Қош келдіңіз Гость • Тіркелу • Кіру • RSS
Жұма, 29.3.2024, 05:03
Главная » Статьи » Қазақ тілінде » Фатуалар

Махрам деген кім?

Имам Ибн әл-Әсир былай деді: "әл-Махрам – бұл жақын туысқандардың қатарындағы әйелге үйленуге құқығы жоқ адам. Мысалы: әкесі, баласы, бауыры, көкесі және с.с.” (Қараңыз: "ән-Ниһая” 1/337).
Имам Ибн Дақиқ әл-`Ид былай деді: "әл-Махрам – бұл, әйел онымен жолға шығып, оңаша қалу рұқсат етілетін кісі. Ол, әйелге үйленуі тыйым салынған әрбір адам” (Қараңыз: "Ихкәмул-ахкәм” 304).
Махрам туған туысқан немесе сүт туысқан, немесе некенің себебімен туысқан кісі болуы мүмкін (Қараңыз: "әл-Мәусу’атул-фиқһия” 36/200).

Шейх Ибн `Усәймин өзінің «Шархул-мумти`» кітабында 7/38 атап өткен махрамдардың тізімін қысқаша түрде келтірейін:
1. қандас туыс;
2. сүт туыс;
3. қайын жұрт.
Қандас махрамдар: 1) әкесі, 2) баласы, 3) туған бауыры, 4) әкесі жағынан көкесі (әкесінің туған бауыры), 5) шешесі жағынан көкесі (шешесінің туған бауыры), 6) бауырының баласы, 7) әпке-қарындасының баласы. Осы жеті адам әйелге мәңгі махрам боп қалады!
Сүт махрамдары қандас махрамдар сияқты жетеу. Сонымен, он төрт адам болады.
Оған тағы да күйеуі жағынан болған махрамдарды қосамыз: 1) қайын атасы (күйеуінің әкесі), 2) күйеуінің баласы, 3) анасының күйеуі, 4) күйеу баласы (қызының күйеуі).
Алайда, әпке-қарындасының күйеуі әйелге махрам бола алмайды, өйткені ол оған уақытша ғана үйлене алмайды!

Ал махрамның маңыздылығы соншалықты махрамсыз әйел қажылық жасамайды. Махрам болмаған адаммен жалғыз қалу ерге де әйелге де харам!

Аллаһ жақсырақ біледі

Категория: Фатуалар | Добавил: admin (17.06.2012)
Просмотров: 996 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
0  
1 Lia   (21.10.2012 07:59) [Материал]
Ya learn something new eevyrday. It's true I guess!

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]