Қош келдіңіз Гость • Тіркелу • Кіру • RSS
Бейсенбі, 25.4.2024, 19:34
Главная » Статьи » Қазақ тілінде » Мақалалар

Ислам үмметінің адасудан құтылу себептері
بسم الله الرحمن الرحيم
 Барлық мақтау әлемдердің Раббысы Аллаһқа тән, пайғамбарымыз Мұхаммедке r, оның отбасына және барлық сахабаларына Аллаһтың сәлемі мен салауаты болсын! Аллаһ Тағала бүкіл адамзатқа өз даналығымен сынақ емтиханды жіберуші. Олардың әуелгісі – адамдардың атасы Адам u. Аллаһ Адамды u және оның әйелі Хауа ананы олардың дұшпаны, Адамға қызғаныш және тәкаппарлық қылған Ібліспен сынады. Содан соң Аллаһ Тағала Адаммен u Хауа анаға тәубе етуге мүмкіндік берді. Бұл жайында Аллаһ Құранда былай дейді: "(Адам ата мен Хауа анамыз): Раббымыз, біз өзімізге кесір істедік. Егер Сен бізді жарылқап, мәрхемет етпесең, әлбетте зиянға ұщыраушылардан боламыз деді". (Әғраф . 23) Сөйтіп Аллаһ олардың тәубелерін қабыл етіп былай деді: "Сонда Адам Раббысынан сөздер үйреніп алды да, жалбарынды. Аллаһ оның тәубесін қадылдады. Өйткені Ол тәубені өте Қабылдаушы, ерекше Мейірімді". (Бақара. 37) Сол сияқты Адам баласына заман өтуімен сынақтар келіп тұрды. Аллаһ пайғамбарларды және оларға ергендерді сынады және оларды кәпірлерден, мұнафықтардан болған дұшпандармен (жын мен адамдардың шайтандарымен) сынады. Аллаһ Тағала Құранда былай дейді: "Сол сияқты әр пайғамбарларға адамдардың және жынның шайтандарынан дұшпан қылдық", (Анғам. 112) "Сол сияқты әр пайғамбар үшін күнәһәрларды дұшпан қылдық, Раббың жетекшілік және көмекшілікте саған жетіп асады". (Фурқан. 31) Бірақта Аллаһ пайғамбарларды және оған ергендерді құтқарды. Аллаһ Тағала Құранда: "Сонсоң елшілеріміз-ді, иман келтіргендерді құтқарамыз. Осылайша иман келтіргендерді құтқаруымыз Бізге міндет"- дейді. (Юнус – 103) Пайғамбарлардан басқалары тек Аллаһқа иман келтірумен аман қалады. Бұл нәрсе Аллаһтың мына сөздерімен күшейе түседі: " Осылайша иман келтірген-дерді құтқаруымыз Бізге міндет", "Сондай – ақ мүміндерге жәрдем ету Бізге міндет". (Рум. 47) Аллаһ иманды фитнадан құтылу сипатымен сипаттады, сондықтан мүміндер имандарына берік болып, діндерін жақсы ұстанса, Аллаһ оларды барлық фитналардан құтқарады, және дүние ақіретте жеңіске жеткізеді. Әлбетте бұл — Аллаһтың иман келтіргендерді мұнафиқтардан ажыратқанынан кейінгі болатын хикметі. Аллаһ бұл жайында былай дейді: "Адамдар: "сендім" деумен сыналмай қойып қойылатындықтарын ойлай ма? Рас олардан бұрынғыларды да сынаған едік. Сондай-ақ Аллаһ әлбетте шыншылдарды да, өтірікшілерді де біледі", (Анкабут. 1-3) "Егер Аллаһ қаласа өш алар еді. Бірақ біріңді – бірің сынау үшін". (Мұхаммед. 4) "Әй мүміндер егер Аллаһқа (дініне) жәрдем етсеңдер, Ол сендерге жәрдем етіп, табандарыңды бекітеді". (Мұхаммед. 7) Қазіргі кезде мұнафықтар мен кәпірлердің мұсылмандарға үстем болғандарына таң қалма! Өйткені бұл Аллаһтың өз халқына болған сүннеті, Аллаһ Құранда: "Бұл Аллаһтың таза мен ласты ажыратып, ластарды бір – бірінің үстіне қойып барлығын бір жерге үйіп тозаққа салуы үшін. Міне солар зиянға ұшырау-шылар"-дейді. (Әнфал. 37) Бірақ бізге сабырлық қылып, Аллаһтан сауапты үміт ету міндет болады, өйткені: "Соңғы табыс тақуалардікі". (Ағраф. 128) Аллаһ Тағала былай дейді: "Малдарың және жандарың жайында әрине сыналасындар, сондай – ақ сендерден бұрынғы кітап берілгендерден және мүшріктерден көптеген реніш естисіңдер. Егер сабыр етсеңдер әрі тақуалық қылсаңдар, шәксіз бұл маңызды істерден" (Али Ғымран. 186) және "Егер сабыр етсеңдер, сақтық істесеңдер, олардың сығандықтары сендерге ешбір зиян қылмайды. Күдіксіз Аллаһ олардың не істегендерін толық біледі". (Али Ғымран. 120) Мұсылмандар осы шартпен, яғни сабырлықпен әрі діндерінде берік болуларымен жеңіске жетеді. Сондай-ақ іс қандай қиын жағдайға жетсе де, кәпірлер мен мұнафықтарды разы қылу үшін діннің бір ісін кемітуге болмайды. Керісінше қандай жағдайда да сабырлық қылу және дінде берік болу міндет болады. Аллаһ Тағала бұл жайында былай дейді: "Олар сабыр етіп, аяттарымыз-ға нақ сенген кезде, араларынан бұйрығымызбен тура жол көрсететін имамдар қылған едік". (Сәжде. 24) Шейхул ислам Ибн Таймия осы аят жайында: "Сабыр-лықпен және нақ сеніммен діндегі имамдық дәрежеге жетеді" - деді. Ал бұл екеуінсіз имамдық дәрежесіне жету қиын болады. Ирбад ибн Сария деген сахаба (оған Аллаһ разы болсын) пайғамбарымыз r адамдарға насихат қылғаны туралы былай дейді: "Бір күні Аллаһтың елшісі r бізбен намаз оқыды, кейін бізге жүзімен бұрылып, өте әсерлі насихат айтты.. Сол кезде адамдардың көздерінен жас ағып, жүректері жібіді. Сонда бір адам: "Иә Аллаһтың елшісі!: Бұл қоштасушының насихаты сияқты ғой, бізге не деп өсиет етесіз?", - деп сұрады. Пайғамбарымыз r : "Аллаһқа тақуалық қылуды және сендерге хабашийдің[1] құлы әмір болса да, оған құлақ салып, бойұсынуды өсиет етемін. Сендерден кімде-кім менен кейін өмір сүрсе, көптеген келіспеушіліктерді көреді. Сондықтан сендерге менің сүннетімді, әрі һидаятқа бастаушы халифалардың[2] сүннетін берік ұстануларың міндет болады. Сондай - ақ дінге жаңалық енгізуден сақ болыңдар, өйткені әрбір жаңалық бидғат, әр бидғат - адасу"— деп жауап берді. Пайғамбарымыз r осы насихатында бізге тақуалықты өсиет етті. Бұл сөз жақсы мінездің барлығын қамтиды. Тақуа дегеніміздің мағынасы: өзіңмен қорқатын нәрсенің арасына сені одан сақтайтын нәрсені жасау, сол сені қайтарылған істерден сақтайды. Мысалы: адам баласы өзіне суық пен ыстықтан сақтану үшін үй салады, бұл үй оны ыстық пен суықтан сақтайды, сол сияқты өзіңді Аллаһтың азабынан, ашуынан, тозақ отынан сақтайтын нәрсе жасауың, бұл нәрсе Аллаһтың бұйырғанын істеумен және қайтарғанынан қайтумен болады, міне тақуалық деген осы. Расында сені Аллаһтың азабынан және тозақ отынан биік қорғандар, әскерлер және қымбат киімдер сақтамай-ды, сені тек қана тақуалық сақтайды. Кейін пайғамбарымыз r: "Сіздерге егерде құл басшы болса да оған құлақ салып бой ұсыныңдар" - деді. Бұл — жеңіске жетудің және аман болудың себебі. Әлбетте үмбетте жамағаттың, дәулет және оларды жауларынан сақтайтын күш-қуаттарының болуы — олардың басшыларына бойұсынып құлақ салуларымен болады. Аллаһ Құранда былай дейді: "Барлықтарың Аллаһтың жібіне (дініне) жабысыңдар да бөлінбең-дер!". (Али Ғымран - 103). Жамағат тек қана басшымен және оның басқаруымен болады. Ал оның басқаруы тек қана оған бойұсынумен жүзеге асады. Бұл басшы ұлық бір рудан болмаса да оған бой ұсынылады. Өйткені бұл рулыққа байланысты емес, керісінше оның атқару жұмысына және оның дәрежесіне байланысты. Сондықтан мұсылмандардың басшыларына бой ұсынылады, осы арқылы мұсылмандардың пайдасы және ауызбіршілігі пайда болады. Тек бір нәрседе оларға бойұсынуға болмайды. Ол жайында пайғамбарымыз r былай дейді: "Жаратушыға күнәһәр болатын істе жаратылғанға бой ұсынуға болмайды". Сондықтан басшыға Аллаһқа күнәһәр болатын істе бойұсыныл-майды, бірақ одан басқасында басшыға бойұсынылады. Бұның мағынасы: егерде ол басшы бір күнә іске бұйырса біздің оған қарсы шығып таяқ көтеруіміз емес, керісінше оған осы күнә істе бойұсынбауымыз, бірақ одан басқа күнә емес істерде оған бой ұсынуымыз. Бұдан кейін пайғамбарымыз r келешекте үмбеттің осы өсиетке мұқтаж болатындығын баяндады. Бұл өсиет: мұсылмандардың басшысының әміріне құлақ салып, бой ұсынулары. "Сендерден кімде-кім менен кейін өмір сүрсе, көптеген келіспеушіліктерді көреді. Сондықтан сендерге менің сүннетімді, әрі һидаятқа бастаушы халифалардың сүннетін берік ұстану міндет болады". Үмбеттің құтылу жолдары Біріншісі: Пайғамбарымыздың r және оның һидаят-қа бастаушы халифаларының сүннеттерін берік ұстану. Бұл сөзден соң Пайғамбарымыз r хадистің жалғасында "Көптеген келіспеушіліктер көреді" деді, демек ол аз емес, көптеген келіспеушіліктер. Бұл көптеген келіспеушіліктерден осы үмбетті тек қана пайғамбарымыздың r сүннетін берік ұстану және оның һидаятқа бастаушы халифаларының, мұһажирлер мен ансарлардың сүннетінде болу ғана құтқарады. Бұл жайында Аллаһ былай дейді: "Мұһажирлер, ансарлардан алғашқы иман келтіргендер және жақсылықта оларға ергендерден Аллаһ разы болды. Әрі олар да Аллаһтан разы болды. Сондай-ақ Аллаһ олар үшін ішінде мәнгі қалатын, астарынан өзендер ағатын жаннаттар әзірледі...." (Тәубе - 100). Пайғамбарымыз r келіспеушіліктер әрі көптеген тармақтарға бөліну туралы хабар берді: "Яһудилер жетпіс бір топқа, Насранилер жетпіс екі топқа бөлінді, осы үмбет жетпіс үш топқа бөлінеді, олардың біреуінен басқасының барлығы тозақта болады" – деді. Сахабалар: "Иә Аллаһтың елшісі! Сол тозақта болмайтын біреуі қайсысы? – деді. Сонда Пайғамбарымыз r: "Менімен менің сахабаларым болған нәрседе болғандар", - деп жауап берді. Сондықтан мұсылман адам келіспеушілік фитнасынан әрқашан, әсіресе ақыр заманда тек қана пайғамбарымыздың r және сахабалардың сүннеттерін берік ұстаумен ғана аман қалады. Осы үшін әһлі сүннә жамағаты "фитнадан және қиямет күнінде тозақ отынан құтылушы" топ деп аталды. Олардан басқалары құтылмайды: "Біреуінен басқасының барлығы тозақта". Өйткені олар сүннетке теріс келіп, топтарға бөлініп кетті. Олардан тек қана ақиқатта берік болғандары ғана қалды. Ақиқатта берік болу және пайғамбарымыздың r сүннетімен сахабалардың жолдарын берік ұстану тек қана пайдалы біліммен болады. Өйткені өзің бір нәрсені білмесең, онда қалай берік боласын? Сондықтан ақиқатта болып, оны берік ұстануымыз үшін Пайғамбарымыздың r және оның сахабаларының сүннетін үйренуіміз парыз. Хузайфа ибн Йаман (оған Аллаһ разы болсын) былай дейді: "Адамдар пайғамбарымыздан r жақсылықтар жайында сұрайтын еді. Мен жамандықтың маған жетуінен қорыққандығымнан сол жайында сұрайтын едім. Бірде пайғамбарымыздан r : "Иә, Аллаһтың елші-сі! Біз жаманшылықта әрі надандықта едік, сонда бізге Аллаһ осы жақсылықты берді. Бұл жақсылықтан кейін жамандық бар ма?" – дедім. Ол: "Иә" – деді. Мен: "Осы жамандықтан кейін жақсылық бар ма?" дедім. Ол: "Иә, және онда түтін бар" – деді. Мен: "Оның түтіні не?"- дедім. Сонда пайғамбарымыз r: "Ол сондай қауым, менің көрсеткен жолымнан басқа жолмен жүреді, сен олардан жақсылық және жамандық көресің",-деді. Сонда мен: "Бұл жақсылық-тан кейін жамандық бар ма?" – дедім. Ол кісі: "Иә, тозақтың есіктеріне шақырушылар болады, кім оларға ерсе, олар оны тозаққа лақтырады," – деп жауап берді. Мен: "Иә Аллаһтың елшісі! Оларды бізге сипаттап беріңіз!" – дедім. Сонда ол кісі: "Олар біздің туыс-тарымыздан болған қауым, әрі біздің тілімізде сөйлейді," – деді. "Сол маған жетсе, маған не істеуді бұйырасыз?" – деп сұрадым. "Мұсылмандар жамағаты мен олардың имамдарына ілес!"– деді. "Егер мұсылман-дардың жамағаты да, имамы да болмаса не істеймін?"– деп сұрадым. Пайғамбарымыз r: "Сол топ-тардың барлығынан ұзақ бол! Талдың тамырынан азу тісіңмен ұстансаң да, өлім келгенге дейін сол жағдайда бол!" – деп жауап берді. Бұл хадисте егер келешекте жамандық болса оны біліп, әрі одан аман қалуы үшін сахаба пайғамбарымыздан r не істейтінін сұрады. Өйткені адам жаманшылықтардан тек сол нәрсені білуімен аман қала-ды. Ал білім — оны сұрап, іздеумен пайда болады. Пайғамбарымыз r өзінен кейін келіспеушіліктер болған кезде не істеу керек екендігін баяндады. Әлбетте бұл нәрсе пайғамбарымыздың r үйретулерінен. Сол кезде Хузайфа ибн Йаман (Аллаһ оған разы болсын) пайғамбарымыздан r: "Егер мен сол уақытта болсам не істеуді бұйырасыз?"-деп сұрады. Пайғамбарымыз r оған: "Мұсылмандардың жамағатына және имамдарына ілес!"—деді. Бұл пайғамбарымыздың r: "Аллаһқа тақуалық қылыңдар және басшыларыңа құлақ салып бой ұсыныңдар!"— деген сөзіне сәйкес келеді. Сондықтан адасқан топтарға ерме! Дініңе берік болып, Аллаһтың дінін үйренуге тырыс, әрі Пайғам-барымыз r және оның сахабаларының сүннетіне көңіл бөліп, соған ер! Сондай-ақ мұсылмандардың басшылары-на құлақ салып бой ұсын да, мұсылмандардың жамағатымен бірге бол! Пайғамбарымыз r : "Мұсылмандардың жамаға-тына және олардың имамдарына ілес " – деді. Сонда Хузайфа ибн Йаман: "Иә, Аллаһтың елшісі! Егерде мұсылмандарда жамағат та, имам да болмаса не істеймін?" – дегенде пайғамбарымыз r : "Сол топтар-дың барлығынан ұзақ бол!" – деп жауап берді. Қашан оларда Аллаһтың және Оның елшісінің r сүннетімен жүретін жамағат та, имам да болмаса, олардың барлығынан ұзақ бол! Өйткені олардың барлығы адасуда, сондықтан оларға қосылма! Пайғамбарымыз r : "Егер талдың тамырынан азу тісіңмен ұстансаң да, өлім келгенге дейін сол жағдайда бол!"—деді. Егер мұсылмандарда жамағат та, имам да болса, олардан ажырама! Фитнадан құтылып аман қалу үшін солармен бірге бол! Сол сияқты құтылу жолдарынан: дұрыс ақиданы[3] ұстану және Аллаһты құлшылықта бірлеу әрі ширктің[4] үлкенінен де, кішісінен де сақ болу. Міне осы ақиданың негізі, кім осы негізді ұстанса тозақтан құтылады. Бұл жайында Аллаһ Тағала былай дейді: "Сондай иман келтіріп, имандарын зұлымдықпен былғамағандар міне солар амандықта әрі тура жолға түсірілгендер". (Әнғам. 82) Бұл аяттағы "иман" сөзінің мағынасы — таухид.[5] Ол Аллаһқа құлшылық етіп, Одан басқаға құлшылық етуді тастау. "Имандарын зұлымдықпен былғамағандар" дегені: таухидтарын ширкпен былғамағандар деген сөз. Өйткені ширк таухидқа араласса оны бұзады. Өйткені таухидпен ширк бір-біріне қарама-қайшы нәрсе, олар ешқашан бірге болмайды. (Таухидпен үлкен ширк бірге болмайды, бірақ таухидпен кіші ширк бірге болуы мүмкін.) Бұл жердегі "зұлым" сөзі пайғамбарымыз r айтқанындай ширк. Осы аят сахабаларға түсініксіз болған кезде, олар: "Иә, Аллаһтың елшісі! Кім өз - өзіне зұлым қылмаған?"- деп сұрады. Сонда Пайғамбарымыз r : "Ол сендер ойлаған зұлымдық емес, ол — Аллаһқа ортақ қосу. Сендер ізгі адаммның:"Әй, ұлым! Аллаһқа ортақ қоспа! Күдіксіз ортақ қосу — үлкен зұлымдық"-деген сөзін есітімедіңдер ме?"– деді. Осы аяттағы "зұлым" сөзінің мағынасы — Аллаһқа ортақ қосу. Кімде-кім осыдан аман қалса, дүние-ақыретте тыныштықпен амандықта болады. Аллаһ Тағала бұл жайында: "Аллаһ сендерден иман келтіріп, ізгі іс істегендерге өздерінен бұрынғы өткендердей жер жүзіне мұрагер қылуды уәде етті. Сондай-ақ олар үшін дінін нығайтып, қауіп–қатерден кейін амандыққа айландырады. Олар маған құлшылық қылады, маған еш нәрсені серік қоспайды"- дейді. (Нұр - 55) Міне, осы шарттармен ұлы жеңістіктерге жетеді. Бұл шарт:"Олар маған құлшылық қылады, маған еш нәрсені серік қоспайды". Егер осы шарт орындалса (Аллаһқа құлшылық қылып, одан басқаға құлшылық қылуды тастау), үммет Аллаһтан болған ұлық уәделерге жетеді. Аллаһ олар үшін өзі разы болған дінін нығайтып, оларға қауіп-қатерден кейін амандық береді. Осы ұлық мақсаттар тек таухидпен ғана жүзеге асады. Ол — жалғыз Аллаһқа құлшылық қылып, одан басқаға ғибадат қылуды тастаумен және бидғаттан ұзақтаумен жүзеге асады. Өйкені бидғат адамды ширкке алып барады. Сол үшін Пайғамбарымыз r : "Дінге бір жаңалық енгізуден сақтаныңдар. Өйткені әрбір жаңа іс— бидғат, әрбір бидғат—адасу"- деген. Басқа бір риуаятта: "әрбір адасу—тозақта" деген. Сондықтан ширктен ұзақ болғанымыздай бидғаттан да ұзақ боламыз. Ширктен ұзақтау—Аллаһты ғибадатта жалғыздау, міне осы "Лә иләһә илләллаһтың" мағынасы. Ал "Мұхаммед r Аллаһтың елшісі" дегеннің мағынасы—бидғатты тастау. Өйткені Пайғамбарымыз r хақты және дінді баяндау үшін келген және де біз Аллаһқа Пайғамбардың r көрсеткен жолымен құлшылық қыламыз. Өйткені пайғамбарымыз r жақсылықты да жамандықты да баяндап кеткен. Үмметтің таухидты ұстануы, ширктен және бидғаттан ұзақтануы, әлбетте осы нәрселер оның амандықта болуының себептеріне жатады. Үмбетті фитнадан амандықта алып қалатын негізгі себеп—таухид және ширк пен бидғаттан, дінге жаңалық енгізуден ұзақ болу. Үмметтің амандықта болуының себептерінің бірі: жақсылыққа бұйырып жамандықтан қайтару. Осы екі нәрсе болса, әлбетте үмбет амандықта болады. Егер ол жақсылыққа бұйыруды, жамандықтан қайтаруды тастаса, Исраил ұрпақтары сияқты апатқа ұшырайды. Аллаһ Құранда: (Мұхаммед r!) "Олардан теңіз жағасында болған кенттің жағдайын сұра. Сол уақытта олар сенбіде (балық аулап) шектен шығатын еді. Сонда олардың сінбіні құттықтаған күндерінде балықтар оларға қаптап келіп, сенбісіз күндерде оларға келмейтін еді. Олардың зұлымдықтары себепті өздерін осылайша әуреге салдық" (Ағраф - 163) және "Жаманшылықтан тосқандарды құтқардық. Сондай зұлымдық қылғандарды бұзақылық істеулері себепті қатты қинауға ұшыраттық"- деді. (Ағраф - 165) Бұл үммет бірін-бірі жақсылыққа бұйырып, жаманшылықтан қайтарумен фитнадан құтылады. Пайғамбарымыз r хадисінде айтқанындай: "Аллаһ Тағаланың қойған шегінде тоқтайтын адамдар — жақсылыққа бұйырып, жаманшылықтан қайтарушы-лар. Ал оның шегінде тоқтамайтындар — Аллаһ қайтарған істерді істеушілер. Бұлар кеменің үстінде тұрып құра (жебе) тастаған қауым сияқты. Сонда олардың кейбіреулеріне кеменің үстінде, ал кейбіреулеріне төменінде болуына нәсіп етті. Төмендегілер жоғарыдан су алатын еді. Кейін олар: "Жоғарыдағыларға азар беріп қайтеміз, өйткенше төменнен тесіп, суды ала бермеймізбе?"-деді. Егер олар төменнен тескенде, кеме барлығымен бірге батып кететін еді. Егер жоғарыдағылар төмендегілер-ді кемені тесуден қайтарса, барлығы аман қалады. Ал егер қайтармаса, барлығы бірге суға батып өлер еді." Әлбетте бұл — мұсылмандар үшін анық мысал әрі ғибрат. Осыған орай егерде біз күнәһәрларды және жаманшылық істеушілерді жақсылыққа бұйырып, жаманшылықтан қайтармасақ, олар үмбетті апатқа ұшыратады. Сол апаттың зияны жақсыға да, жаманға да тиеді. Аллаһ Тағала былай дейді: "Және сендерден жеке залым болғандарға ғана кесірі тиіп қалмайтын фитнадан сақтаныңдар. Сондай-ақ Аллаһтың қатты азап иесі екенін біліңдер." (Әнфәл - 25). Егер күнәһәрларға Аллаһтың азабы түссе, жақсыға да жаманға да әсері тиеді, бірақ бұл азаптан жаманшылықтан қайтарғандар аман қалады. Ал егер жақсы адам болып жаманшылықтан қайтармаса, жоғарыда айтып өткен Исраил ұрпақтары сияқты солармен бірге азапталынады. Пайғамбарымыз r мына аятты оқыды: "Сондай Исраил ұрпақтарынан қарсы болғандарға, Дауыт u және Мәриям ұлы Ғайсаның u тілі арқылы лағынет етілген. Ол қарсы келулері, шектен шығуларының салдарынан. Олар бір – бірлерін істеген жамандық-тарынан тыймайтын болған. Расында олардың істегендері нендей жаман". (Мәида. 78-79) Олардың лағынеттелулерінің себебі олар бір–бірлерін істеген жамандықтарынан тыймайтын болған. Сосын Аллаһ барлығын бірдей лағынеттеді. Көптеген адамдар жақсылыққа бұйыруды, жаманшылықтан қайтаруды имам және молдалардың міндеті деп түсінеді, керісінше бұл әр бір мұсылманның міндеті. Пайғам-барымыз r: "Сіздерден кім мүнкәр[6] істі көрсе, оны қолымен түзесін, ал егер қолымен түзей алмаса, тілімен түзесін, ал егер оған да шамасы келмесе, сол істі жүрегімен қайтарсын! (жүрегімен жек көрсін), расында бұл иманның әлсіздігінен",-деген.. Жақсылыққа бұйырып жаманшылықтан қайтару және Аллаһтың дініне шақыру молда, имамдардың ғана міндеті деу қате түсінік. Әрбір адам өз отбасы үшін жауап береді. Аллаһ Құранда: "Әй мүміндер! Өздеріңді әрі үй-іштеріңді отыны адамдар мен тастар болған оттан қорғаңдар. Оның үстіндегі періштелер: жуан, қатал. Олар Аллаһтың өздеріне берген әмірлеріне қарсы келмейді. Не бұйрылса соны істейді",-деген. (Тахрим. 6) Молда немесе имам сенің үй ішіңдегі нәрсені білмейді, керісінше сен әйеліңе, бала-шағаңа жауаптысың. Пайғамбарымыз r хадисінде: "Әрқайсы-ларыңыз өз от басына жауапты, бастық жұмысшыларына жауапты, ер адам от басына, әйел адам ерінің үйіне және балаларына жауапты, әр- қайсыларыңызда жауапкершілік бар, және әрбіріңіз сол жауапкершіліктеріңізден сұраққа тартыласыздар",- деді. Сондықтан жақсылыққа бұйыру, жамандықтан қайтару әр адамның міндеті. Бірақ бұл әр адамның шамасына қарай болады. Әр мұсылманға Аллаһ жүктеген жауапкершіліктерін орындауы керек. Өйткені бұл — үмметтің амандықта қалуының себептерінен. Кейбір кездерде адамның жаманшылықты қолымен және тілімен қайтаруына шамасы келмеуі мүмкін. Бірақ сол жаманшылықты жүрегімен жек көруге әркімнің шамасы келеді. Сол үшін Пайғамбарымыз r :"Бұның артында дәннің салмағындай да иман жоқ", – деді. Сондықтан жамандықты жүрегімен қайтармайтын адам мүмін емес, әрі оның жүрегінде дәннің салмағындай да иман жоқ. Егер ол күнәға разы болып, оны қайтармаса және жүрекпен жек көрмесе онда оның жүрегінде иман жоқ. Міне осылар – үмметтің тозақтан құтылуының себептері: Біріншіден: басшыға жақсылықта бой ұсынып, оған құлақ салу. Екіншіден: Құранмен сүннетті берік ұстану: "Барлықтарың Аллаһтың жібіне (дініне) жабысыңдар, бөлінбеңдер", (Әли Ғымран. 103) "Күдіксіз Менің тура жолым осы. Енді соған еріңдер де, басқа жолдарға түспеңдер, (егер түссеңдер) сендерді Аллаһтың жолынан айырады. Аллаһтың сендерге деген өсиеті осы. Әрине сақтанарсыңдар". (Әли Ғымран. 153) Үшіншіден: әркімнің шамасына қарай жақсылыққа бұйыруы, жамандықтан қайтаруы: "Жақсылыққа, тақуалыққа жәрдемдесіңдер, күнәға және дұшпандық-қа жәрдемдеспеңдер". (Мәйдә. 2) Сондай-ақ үмметтің құтылуының себептерінің бірі: мұсылмандар арасындағы махаббат пен туысқандық сезімдері. Пайғабарымыз r былай дейді: "Мүміндер бірін – бірі тіреп тұрған дуалдар сияқты"[7], басқа хадисте: "Мүміндердің өзара сүйіспеншілігіндегі, мейірім-ділігіндегі, бауырмашылдығындағы мысалы дене секіл-ді. Егер дененің бір мүшесі ауырса, оны дененің барлық мүшелері сезінеді",[8] - дейді. Сондықтан мұсылмандар бірін-бірі насихаттаулары уәжіп болады. Пайғамбарымыз r: "Дін – насихат" - деді. Сонда сахабалар: кім үшін? дегенде:"Аллаһ үшін, оның кітабы және елшісі үшін, әрі барлық мұсылман-дар мен олардың имамдары үшін", – деді. Сол сияқты мұсылмандардың бірін бірі жақсы көрулері уәжіп. Өйткені Пайғамбарымыз r : "Иман келтірмейінше жаннатқа кірмейсіңдер, сондай – ақ біріңді-бірің жақ-сы көрмейінше иман келтірмейсіңдер. Сендерге оны істесеңдер біріңді-бірің жақсы көретін нәрсені үйретейін бе? Араларыңда сәлем тарқатыңдар!" – деді. (Муслим) Сондай-ақ мұсылмандардың арасын жарастыру уәжіп. Аллаһ Тағала былай дейді: "Олардың өзара күнкілдерінің көбінде хайыр (жақсылық) жоқ. Бірақ кім бір садақаны, не бір игілікті немесе адамдардың арасын жарастыруды әмір етсе, ол хайырлы. Және біреу осыны Аллаһтың разылығын іздеп істесе, сонда оған жедел ірі сауап береміз". (Ниса. 114) "Егер мүміндерден екі топ соғысса, дереу оларды жарастырыңдар. Мубада екі жақтың бірі екіншісіне өктемдік жасаса, бас тартқан жақпен Аллаһтың әміріне қайтқандарына дейін соғысыңдар, егер қайтса, араларын әділдікпен жарастырыңдар, туралық істеңдер. Расында Аллаһ туралық істеушілерді жақсы көреді". (Хужурат. 9) Өкініште қалмаудың себептеріне мұсылмандар арасындағы жеккөрінішті және бірін-бірі тәлкек қылмау жатады. Бұл жайында Раббымыз Аллаһ Құранда былай дейді: "Әй мүміндер! Бір ел бір елді тәлкек қылмасын. Бәлкім олар өздерінен жақсы шығар. Сондай-ақ әйелдер әйелдерді келемеждемесін, бәлкім олар өздерінен жақсы шығар. Бір-біріңді міндемеңдер; жаман ат тағыспаңдар. Иман келтіргеннен кейін сүркей ат нендей жаман. Ал кім тәубе қылмаса міне солар залымдар". (Хужурат.11) Міне құтылудың себептері — жамағаттың өзара шыншыл болып, бірін-бірі жақсы көрулері. Мұсылман-ның өз бауырымен қарым-қатынас істеуінде оны алдамауы, саудасында қулық істемеуі және бауырының хитбасының[9] үстіне хитба қылмауы, саудасының үстіне сауда қылмауы, мұсылманның өз бауырының ақысын құрметтеуі. Бұл жайында Пайғамбарымыз r: "Мұсылман мұсылманның бауыры, оған зұлымдық қылмайды, оны көмексіз тастамайды және оны кемсітпейді" – деді де "тақуа мұнда" – деп кеудесіне үш рет ишара қылды. Кейін: "Адамның жамандығына өзінің мұсылман бауырын қорлауының өзі жеткілікті, әрбір мұсылманға мұсылманның қаны, оның жаны және абыройы харам" – деді. Міне осы құтылудың себептері. Мұсылмандардың арасындағы өзара махаббатты басшылыққа қою, жақсылыққа бұйыруды, жамандықтан қайтаруды насихат ету және жақсылыққа әрі тақуалыққа көмектесу. Имам Малик (Аллаһ оны рахым етсін) былай дейді: "Бұл үмбеттің ақыры тек қана оның алдыңғылары түзелген нәрсемен ғана түзеледі". Алдыңғылар исламмен және дінде берік болуларымен түзелді. Сол сияқты ақыры да тек қана алдыңғылар түзелген нәрсемен түзеледі. Егер үмбеттің ақырғылары алдыңғылардан ажыраса, құрып кетеді. Ал кәзіргі кездегі адасқандар: бұл бұйрықтармен тыйымдар тек бұрынғылар үшін, біздің заманға бұлар жарамайды - дейді. Аллаһ үшін дос болу немесе дұшпан тұту бұл заман үшін тура келмейді. Бұл дегені сол шектен шыққан ақымықтардың ойлауынша Құранға амал қылу аяқталды, оған амал қылынбайды, қазір біз жаңа дінге, жаңа тәртіпке мұқтажбыз дегені. Әрі Пайғамбар r бүкіл әлем үшін елші емес және пайғамбарлығы қиямет күніне дейін емес, діні де қияметке дейін қалушы, әр заманға да мекенге де жарайтын толық дін емес дегені. Расында сол істердің барлығы алдыңғылардың өтуімен бітті, біз қазір жаңа ғасырдамыз, жаңа нәрсеге мұқтажбыз деген сөздер - өтірікшілердің сөздері. Сырттай Исламды көрсетіп іштерінде күпірлікті жасырған мұнафықтардың және қазіргі кездегі исламның атын жамылып жүргендердің сөздері. Егер фитна келсе олардың жасырған екі жүздіктері көрінеді. Сондықтан оларға қаралмайды да, оларға көңіл де бөлінбейді және оларға құлақ та салынбайды. Егер адамдар біздің үстімізден сөйлесе де, бізді мазақтаса да, оған көңіл бөлместен анық болған ақиқаттың жолында жүруіміз керек. Ол жол — Аллаһтың кітабы және пайғамбарымыздың r сүннеті көрсеткен жол. Пайғамбарымыз r былай дейді: "Сендерге екі нәрсе қалдырдым, егер ол екеуін берік ұстансаңдар, ешқашан адаспайсыңдар, олар — Аллаһтың кітабы және пайғамбарының сүннеті". (Муатта) Аллаһ Тағала былай дейді: "Күдіксіз менің тура жолым осы, енді соған еріңдер! Басқа жолдарға ермеңдер. Егер ерсеңдер Аллаһтың жолынан адастырады, Аллаһ сендерге осыларды өсиет етті, мүмкін сақтанарсыңдар!?". (Әнғам,153) Осы аз болса да жазған насихатымызды Аллаһ Тағала қабыл етіп, барлығымызды Аллаһтың кітабы және пайғамбарымыздың r сүннетімен жүріп, барлық бидғаттар мен адасулардан сақтасын!
_________________________________
 [1] Эфиопия
[2] Һидаятқа бастаушы халифалар: Әбу Бакр, Омар, Осман және Әли (барлығына Аллаһтың разылығы болсын)
[3]Ақида:сенім
[4]Ширк:Аллаһқа серік келтіру
[5]Таухид: араб тілінде "уаххада-юаххиду"етістігінен алынған, ол бір нәрсені бірлеу деген мағынаны білдіреді, ал шариғатта:"Аллаһты құлшылықта бірлеу (яғни:Оған ешбір серік келтірмеу) деген мағынаны білдіреді.
[6] Мүнкәр:шариғатта тыйым салынған іс.
 [7] Муслим
[8] Муслим
[9] Хитба : құда түсу, сөз салу.

Категория: Мақалалар | Добавил: admin (29.07.2011)
Просмотров: 805 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]