «таухид» деген ұлы терминдерді жамылған түкке тұрмайтын саяси интригалар үшін Қазақстанда бүліктің өртін жағу үшін ойдан тоқылған пәтуа емес екендігін біз қайдан білеміз?!
Сосын, тіпті егер сұрақ қоюшы шындығында да Қазақстанда өмір сүреді және біздің полиция шынында да жас мұсылмандарға қысым көрсетеді дегенге келіскеннің өзінде де, не үшін олар мұндай маңызды сұрақты Әбу Мухаммад әл-Макдисидің, яғни осыдан 15 жыл бұрын Сауд Арабиясын күпірлік елі деп жариялауымен танылған адамның сайтында қояды?! Кім үшін Сауд Арабиясы күпірлік елі болып табылса, ол үшін Қазақстан және кез-келген өзге ел ешқашан Исламның және мұсылмандардың елі болмайды ғой. Ал не үшін сұрақ қоюшы өзінің хатын ақиқатында да атақты ғалымдар және үлкен ғалымдардан тірі қалғандардың санаулысы болған шейх Салих әл-Фаузан немесе шейх Абдуль-Мухсин әл-Аббәд секілді, Аллаһ оларға есендік берсін, әһлюс-Суннәның мойындалған ғалымдарына жолдамады?! Мүмкін, сұрақ қоюшы бұл ғалымдардың жауабы қандай болатынын білген шығар және өз сұрағын оларға қою оған тиімді болмаған шығар?! Немесе ол бұл ғалымдарды ғалым деп санамайтын болар?! Бірақ әһлюс-Суннәның көрнекті ғалымдары бұрын да, қазір де сақтандырып ескерткен Әбу Мухаммад әл-Мақдисидің олардан несі жақсырақ?! Оның сайтына сұрақ қойған адам әл-Мәқдисидің шейх Абдуль-Азиз ибн Базға және шейх Ибн ‘Усайминге жолдап айтқан мына сөздерін біледі ме екен:
«Әй, адасқан ғалымдар! Аллаһ сендерге қарсы беттеріңнен өтіріктің маскаларын түсірді және сендерің істеріңнен болған барлық ластықтарыңды сыртқа шығарды!»

Әл-Мәқдиси Сауд Арабиясын кәпірлердің елі деп атаған «Кәуәшифуль-джәлия фи такфир әд-даулә әс-су’удия» кітабын жазған кезде, шейх Абдуль-Азиз әр-Райс ибн әр-Райс оған қарсы «Табдид кәуәшиф әл-‘анид» атты теріске шығару (радд) жазды. Ал осы теріске шығаруға пікір жазған шейх Салих әл-Фәузан оның кітабының басында былай деп жазды: «Шейх Абдуль-Азиз әр-Райс ибн әр-Райстың бұл теріске шығаруын мен өте жақсы деп таптым, әлгі қара ниеттің (әл-Мәқдисидің) ауызын жабатындай және оның қастығын әшкерелейтіндей!»

Сондай-ақ, шейх ‘Абдуллаһ әл-‘Убәйлян тура осы теріске шығаруға жазған рецензиясында былай деген: «Мен құрметті бауырымыз – шейх Абдуль-Азиз ибн әр-Райс әр-Райстың «Табдид кәуәшиф әл-‘анид фи такфирихи ли даулә әт-таухид» атты теріске шығаруын оқып шықтым. Ақиқатында ол бұл өзін білімге телитіннің (әл-Мәқдисидің) күмәндарының барлығын түсіндіріп берді, Сауд Арабиясын қорғауда, шариғи дәлелдерді келтіруде және хауәридждік идеяларды талқандауда шыншыл болды!»

Йеменнің шейх-мухаддисі Муқбиль ибн Хадиге мынандай сұрақ қойылды: «Уа, шейх, бір сұрақ бар, Аллаһ сізге игілік берсін, және біз сіздің пікіріңізді білгіміз келеді. Әбу Мухаммад әл-Мәқдиси деген бір адам бар және біз ол туралы сіздің пікіріңізді білгіміз келеді. Ол білім иелерінен болып табылады ма?

Шейх Муқбиль былай деп жауап берді: "Бұл адам түрлі мақалалар жазады және оның кітаптарында қателер көп. Бірде ол бізге бір мақалаларды жіберді, ол – «И’дад әл-фәуәрис битәрк әл-мәдарис» болған сияқты. Бірақ ол – «Кәуәшиф әл-джәлия» кітабы емес еді (Сауд Арабиясын күпірлікте айыптау туралы), өйткені ол кезде бұл кітап оған тиісті екендігі белгілі емес болатын. Маған оны қарап шығуым үшін берген кезде, менде уақыт болған жоқ, сосын мен оны күшті сыншы баурымыз – ‘Абдуль-‘Азиз әл-Бар’иге бердім. Ол Аллаһ Тағала үшін оның қателерін тауып шығарды. Мұны Мәқдисиге жіберген кезде, ол әл-Бар’иге қарсы пікір жазғысы келді, ал мен оған: «Бұл адам (әл-Мәқдиси) – қырсық надан, оны қоя ғой, біздің оған көңіл бөлуіміз – жараспайды», – дедім. Алайда эмоцияларға жүгінген адамдар бұл адамды білім иелерінен деп ойлайды. Ал олар білім иелерінен деп ойлайтындардың көбісі іс жүзінде олардан болып табылмайды. Және бұл адам да (әл-Мәқдиси) – білім иелерінен емес!” "Мушәхидати фи әл-мәмләкә әл-‘арабия әс-су’удия” кассетасын тыңдаңыздар.

Шейх ‘Али әт-Тууәйджәри (тафсир бойынша доктор және шейх Ибн Баздың және Ибн Усайминнің оқушысы) былай дейтін: «Мен баршаға Аллаһтан қорқуға және білім алуға, және осы әл-Мақдисиден аулақ болуға насихат беремін, ақиқатында, ол – атақты хауәридж және адасқан идеялардың жақтаушыларынан! Одан өте сақ болу, және оған ілеспеу, оны тыңдамау және оның кітаптарын да оқымау қажет!»

http://rapidshare.com/files/418991577/Sheih_Ali_Tuvaydjiri_-_Makdisi.mp3

Сондай-ақ, шейх – доктор Абдуллаһ әл-Бухари де былай деп айтқан: «Ал, бұл адам (Әбу Мухаммад әл-Мақдиси), мен әл-Барқауиді айтып тұрмын, мен Аллаһтан оны тура жолмен жүргізуін, немесе оның омыртқасын сындыруын, және үмметті оның жауыздығынан және айқын надандығынан сақтауын тілеймін! Аллаһпен ант етемін, олар Исламды да ұлықтамады, кәпірлерді де талқандамады! Ол біледі ме, әлде жоқ па, бірақ оның надан пәтуалары кәпірлерге көмек берді, ол оны сезінсе де, сезінбесе де! Ия! Өйткені, ол өзінің надан пәтуаларымен және бұзақы мақалаларымен кәпірлерге мұсылмандардың кейбір қалаларында бұзақылық таратуға сылтау берді! Осы сияқты бұзақы пәтуалар қалалардың (кәпірлерге) бағындырылуына себеп болды. Ол опат болу есіктерінің есігін ашты, ол және ол сияқтылар зұлымдыққа, күнәға, надандыққа және Сүннеттен қашықтауға толы осындай пәтуаларды берушілер! Олардың осындай істерінде хауәридждерден өзге саләфтары жоқ. Және олардың әһлю суннәдан болған саләфтары болмайды да, сахабалардан да, табиғиндерден де,ең жақсы ғалымдардан да!»

http://rapidshare.com/files/399434073/Abdullah_Buhari_-_Makdisi.mp3.html

Бұл ғалымдардың және атақты шейхтардың осы адам туралы айтқан сөздері ойлануға мәжбүрлемейді ме және мұндай адамның ізінен ілесуден ұстап қалмайды ма?! Дәл соның сайтына сұрақ қоюшыға оның осыдан 15 жыл бұрын Сауд Арабиясын күпірлік елі деп атағанынан және ғалымдарды балағаттағанынан басқа не мәлім?! Оған ол кімнен білім алғаны, ғалымдардан кімдер оны мақтағаны және оған қан төгу, джихад т.с.с. маңызды мәселелер бойынша пәтуа сұрап жүгінуге болады деп айтқаны мәлім бе екен?!

Бірақ ең таң қаларлығы – Қазақстаннан мыс сұрақ қойған адамға әл-Мәқдисидің өзі емес, Қазақстан құқық қорғау органдарының қызметкерлерін өлтіруге рұқсат беретін пәлен Әбу Мунзир әш-Шинқитидің жауап бергені. Ал осы Әбу Мунзир деген кім өзі, соны білгіміз келеді?! Сұрақ қоюшы және барлық жерде осы «пәтуаны» таратушылар ол туралы не біледі?!

Мұның үстіне, сұрақ қоюшыға және осы «пәтуаны» таратушыларға осы пәтуаны берген адам оның шейхы әл-Мәқдиси мұндай мәселелер бойынша айтқан сөздеріне қайшы келгенін біледі ме екен?!

Әбу Мухаммад әл-Мәқдиси 2005 жылы әл-Джәзира каналының журналисттеріне берген сұхбатында былай дейді: «…Режимдар жастарға жасап жатқан қысым оларды ережеден, жоспардан кері бұрмау керек. Менде жоспар бар, ал менің жоспарым – бұл шарап дүкенін, немесе кинотеатрды жару емес; менің жоспарым – бұл мені қорлаған офицерді өлтіру емес; менің жоспарым – Үмметке оның данқын қайтару және әрбір мұсылман онда пана табатын Ислам мемлекетін құру. Бұл үлкен және ұлы жоспар, ол кішігірім өш алу актілеріне мұқтаж емес, ол жаңа ұрпақты тәрбиелеуге мұқтаж, ұзақ дайындыққа мұқтаж, Үмметтің ғалымдары мен оның ұлдары қатысуына мұқтаж. Ал мен өз жоспарымды орындауға мүмкіндігім жоқ болғандықтан, өзімнің мүмкіндіктерімнен озып, сатылардың бірінде кішігірім істерді орындау үшін өзімнің бауырларымды тарта алмаймын, мұны Үмметіміздің дұшпандары да бауырларымызды түрмелерге тастау үшін күтіп отыр. Қаншама бауырларымыз өлтірілді және түрмелерге отырғызылған, ал олар – бұл қозғалыстың запасы еді…»

Оның сөздерінен оны қорлаған полицияшыны өлтіру – бұл мақсат және жоспар емес екендігі; мүмкіндік болмай, ол өзінің бауырларын түрлі ұсақ операцияларға тарта алмайтындығы; мұсылмандарды сақтау қажеттігі және Исламның дұшпандарына оларды түрмелерге тастауға және қорлық пен азап көрсетуге сылтау бермеу қажеттігі айқын болады.

Ендеше, не үшін Әбу Мунзир өзінің шейхының іліміне қайшы келетін пәтуа шығарады екен?! Не үшін ол бір шоғыр мұсылман жағдайды түзетуге қабілетсіз екендігін ескермейді және егер полицияшыларды өлтіре бастаса, тіпті олар шындығында да олардың кейбіреулеріне қорлық көрсеткен болса да, олар мұны жауапсыз қалдырмайтын фактіні есепке алмайды?! Өйткені, кез-келген ақыл-санасы түзу адам мұндай әдістер тек «өш алушылар» үшін ғана емес, барлық мұсылмандар үшін қайғы-қасіретке айналатынын түсінеді ғой! Сөйтіп, тағы да ғалымдар осы сияқты акциялар туралы: «Исламды да ұлықтамады, кәпірлерді де жоймады!» – деп айтатын жағдай орын алады.

Джихад Исламда ұлы орынға ие екендігіне еш күмән жоқ, бірақ, сондай-ақ, джихад өз шарттарына ие екендігіне де ешқандай күмән жоқ. Бұл шарттардың ішіндегі ең маңыздылары төмендегідей:
1) соғысу үшін күштің болуы;
2) соғысу зиян емес, пайда алып келуі қажет!

Ал адамдарды өлтіретін, тонайтын және осы сияқты әрекеттерді жасайтын, ал құқық қорғау органдары осы үшін оларды түрмеге отырғызатын, немесе өлтіретін жағдайда да, мұны: «Ислам үшін мұсылмандарға қысым көрсету», – деп атайтын адамдарға келер болсақ, онда бұл – өтірік және заттарды өз атымен атамау болып табылады!

Мұндай ситуациялардың қаншасы орын алған және орын алуда да. Кеше ғана біреу адам өлтіруші және тонаушы еді, ал арнайы қызметтер оған жақындап, оны ұстағысы келгенде, ол өзінің қаласын тастап оны іздемейтін жаққа қашады, мысалы, Ауғаныстанға. Ал осыдан кейін, таң қаларлығы осы, мұндай адамдар барлық жерде джихад барша үшін парыз болды, хиджра барша үшін парыз болды деп жаза бастайды. Ақиқатында, бұл – әуес-қалауға еру және Аллаһ Тағаланың Шариғатымен ойнау!

Біздің жастарға және жалпы дүние жүзінің мұсылмандарына келер болсақ, олар асығыс қорытынды шығарудан, әсіресе асығыс әрекеттерден аулақ болуы қажет, өйткені, джихад – бұл ойын және ермек емес, ол – не Жәннәттың сыйлығы, не Тозақтың жазасы болатын салмақты жол.

Бірде Хузайфә Әбу Муса әл-Аш’ариден: «Сен қылышын алып, Аллаһтың дидарына ұмтылып шыққан адам туралы не айта аласың, ол өлтірілсе – Жәннәтқа кіреді ме?» – деп сұрағаны жеткізіледі. Әбу Муса: «Ия!» – деді. Хузайфә: «Егер ол ақиқатқа сәйкес әрекет жасап соғысқан болса және өлтірілсе, онда ол Жәннәтта! Ал егер ол Аллаһтың дұрыс әміріне сәйкес амал жасамаған болса, онда ол Тозақта!» – деді. Содан соң Хузайфә: «Аллаһпен ант етемін, мұндай адам Тозақта!» – деді. Бұған Әбу Муса: «Сенікі дұрыс!» – деді. ‘Абдур-Раззақ 5/267, Са’ид ибн Мәнсур 2546, Ибн Уәдах 1/81.

Сахабалардың бұл сөздері джихад жасау үшін жалғыз ықыластың жеткіліксіз екендігіне, өйткені осы джихадты дұрыс жүргізуді, яғни ол Шариғат заңдастырылғандай жүргізілуі қажет екендігін ескеру керектігіне нұсқайды.

Ал егер біреу барлық жауапкершілікті өзінің мойнына Қазақстан арнайы қызметінің кейбір қызметкерлерін өлтіруге рұқсат ететін пәтуа шығарған пәлен Әбу Мунзир әш-Шанқити алды деп айтса, біз оған адасып жатқандығы туралы айтамыз!
Әрине, өзі мұндай маңызды мәселелерді шешуге құқығы бар адамдардан болмай, бұл пәтуаны шығарған адам Аллаһтың алдында жауапкершілікке тартылады және сұралады. Алайда бұл пәтуаны алған және оған сүйенген адамға келер болсақ, одан жауапкершілік тек ол шындығында да пәтуа шығаруға құқығы бар адамның пәтуасына сүйенген жағдайда ғана түсіріледі. Мұндай жағдайда ғалымның пәтуасына сүйенушіде жауапкершілік болмайды, тіпті ол қате болса да, өйткені бар ауыртпалық пәтуа шығарғанға түседі.

Ал ғалымдардың емес, не білімімен, не салиқалылығымен танылмаған, Аллаһ Тағала тек ғалымдар мен мұсылмандардың әмірлеріне ғана шешуді бұйырған мәселелерді шешуге кіріскен адамдардың пәтуасына сүйенген адамға келер болсақ, ол да, пәтуа шығарған адам сияқты, жауапкершілікке тартылады. Аллаһ Тағала былай деді: «Олар (кәпірлер) Қиямет күні, өз жүгін және өздері адасушыққа енгізген надандардың жүгін толығымен көтерсін. күнәларының кейбіреуін көтереді. Олардың көтерген жүгі нендей жиіркенішті!» (ән-Нәмл, 25)

Имам Муджәхид бұл аятқа жасаған тәпсірінде былай деген: "Кәпірлер өз күнәларының ауыртпалығын және оларға бағынғандардың күнәларының ауыртпалығын көтереді. Бірақ олар өздеріне ілескендердің күнәларын көтеретіндігі, оларға бағынғандардың жазасын еш жеңілдетпейді”. әт-Табәри 14/200, ас-Суюты 9/41.

Әбу әд-Дарда Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын баяндайды: «Қиямет Күні барлық адамдар белгілі бір жолмен жүретін кезде өлтірілген адамның жанынан оны өлтірген адам өткенде, ол: «Уа, Раббым! Ол мені (фәнилік дүниеде) өлтірді!» – деп дауыстап айтады. Аллаһ одан: «Сен оны не үшін өлтірдің?» – деп сұрайды. Ол: «Маған пәлен бұйырды», – деп жауап береді және өлтіруші де, бұйырған да жазаланады!» Ибн Әбу Шәйбә 5/434, әт-Табәрани 10407. "Мәджмә’ әз-зауәид” 7/300.

Бұл хадисте орындаушыны жазадан оның бұйрықты жәй орындауы құтқармағанына айқын нұсқау бар.

Біз мұсылмандарға олар мұндай мәселелердің шешімін Аллаһ: «Қашан оларға (мұсылмандарға) аманшылықтан немесе қауіп-қатерден хабар келсе, олар оны жайып жібереді. Егер олар оны, Пайғамбарға не өздерінің іс басындағыларына ұсынса, олардан оның мән-жайын зерттей алатындар білер еді» (ән-Нисә, 83), – деп айтып, осындай мәселелерді шешуге құзыретті еткен адамдарға қалдыруын айтып жолдау жасаймыз.

Бұл аятта «өздерінің іс басындағыларына» дегенде мұсылмандардың әмірлері және ғалымдар аталып тұр, бұл саләфтардан жеткізілетініндей. Қараңыз "Тафсир Ибн Әбу Хатим” 5688, "Тафсир әд-Дурруль-мәнсур” 4/82, "Тафсир Ибн ‘Атыйя” 2/85.

Полицияшыларды өлтіру, тіпті өздерін мұсылман деп санайтын полицияшыларды өлтіру бұл аятқа тікелей қатысты екендігіне ешкім күмән келтірмейтін болар, сол сияқты пәлен Әбу Мунзирдің – ғалым да емес, тіпті мұсылмандардың әмірі де емес екендігіне де.

Хузайфәдан Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) бірде: «Мүмін адам өзін-өзін қорламауы керек!» – деп айтқаны жеткізіледі. Оған: «Ол өзін-өзі қалай қорламақ?» – деген сұрақ қойылды. Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Өзіне өзі төтеп бере алмайтын ауыртпалықтарды жүктеп!» – деп жауап берді. әт-Тирмизи 2254, Ибн Мәджәһ 4016. Қараңыз "әс-Сильсилә әс-Сахиха” 613.

Категория: Фатуалар | Добавил: admin (24.05.2011)
Просмотров: 808 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]