Қош келдіңіз Гость • Тіркелу • Кіру • RSS
Жұма, 19.4.2024, 19:52
Главная » Статьи » Қазақ тілінде » Фатуалар

Ораза бабындағы әйелге қатысты үкімдер

Рамазан айында ораза тұту әр мұсылман ер мен әйелге парыз. Сондай-ақ ол исламның бір рүкіні және оның ұлы негізі. Аллаһ Құранда: «Әй мұміндер, сендерге ораза бұрынғыларға парыз етілгендей парыз қылынды. Әрине  сақсынарсыңдар»[1] - деді. Егер қыз бала балағат жасына жетсе, оған ораза тұту уәжіп болады. Оның балағатқа толғанын балағат белгілерінің бірінің пайда болуымен білуге болады. Ол белгілердің бірі – қыздың етеккір көруі. Ол етеккірді тоғыз жасында көруі мүмкін.

Көп қыздар етеккір келуімен оған ораза парыз болғанын білмейді де, өзін кішкентаймын деп ойлап ораза тұтпайды. Және ата-анасы да оған ораза тұтуды бұйырмайды. Бұл ислам рүкіндерінің бірін тастағандығы үшін өте үлкен кемшілікке жатады.

Кімде-кім осы жағдайға тап болса, оған етеккір басталғаннан бастап тұтпаған оразаның қазасын өтеуі керек.  Егер оны тастағанына көп уақыт өтсе де, оны өтеу керек болады, өйткені ол оның мойнындағы қарызы  болып қалады[2].

Рамазанда ораза тұту кімге  парыз?

Егер Рамазан айы келсе, әрбір балағатқа толған, денсаулығы дұрыс, тұрғылықты[3] мұсылман ер мен әйелге ораза тұту парыз болады. Ал кім осы айда ауыру не сапарда болса, аузын ашады және  сол аузын ашқан күндерің қазасың басқа күні өтейді. Аллаһ Құранда: «Сендерден кім Рамазан айында болса, ораза тұтсын. Ал біреу науқас немесе сапарда болса, басқа күндерде орнын толтырсын» - деді[4]. Сол сияқты кімде кім Рамазан айы келгенде ораза тұтуға шамасы келмейтін кәрі шал, немесе алдағы уақыттарда оның жазылуы үміт етілмейтін науқас әйел немесе ер болса, ол ораза тұтпайды. Бірақ  әр күнге бір  міскінді тамақтандырады. Тамақ мөлшері өз елінің қоректенетін азығанан жарты соғ(1,125г) болуы керек. Аллаһ Құранда: «Ораза ұстауға қиналатындар бір міскін азығы мөлшеріндегі тағамды төлеп берулері қажет» -  деді.[5]

Ибн Аббас (оған Аллаһ разы болсын): «Бұл аят – денсаулығының түзелуі үміт етілмейтін  кәрі адам  жайында түсірілді»[6] - деді.

Ауыруының жазылуы үміт етілмейтін науқас адам — кәрі адам үкіміне жатады. Ол екеуіне мүмкіндіктері болмағандықтарынан, оларға оразаның қазасын өтеу қажет емес.

Әйел адам Рамазанда аузын ашуына рұқсат етілетін үзірлермен ерекшеленеді. Ол сол үзірлер себепті аузын ашқан күндердің қазасын басқа күндерде өтейді.

Үзірлер

1)  Етеккір және нифас:

Етеккір немесе нифас жағдайдағы әйелге ораза тұту тыйым салынады, бірақ оған басқа күндері оның қазасын өтеуі керек. Айша анамыздан (оған Аллаһ разы болсын)  бір әйел: «Не үшін етеккір болған  әйел оразаның қазасын өтейді де намаздың қазасың өтемейді?» - деп сұрады. Сонда  ол:«Оразаның қазасын өтеуге бұйырылатын едік те, намаздың қазасың өтеуге бұйырылмайтын едік» - дейді.

Осы жерде Айша анамыз (оған Аллаһ разы болсын)  ол әйелге бұл ақыл жүгіртпестен, аят пен хадиске ергесетін істерге жататындығын баяндады.

Бұның хикметі: Шейхуль Ислам ибн Таймия фатауалар жинағында (25/251) былай деді: «Етеккір себебті шығатын қан әйелдің бойынан қанды кетіреді. Әйелге бойынан қаны шықпайтын уақыттарда ораза тұтуына болады. Сондықтан оның осы жағдайда тұтқан оразасы тура болады. Өйткені осы уақытта оның денесінің қорегі болған әрі оны қуаттап тұратын қаны шықпайды. Ал етекір кезде ораза тұту — оған қуат беріп тұратын қанының шығуына әкеліп соғады. Сондай-ақ  оның денесін әлсіретеді және оразасының тура болуына кедергі болады. Сол үшін әйел адам етеккір болмаған уақыттарда ораза тұтуға бұйырылды». Сөз соңы.

 

2)  Жүктілік  пен  бала емізу:

Ораза себепті жүкті болған әйелге немесе емшектегі баласына немесе ол екеуіне бірдей зиян келетін болса, ол жүктілік немесе бала емізген жағдайында ораза тұтпайды. Егер ол зиян тек балаға тиетін болса, әйел тұтпаған оразасының қазасын өтейді де, әр күнге бір міскінді тамақтандырады. Ал егер зиян әйелдің өзіне ғана тиетін болса, оған тек тұтпаған оразаның қазасын өтеу жеткілікті. Өйткені  жүкті және емшектегі баласы бар әйел Аллаһ Тағаланың: «Ораза ұстауға қиналатындар бір міскін азығы мөлшерінде тағамды төлеп берулері қажет»[7] - деген сөзіне жатады.

Хафиз ибн Кәсир  өзінің тәпсірінде (1/379) былай деді: «Егер жүкті немесе бала емізуші әйелдер өздеріне немесе балаларына зиян тиюінен қорықса, бұл аяттың мағынасына кіретіндерге жатады». Сөз соңы.

Шейхуль Ислам  ибн Таймия: «Егер жүкті әйел құрсағындағы нәрестесі үшін қорқатын болса, ол оразада аузын ашады да, әр күннің қазасын өтейді және әр күн үшін бір  ротль[8] нанмен міскінді тамақтандырады» – деді.  Сөз соңы.  Фатуалар жинағы:( 25/318)

Ескертулер

1 – Истихаза қанын көрген әйел.

Ол жоғарыда айтылғандай оған етеккірге жатпайтын қан келген әйел. Оған ораза тұту парыз және оған истихаза қаны себепті ауызын ашуға болмайды.

Шейхуль Ислам ибн Таймия (оны Аллаһ рақым етсін!) етеккір көрген әйелдің оразада аузын ашуы жайлы айтқан кезінде былай деді: «Етеккір көрген әйел истихаза  қанын көруші әйел сияқты емемс. Өйткені  Истихаза қаны кез келген  уақытта келеді, ондай болса ол әйел үшін ораза тұтатын белгілі уақыты болмай қалады. Сол үшін одан сақтану мүмкін емес. Ол құсу сияқты және жарақат себепті қанның шығуы, ұйқыда жүніп болу және тағы басқа одан сақтануға болатындай оның белгілі уақыты жоқ  нәрселерге жатады. Сондықтан  истихазада қанының белгісіз уақыттарда келуі етеккір қаны сияқты  оразадан тыятын нәрсе қылынбады». Сөз соңы. Фатуалар жинағы (25/251).

2 – Етеккір, жүкті және бала емізуші әйелдер егер рамазанда ораза тұтпаса, оларға ораза тұтпаған күндерінің қазасын сол рамазан мен келесі рамазан айының аралығында оның қазасын өтеулері уәжіп болады. Сондай-ақ оларға оны тезірек өтеп бітіруге тырысулары абзал болады.

Егер алдағы рамазанға тек қана олардың өткен рамазанда ауыздарын ашқан күндердің мөлшелеріндей ғана уақыт қалса, оларға алдағы рамазан келіп, олардың мойындарында өткен рамазанның оразалары қалып қоймауы үшін, оны тұтып бітірулері уәжіп болады. Егер жаңа рамазан айы келіп, олардың мойындарында өткен рамазанның қалған оразасы үзіріз  өтелмей қалса, оларға оның қазан өтеу және әр күн  үшін бір міскінді тамақтандырулары уәжіп болады. Ал егер ол қалған оразаларды белгілі үзір себепті өтемеген болса, тек қазасын өтейді,  міскінді тамақтандырмайды.

Сол сияқты кімде науқас, немесе сапар үшін ауызын ашу себепті қазасы болса, оның үкімі — жоғарыда баяндағанымызға сәйкес етеккір себепті аузын ашқан әйелдің үкімі сияқты.

3 - Егер әйелдің күйеуі қасында болса, әйелге тек күйеуінің рұқсатымен нәпіл ораза тұтуына болады. Өйткені Имам Бухарий, Муслим және басқалары  Абу Һурайрадан (оған Аллаһ разы болсын)  риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз  (саллаһу алейһй уа сәлләм): «Әйелге күйеуі қасында болып тұрып оның рұқсатынсыз ораза тұтуына болмайды» - деді.  Имам Ахмад пен Абу Даудтың кейбір риуаяттарында: «Тек рамазаннан басқасын» - делінген.

Егер оған күйеуі нәпіл ораза  тұтуға рұқсат берсе, немесе күйеуі қасында болмаса,  немесе оның күйеуі мүлдем болмаса, оған нәпіл ораза тұту мұстахаб болады. Әсіресе онда ораза  тұту мұстахаб күндерінде; екінші және бесінші күндері сияқты[9], немесе әр айдағы үш күн, немесе Шауаль айының алты күні, Зуль-Хижжаның он күні, Арафа күні, немесе Ашура күніне бір күн бұрын, немесе бір күн кейін қосып тұту сияқты. Бірақ оған өткен рамазанның қазасын өтеместен нәпіл ораза тұтуы жақсы емес.  Аллаһ білушірек!

4 – Егер етеккір көрген әйел  рамазан күндерінің бірінде тазарып қалса, ол сол күні  кешке дейін  рамазан күндерін кұрметтеп, ішіп-жеуден тыйылады және оны етеккір себепті  аузын ашқан күндермен бірге қазасын өтейді.[10]

 

 

 


[1] Бақара. 183

[2] Оған оразаның қазасын өтеуімен қатар әр күн үшін бір міскінді тамақтаңдыруы керек. Тамақтың мөлшері жарты соғ, бір соғтың мөлшері  килограммен өлшегенде 2,25г-ға тең келеді. Осыған орай бір міскінге берілетін тағам мөлшері  1,125г болады. Берілетін тамақтың түрі елдегі көп қоректенетін тамақ, яғни күріш, бидай т.б. сияқты.

[3] Яғни, рамазанда сапар шекпеген, үйдегі адамдар.

[4] Бақара. 185

[5] Бақара. 84

[6] Бухарий р-ты.

[7] Бақара. 184

[8] Бір ротль: 449, 28 гр-ға тең келеді.

[9] Дүйсенбі мен бейсенбі күндері.

[10] Сондай-ақ ораза күндерінде таң намазынан бұрын-сәресін ішу уақытында-тазарып қалса, жуынуға уақыт кетірместен тамақ ішуіне және пісіруіне болады. Кейін аузын бекіткеннен кейін ғұсыл құйынып алады.

 

Категория: Фатуалар | Добавил: admin (03.08.2011)
Просмотров: 1237 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]