Қош келдіңіз Гость • Тіркелу • Кіру • RSS
Бейсенбі, 28.3.2024, 11:30
Главная » Статьи » Қазақ тілінде » Мақалалар

Аллаһтың қойған шектерін сақтау
Аса рақымды ерекше мейірімді Аллаһтың атымен бастаймын!


Барлық мақтау бүкіл әлемнің Раббысы, ерекше мейірімді аса рақымды, қиямет күннің иесі — Аллаһқа тән! Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқ және Мұхаммед оның құлы әрі елшісі деп күәлік беремін! Оған және оның жанұясына Аллаһтың сәлемі мен салауаты болсын!


{يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُواْ اتَّقُواْ اللّهَ حَقَّ تُقَاتِهِ وَلاَ تَمُوتُنَّ إِلاَّ وَأَنتُم مُّسْلِمُونَ}


«Әй иман келтіргендер, Аллаһтан шынайы түрде қорқыңдар және тек мұсылман болған күйде ғана өліңдер!»[1]


Құрметті жамағат! Аллаһ Тағала істеген құлшылық ғибадаттарыңызды қабыл етіп, оларды пайғамбарымыздың сүннетіне сай келуін, және ықыласты түрде тек Аллаһ үшін болуын нәсіп етсін!

Аллаһ Тағала баршамызды күналарымыздан тәубе етуімізді және тәубемізді қабыл етіп барлық күналардан ұзақ болуға жәрдем берсін!

Аллаһ Тағала осы өмірімізді құлшылық етумен өткізуін және өлердегі ең ақырғы сөзіміз «Лә-иләһа-илла-ллаһ» болуын нәсіп етсін! Өйткені бұл пәни дүние бүгін бар, ертең жоқ. Аллаһ Тағала бізді осы өмірге тек қана оған құлшылық етуіміз үшін жаратты. Аллаһ Тағала зәриат суресінің 56-аятында бұл жайлы: «Жын мен адамзатты тек өзіме құлшылық етулері үшін жараттым»-деді. Кім оған мойынсынса, оған толық сауабы беріледі. Ал кім қарсы болса, оны қатты азапқа салады. Осы аяттардың мағынасынан адам баласы малдар мен жан-жануарлар сияқты бекерден бекерге жаратылмағандығын білуге болады. Олардың жаратылуынан болған мақсат — Аллаһқа құлшылық ету. Құлшылықтың шариғаттағы мағынасы: «Аллаһ оны жақсы көретін және оған разы болатын жасырын және әшкере сөздер мен амалдар». Осыған орай адамның өмірдегі басты жұмысы ол Аллаһқа қлшылық ету. Сондықтан оның барлық амалдары Аллаһпен байланысқан болуы керек; не істесе де Алла үшін, оның разылығы үшін, оның сауабына жету үшін істеуі керек. Қашан адам Аллаһтың бұйрықтарын ықыласты істейтін болса, жүректің рахатына, көңілдің кеңеюіне жетеді. Өйткені Аллаһ оның мазалаған істерінің барлығын реттеп қояды.

Раббыларыңыз Аллаһ Тағала сіздерді әрдайым көріп бақылап тұратынын естен шығармаңыздар! Пайғамбарымыз нені бұйырса орындап, неден қайтарса тыйылуға тырысыңыздар! Аллаһтың және оның пайғамбарының парыз еткен нәрселерін істемей қалудан сақтаныңыздар. Сондай-ақ әлсіздік пен надандыққа салынып Аллаһқа және оның пайғамбарына қарсы келуден, күнаға батудан сақ болыңыздар! Аллаһ Құранда:

{تِلْكَ حُدُودُ اللّهِ وَمَن يُطِعِ اللّهَ وَرَسُولَهُ يُدْخِلْهُ جَنَّاتٍ تَجْرِي مِن تَحْتِهَا الأَنْهَارُ خَالِدِينَ فِيهَا وَذَلِكَ الْفَوْزُ الْعَظِيمُ}


«Бұлар Аллаһтың қойған шектері. Кім Аллаһқа және оның елшісіне бағынса, оны астарынан өзендер ағатын және ол онда мәңгі қалатын жәннаттарға кіргізеді. Міне сол — зор жетістік»[2];


{وَمَن يَعْصِ اللّهَ وَرَسُولَهُ وَيَتَعَدَّ حُدُودَهُ يُدْخِلْهُ نَارًا خَالِدًا فِيهَا وَلَهُ عَذَابٌ مُّهِينٌ}


«Кім Аллаһқа және оның елшісіне бағынбаса және оның шектерінен өтетін болса, оны Аллаһ тозаққа кіргізеді және ол онда мәңгі қалады әрі ол үшін жан түршігерлік азап бар»[3]-дейді.


Қайда болсаңыздар да Аллаһтан қорқып тақуалық қылыңыздар! Өйткені тақуалық сіздерді дүние ақыреттің бақытына жеткізеді. Аллаһ тағала айтады:


{وَمَنْ يَتَّقِ اللَّهَ يَجْعَلْ لَهُ مَخْرَجًا، وَيَرْزُقْهُ مِنْ حَيْثُ لَا يَحْتَسِبُ}


«Кім Аллаһтан қорықса, оған қиыншылықтан шығатын жол жасайды және оны күтпеген жағынан ризықтандырады».[4]


Сондай-ақ тақуалық адамға өзінің Раббысының арасындағы байланысы болған ғибадаттарды орындауын жеңілдетеді. Кім тақуа болса, оны ақыретте жәннат күтіп тұр. Өйткені Аллаһ жәннаты тақуалар үшін, ал тозақты кәпірлер үшін әзірлеген. Аллаһ Тағала жәннат жайлы:


{وَسَارِعُوا إِلَى مَغْفِرَةٍ مِنْ رَبِّكُمْ وَجَنَّةٍ عَرْضُهَا السَّمَاوَاتُ وَالأرْضُ أُعِدَّتْ لِلْمُتَّقِينَ}


«Раббыларыңның кешіріміне және көлемі көк пен жердей болған тақуалар үшін әзірленген жәннатқа кіруге жарысыңдар»[5]-деді. Ал тозақ жайлы:


{وَاتَّقُوا النَّارَ الَّتِي أُعِدَّتْ لِلْكَافِرِينَ}


«Кәпірлер үшін әзірленген оттан сақтаныңдар»[6]- деді.


Аллаһ баршамызға жәннат нәсіб етіп, тозақтан сақтасын. Әмин!




[1] Әлі Имран.102


[2] Ниса 13


[3] Ниса.14


[4] Талақ. 2-3


[5] Әлі Имран.133


[6] Әлі Имран.131

Категория: Мақалалар | Добавил: admin (10.10.2011)
Просмотров: 777 | Комментарии: 1 | Теги: сақ болыңыз, сақтану, аллаһтың қойған шектері | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
0  
1 Jean   (10.11.2012 19:58) [Материал]
Inisgths like this liven things up around here.

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]