Қош келдіңіз Гость • Тіркелу • Кіру • RSS
Бейсенбі, 20.9.2018, 03:37
Главная » Статьи » Қазақ тілінде » Фатуалар

Сүннетке ілесу қажеттігі туралы

Біз осы жерде имам Абу Ханифаның Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетіне ілесу және имамның пікірлерінен, егер олар Сүннетке қайшы келсе, бас тарту қажеттілігі туралы айтқан сөздерін келтіруіміз өте пайдалы болады. Өйткені, бұл — имамдардың айтқандарына, ұлы имамдарға да емес,олардан мәртебесі бойынша едәуір төмен болғандарға соқыр түрде ілесетіндерге (тақлид жасаушыларға), өздерінің мазхабтары мен көзқарастарына олар Көктен түскендей дәрежеде ілесетіндерге сақтандыру және ескерту болады! Ал Пәк Аллаһ Тағала былай деп айтады: «Раббыларыңнан сендерге түсірілгенге бой ұсыныңдар да Одан өзгені қамқоршы тұтып ілеспеңдер. Нендей аз ғана үгіт тыңдайсыңдар!» («әл-Әғраф» сүресі, 3-аят).

Ізбасарлары көптеген сөздерін және ескертулерін бізге жеткізген имам Абу Ханифа ән-Ну’ман ибн Сабиттің, Аллаһ оны рахым етсін, айтқандарының барлығы бір нәрсеге келіп ұштасады, яғни негіз ретінде хадисті алу және имамдардың қандайда-бір сахих хадиске қайшы келетін көзқарастарынан бас тарту қажеттігіне. Мысалы:

1. «Егер хадис сенімді (сахих) болса – міне сол менің мазхабым». Ибн ’Абидин «әл-Хашийя» (1/63) және «Расм әл-Муфти» (1/4), шейх Салих әл-Фуләни «Иказ әл-Химам» (стр. 62) және басқалар.

2. «Ешкімге біздің пікірлерімізді, олар қайдан алынғандығын білмей, алуға рұқсат етілмейді». Ибн Абд әл-Бәрр «әл-Интика’ фи Фәда’иль әс-Саләса әл-А’ймәт әл-Фуқахә» (145), Ибн әл-Каййим «И’ләм әл-Муки’ин» (2/309), Ибн ’Абидин «әл-Бахр ар-Ра’ик»-ке(6/293) және «Расм әл-Муфти»-ге (29, 32) жасаған ескертпелерінде және екінші деректі жеткізген әш-Шә’рани «әл-Мизан» (1/55), соңғы деректі Аббас әд-Даури «әт-Тарих Ибн Мә’ин»-де (6/77/1) сахих иснәдпен Абу Ханифаның шәкірті Зуфардан жеткізген. Тура осындай деректер Абу Ханифаның серіктерінен: Зафардан, Абу Йусуфтан және Афийи ибн Йазидтен («Иказ», 52-бет) жеткізілген. Ибн әл-Қаййим Абу Йусуфтан келген дерекке «И’ләм әл-Муки’ин»-де нұсқаған (2/344). Екінші дерекке жасалған қосымшаны «Иказ»-дың редакторы (65-бет) Ибн Абд әл-Баррға, Ибн әл-Қаййимға және басқаларға қатысты етеді.

Басқа бір хабарда былай деп жеткізіледі: «Белгілі бір мәселе бойынша менің дәлелдерімді білмей, менің сөздеріме негізделіп пәтуа шығару — тыйым салынған(харам)».

Тағы бір риуаятта (хабарда): «…өйткені біз барлығымыз — адам: бүгін біз бір сөздерді айтамыз, ал ертең олардан бас тартамыз», — деген қосымша жасалған.

Сондай-ақ мынандай хабар да жеткізіледі: «Қасірет саған, уа Йақуб (бұл жердеАбу Ханифа өзінің шәкірті Абу Юсуфқа айтып тұр)! Сен менен естігеніңнің барлығын жазып ала берме. Ақиқатында, бүгін мен былай ойлаймын, ал ертең – өзгеше, немесе ертең – былай ойлаймын да, ал бүрсі күні өзгеше ойлаймын».

Имам Абу Ханифа жиі жағдайда ұқсастық бойынша теңеуге (қиясқа) сүйеніп тұжырым шығаратын, ал содан соң егер қаралып жатқан мәселе бойынша Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) хадисі туралы білсе, немесе күштірек дәйектелген қийясты тапса, өзінің бұрыңғы көзқарасынан бас тартатын болғандықтан осылай дейтін.

3. «Егер мен Аллаһ Тағаланың Кітабына немесе Елші туралы (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) хабарларға қайшы нәрселер айтсам, менің сөздерімнен бас тартыңдар».

Әл-Фуләни «Иказ әл-Химәм»-да (50-бет) бұл сөздерді имам Мухаммадқа телитін, ал кейіннен: «Бұл муджтахидке қатысты емес, өйткені ол олардың пікірімен еш байланысты емес, бірақ бұл муқаллидке қатысты».

Тақлид — белгілі бір ғалымға соқыр түрде ілесу. Муқаллид деп қандайда –бір имамға, оның сөздері Құран мен Сүннетке қайшы келетінін білсе де, соқыр түрде ілесетін адамды айтады. Тақлидке имамдар барлық уақытта тыйым салатын және олар белгілі бір имамға Құран мен Сүннетке қайшы болған түрде еліктейтіндерді сөгетін. Имам әт-Тахауи былай деген: «Ой-өрісі тар және парықсыз адамнан басқа ешкім соқыр түрде еліктемейді». Қараңыз «Расмуль-муфти» 1/32.

Имам Ибн Хазм былай деген: «Ақиқатында іздерінен өзгелер соқыр түрде ілесетін ғалымдардың өздері соқыр ілесудің (тақлидтің) қарсыластары болған. Олар өздерінің жақтастарына олардың пікірлеріне соқыр түрде ілесуге тыйым салатын. Бұл мәселеде ең үлкен қызғаныш танытатын имам әш-Шәфи’и еді, Аллаһ оны рахым етсін, өйткені ол жиі және басқаларға қарағанда жүйелірек түрде сахих хабарларға ілесу және дәлелге сәйкес келетін нәрселерді ғана қабылдау қажеттігі туралы айтатын. Ол сондай-ақ өзіне соқыр ілесуге қарсы болатын және айналасындағыларды осыдан сақтандыратын. Ендеше, Аллаһ оған рахымын сыйласын және оның сыйы өте үлкен болсын, өйткені ол ұлы игіліктің себепкері болды!» Қараңыз «Усулюль-әхкәм» 6/118.


Категория: Фатуалар | Добавил: admin (27.05.2012)
Просмотров: 562 | Комментарии: 1 | Теги: сүннет | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
1 Candy   (22.10.2012 14:32)
One or two to rmemeebr, that is.

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]