Қош келдіңіз Гость • Тіркелу • Кіру • RSS
Дүйсенбі, 20.8.2018, 19:34
Главная » Статьи » Қазақ тілінде » Фатуалар

Шейх Салих бин Фаузан әл-Фаузанның (Аллаһ оған есендік берсін) күпірлікте айыптау мәселесі бойынша жауаптары
Сұрақ: «Біз байқайтынымыздай, қазіргі заман мұсылман мәдениеті хауариж және муътазилә сияқты адасқан секталардың ықпалынан еркін емес. Олардың кейбірі тұтас қауымдарды және жеке адамдарды күпірлікте айыптап, мұсылмандардан болған күнәхарлар мен бұзақыларға зорлық қолдануға жол береді. Сіз бұл жөнінде не айта аласыз?»

Жауап: «Бұл – кесірлі жол, өйткені Ислам шақыру ісінде күшке жүгінуге тыйым салады. Аллаһ Тағала былай деп айтады: «Адамдарды Рабыңның жолына даналық және көркем үгіт арқылы шақыр. Әрі олармен[1] пікірталасты көркем түрде жүргіз» (ән-Нәхль сүресі, 125-аят).

Ал Муса мен Харунға, оларға Аллаһтың сәлемі болсын, Аллаһ Перғауынмен былай деп сөйлесуді бұйырды: «…және оған сыпайы сөз сөйлеңдер, мүмкін үгіт алар немесе қорқар» (Та ха сүресі, 44- аят).

Зорлық зорлықты туғызады, қалаған нәрсеге емес, оған кері нәтижелерге әкеледі және мұсылмандарға кесірлі ықпалын тигізеді. Исламға шақыруды даналықпен, ең жақсы әдістермен және осы шақыру бағытталған адамдарға қатысты ізгілік таныту арқылы іске асыру керек. Зорлықты қолдануға, қаттылық пен қарсыластық таныту мәселесіне келер болсақ, бұлардың Ислам дініне еш қатысы жоқ, ал шақырумен айналысатын мұсылмандар Пайғамбардың өнегесіне және қасиетті Құранның нұсқауларына ілесуі керек.

Күпірлікте айыптау белгілі шариғат ережелерін орындауды талап етеді. Күпірлік туралы шешімді шығару, қажетті дәлелдерді көрсеткен соң, белгілі біреу Сүннет пен келісім жақтаушыларынан (әһлю-Сунна уәл-жамаъадан) болған діндарлардың оған тиісті нұсқауы болған, Исламмен үйлеспейтін бір нәрсе істеп қойған жағдайда рұқсат етіледі, ал егер адам мұндай еш нәрсе жасамаған болса, ол кәпір болып табылмайды, тіпті ол, көпқұдайшылдық күнәсынан өзге, күнә жасаса да».

Сұрақ: «Құрметті шейх, бұзықтық кең таралған мұсылман мемлекеттерін белгілеп айту үшін «жахилиет» терминін қолданатын адамдар бар[2]. Мұның салдары қандай болуы мүмкіндігі туралы сіз жақсы білесіз, бірақ мұндай әрекеттерді дұрыс деп санауға болады ма?»

Жауап: «Жалпы алғанда жахилиет кезеңі, Аллаһқа мадақ, Мухаммадтың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, пайғамбарлық миссиясының басталуымен және Ақырет күніне дейін жоғалмайтын Исламның, білім мен нұрдың пайда болуымен аяқталды. Жахилиеттің қалдықтары бар болуы мүмкін, алайда мұндай жахилиет ішінара болып табылады және жеке адамдарға және қауымдарға қатысты болады, ал жалпы алғанда ол аяқталды және ешқашан қайта оралмайды. Міне, сондықтан шейх-уль-ислам Ибн Таймия, Аллаһ оны рахымына бөлесін, өзінің «Иқтида әс-сират әл-мустақим» еңбегінде бұл терминді баршаға қатысты қолдануға болмайтындығына нұсқады».

Сұрақ: «Мұсылман мемлекеттерін осылайша атап белгілейтіндер олардың халқын күпірлікте айыптағысы келетінін, ал солай екен, діннен шығушылықта да айыптағысы келетінін байқау қиынға соқпайды».

Жауап: «Біртұтас қауымдарды немесе жеке тұлғаларды күпірлікте айыптау немесе олардың күпірлігі туралы айту құқығына кез келген адам ие емес.

Күпірлікте айыптау белгілі шариғат ережелерін орындауды талап етеді. Адамның күпірлігі туралы шешім ол Исламмен үйлеспейтін бір нәрсе істеген жағдайда шығарылады. Мұндай жағдайлар белгілі, ал олардың ең ауырлары – көпқұдайшылық, ғайыпты білу құқығына таласу және Аллаһтың түсірілгенінен өзге нәрсемен үкім шығару жағдайлары жатады, өйткені Аллаһ Тағала былай деді: «Кім Аллаһтың түсіргенімен үкім етпесе, міне солар – қарсы болушылар» (әл-Мәидә сүресі, 44-аят).

Күпірлікте айыптау өте ауыр іс болып табылады және өзгелерді күпірлікте айыптауға әркімге рұқсат етілмейді. Мұндай құзырға тек шариғат соттары (қазылары) немесе білімде мығым, адамның Исламын не нәрселер жоққа шығаратынын және нақты жағдайлар туралы білетін, адамдар мен қоғамның жағдайын зерттейтін діндар-ғалымдар ие.

Мұндай адамдар күпірлік туралы және басқа да салмақты шешімдерді шығара алады, ал надан адамдарға және шала оқығандарға келер болсақ, олар жеке адамдарды да, қауымдарды да, мемлекеттерді де күпірлікте айыптауға құқықты емес, өйткені бұл үшін қажетті мамандық-дәрежеге ие емес».

Сұрақ: «Діни білім алуға ұмтылып жүрген кейбір адамдар мұсылман адамды діннен шыққан деп оп-оңай айта салады, бірақ бұл дегеніміз – егер осыны әмір істемесе, олар өз қалауы бойынша кез келген біреуге діннен шыққандарды жазалау құзырын да бере салады деген сөз ғой. Сіз бұл жөнінде не айта аласыз?»

Жауап: «Шариғат бекіткен жазаларды орындау әрқашан да тек мұсылман әмірінің айрықша құзыры болып қала беруі тиіс және одан өзге ешкім бұл құзырды иеленбеуі керек, керісінше болған жағдайда бұл міндетті түрде анархияға, қоғамның ыдырауына және бүліктің туындауына әкеп соғады.

Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны жеткізіледі: «Кінәлі болғандарға шариғат бекіткен жазаларды қолдану керек болған нәрселер үшін бір-біріңді кешіріңдер, өйткені егер іс (туралы) әмірге (хабар) жетсе, онда Аллаһ жақтаушыны да, жақталып жатқанды да лағынеттейді[3]». ән-Насаи «Сунан», 4886 хадис; имам Малик «Мууатта», №1580 хадис.

Мұсылман әмірінің міндеттерінің бірі, шариғат соты кінәлі адамды діннен шыққандық, ұрлық немесе басқа да бір қылмыс үшін жазаға лайықты деп бекіткен соң, шариғат бекіткен жазаларды орындау болып табылады.

Сонымен, шариғат бекіткен жазаларды орындау әмірдің айрықша құзыры болып табылады, егер мұсылмандарда әмір болмаса, онда шариғат мақұлдайтын нәрселерге талпындырумен, құпталмайтын нәрселерден қайтаруға деген талпыныспен, даналық, ізгі насихат және ең жақсы құралдармен сөйлесу арқылы Аллаһқа шықырумен шектелу керек. Жеке тұлғалар туралы айтар болсақ, оларға жазаларды орындауға тыйым салынады, өйткені, алдын айтып өткеніміздей, бұл анархия мен бүліктерге соқтырады және пайдадан көрі көбірек зиян әкеледі, ал шариғаттың бір негізгі ережесі бойынша зиянды болдырмауға пайда келтіруге қарағанда артықшылық беріледі».

Сұрақ: «Құрметті шейх, кімді діннен шыққан деп есептеу керек? Біз сізден нақты анықтама беруіңізді сұраймыз, өйткені діннен шығу туралы айыптаулар кейде күмәнді жағдайларда тағылып жатады».

Жауап: «Діннен шыққандық туралы шешімді де, басқа да маңызды шешімдерді де, білімде мығым болған діндар-ғалымдар ғана шығаруға құзырлы, олар – шариғат соттары және құрметке ие муфтилер. Діннен шыққандық туралы шешімді шығару құқығы кез келген және барлық адамға тиесілі бола алмайды, сондай-ақ, шала білімі барларға немесе дін негізінің мәнін жеткілікті деңгейде терең түсінбегендерге де тиісті емес, өйткені бұл міндетті түрде зиян тигізеді. Мұндай адамдар діннен шыққан болып табылмайтын мұсылманды діннен шыққан деп шешім шығаруы немесе Исламнан шығаратын еш нәрсе жасамаған адамды күпірлікте айыптауы мүмкін. Мұндай істер өте ауыр болып табылады, өйткені кім өзінің бауырын кәпір немесе пасық десе, ал ол іс жүзінде ондай болмаса, бұл сөздер оны айтқан адамның өзіне қайта оралады.

Сонымен, діннен шыққандық туралы шешімдерді тек шариғат соттарының қазылары және құрметті муфтилер шығара алады, ал шариғат бекіткен жазаларды тек мұсылман әмірлері атқара алады, ал қалғанның барлығы – анархия».

Алынған көзі: «Мұсылман діндар ғалымдарының қазіргі заманның үндеулеріне жауаптары», құрастырушы шейх Мухаммад бин Хусайн бин Саад әл-Суфран әл-Кахтани, редакциясын басқарған Сауд Арабиясы Корольдігі Ең ірі ғалымдары Комитетінің мүшесі, шейх Салих бин Фаузан әл-Фаузан, Кувейт, 2008 ж.



[1] Көпқұдайшылдар меңзеліп тұр.

[2] Жахилиет – Исламға дейінгі дәуір, пұтқа табынушылық кезеңі. Кейбіреулер бұл мемлекеттерде өмір сүріп жатқан адамдарды пұтқа табынушыларға теңейді деген айтылып тұр.

[3] Шариғатқа сәйкес, әмірлерден Құранда бекітілген, бұлжытпай орындалуға тиісті жазаларды қолданбауды сұрап баруға тыйым салынады.
Категория: Фатуалар | Добавил: admin (02.02.2012)
Просмотров: 498 | Комментарии: 1 | Теги: Джихад, Такфир | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
1 Mickey   (12.11.2012 11:37)
All of these articles have saved me a lot of hedaahces.

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]