Қош келдіңіз Гость • Тіркелу • Кіру • RSS
Сейсенбі, 23.4.2024, 10:25
Главная » Статьи » Қазақ тілінде » Мақалалар

Ислам және оның жақсылықтарымен танысу
 التعريف بالإسلام ومحاسنه بسم الله الرحمن الرحيم الحمد لله وحده, والصلاة والسلام على من لا نبي بعده.
Барлық мақтау жалғыз Аллаһқа тән, одан кейін ешқандай пайғамбар болмайтын Мұхаммедке Аллаһтың сәлемі мен салауаты болсын. Аллаһ I Құранда:
 { الْيَوْمَ أَكْمَلْتُ لَكُمْ دِينَكُمْ وَأَتْمَمْتُ عَلَيْكُمْ نِعْمَتِي وَرَضِيتُ لَكُمُ الإِسْلاَمَ دِينًا } "Бүгін діндеріңді толықтастырдым және нығметімді тамамдадым. Сондай-ақ сендерге Ислам дінін қоштап ұнаттым",
{إِنَّ الدِّينَ عِندَ اللّهِ الإِسْلاَمُ }
"Аллаһтың қасында шынайы дін Ислам", {وَمَن يَبْتَغِ غَيْرَ الإِسْلاَمِ دِينًا فَلَن يُقْبَلَ مِنْهُ وَهُوَ فِي الآخِرَةِ مِنَ الْخَاسِرِينَ}
"Кім Исламнан басқа дін іздесе әсте одан қабыл етілмейді де ахіретте зиянға ұшыраушылардан болады"- деді. Ислам : Аллаһқа таухидпен[1] бой ұсыну және Оған итағат ету, әрі ширктен[2] және оның иелерінен аулақ болу. Пайғамбарымыздың r дінге шақыруынан бұрын араптардың ақидалары[3] ширк еді. Имам Бухарйи Аби Ража Әл Ғиторйиден риуаят етіп былай дейді:
 (كنا نعبد الحجر, فإذا وجدنا حجرا هو خير منه ألقيناه وأخذنا الآخر, فإذا لم نجد حجرا جمعنا حثوة من تراب, ثم جئنا بالشاة فحلبنا عليه ثم طفنا به).
"Біз тасқа құлшылық қылатын едік, егер одан жақсырақ тас тауып алсақ оны лақтырып, жақсысын алатын едік. Егер тас таппасақ топырақты жиып, бір қой әкеліп оның үстіне сүтін сауып (топырақты сүтпен езіп лай қылып, лайдан мүсін жасап) соны тауаф қылатын едік". Ал жалпы үмметтердің жағдайы пайғамбарымыз r келуінен бұрын қандай болғанын Аллаһ I Құранда былай деп баян етті: {وَيَعْبُدُونَ مِن دُونِ اللّهِ مَا لاَ يَضُرُّهُمْ وَلاَ يَنفَعُهُمْ وَيَقُولُونَ هَؤُلاء شُفَعَاؤُنَا عِندَ اللّهِ} "Олар Аллаһтан өзге өздеріне зиян не пайда бермейтін нәрселерге құлшылық қылып: "Олар Аллаһтың қасында біздің шапағатшыларымыз" дейді". (Юнус.18) { وَالَّذِينَ اتَّخَذُوا مِن دُونِهِ أَوْلِيَاء مَا نَعْبُدُهُمْ إِلَّا لِيُقَرِّبُونَا إِلَى اللَّهِ زُلْفَى }
 "Аллаһтан өзгені дос тұтқандар: "Біз бұларға бізді Аллаһқа жақындастырсын деп қана табынамыз" дейді. (Зүмәр. 3)
{ إِنَّا جَعَلْنَا الشَّيَاطِينَ أَوْلِيَاء لِلَّذِينَ لاَ يُؤْمِنُونَ (27) وَإِذَا فَعَلُواْ فَاحِشَةً قَالُواْ وَجَدْنَا عَلَيْهَا آبَاءنَا وَاللّهُ أَمَرَنَا بِهَا قُلْ إِنَّ اللّهَ لاَ يَأْمُرُ بِالْفَحْشَاء أَتَقُولُونَ عَلَى اللّهِ مَا لاَ تَعْلَمُونَ (28) قُلْ أَمَرَ رَبِّي بِالْقِسْطِ وَأَقِيمُواْ وُجُوهَكُمْ عِندَ كُلِّ مَسْجِدٍ وَادْعُوهُ مُخْلِصِينَ لَهُ الدِّينَ كَمَا بَدَأَكُمْ تَعُودُونَ (29) فَرِيقًا هَدَى وَفَرِيقًا حَقَّ عَلَيْهِمُ الضَّلاَلَةُ إِنَّهُمُ اتَّخَذُوا الشَّيَاطِينَ أَوْلِيَاء مِن دُونِ اللّهِ وَيَحْسَبُونَ أَنَّهُم مُّهْتَدُونَ} "Расында шайтандарды иман келтірмейтін-дерге дос қылдық. Олар қашан бір арсыздық істесе: "Аталарымызды осы жолда таптық, мұны бізге Аллаһ бұйырды" - дейді. (Мұхаммед r):"Шынында Аллаһ арсыздыққа бұйырмайды. Аллаһқа білмеген нәрселеріңді айтасыңдарма?",- де. (Мұхаммед r): "Раббым әділдікті бұйырды. әрбір құлшылық орнында бет алыстарыңды туралап, діндеріңді Аллаһқа арнап отырып, Одан тілеңдер. Сендер бастапқы жаратқанындай және оған қайтасыңдар" де. (Аллаһ адам баласының) бір тобын тура жолға салды. Және бір тобы да адасуға тиісті болды. Өйткені олар, Аллаһтан өзге шайтандарды дос тұтты да өздерін тура жолдамыз деп есептеді. (Ағраф. 27-30)
{وَجَعَلُواْ لِلّهِ مِمِّا ذَرَأَ مِنَ الْحَرْثِ وَالأَنْعَامِ نَصِيبًا فَقَالُواْ هَذَا لِلّهِ بِزَعْمِهِمْ وَهَذَا لِشُرَكَآئِنَا فَمَا كَانَ لِشُرَكَآئِهِمْ فَلاَ يَصِلُ إِلَى اللّهِ وَمَا كَانَ لِلّهِ فَهُوَ يَصِلُ إِلَى شُرَكَآئِهِمْ سَاء مَا يَحْكُمُونَ} "Олар Аллаһ жаратқан егіннен, малдан үлес қылады да, өз ойларынша: "Бұл Аллаһтікі, бұл ортақтарымыздыкі"-деді. Сонда:"Ортақтарыныкі Аллаһқа жетпейді, ал Аллаһтікі ортақтарына жетеді"-деді. Олар нендей жаман үкім береді ". (Әнғам.136) Пайғамбарымыздың сахих хадистері және пайғамбарлық тарих кітаптары сондай-ақ, үммет-тердің тарихын зерттеуші сенімді адамдар, пайғамбарымыз r келуінен бұрын жер бетінде көптеген шірк түрлері тарқалғанын айтады. Олардың кейбіреулері пұттарға, біреулері қабірге, біреулері күнге, айға, жұлдызға және тағы басқаларға табынатын еді. Сонда пайғамбарымыз r оларды жалғыз Аллаһқа құлшылық етуге шақырды. Бұл жайында Аллаһ I Құранда былай дейді:
{قُلْ يَا أَيُّهَا النَّاسُ إِنِّي رَسُولُ اللّهِ إِلَيْكُمْ جَمِيعًا الَّذِي لَهُ مُلْكُ السَّمَاوَاتِ وَالأَرْضِ لا إِلَهَ إِلاَّ هُوَ يُحْيِي وَيُمِيتُ فَآمِنُواْ بِاللّهِ وَرَسُولِهِ النَّبِيِّ الأُمِّيِّ الَّذِي يُؤْمِنُ بِاللّهِ وَكَلِمَاتِهِ وَاتَّبِعُوهُ لَعَلَّكُمْ تَهْتَدُونَ} (Мұхаммед r): "Әй адамдар! Мен барлық-тарыңа Аллаһтың елшісімін. Ол сондай Аллаһ, жер мен көктің иелігі Оған тән. Одан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқ. Ол тірілтеді де, өлтіреді. Аллаһқа және оның сөздеріне сенген, жазу мен оқуды білмеген Аллаһтың елшісіне сеніңдер де оған еріңдер, әрине тура жол табасыңдар"-де, (Ағраф.158),
{ كِتَابٌ أَنزَلْنَاهُ إِلَيْكَ لِتُخْرِجَ النَّاسَ مِنَ الظُّلُمَاتِ إِلَى النُّورِ بِإِذْنِ رَبِّهِمْ إِلَى صِرَاطِ الْعَزِيزِ الْحَمِيدِ} ...(Мұхаммед r ):
 "Біз бұл Құранды саған адамдарды Аллаһтың рұқсатымен қараңғылық-тан үстем әрі мақтауға лайық болған Аллаһтың нұрлы жолына шығаруың үшін түсірген кітап. (Ибраһим. 1),
{يَا أَيُّهَا النَّبِيُّ إِنَّا أَرْسَلْنَاكَ شَاهِدًا وَمُبَشِّرًا وَنَذِيرًا , وَدَاعِيًا إِلَى اللَّهِ بِإِذْنِهِ وَسِرَاجًا مُّنِيرًا}
 "Әй пайғамбар! Сөз жоқ, сені бір куә әрі қуантушы, ескертуші етіп және Аллаһқа оның нұсқауымен шақырушы бір нұрлы шырақ түрінде жібердік". (Ахзап. 45-46),
{وَمَا أُمِرُوا إِلَّا لِيَعْبُدُوا اللَّهَ مُخْلِصِينَ لَهُ الدِّينَ حُنَفَاء}
"Олар (таухидке тескері келетін) барлық дін-дерден бет бұрып, ықыласпен Аллаһқа құлшы-лық етулеріне бұйырылған", (Бәйинә. 5),
{يَا أَيُّهَا النَّاسُ اعْبُدُواْ رَبَّكُمُ الَّذِي خَلَقَكُمْ وَالَّذِينَ مِن قَبْلِكُمْ لَعَلَّكُمْ تَتَّقُونَ} "Әй адам баласы! Сондай сендерді де сендерден бұрынғыларды да жаратқан Раббы-ларыңа құлшылық қылыңдар. Әрине сақтанған боларсыңдар", (Бақара. 21),
{وَقَضَى رَبُّكَ أَلاَّ تَعْبُدُواْ إِلاَّ إِيَّاهُ }
"Раббың өзіне ғана ғибадат етулеріңді әмір етті". (Исра. 23). Бұл мағынадағы аяттар өте көп. Аллаһ I көптеген аяттарда мүшіктердің[4] серік келтіре және күпірлік қыла тұра Аллаһты өздерінің жаратушысы әрі ризықтандырушысы екенін білетіндерін айтты. Жоғарыдағы аяттарда айтылған-дай олар Аллаһтан өзгелерге тек қана оны өздерімен Аллаһтың арасындағы дәнекер деп құлшылық етті. Аллаһ Тағала бұл жайында былай дейді:
{وَيَعْبُدُونَ مِن دُونِ اللّهِ مَا لاَ يَضُرُّهُمْ وَلاَ يَنفَعُهُمْ وَيَقُولُونَ هَؤُلاء شُفَعَاؤُنَا عِندَ اللّهِ} "Олар Аллаһтан өзге өздеріне зиян не пайда бермейтін нәрселерге құлшылық қылып: "Олар Аллаһтың қасында біздің шапағатшыларымыз" дейді". (Юнус.18). Бұл мағынадағы аяттар өте көп, сол аяттардың бірі:
{قُلْ مَن يَرْزُقُكُم مِّنَ السَّمَاء وَالأَرْضِ أَمَّن يَمْلِكُ السَّمْعَ والأَبْصَارَ وَمَن يُخْرِجُ الْحَيَّ مِنَ الْمَيِّتِ وَيُخْرِجُ الْمَيَّتَ مِنَ الْحَيِّ وَمَن يُدَبِّرُ الأَمْرَ فَسَيَقُولُونَ اللّهُ فَقُلْ أَفَلاَ تَتَّقُونَ} (Мұхаммед r): "Сендерді аспаннан, жерден кім ризықтандырады? Құлаққа, көзге кім ие? Өліден тіріні, тірідін өліні кім шығарады? Әр істі кім игереді?", — де. Олар: "Аллаһ" дейді. "Ендеше Аллаһтан қорықпайсыңдар ма?",—де, (Юнус. 31),
{وَلَئِن سَأَلْتَهُم مَّنْ خَلَقَهُمْ لَيَقُولُنَّ اللَّهُ فَأَنَّى يُؤْفَكُونَ}
"Егер олардан: "Оларды кім жаратты?"- деп сұрасаң, әлбетте: "Аллаһ" дейді. Сонда қалай бұрылып барады?" (Зұхруф. 87). Сонда пайғамбарымыз r соңғы Ислам дінімен жіберілді. Бұл дін жалғыз араптар үшін ғана түсірілген дін емес, бұл барлық адамдар үшін түсірілген дін. Пайғамбарымыз r адамдардың оларды қараңғылықтан жарыққа шығарушыға ең қатты мұқтаж болған уақытта жіберілді. Бұл ұлық дін - Ислам - бес негізге құрылған, бұл бесеуі оның рүкіндері болады. Ибн Омардан (оларға Аллаһ разы болсын) риуаят етілген хадисте пайғамбарымыз  былай дейді:
 "بني الإسلام على خمس: شهادة أن لا إله إلا الله, وأن محمدا رسول الله, و إقام الصلاة, و إيتاء الزكاة, و صوم رمضان, و حج البيت"
 "Ислам бес нәрсеге құрылған: Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқ және Мұхаммед оның елшісі, деп куәлік беру, намаз оқу, зекет беру, Рамазанда ораза тұту және қажылыққа бару". Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқ және Мұхаммед оның елшісі деп күәлік беру — осы тіректердің ең біріншісі әрі ең маңыздырағы. Адам осы ұлы сөздерді айтуымен сырттай мұсылман болып есептелсе де, бұл оны тек тілмен айтып сонымен жеткілікті болатын құлшылық емес, керісінше оның дәлел еткен нәрселеріне міндетті түрде амал қылу уәжіп болады. Бұл сөздердің мағынасы: жалғыз Аллаһқа ықыласпен құлшылық етуді және тек қана Аллаһ құлшылыққа лайықты, әрі одан басқаға арналған құлшылықтың барлығы бекер екендігін білдіреді. Сол сияқты бұл сөздердің мағынасы Аллаһты және оның елшісін r жақсы көруді талап етеді, ал бұл жақсы көру тек Аллаһқа ғана құлшылық етуді және оның елшісінің r сүннетіне еруді талап етеді. Аллаһ Тағала бұл жайында былай дейді: {قُلْ إِن كُنتُمْ تُحِبُّونَ اللّهَ فَاتَّبِعُونِي يُحْبِبْكُمُ اللّهُ وَيَغْفِرْ لَكُمْ ذُنُوبَكُمْ وَاللّهُ غَفُورٌ رَّحِيمٌ } "(Мұхаммед r), оларға: "Егер Аллаһты сүйсеңдер маған ілесіңдер. Аллаһ сендерді жақсы көріп, күнәларіңді жарылқайды. Өйткені Аллаһ аса жарылқаушы, ерекше мейірімді"-де.(Әли Ғымран. 31) Тағы осы сөздің талап қылатын нәрселерінің бірі: пайғамбарымыз r бұйырған нәрсеге бой ұсыну. Аллаһ I Құранда: { وَمَا آتَاكُمُ الرَّسُولُ فَخُذُوهُ وَمَا نَهَاكُمْ عَنْهُ فَانتَهُوا } "Сендерге пайғамбар не берсе алыңдар да, неден тыйса, одан тыйылыңдар"- дейді. (Хашр. 7). Бухарйи мен Муслим риуят еткен сахих хадисте пайғамдарымыз r : " ثلاث من كن فيه وجد بهن حلاوة الإيمان: أن يكون الله و رسوله أحب إليه مما سواهما..." "Кімде осы үш нәрсе болса, сол себепті иманның ләззатын табады: Оған Аллаһ және оның елшісі барлығынан сүйікті болуы..." – деді. Басқа хадисте пайғамбарымыз r : "لا يؤمن أحدكم حتى أكون أحب إليه من والده و ولده و الناس أجمعين" "Сіздердің ешбіреулеріңіз мен оған әкесінен, баласынан және адамдардың барлығынан сүйікті-рек болмайынша иман келтірмейсіздер" – деді. Ислам рүкіндерінің екіншісі — намаз оқу. Бұл куәліктен кейінгі ең маңызды рүкін. Өйткені намаз – діннің тірегі және адамның қиямет күні ең бірінші сұралатын амалы да намаз болады. Егер намазы дұрыс болса құтылады, ал егер дұрыс болмаса өкінішке әрі зиянға ұшырайды. Намаз өзінің белгіленген уақытында оқылатын ғибадат. Аллаһ Құранда: { إِنَّ الصَّلاَةَ كَانَتْ عَلَى الْمُؤْمِنِينَ كِتَابًا مَّوْقُوتًا} "Өйткені, намаз мүміндерге белгілі уақытта па-рыз қылынды" – деді. (Ниса. 103) Аллаһ I бізге намазға сақ болуымызды бұйы-рып былай деді: {حَافِظُواْ عَلَى الصَّلَوَاتِ والصَّلاَةِ الْوُسْطَى وَقُومُواْ لِلّهِ قَانِتِينَ} "Намаздарға сондай-ақ орта намазға сақтық істендер және Аллаһқа бой ұсынған түрде тұрың-дар." (Бақара. 238) (Аллаһ Тағала бұл аятта намаздарға жалпы сақ болуды және орта намазға (аср намазына) ерекше сақтық қылуды бұйырды. Намазға сақтық қылу — оларды өз уақытында, оның шарттарын, рүкіндерін, намаздағы Аллаһтан қорқуды және барлық уәжіптерімен мустахабтарын өтеу. Намазға сақ болу себепті басқа ғибадаттағра сақтық қылу және жаманшылықтармен күнәлардан тыйылу пайда болады. Әсіресе оны Аллаһ мына сөздерімен бұйырғанындай орындаса: {وَقُومُواْ لِلّهِ قَانِتِينَ} "Аллаһқа бой ұсынған түрде тұрыңдар" Яғни Аллаһтан қорқып, бой ұсынған түрде тұру. Бұл аятта Аллаһ Тағала бізге намазда қиямға тұруға және Оған бойұсынуға бұйырды, әрі намазда сөйлеуден қайтарды. Бұның барлығы намаздағы асықпаушылықпен болады.)[5] Аллаһ I басқа аятта намазға жеңілдік білді-ріп,оны уақытынан кешіктірген адамға қияметте азап уәде етілгенін айтты: {فَخَلَفَ مِن بَعْدِهِمْ خَلْفٌ أَضَاعُوا الصَّلَاةَ وَاتَّبَعُوا الشَّهَوَاتِ فَسَوْفَ يَلْقَوْنَ غَيًّا } "Бұл пайғамбарлардан кейін орындарына, намазды қойып, нәпсілеріне ергендер келді. Олар жақында (қияметте) адасуларының сазайын тартады", (Марям. 59) {فَوَيْلٌ لِّلْمُصَلِّينَ (4 ) الَّذِينَ هُمْ عَن صَلَاتِهِمْ سَاهُونَ } "Намздарын немқұрайлы оқитындарға нендей өкініш". (Мағұн. 4-5) Намаз — Исламның және күпірлікпен шірктің арасын айырушы белгі. Имам Муслим өзінің "Сахих" атты кітабында Жәбирден (оған Аллаһ разы болсын) риуаят еткен хадисінде ол кісі былай дейді: Мен пайғамбарымыздың r былай дегенін естідім: " إن بين الرجل وبين الشرك و الكفر ترك الصلاة" "Расында адаммен ширктің және күпірліктің арасындағы айымашылық – намазды тастау"-деді. Бурайданың (оған Аллаһ разы болсын) хадисін-де пайғамбарымыз r: "العهد الذي بيننا و بينهم الصلاة, فمن تركه فقد كفر" "Бізбен олардың арасындағы уәде – намаз, кім оны тастаса кәпір болды" – деді. Бұл хадисті имам Ахмад және әһлі сунан[6] сахих иснадпен риуаят еткен. Намаз жамағатпен мешіттерде өтелуі тиіс, өйткені жамағатпен өтелген намаздың артықшылығы өте үлкен болады. Ибн Омардан (оларға Аллаһ разы болсын) риуаят етілген хадисте пайғамбарымыз r былай дейді: "صلاة الجماعة أفضل من صلاة الفذ بسبع و عشرين درجة" "Жамағат намазы жеке намаздан жиырма жеті есе артығырақ". Бухарйи, Муслим риуаяты. Пайғамбарымыз r жамағат намазынан қалатын еркектердің үйлерін өртеп жіберуге ниеттеніп былай деген еді: "من سمع النداء فلم يأت فلا صلاة له إلا من عذر" "Кімде кім азанды естіп намазға келмесе, оның үзірінен басқа намазы намаз емес".[7] Бұл намаздың жамағатта өтелуінің өте ұлы іс екендігін білдіреді. Намаздың толық болуының және оның Аллаһ-тың алдында қабыл етілуінің бірі: ондағы қорқыныш пен асықпаушылық. Аллаһ Тағала Құранда былай дейді: {قَدْ أَفْلَحَ الْمُؤْمِنُونَ (1) الَّذِينَ هُمْ فِي صَلَاتِهِمْ خَاشِعُونَ} "Шынында иман келтіргендер құтылды. Олар сондай мүміндер, намаздарында (қорқынышпен) іштей жалбарынады. (Мүминұн. 1-2) Пайғамбарымыз r намазын асығыспен оқыған адамға оны қайта оқуға бұйырған. Намаз — адамдар арасындағы теңдіктің, бауыр-машылықтың, тәртіптің, сондай-ақ барлық-тарының бір болып жүздерін мұсылмандардың қыбласы болған қасиетті Қағбаға бұратын көріністердің бірі. Сондай-ақ намаз — пайғамбарымыз r айтқанындай мүміннің рахаты әрі қуанышы: " وجعلت قرة عيني في الصلاة" " Менің қуанышым намазда " Пайғамбарымызды r бір іс қинаса намазға тұрып жәрдем тілейтін, өйткені Аллаһ I: { اسْتَعِينُواْ بِالصَّبْرِ وَالصَّلاَةِ } "Сабыр және намазбен (Аллаһтан) жәрбем тілеңдер!"- деді және Біләлға(оған Аллаһ разы болсын): "يا بلال, أرحنا بها" "Әй Біләл, бізді намазбен қуандыр"–дейтін еді. Өйткені мұсылман адам намазға тұрса өзінің жаратушысы Аллаһтың алдында тұрады, сондықтан оның жүрегі жібіп, өзі тыныштық табады және дене мүшелері Аллаһқа бағынады сондай-ақ ол өзінің Раббысы әрі иесі Аллаһ болғанына қуанады. Ислам рүкіндерінің үшіншісі — зекет беру. Бұл жамағаттық өте биік болған, мүмін адам жұмсақтықпен рахымдылықтан және сүйіспеншілік-пен мұсылмандардың бір-біріне көмектесулерінен болған Исламның биік мақсаттарын сезінетін рүкін. Бұл біреудің мал беруімен артық болатын немесе оған рахмет айтылатын іс емес, керісінше бұл тек қана оның парыз ақысы. Өйткені бұл —ақиқатында оған Аллаһтың берген малы. Аллаһ Құранда: { وَآتُوهُم مِّن مَّالِ اللَّهِ الَّذِي آتَاكُمْ } " Оларға Аллаһ сендерге берген малдан беріңдер" (Нұр. 33), {آمِنُوا بِاللَّهِ وَرَسُولِهِ وَأَنفِقُوا مِمَّا جَعَلَكُم مُّسْتَخْلَفِينَ فِيهِ فَالَّذِينَ آمَنُوا مِنكُمْ وَأَنفَقُوا لَهُمْ أَجْرٌ كَبِيرٌ} "Аллаһқа, елшісіне иман келтіріңдер және сендерді оған ие қылған нәрселерден (тиісті орындарға) жұмсаңдар. Өйткені сондай иман келтіріп, (тиісті орындарға) мал жұмсағандар үшін өте ірі сыйлық бар"- деді. (Хадид. 7) Құранның көптеген аяттарында зекет намазбен жақындастырылып айтылған. Сондай-ақ оның маңыздылығы үшін Абу Бакр Сыддық (оған Аллаһ разы болсын) кейбір зекет беруден бас тартқан арап қабилаларына қарсы күресіп былай деген: "والله لأقاتلن من فرق بين الصلاة و الزكاة" "Аллаһқа серт! Намазбен зекеттің арасын айырған адамға қарсы міндетті түрде күресемін". Сонда сахабилер (оларға Аллаһ разы болсын) оған сол істе ілескен еді. Аллаһ I мал жұмсаудан тартынған адамға қатты азап уәде етті: { وَالَّذِينَ يَكْنِزُونَ الذَّهَبَ وَالْفِضَّةَ وَلاَ يُنفِقُونَهَا فِي سَبِيلِ اللّهِ فَبَشِّرْهُم بِعَذَاب ٍأَلِيمٍ} "(Мұхаммед r), Сондай алтын, күмісті жиып, оны Аллаһтың жолына жұмсамағандарды күйзелтуші азаппен шүйіншіле". (Тәубе. 34) Зекет беру әрбір мұсылманға малы нисабқа[8] жетсе уәжіп болады. Зекет төлеудің бір шарты — малға бір жыл айналу керек.[9] Бұл шартқа дәнді дақыл және жеміс жидек кірмейді. Өйткені оларға бір жыл айналмаса да, олардың зекеті піскен уақытында шығарылады. Зекет оған ақты болған адамдарға беріледі. Ол адамдардың түрлері Құранда Тәуде сүресінде айтыл-ған: {إِنَّمَا الصَّدَقَاتُ لِلْفُقَرَاء وَالْمَسَاكِينِ وَالْعَامِلِينَ عَلَيْهَا وَالْمُؤَلَّفَةِ قُلُوبُهُمْ وَفِي الرِّقَابِ وَالْغَارِمِينَ وَفِي سَبِيلِ اللّهِ وَابْنِ السَّبِيلِ فَرِيضَةً مِّنَ اللّهِ وَاللّهُ عَلِيمٌ حَكِيمٌ} "Садақалар (зекеттер), Аллаһ тарапынан бір парыз: ол тек қана түгі жоқ пақырларға, қолы тар міскіндерге, оны жинауға белгіленгендерге, көңіл-дерін алатындарға, құлды азат етуге, борыштыларға, Аллаһ жолына және жолда қалғандарға беріледі. Аллаһ әр нәрсені білуші, хикмет иесі." (Тәубе. 60) (Яғни, уәжіп болған зекет, бұған дәлел: өйткені садақаны әрбір адамға беру мұстахаб әрі оны белгі-лі біреулерге берумен шектелмейді. Демек зекеттер төбедегі айтылғандарға ғанан беріледі, өйткені ол осыламен шектелді, олар сегіз түрлі адамдар: Біріншісі мен екіншісі: пақырлар мен міскіндер. Бұлар бұл жерде бірдей емес: пақыр міскіннен гөрі қажеттірек, өйткені Аллаһ I бірінші пақырларды айтты, Ол әр-дайым ең маңыздыдан бастайды. Пақыр деп: еш нәрсесі жоқ, немесе қажетінің кейбіреулерін ғана табатын адамды айтады. Міскін деп: қажетінің кейбіреуін немесе одан көбірегін табатын, бірақ ол тапқаны қажетіне толық жетпейтін адамды айтады. Өйткені егер оның тапқаны қажетіне толық жететін болса, ол бай болып есептелетін еді. Сондықтан ол екеуіне пақырлықтары мен міскіндіктерін кетіретін зекет малынан беріледі. Үшіншісі: зекетті жинауға белгіленгендер. Оларға барлық осы зекетке қатысты жұмыстарды атқарғадар: оны сақтағандар, оны зекет төлуші-лерден алып келетіндер, әкелінген малдарды бағатындар, оны көтерушілер(тиеушілер) немесе жазушылар және тағы сол сияқты адамдар жатады. Сондықтан оларға атқарған жұмыстары үшін зекет малынан беріледі де, ол оларға жұмыс ақысы болады. Төтіншісі:көңілдерін алатындар. Оларға: Исламға келуі үміт етілетін немесе оның зияны жетуден қорқылатын, қауым оған бағынатын басшылар жатады, немесе мал берумен оның иманының күшеюі үміт етілетіндер немесе оған ұқсаған адамдардың Исламға кіруі үміт етілетін адамдар жатады. Сондықтан оларға көңілдерінің (дінге) бұрылуына және жақсылыққа жеткізетін малдан беріледі. Бесіншісі: өздерін иелерінен азат етуге олармен келісімге отырған құлдар. Олар өздерін азат етуге жеткілікті мал іздейді, сондықтан оларға зекеттен беріледі. Кәпілердің қолына түскен мұсылмандарды азат ету де осыған кіреді, олар зекет малынан алуға басқаларынан көре ақтырақ болады. Сондай-ақ бұған жалпы құлдарды азат ету де кіреді. Алтыншысы: борыштылар. Олар екі түрлі болады: біреулері екі қауым арасын түзеушілер. Мысалы: екі қауым арасында келіспеушілікпен жамандық болса, ол адам екеуінің арасына түсіп жағдайды түзеу үшін екеуінің біреуіне немесе екеуіне де ақша беруі. Сол үшін оның осы амалында белсенділігі арту үшін және әзімділігі мықтырақ болуы үшін, егер ол бай болса да оған зекеттен несібе қылынды. Екіншісі:өзі үшін қарыз алған, кейін оны өтеу оған ауыр болған адамдар, оларға сол қарыздарын өтеуге жеткілікті мал беріледі. Жетіншісі: Аллаһ жолында күресушілер. Олар өз еріктерімен шыққан, оларға мемлекет тарапынан айлық ақша тағайындалмаған адамдар. Оларға көңілдері толып, істерін толық атқарулары үшін қажетті қару-жарақ, көлік немесе өзіне әрі жан ұяасына қажетті нафақаның құны беріледі. Кейбір фиқ ғұламалары: егер кәсіп қылуға қадірлі болған адам білім талап қылуға шықса, оған зекет малынан беріледі, өйткені білім талап ету Аллаһ жолында күресуге жатады — деді. Сондай-ақ пақыр адамға өзінің парыз қажылығын өтеуі үшін зекеттен беруге болады дейді, бірақ бұл сөзді қарастыру керек. Сегізіншісі: жолда қалғандар. Олар қаражаты бітіп, бөтен елде қалған адамдар. Оларға зекеттен оларды елдеріне жеткізетін нәрсе беріледі.)[10] Исламның төртінші тірегі — Рамазан айында ораза ұстау. Аллаһ Тағала айтады: {يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُواْ كُتِبَ عَلَيْكُمُ الصِّيَامُ كَمَا كُتِبَ عَلَى الَّذِينَ مِن قَبْلِكُمْ لَعَلَّكُمْ تَتَّقُونَ} "Әй иман келтіргендер! Сендерге бұрынғы-ларға парыз қылынғандай ораза парыз қылын-ды." (Бақара 183) Ораза — мұсылманды теріс қылықтар мен шаһуаттардан өзін ұстай білуге шыңдайды. Әрі оның денсаулыққа, ішкі жан дүниеге келтірер пайдасы орасан зор. Осы арқылы мұсылман бірнеше күндеп тамақсыз, сусыз аш жүрген мұсылман бауырларының қажетін сезінеді. Бүгінгі таңда осы жағдай Африкада кейбір кейбір мұсылмандардың басында болып жатқан оқиға. Рамазан айы — айлардың ең абзалы. Аллаһ Тағала Құранды осы айда түсірді. Аллаһ I былай дейді: {شَهْرُ رَمَضَانَ الَّذِيَ أُنزِلَ فِيهِ الْقُرْآنُ هُدًى لِّلنَّاسِ وَبَيِّنَاتٍ مِّنَ الْهُدَى وَالْفُرْقَانِ } "Рамазан айы сондай бір ай, ол айда адам баласына тура жол және (ақ пен қараны) айыратын делел түрінде Құран түсірілді." (Бақара. 185) Егер ораза ұстаушы оразасын иманмен, сауап үмітімен ұстаса өткен күнәлары кешіріледі. Абу-Һурайрадан жеткен сахих хадисте Аллаһтың елшісі r айтады: "من صام رمضان إيماناً و احتساباً غفر له ما تقدّم من ذنبه, ومن قام رمضان إيماناً و احتساباً غفر له ما تقدّم من ذنبه, ومن قام ليلة القدر إيماناً و احتساباً غفر له ما تقدّم من ذنبه" "Кім Рамазанда иманмен және сауап үмітімен ораза ұстаса, өткен күнәлары кешіріледі. Кім Рамазанда иманмен, сауап үмітімен түнгі намазға тұрса, өткен күнәләрі кешіріледі және кім Қадір түнін иманмен, сауап үмітімен өткізсе өткен күнәлары кешіріледі."[11] Ораза ұстаушы ораза күндерінде ғайбат, өсек, бос сөздерден аулақ болуы керек. Сонай-ақ өзге де харам істерден сақ болып, оразасын сақтауы уәжіп. Рмазанда Құран оқу, Аллаһты еске алу, ғибадат-ты көбейту және садақа беру сүннет амалдарына жатады. Исламның бесінші тірегі — қажылық қылу. Аллаһ I айтады: { وَلِلّهِ عَلَى النَّاسِ حِجُّ الْبَيْتِ مَنِ اسْتَطَاعَ إِلَيْهِ سَبِيلاً } "Адамдардан жолға шамасы келетіндеріне, Аллаһ үшін Қағбаны зиярат етулері (қажылық қылулары) парыз етілді."[12] Қажылық пен Ұмра адамға өмірінде бір рет орындауы парыз қылынған. Бұл екі ғибадат — ақылы дұрыс, кәмілетке жасы толған, бостандықтағы, шамасы келетін мұсылмандарға парыз болады. Кәмілетке жасы толмаған бала да қажылықты одындауына болады, бірақ оның мойнынан ол екуінің парыздығы түспейді. Егер әйелдің қажылықта немесе Ұмрада оны қадағалап жүретін махрамы[13] болмаса, оған парыз етілмейді. Себебі Аллаһтың елшісі r сахих хадисте әйелдің махрамсыз сапарға шығуынан қайтарған. Мұсылмандар қажылыққа дүниенің түкпір-түкпірінен келіп жиналады. Олар әр-түрлі ұлттардан, бөлек-бөлек тілдерден болса да бір киім киіп, бір жерде тұрып, барлығы бір ғибадатты орындайды. Үлкен мен кішінің, бай мен кедейдің, қара мен ақтың арасында Аллаһ Құранда айтқандай теңдік, ешбір айырма жоқ: {يَا أَيُّهَا النَّاسُ إِنَّا خَلَقْنَاكُم مِّن ذَكَرٍ وَأُنثَى وَجَعَلْنَاكُمْ شُعُوبًا وَقَبَائِلَ لِتَعَارَفُوا إِنَّ أَكْرَمَكُمْ عِندَ اللَّهِ أَتْقَاكُمْ } "Әй адамдар! Шүбәсіз сендерді бір ер, бір әйел-ден (Адам, Хауадан) жараттық. Сондай-ақ бір-біріңді тануларың үшін сендерді ұлттар, рулар қылдық. Шынында Аллаһтың алдында ең құрметтілерің — ең тақуалыларың."[14] Қажылығы қабыл болған кісінің сыйлығы, Аллаһ әзірлеген жәннәті болады. Бұған дәлел Абу-Һурайраның хадисі: " العمرة إلى العمرة كفارة لما بينهما, والحج المبرور ليس له جزاء إلا الجنة" "Ұмра келесі ұмраға дейінгі күнәларға кәффә-рат, ал қабыл болған қажылықтың жәннәттан өзге сыйы жоқ."[15] Сахих Бухарйиде пайғамбарымыздың r былай дегені риуаят етілді: " من حج لله فلم يرفث ولم يفسق رجع كيوم ولدته أمه " "Кім Аллаһ үшін балағат сөз айтпай, пасық іс істемей қажылықты орындаса, анасынан туған күніндей күнәдан пәк қайтады." Кейбір амалдар Исламның тірегі болмағанымен, тірегі іспеттес мұсылмандар арасында орындалуы парыз етілген. Олардың бірі: жақсылыққа шақырып, жамандықтан қайтару. Аллаһ I бұл үмметті адамдардың игілігі үшін шығарылған жақсы үммет деп сипаттап былай деді: {كُنتُمْ خَيْرَ أُمَّةٍ أُخْرِجَتْ لِلنَّاسِ تَأْمُرُونَ بِالْمَعْرُوفِ وَتَنْهَوْنَ عَنِ الْمُنكَرِ وَتُؤْمِنُونَ بِاللّهِ} "Сендер адам баласы үшін жақсылықты әмір етіп, жамандықтан тыятын сондай-ақ Аллаһқа сенетін хайырлы үммет болып шығарылдың-дар."[16] Бұрынғы өткен адамдар: "Кім хайырлы үммет болуды қаласа, оның шарты: жақсылыққа бұйырып, жамандықтан қайтару," - деген. Мұсылмандар көңіл бөлуі міндетті болған, маңызды істердің бірі: Аллаһ жолында күресу. Бұл мұсылман абыройына, Аллаһтың сөзі жоғары болуға, мұсылмандардың отаны қорғалуына ықпал етеді. Ибн Омардан жеткен хадисте пайғамбарымыз r былай дейді: " أمرت أن أقاتل الناس حتى يشهدوا أن لا إله إلا الله, و أن محمدا رسول الله, و يقيموا الصلاة و يؤتوا الزكاة, فإذا فعلوا ذلك عصموا مني دماءهم و أموالهم إلا بحق الإسلام وحسابهم على الله" "Адамдармен олар Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқ және Мұхаммед оның елшісі деп күәлік етулеріне дейін және олар намаз оқып, зекет берулеріне дейін күресуге бұйырылдым. Егер олар осыны істесе - тек Ислам ақысы болмаса - менен малдары мен жандарын сақтап қалады, олардың есебі Аллаһтың құзырында." Мұғаз ибн Жәбәлдан риуаят етілген хадисте пайғамбарымыз r : " رأس الأمر الإسلام, و عموده الصلاة, و ذروة سنامه الجهاد في سبيل الله " "Істің басы — Ислам, тірегі — намаз, шыңы — Аллаһ жолында күресу" – деді. Мұсылмандар Абу Бакр Сыддыққа (оған Аллаһ разы болсын) байғат бергеннен кейін, ол кісі өзінің айтқан хұтбасында: "Аллаһ жолындағы күресті тастаған қауымды Аллаһ қорлыққа батырады "- деді. Аллаһ жолында күресу арқылы ақиқат орнап, батыл жойылады және Аллаһтың шариғаты жүзеге асырылады, сондай-ақ мұсылмандар әрі олардың отандары дұшпандарының айлаларынан сақталады. Ислам діні — Аллаһ адамдарды соған сәйкес қылып жаратқан фитрат[17] діні. Ол бұдан бұрынғы елшілер мен пайғамбарлардың шақырғаны, өйткені әр пайғамбар өз қауымын олардың мұсылман болулары үшін осыған (Исламға) шақырған. Аллаһ I Рахманның сүйіктісі, пайғамбарлардың әкесі Ибрахим u жайында өзінің ұлық кітәбі Құранда былай дейді: {وَمَن يَرْغَبُ عَن مِّلَّةِ إِبْرَاهِيمَ إِلاَّ مَن سَفِهَ نَفْسَهُ , وَلَقَدِ اصْطَفَيْنَاهُ فِي الدُّنْيَا, وَإِنَّهُ فِي الآخِرَةِ لَمِنَ الصَّالِحِينَ (130) إِذْ قَالَ لَهُ رَبُّهُ أَسْلِمْ, قَالَ أَسْلَمْتُ لِرَبِّ الْعَالَمِينَ (131) وَوَصَّى بِهَا إِبْرَاهِيمُ بَنِيهِ وَيَعْقُوبُ يَا بَنِيَّ إِنَّ اللّهَ اصْطَفَى لَكُمُ الدِّينَ فَلاَ تَمُوتُنَّ إَلاَّ وَأَنتُم مُّسْلِمُونَ} "Өзін білмеген ақылсыздан басқа кім Ибраһимнің u жолынан бет бұрады? Расында оны дүниеде таңдадық әрі ол, ақіретте игілерден болады. Раббысы оған: "Бой ұсын!" – деген кезде ол:"Бүкіл әлемдердің раббысына бой ұсындым" – деді. Ибаһим u бұны ұлдарына өсиет етті және Яъқұб та u :"Әй ұлдарым! Әрине Аллаһ сендер үшін осы дінді ұнатты, сондықтан сендер нағыз мұсылман болып өліңдер!" – деді."[18] Аллаһ I елшісін осы ұлық дінмен жіберді. Дегенмен кітап иелері (яһуди мен христяндар) өздеріне берілген Таурат пен Інжілді бұрмалап, өзгерткеннен кейін надандықта, адасуда қалды. Нәтижеде Құрайш кәпірлерімен бір сап болып Мұхамметке r және оның дініне қарсы шықты. Әсіресе яһудилер өз кітаптары арқылы Мұхаммедті r толық тануларымен әрі оған ергесуге және оған иман келтіруге бұйырылғандарымен қатар оған қарсы келді. Бұл жайында Аллаһ Құранда былай дейді: {الَّذِينَ آتَيْنَاهُمُ الْكِتَابَ يَعْرِفُونَهُ كَمَا يَعْرِفُونَ أَبْنَاءهُمْ } "Біз оларға кітап бергедер Мұхаммедті r өз ұл-дарын танығандай таниды".[19] Абу һурайрадан риуаят етілген хадисте пайғам-барымыз r : " والذي نفس محمد بيده لا يسمع بي أحد من هذه الأمة يهودي ولا نصراني ثم يموت لم يؤمن بالذي أرسلت به إلا كان من أصحاب النار" "Мұхаммедтің жаны оның қолында болғанмен ант етемін: "Осы үмметтің біреуі – яһудйи болса да, насранйи болса да – мен онымен жіберілген дінді естіп, оған иман келтірмей өлсе, тозаққа кіреді"[20]- деді. Сол себепті пайғамбарымыз r Мединеге келіп, орналасқаннан кейін сол уақыттағы патшаларға хат жіберіп, оларды қараңғылықтан жарыққа шығару үшін Аллаһтың дініне шақырды. Ақиқатта осыны Рибъйи ибн Амр (оған Аллаһ разы болсын) Парсылардың әскер басшысы одан: "Седер кімсіңдер?"- деп сұрағанда, оған қысқаша былай деп баяндады: "Бізді Аллаһ қалаған адамын пенделердің құлшылығынан жалғыз Аллаһқа құлшылық етулеріне, дүниенің тарлығынан ақіреттің кеңдігіне және діндердің қиянаттарынан Исламның әділдігіне шығаруымыз үшін жіберген қауымбыз." Бұл — істерді ретке қоятын және адам баласын дұрыс бағытқа бағыттайтын дін. Дұрыс бағыт — ол Аллаһты бірлеу, оның пайғамбарларын растау және оларға иман келтіру, сондай-ақ пйғамбарлар шақырған Аллаһтың таухидіне әрі оған бой ұсынуға шақыру. Яһудилер мен христяндар бір-біріне қарама қайшы болған екі жақтан адасты: - Яһудилер пайғамбарлардың құқын жерге таптап, кейбірін өлтірді, кейбірін оларға лайық болмаған сипаттармен сипаттады. - Христяндар Исаны u шектен тыс дәріптеп, Аллаһты үшеудің үшіншісі деді. Ислам келіп хақ пен батылды айырып, шектен тыс кетпейтін және кемшілік те қылмайтын орташа әділдікті орнатты. Аллаһ бұл жайында былай дейді: {وَكَذَلِكَ جَعَلْنَاكُمْ أُمَّةً وَسَطًا لِّتَكُونُواْ شُهَدَاء عَلَى النَّاسِ وَيَكُونَ الرَّسُولُ عَلَيْكُمْ شَهِيدًا } "Осылайша сендерді адамдарға куә болу-ларың, сондай-ақ пайғамбарлардың сендерге күә болулары үшін (артық, кемсіз) орташа бір үммет қылдық."[21] Аллаһ I кітап иелерін артық кетуден қайтарып, осы үмметті олардың жолдарымен жүруден сақтандырып: {يَا أَهْلَ الْكِتَابِ لاَ تَغْلُواْ فِي دِينِكُمْ وَلاَ تَقُولُواْ عَلَى اللّهِ إِلاَّ الْحَقِّ } "Әй кітап иелері! Діндеріңде артық кетпең-дер. Аллаһқа байланысты тек шындықты айтың-дар!" – деді. Бухарйи өзінің "Сахих" атты кітабында Омар ибн Хаттабтан (оған Аллаһ разы болсын) пайғамбарымыз r былай дегенін риуаят етті: " لا تطروني كما أطرت النصارى ابن مريم, إنما أنا عبد, فقولوا: عبد الله و رسوله" "Мені христяндар Мәрям ұлы (Исаны u) шектен тыс дәріптегендей дәріптемеңдер, мен тек Аллаһтың құлымын, сондықтан: Аллаһтың құлы әрі елшісі деңдер!". Ибн Аббастың (оған Аллаһ разы болсын) хадисінде пайғамбарымыз r былай деді: "إياكم و الغلو في الدين, فإنما أهلك من كان قبلكم الغلو في الدين" "Дінде артық кетуден сақ болыңдар! Сендерден бұрынғыларды дінде артық кету құрдымға апарған." Ислам дінінің жақсылықтары өте көп, оларды санап шығу мүмкін емес. Қалайша олай болмайды? Өйткені, бұл — барлық нәрсені білуші, толық хикмет әрі қайтарылмайтын дәлелдер оған тән болған Аллаһтың діні. Ол барлық өзінің тағдырлаған және бұйырған істерінде, сондай-ақ өз пенделеріне шариғаттаған істердің барлығында зор білім әрі толық хикмет иесі. Сондықтан қандай бір жақсылық болмасын, пайғамбарымыз r соған шақырып, оны үмметіне баяндап берді, сол сияқты қандай бір жамандық болмасын, үмметін одан ескертіп кетті. Абдуллаһ ибн Амр ибн Астан риуаят етілген хадисте пайғамбарымыз r : " ما بعث الله من نبي إلا كان حقاً عليه أن يدل أمته على خير ما يعلمه لهم, و ينذرهم شر ما يعلمه لهم" "Аллаһ қай бір елге пайғамбар жіберген болса, оған өз үмметіне өзі білген жақсылықты үйретуі және өзі білген жамандықтан ескертуі міндет болды."– деді. Абу Һурайрадан (оған Аллаһ разы болсын) риуаят етілген хадисте пайғамбарымыз r былай дейді: " إنما بعثت لأتمم مصالح الأخلاق" "Мен жақсы мінез-құлықты толықтыру үшін жіберілдім"[22]. Сөз соңы: Бүгінгі күнде кәпір, мүшрік және кітап иелерінің Исламға топ-топ болып кіріп жатқанын байқап жүрміз. Бұл басқа діндердің және әр түрлі фәлсафа-лардың адамдар үшін бақыт әкелмейтіндігіне, олардың көңілдерін толтырмайтындығына, сондай-ақ адамды рахат өмірге жеткізе алмайтындығына дәлел болады. Мұсылмандарға осы үмметтерді Аллаһтың дініне шақыру үшін олардың арасында белсенді әрекет қылулары міндет болады. Осыған кірісуден бұрын өзіміз жүрісімізде, білімімізде Исламға бой ұсынуымызды ұмытпауымыз керек. Өйткені адамзат оларды қараңғылықтан жарыққа шығарушыларға өте мұқтаж. {وَمَنْ أَحْسَنُ قَوْلًا مِّمَّن دَعَا إِلَى اللَّهِ وَعَمِلَ صَالِحًا وَقَالَ إِنَّنِي مِنَ الْمُسْلِمِينَ} " Шын! Мен мұсылманмын " деп, Аллаһқа шақыра отырып ізгі іс істеген кісіден сөз тұрғысынан кім жақсы бола алады?"[23] Аллаһ барлығымызды жақсылыққа шақырушы-лардан қылсын, барлығымызға білім беріп, дінге біліммен дағуат етуге нәсіп етсін! Шындығында бұның барлығы Аллаһтың қолында және Ол осының барлығына қадірлі. Пайғамбарымыз Мұхаммедке, оның жан ұясына және сахабаларына Аллаһтың сәлемі мен салауаты болсын!  
________________
[1] Таухид: Аллаһты бірлеу. [2] Ширк: Аллаһқа серік келтіру. [3] Ақида: сенім, наным. [4] Мүшрік: Аллаһқа серік қосушы. [5] Ибн Саъди тәпсірі. [6] Әһлі сунан: ИмамТирмизйи, Абу Дауд, Ибн Мәжжа, Ән-Насайи. [7]Бухарйи, Муслим риуаяты. Бұл хадисті Ибн Мәжжа, Даруқұтнйи, Ибн Хиббан және Әл Хаким сахих иснадпен шығарған. [8] Нисап — өлшем белгісі, мысалы хайуандарда түйенің нисабы: бесеуден басталады, яғни бес түйең болса бір қой беруің уәжіп болады. Сиыр басы отызға жетсе бір жасар бұзау уәжіп, қырық болса екі жасар, алпыс баста бір жастық екі еркек бұқа, жетпіс баста бір еркек, бір ұрғашы тайынша, сексен баста екі ұрғашы екі жасар, тоқсанда бір жастық үш тайынша, жүзде екі бір жасар бұқа, бір екі жасар құнажын беру уәжіп болады. Осылайша жүз тоғыз басқа дейін беріледі, одан әрі жүз оннан бастап әрбір отыз баста(яғни 140) бір жастық еркек немесе ұрғашы құнажын немесе әрбір қырық бас сиырда(яғни150) екі жасар ұрғашы құнажынды қосып отырады. Қойдың нисабын алатын болсақ, қырық бастан жүз жиырма басқа дейін бір қой беру уәжіп, жүз жйырма бірден екі жүзге дейін екі қой, екі жүз бірден үш жүзге дейін үш қой уәжіп болады. Егер қой басы үш жүзден асса, әрбір жүз қойда біреу уәжіп болады, мысылы: 400-4, 500-5,600-6. Дәнді дақылға келсек, оның салмағы 647 кг-ға жетсе зекет уәжіп болады. Егер дәнді дақыл табиғи сумен суғарылатын болса, оның оннан бір бөлігі, егер қолмен (мотор, тағы с.с) суғарылатын болса, оннан 0,5-бөлігі беріледі. [9]Мысалы: сенде жылдың басында 40 қойың бар, сол қой жыл көлемінде азайса да, келесі жылдың басында 40 немесе одан да көп болса, саған бір қойды зекетке беруің уәжіп болады. [10] Ибн Саъдйи тәпсірі [11]Бухарйи, Муслим [12] Әлі Ымран.97 [13] [14] Хұжырат. 13. [15] Бухарйи, Муслим. [16] Әлі Ымран. 110 [17] [18] Бақара. 130-132 [19] Бақара. 146 [20] Сахих Муслим [21] Бақара. 143 [22] Сахих иснадпен Имам Ахмадтың "Муснад" атты кітабында келді. [23] Фуссилат. 33  
  (шейх Ибн Баз)


Источник: http://darulhijra.ru/kutub/kazakh/57-2010-10-09-11-09-01.html
Категория: Мақалалар | Добавил: admin (28.06.2011) | Автор: (шейх Ибн Баз)
Просмотров: 975 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]