Қош келдіңіз Гость • Тіркелу • Кіру • RSS
Жұма, 29.3.2024, 05:34
Главная » Статьи » Қазақ тілінде » Фатуалар

НАЗАР БҰРЫҢЫЗДАР! Джихад туралы өтірік хадис!

Ешқандай шарттары болмайтын джихадтың атымен анархия және бетімен кетушілікке шақыратын адамдар жиі жағдайда тіпті жалған хадистерді де дәйек ретінде келтіреді, олардың арасында өте кең таралған, бірақ ешқандай негізге ие болмаған және шариғаттын көптеген принциптеріне қайшы келіп, еш қандай шарттары жоқ джихад жасауға шақыратын мына хадис те бар:

«Аспаннан жаңбыр тамшылап тұрғанша джихад тәтті және жасыл болып қала беруін тоқтатпайды. Алайда адамдар үшін сондай уақыттар келіп жетеді: сол кезде олардың арасындағы ғалымдар: «Бұл джихадтың уақыты емес», – деп айтады. Ендеше кімде-кім осындай уақытты көріп үлгерсе, ол – джихад жүргізу үшін ең  жақсы уақыт екенін білсін». Сахабалар: «Уа, Аллаһтың Елшісі! Шынымен де, осыны біреулер айтады ма?» – деп сұрады. Ол: «Ия, мұны Аллаһтың, Оның періштелерінің  және барша адамдардың лағнеті болған адам айтады», – деді.

Бұл хадис өтірік болып табылады, оның Ибн ән-Нухас әшәри’уль-әшуақта келтірген нұсқасының сахих та, әлсіз де, тіпті өтірік те, яғни ешқандай иснәді (жеткізушілерінің тізбегі) жоқ. Ибн ‘Асакир "Тариху-Ддимәшқ”та 43/347 және әд-Дәни "әс-Сунәнуль-уәридә филь-фитан”да 3/751 келтірген нұсқаларының иснәдтары бар, бірақ олар сенімді емес. Олардың иснәдтарында хафиз Ибн Хаджәр әлсіз деп атаған Язид әз-Зурқаши және имам Әхмәд ол туралы: «Өтірік хадистерді жеткізуші», – деп атаған Убәд ибн Кәсир, сондай-ақ Ибн ‘Асакир онда әлсіздік бар деп айтқан ‘Амәр ибн Нәсыр бар. Бұл – хадис туралы ілім жағынан.

Мұның үстіне, бұл хадис шариғаттың басқа сенімді мәтіндеріне және сау қисынға қайшы келеді. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын), Умар соғысуды ұсынуына қарамастан, көпқұдайшылдармен Худайбия бітімін жасасты. Алайда Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сол уақыт соғысу үшін тура келмейді деп санады. Ендеше, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзіне кейіннен қайшы келетін сөздерді айтты ма сонда?! Осы өтірік хадистен Пайғамбардың өзі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Аллаһтың, періштелердің және барша адамдардың лағынетіне түскендердің қатарына түскені келіп шығып тұр ғой! Аллаһ бізді Оған және Оның Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өтірік жапсырудан сақтасын!

Сондай-ақ, егер Аллаһ Тағала Құранда соғысуды бізге жек көрінішті деп айтса, қалайша джихад тәтті және жасыл болуы мүмкін?! Аллаһ Тағала былай деді: «Сендерге соғысу әмір етілді, сендерге бұл жек көрінішті болса да!» (әләқара 2: 216). Және біреудің: «Бұл – джихадтың уақыты емес», – деп айтуынан қалайша уақыт өз шарттары бар джихад жүргізу үшін ең қолайлы бола қалады?!

Олар, сондай-ақ ешқандай иснәді жоқ тағы бір хадисті дәйек ретінде келтіреді, ол да «Мәшари’уль-әшуәқ»та келтірілген:

Әнәс ибн Мәликтен Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: «Кімде-кім Аллаһтың жолындағы жалғыз шайқасқа қатысқан болса – Аллаһқа мойынсұнудың барлық әрекеттерін жолдады». Сахабалар: «Біз сенен естіген нәрселерден кейін, кім джихадты қалдырып, артта отырып қала бермек?» – деп сұрады. Ол: «Оларды Аллаһ лағнеттегендер, оларда Оның қахары болғандаржәне оларға Ол жазасын әзірлегендер. Ақыр заманда пайда болатын және джихадты жоққа шығаратын адамдар. Менің Құдайым Өзінің қандайда бір құлын осындай жағдайда қарсы алса, міндетті түрде оны бұл әлемдерден ешкімді жазаламағандай етіп жазалайтындығы туралы Өзінен ант алды және Ол оны бұзбайды!» – деді». (Ибн Әсакир жеткізген, «Мәшәри-уль-Әшуәқ», Джихадтан бас тартудың ауырлығы туралы тарау. Ибн Нухас, 1-басылым, 107-бет).

Категория: Фатуалар | Добавил: admin (24.05.2011)
Просмотров: 901 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
0  
1 тамиза   (26.03.2012 18:27) [Материал]
assaliamugaleikum bul akparatka men kelisem

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]