Қош келдіңіз Гость • Тіркелу • Кіру • RSS
Бейсенбі, 20.9.2018, 03:37
Главная » Статьи » Қазақ тілінде » Мақалалар

Ханафи имамдары қабірлерді белгілеп қою туралы

Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен

Бұл мәселе екі дербес мәселеге бөлінеді:

1) Осы жер қабір екендігін және адамдар оның үстінен жүрмеу үшін және оның үстіне отырмау т.с.с. үшін белгілеп қою.

2) Белгілі бір қабірді онда белгілі бір адам жерленгенін білдіру үшін белгілеп қою.

Бұл мәселелерді түсіндіру, түрлі мазхабтардың дәлелдері мен пікірлерін келтіру бұл кітаптың мақсаты емес, сондықтан да мен осы жерде жалпы қорытындыны ғана айтып кетемін.

Белгілі бір жерің бос аймақ емес, қабір екендігін белгілеу шариғатта мақұлданатын амал болып табылады. Ал қабірді онда жатқан адамды нақты белгілеп көрсету мақсатында қандай да бір затпен белгілеу мақұлданатын емес, бірақ рұқсат етілген амал.

Ал ханафи мазхабының ғалымдарына келер болсақ, олар қабірді нақты белгілеп қоюды құпталмайтын (мәкрух) деп санаған. Қз.: «Тухфат уль-Фуқаха» 1/256, «Табйин әл-Хакаик» 1/246, «Бадаи’ ус-Санаи’» 1/320. Әрі бұл істің мәкрух болуы қабірді белгілі бір жазулар арқылы белгілеуден күшейе түседі. Қабірді белгілеу үшін оған жазуды ғалымдардың басым бөлігі (жумхур) мәкрух[1] деп санайды. Олардың арасында имам Абу Ханифаның ең жақын шәкірттері болған ханафи имамдары — Абу Йусуф (Я’куб ибн Ибраһим) (Қз.: «Тухфат уль-Фукаха» 1/256, «Бадаи’ ус-Санаи’» 1/320) және Мухаммад ибн әл-Хасан әш-Шәйбани бар. Олар Жәбир ибн ‘Абдуллаһтың былай деп баяндаған хадисіне сүйенеді: «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабірді гипспен жабуды, сондай-ақ оның үстіне жазуға және оны аяқпен басуға тыйым  салған». Ал тағы бір риуаятта: «Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабірге қандай да жазу жазуға тыйым салған», - деп келеді  (хадис сенімді (сахих), имам Муслимнің шарттарына сәйкес келеді; Қз.: «Тахқиқ әл-Хабир» 2/132; Абу Дауд 3226; Насаи 2026; Тирмизи 1052; Ибн Мәжжаһ 1563 (соңғы риуаят соған тиесілі); және басқалар).

Жоғарыда айтылғандардың барлығынан біз қабірлерді нақтылап белгілеп қою үшін қам жеу шариғатта құпталатын (сауапты) нәрсе болып табылмайтындығы туралы қорытынды жасаймыз. Сондай-ақ Түркістанға сапарға шығуды жақтайтындар адамдарға осы жерлерде кімдер нақты жерленгенін айтуға ерекше көңіл бөліп, осынысында Құранға да, Аллаһтың Елшісіне де (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын), сахабаларға да, әрі осыған қоса өз мазхабтарына да қарама-қайшы әрекет жасауда.

Мұны мұсылмандардың арасына Аббасси халифатының әлсіз тұсында пайда болған Убайдилер мемлекетіндегі рафидилер (шектен шыққан шиғалар) хижраның 300 жылы енгізген еді.  Кейін осы «сәнді» олардан түрлі сопы тариқаттарының өкілдері қабылдап алды да, оны мұсылмандар арасында таратты.

Бидғатшыларда қабірлерді нақтылап белгілеп қою төрт дәйекке негізделеді:

1) Түстер.

2) Белгілі бір аймақта хош иістің сезілуі.

3) Сол жерде (олардан басқа ешкім байқамаған) таңғажайып мистикалық құбылыстардың болуы[2].

4) Сенімсіз, өтірік «тарихи» деректер. Қз.: «әл-Фатауа» 27/457-459.



[1] «Мәкрух» (құпталмайтын) деген  термин түрлі мазхабтардың терминологиясында құпталмайтындықты да, тыйым салынғандықты да білдіреді. Ханафи мазхабына келер болсақ, «мәкрух» дегеннің астарында құпталмайтындық та, тыйым салынғандық та меңзеледі. Бұл туралы ханафи имамы Ибн Нужәйм «Канз уд-Дакаик» еңбегіне жазған түсіндірмесінінің түгел барысында жазып өтеді. Бұл дегеніміз, біздің өздерін ханафилікке телитін кісілеріміз өз көзқарастарын «Ханафи мазхабында бұл тыйым салынбаған, алайда тек құпталмайтын амал деп айтылған» деген сөздермен дәйектеуіне болмайды дегенді білдіреді.

[2] Мысалы, Түркістандағы «Укаша Ата» мазары мен құдығындағы жаны таза адам құдыққа тастаған шелек суға толып келетіні, ал жаны таза емеске ол бос қайтатыны сияқты өтірік муғжизалар.

Категория: Мақалалар | Добавил: admin (29.04.2012)
Просмотров: 480 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
1 Tristan   (22.10.2012 12:48)
There are no words to describe how bocdaious this is.

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]