Қош келдіңіз Гость • Тіркелу • Кіру • RSS
Сенбі, 20.4.2024, 01:36
Главная » Статьи » Қазақ тілінде » Мақалалар

Қиянат пен зұлымдық – дінімізден емес (өзіне қол жұмсау)

Исламның фундаментальдық принциптерінің бірі болып өміріне қол сұғылмайтын болып табылатындарды өлтіруге қатаң тыйым салынғандық табылады. Өлімге лайықты болмаған адамның өміріне ешкім, соның ішінде ол адамның өзі де, қол сұғуға құқықты емес. Дұшпандардан және дұшпан еместерден болған әйелдерге, балаларға, мүгедектерге, өзін ғибадатқа бағыштағандарға және мүлдем соғыспайтындарға қатысты бұл тыйым ерекше қатал болып табылады.

Аллаһ Тағала ізгі құлдар туралы: «Олар Аллаһпен бірге басқа тәңірге жалбарынбайды. Аллаһ өлтірілуін харам еткен кісіні орынсыз өлтірмейді де, зина жасамайды», – дейді. (әл-Фурқан; 68);

«Аллаһ өлтіруге тыйым салған жанды өлтірмеңдер, жазықты болса ғана болады». (әл-Әнғам; 151). Тура осындай тыйым әл-Исра сүресінің 33-аятында да бар.

Сахих қудси хадисте Аллаһ Тағаланың мынандай сөздері келтіріледі: «Әй, Менің құлдарым! Мен зұлымдықты Өзіме харам еттім және сендердің араларыңда да харам еттім. Ендеше, бір-біріңді жәбірлемеңдер!» Муслим.

Шейх Салих ибн Мухаммад әл-Лухәйдан былай деп айтқан: «Жазықсыз болған адамға қол сұғу да, қылмыскер болмаған адамды өлтіру сияқты, зұлымдыққа жатады. Пайғамбарымыз (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) – рақымшылдықтың, жанашырлықтың, ізгіліктің Пайғамбары. Ол барлық адамдар мен жындарға айқын шақырумен жіберілген еді. Әскерді жорыққа дайындау кезінде, ол оған балаларды, әйелдерді, қарттардарды және кельяларда құлшылыққа өзін бағыштағандарды өлтіруге тыйым салып, насихат беретін. Сөйтіп, өзі де өлтірумен айналысып, соғысып және мұсылмандарға шабуыл жасап жатқандардан өзгелерді өлтіруге Ислам рұқсат етпейді. Осы орайда, емізулі нәрестелер мен әйелдер, қарт шалдар мен кемпірлер, ауыру мен сау адамдар құрбан болып жатқан осындай қылмыстар, мал-мүлікке және оның иелеріне зиян тигізіп жатқан қылмыстар – аса үлы қылмыс және қауіпті күнә болып табылады. Шариғат оларды Ислам тыйым салған жер бетінде бұзақылық таратуға, егіндер мен мал түлігін жоюға теңестіреді, өйткені мұндай амалдарға Аллаһ және Оның Елшісі тыйым салған. Бір әскери жорық барысында өлтірілген әйелді көрген Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Онымен соғыспау керек еді»(1), – деген. Сөйтіп, ол осындай адам өлтіру – мүлде тыйым салынған іс екендігіне нұсқады».

«Мұсылман адам дұшпанынының қайғы-қасіретіне де, егер оған зұлымдық жасалған болса, қуанбайды, өйткені зұлымдыққа мүлдем рұқсат жоқ, ал жазаға лайықты емес адамға қарсы өшпенділік әрекеттер жасау – харам және жиіркенішті болып табылады. Ал куәгерлердің көз алдында жасалған, ол туралы хабар кең тараған және оны көзімен көрген адамдарға үрей салған қылмыс туралы не айтуға болады, және мұсылмандар осындай әрекеттерді құптайды деп қалайша айтуға болады?!»(2)

Абдуллаһ ибн Амр, Аллаһ оған разы болсын, Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын баяндаған: «Ең ұлы күнәлар болып Аллаһқа серік қосу, ата-аналарға құрмет көрсетпеу, адам өлтіру және жалған ант беру табылады». әл-Бухари.

Бурайда, Аллаһ оған разы болсын, Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын баяндаған: «Аллаһ үшін Аллаһтың жолында соғысыңдар! Аллаһқа иман келтірмегендермен соғысыңдар! Соғысыңдар, бірақ сатқындық жасамаңдар, шектен шықпаңдар, мүгедек етпеңдер, балаларды өлтірмеңдер!» Әбу Дауд. Шейх әл-Әлбәни «Сахих Сунән Әби Дауд» (2613) жинағында хадисті сахих деді.

Бұл хадис джихадта қиянат пен сатқындықтың тыйым салынғандығын түсіндіреді, өйткені олар зұлымдық болып табылады. Ал, «шәһидтік» актілерге келер болсақ, олардың барлығы қиянатқа, зақымдаушылыққа, қорғаусыз азаматтарды өлтіруге негізделген. Ал енді қиянат Исламның атынан жасалып жатса, олар дұшпанның мұсылмандарға жасап жатқанынан да үлкен қылмыс және жауыздық болады, өйткені мұндайқиянатшылдық әрееттер адамдарды Аллаһтың дінінен кері итереді және оларды Оның жолынан адастырады.

Хузәйфа ибн әл-Йәмән, Аллаһ оған разы болсын, былай баяндайтын: «Маған Бәдр шайқасына қатысуға тек мына жағдай ғана мүмкіндік бермеді: мен өзімнің әкем Хусайлмен бірге (Бәдр шайқасына қатысу үшін) аттанғанымда кәпір құрайштықтар бізді ұстап алып: «Сендер Мухаммадқа барғыларың келіп тұр ма?» – деп сұрады. Біз: «Жоқ, біз Мухаммадқа барғымыз келіп тұрған жоқ, біз тек ғана Мәдинаға барып келгіміз келіп тұр», – деп жауап бердік. Сонда құрайштықтар бізден Мәдинада біз Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) жағында соғыспаймыз деген Аллаһтың атымен ант алды. Біз Аллаһтың Елшісіне (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) келіп, оған орын алған жағдайды баяндап бергенімізде, ол: «Екеуің де (Мәдинаға) аттаныңдар. Біз олармен келісім-шартты орындаймыз және Аллаһтан оларға қарсы көмек сұраймыз», – деді». Муслим.

Бұл хадис келісім-шарттарды орындаудың қажеттілігін айқын көрсетуде. Дәл осы жағдай Хузәйфәны және оның әкесін мұсылмандар мен кәпірлердің соғыс майданында алғашқы кездесуінде қатысудан бас тартуға мәжбүрледі. Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) шешімі осылай болды, ал одан өзге кім маңыздырақ және сенімдірек бола алады?!

Ендеше, мұсылман еместердің еліне рұқсат және виза алып кіріп, кейін сол елдің азаматтарына қатысты қиянаттық актілерді жасайтындар туралы не айтуға болады? Ал, осыдан соң олар тағы да өздерінің әрекеттерін Исламға жатады және джихад деп аталады деп айтады? Олардың пайымдары нендей жаман!

Әбу Рафи былай деп баяндайтын: «Құрайштықтар мені Пайғамбарға (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) елші етіп жіберді, бірақ, оны көрген сәтте мен өз жүрегімде Исламды қабылдауға деген қалауды сездім. Мен: «Уа, Аллаһтың Елшісі! Аллаһ Тағаламен ант етемін, мен оларға ешқашан қайтпаймын!» – дедім. Бұған Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Мен келісім-шарттарды бұзбаймын және елшілерді ұстап қалмаймын! Оларға қайт, ал содан кейін, егер сенің жүрегіңде қазір болған қалауың сақталып қалса, бізге қайтып кел», – деді». Әбу Дауд, ән-Нәсаи, әл-Хаким, әл-Бәйхақи, Ибн Хиббән және Әхмәд. Шейх әл-Әлбәни «Мишкәт әл-Мәсабих» кітабында (3909) оны сахих деді.

Муғира атты басқа бір сахаба Исламға келудің қарсаңында өзіне сапарлас болған адамдарды өлтірді де, олардың мүлкін иемденіп алды. Кейін ол Пайғамбарға (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) келіп, Исламды қабылдады. Ал, Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі босын) оған былай деп айтты: «Сенің Исламға (келуіңе қатысты) айтар болсақ, мен (оны) қабылдаймын. Ал, мал-мүлікке келер болсақ, менің оған ешқандай қатысым жоқ», – деді. әл-Бухари.

Ескертпелер:

1. Бұл хадисті Әбу Дауд жеткізген. Шейх әл-Әлбәни «Сахих Сунән Әби Дауд» кітабында оны сахих деген (2324).

2. Барлық ғалымдардың бұл мәселе бойынша айтқан сөздері ұқсас болуы ерекше жағдай. Бұған дейін бірнеше ғасыр бұрын Әл-Изз ибн Абд әс-Сәләмға мынандай сұрақ қойылды: «Егер дұшпан зұлымдықпен және қиянатпен өлтірілген болса, адам осыған қуануына және шаттануына бола ма? Әлде бұған қуану – күнәнің жасалғанына қуану болып табылады ма?» Ғалым былай деп жауап берді: «Егер адам оның дұшпанына қатысты Аллаһқа мойынсұнбау жасалғанына қуанса, онда оның қуанышы жиіркенішті-ақ. Егер ол осы дұшпан көрсететін жауыздықтан өзінің құтылғанына, адамдардың қанау мен залымдықтан құтылғанына қуанса және оның қуанышы ол арқылы адам өлтіру орын алған Аллаһқа мойынсұнбаудан туындамаған болса, мұнда ешқандай айыпты нәрсе жоқ». «Қауәид әл-Әхкәм» (2/397).

Әбу Умар әл-Ғаззидің «Өзін-өзі өлтіру актілерінің және жарылыстардың ауыр зардаптары» атты кітабыннан



Источник: http://kz.anti-irhab.ru
Категория: Мақалалар | Добавил: admin (24.05.2011) | Автор: Әбу Умар әл-Ғаззи
Просмотров: 853 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]