Қош келдіңіз Гость • Тіркелу • Кіру • RSS
Сенбі, 20.4.2024, 01:08
Главная » Статьи » Қазақ тілінде » Мақалалар

Қабірлерді зиярат ету түрлері

Барлық мақтау Аллаһқа тән, оның құлы әрі елшісі пайғамбарымыз Мұхаммедке Аллаһтың сәлемі мен салауаты болсын!

Кез-келген адам өзінің әке-шешесін, бала-шағасы мен туған туысқанын жақсы көреді. Оларға көмек көрсетіп жақсылық қылғысы келеді. Бұл өте жақсы, мұсылманшылыққа лайықты іс. Ислам мұсылмандарды әке-шешесі мен туған-туысқандарға тірі кездерінде және олар қайтыс болғаннан кейін де оларға жақсылық қылуды үйретеді. Тірі кездерін алатын болсақ, Аллаһ құранда:"Раббың жалғыз оның өзіне құлшылық етулеріңді және ата-анаға жақсылық істеулеріңе бұйырады. Егер олардың біреуі немесе екеуі де сенің қол астыңда кәрілік жасына жетсе, оларға қарап: "Уф" деме және олардың сөздерін қайтарма! Оларға әрдайым жақсы сөз айт! Олар үшін мейірімділік пен кішіпейлік қанатын жай және де:"Раббым, олар мені сәбилік кезімде тәрбиелеп өсіргеніндей сен де оларды рахым ете гөр!"- деп дұға қыл!"-деді. Бір күні Ибн Масғұд деген сахаба пайғамбарымыздан : Аллаһ амалдардың қай бірін көбірек жақсы көреді?-деп сұрайды. Сонда пайғамбарымыз : «Өз уақытында оқылған намаз»-деп жауап береді. Әлгі сахаба: Одан кейін ше?- дегенде: «Әке-шешеге жақсылық»-деп жауап береді. Бұның барлығы олардың тірі кездерінде, ал олар қайтыс болғаннан кейін оларға қандай жақсылық істеуге болады? Расында шариғатта бұның барлығы айтылып қойған, мұсылманға тек соны оқып біліп оған амал қылу ғана қалды. Пайғамбарымыз хадисінде:" Адам баласы дүниеден өтсе оның амалының барлығы үзіледі, тек үш түрлі амалы үзілмейді: жәрия берген садақасы, артынан қалдырған пайдалы (шариғат) білімі, ол үшін дұға қылатын салиқалы баласы"-деді. Яғни қайтыс болған әке-шешесі үшін баласының Аллаһтан: "Олардың күнәларын кешіре гөр, оларды жәннатқа кіргізе гөр!"-деген дұғасы пайда береді екен. Пайғамбарымыз хадисінде айтады: "Расында жәннәтта бір адамның дәрежесі көтеріледі, сонда ол: "Маған бұл қайдан келді, мен бұндай болатындай амал қылмадым ғой?!"-дейді. Сонда періштелер оған:"Бұл артыңнан қалған балаңның сен үшін Аллаһтан кешірім сұрағаны себепті"-дейді. Міне құрметті жамағат, баласы ата-анасына, туған-туысқанына жақсылық қыламын десе, шариғат оның жолдарын көрсетіп қойған. Бірақ көп адамдар өз ойларынша бір сауапты амал істейін деген жақсы ниеттерімен дінде жоқ істерді істеп сауаптан құр қалады, тіпті кейде күнаға да батып жатады. Сол қателіктер әсіресе қабір басында көп кездеседі. Өйткені адамдар қабірдің басына не үшін баруды, ол жерге барғанда не істеу керек, не істемеу керек екенін және қабірдің басына кімге баруға болады, кімге баруға болмайтынын білмей жатады. Расында шариғат қабірлерді зиярат етуге тыйым салмайды. Қабірлерге бару үш түрлі болады. Біріншісі:Ол жерге барғанда пайғамбарымыз үйреткеніндей жатқан мәйттерге және өзінің туыс-жұрағаттарына сәлем беру, олардың күналары үшін Аллаһтан кешірім сұрау, рахымдылығын тілеу. Сонда адам өзіне де, қабірде жатқан туыстарына да жақсылық қылған болады. Өзі сүннетке амал қылғанына және қабірлерді көріп ақыретті еске алғанына сауапқа бөленсе, мәйіттер үшін дұға қылғаны үшін оларға да сауап тигізген болады. Екіншісі:Қабірдің басына бір құлшылық істеу үшін бару. Ол жерлерге барып намаз оқу, құран оқу, құрбандық шалу, Аллаһтан қабірдің басына барып тілеу, қабірлердің үстіне күмбездер немесе басқа да құрылыстарды құру сияқты. Бұлардың барлығы шариғатта тыйым салынған бидғат болып табылады және келешекте Аллаһқа серік келтіруге апаратын жолдарға жатады. Үшіншісі:Қабірлерге сол жерде көмілген мәйітке табыну үшін, одан бір жәрдем тілеу немесе одан бала, ауруына шипа тілеу үшін немесе сол мәйітке арнап құрбандық шалып оған құлшылық істеу үшін бару. Бұл шариғатта қатаң тыйым салынған әрі егер бұны істеген адам одан тәубе етпей өлсе, мәңгі тозақта қалатын үлкен шірктің дәл өзі. Сол сияқты пайғамбарымыз қабірлерге барған әйелдерді, оны мешіт қылған және оның үстіне шырақ жаққан адамдарды лағнеттеген. Және де қабірдің үстіне отырудан, оған қарап намаз оқудан және қабірдің басында Аллаһтың қаһарын келтіретін жаман сөздерді айтудан қайтарған. Аллаһ Тағала баршамызды осы жаман істерден сақтасын! Пайғамбарымыздың сүннетін мықтап ұстануымызды нәсіп етсін! Өйткені бақыт Аллаһқа және оның пайғамбарына бойұсынумен, және шариғатқа ергесумен болады. Сондай-ақ Аллаһ әр-түрлі бидғаттарды істеуден және соқыр ергесуден сақтасын! Істеген күналарымыз себепті жақсылықтан, тыныштықтан айырмасын! Халықтың басына түскен жұт пен таршылық, қиыншылық пен ашаршылық адамдардың күналары себепті болады, және оның барлығы адамдардың тәубе етулерімен кетеді. Сондай-ақ кез-келген жақсылық оған шүкір етумен жалғаса береді. Сондықтан Аллаһқа тәубе етуден және оған шүкілік қылудан жалықпаңыздар! Әмин!

Категория: Мақалалар | Добавил: admin (22.09.2011)
Просмотров: 1201 | Комментарии: 1 | Теги: қабірлер, зиярат | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
0  
1 Shaiizy   (21.10.2012 00:15) [Материал]
Stellar work there eervyone. I'll keep on reading.

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]