Қош келдіңіз Гость • Тіркелу • Кіру • RSS
Жұма, 19.4.2024, 03:17
Главная » Статьи » Қазақ тілінде » Мақалалар

Білімге амал қылу
Барлық мақтау Аллаһқа тән! Пайғамбарымыз Мұхаммедке, оның жанұясы мен барлық сахабаларына Аллаһтың сәлемі мен салауаты болсын!
Шариғаттың білімнен болған мақсаты— оған амал ету болып табылады. Мұсылман адам білім алғаннан кейін ол білімге амал қылуы керек. Өйткені амал білімнің жемісі және кім де-кім білген біліміне амал қылса Аллаһ оның білімін сақтайды және оған ол оны білмеген басқа білімді үйретеді. Сондай-ақ білімге амал қылу иманның күшеюінің себебі. Аллаһ Тағала айтады:«Тура жолды талап еткендерге Аллаһ һидаятты арттырды және оларға тақуалық берді-дейді. Имам Шаукани бұл аяттың тәпсірінде: «Аллаһ оларға иманды және діндегі білімді арттырды» - деді. Сондықтан міндетті түрде адам білген біліміне амал етуі тиіс. Сондай-ақ жоғарыда айтқанымыздай: амалдан бұрын білім болу керек. Өйткені амалдың шарттарының бірі — білім. Бұл жерде екі түрлі мәселеге тоқтап кетуіміз керек. Олардың біріншісі: Аллаһ Тағала адамға не нәрселерді жүктегенін білуі керек. Екіншісі:Адамның үйренген білімі міндетті түрде пайғамбарымыз Мұхаммедтіңтарапынан алынған болуы керек.

Сондықтан кез келген амал осы екі нәрсесіз қабылданбайды. Біріншісі: расында Аллаһ осы амалды істеуімізді парыз еткендігін білу. Екіншісі: осы амалды пайғамбарымыз көрсерткеніндей етіп орындау. Және де білімнен болған мақсат — ол мынау халал, анау харам екендігін біліп қана қою емес. Білімнен мақсат — ол білімнің адамның жүрегіне кіруі, және жүректің сол білім себепті нұрлануы. Сонда ғана адам білген біліміне Аллаһтың разылығын іздеп амал қылады. Оның бұйрықтарына бойұсынады, қайтарғанынан қайтады. Қаншама адамдар бар, шариғатты көптеген мұсылмандардан, намазхандардан жақсы біледі. Бірақ оған амал қылмайды, өйткені олардың шариғатты үйренуден болған мақсаттары Аллаһтың разылығына, тақуалар үшін дайындалған жәннатқа жету емес еді. Адам қанша шариғатты үйренсе, бірақ оған амал қылмаса, ол ғалым деп аталмайды. Фудейль ибн Ғияд деген адам былай дейді: "Ғалым адам біліміне амал қылмайынша жәһіл болып қала береді, егер амал қылса, сонда ғана ғалым болады". Кімде-кім біліміне амал қылмаса қиямет күні ол білімі оған қасіретке айналады. Пайғамбарымыз былай дейді:"Қиямет күні пенденің қадамдары өзінің өмірінен және оны қалай өткізгендігінен сұралмайынша, білімін қайда істеткенідігінен және мал-мүлкін қайдан тапқаны және оны қайда жұмсағанынан әрі дене мүшесін (денсаулығын) қайда тоздырғанынан сұралмайынша орнынан қозғалмайды". Білімге амал қылмаған адам жәһіл адамдан да жаман болады. Өйткені білгеніне амал қылмаған адам білмеген адамнан бұрын тозаққа түседі. Кімде-кім білімсіз амал қылса, ол христиандарға ұқсаған болады, ал кім білгеніне амал қылмаса, ол яһудилерге ұқсаған болады. Мұсылман адам бұл екеуінен де сақтануы керек. Өйткені ол күнде немазында Аллаһтан:

اهْدِنَا الصِّرَاطَ الْمُسْتَقِيمَ صِرَاطَ الَّذِينَ أَنْعَمْتَ عَلَيْهِمْ غَيْرِ الْمَغْضُوبِ عَلَيْهِمْ وَلَا الضَّالِّين

"Иә Аллаһ, бізді тура жолға, нығметіңе бөленгендердің жолына сала гөр! Ашуыңа ұшыраған және адасқандардың жолдарына емес"-деп сұрайды. Ғұламалар бұл аяттағы "ашуға ұшырағандар" дегенді яһудилер, "адасқандар"-дегенді христиандар деп тәпсірлейді. Білімге амал қылмау бірнеше түрге бөлінеді. Өйткені білім әр түрлі болады. Кейбірі уәжіп, кейбірі мұстахаб, және мубах сияқты. Олардың кейбіреуіне амал қылмау күпірлік, кейбірі күнә, кейбірі мәкруһ және мубах болады. Мысалы, құлшылыққа тек Аллаһ Тағала лайықты және Аллаһқа құлшылық ету әр пенденің мойнындағы парыз екенін біліп тұрып сол білгеніне амал қылмаса, яғни Аллаһқа құлшылық етпесе, бұл білгені оған пайда бермейді және бұл білімге амал қылуды тастауы күпірлік болады. Сол сияқты егер арақты ішу, сату, біреуге ішкізу харам екенін білсе, бірақ оған амал қылмаса, бұл білімге амал қылуды тастауы күнә болады, ал егер амал қылса сауап болады. Сондай-ақ бір нәрсенің сүннет екенін білсе; мысалы пайғамбарымыз бір белгілі сипатта немесе көріністе намаз оқығанын білсе, бірақ өзі сол сүннетке қарама-қайшы істесе, немесе мүлдем оны ісеуді тастаса, бұл білімге амал қылуды тастауы мәкруһ болады. Ал егер соған амал қылса мұстахаб болады. Кейде бір білімге амал қылу мубах, амал қылмауы да мубах болады. Мысалы пайғамбарымыз бір белгілі киім кигенін білсе, немесе оның жүріс-тұрысы қандай болғаны сияқты, ол нәрселерді істеу біздерге жүктелмеген табиғи нәрселерді тастаса, бұл білімге амал қылуды тастауы мубах болады. Жалпы мұсылман адам білімге және жақсы, өзіне қияметте пайда беретін амалдарды істеуге әрдайым ұмтылып тұрғауы қажет. Өйткені сахабалардың уайымы осы еді; Аллаһ қандай амалды жақсы көреді? Қайтсем Аллаһтың разылығына жетсем екен?- деу еді. Бірде Абдуллаһ ибн Масғуд пайғамбарымыздан:"Аллаһ қай амалдарды көбірек жақсы көреді?"-деп сұрайды. Сонда пайғамбарымыз :"Уақытында оқылған намаз"-дейді. Сахаби: Одан кейін қайсы?-дейді. Пайғамбарымыз:"Одан кейін әке-шешеге жақсылық істеу"-деді. Бұл хадистен біз сахабалардың жақсы амалдарды сұрап, оны істеуге ынталанып тұрғандарын көреміз. Сондай-ақ амалдар бір дәрежеде емес екенін байқауға болады, өйткені пайғамбарымыз амалдар жайлы көп сұралған еді. Сонда бірде біреуге намаз деді, біреуге садақа, біреуге тағы басқа амалды айтты. Бұның барлығы сұрап тұрған адамға және заманға байланысты, өйткені біреуге біліммен шұғылданған пайдалырақ, біреуге басқа нәрсемен айналысқан жөн. Сол сияқты кей кездерде садақа беру мұсылмандарға көп пайдалы, кейде құлшылыққа көп уақыт бөлу деген сияқты амалдар уақытқа және адамның күш-құдыретіне байланысты болады. Бастысы адам өмірін бекерге өткізбей өзіне сауап болатын, тозақтан құтылуына себеп болатын амалдарды орындауға тырысуы керек. Аллаһқа шүкір дініміз толық, қандай жақсылық немесе қандай бір жамандық болатын болса, пайғамбарымыз оның барлығын айтып ескертіп кеткен. Пайғамбарымыз хадисінде айтады:«Жәннатқа жақында-татын қандай амал болса, сендерді соған бұйырдым және тозаққа жақындататын қандай да бір амал болса, сендерді одан тыйдым»-деді. Аллаһ Тағала істеген құлшылық-ғибадаттарымызды қабыл етсін! Білген, үйренген білімімізге амал қылуымызды нәсіп етсін! Баршамызды дүние-ақыреттің бақытына жеткізсін, дінімізді көркейтіп жамағатымызды көбейтсін! Біздердің және дүниеден өткен туған-туысқандарымыздың күналарын кешірсін! Елімізге тыныштық- береке берсін! Әмин!

Категория: Мақалалар | Добавил: admin (10.10.2011)
Просмотров: 819 | Комментарии: 1 | Теги: амал, білімге амал қылу | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]