Қош келдіңіз Гость • Тіркелу • Кіру • RSS
Бейсенбі, 28.3.2024, 11:39
Главная » Статьи » Қазақ тілінде » Мақалалар

Құлшылықтағы ықыластың уәжібтігі (Шейх Ибн Баз).


Барлық мақтау бүкіл әлемдердің Раббысы Аллаһқа тән, оның құлы әрі елшісі пайғамбарымыз Мұхаммедке және оның отбасы мен сахабаларына Аллаһтың сәлемі мен салауаты болсын!

Бұл насихатты мұсылман бауырларыма Аллаһтың ақысын ескерту және оған бойұсынуға шақыру үшін, Аллаһтың:

﴿وَذَكِّرْ فَإِنَّ الذِّكْرَى تَنفَعُ الْمُؤْمِنِينَ﴾


«Үгіт-насихат етіңіз, өйткені ол үгіт-насихаттар мүміндерге пайда береді»[1],-деген сөзіне амал етіп, содай-ақ:

وَتَعَاوَنُواْ عَلَى الْبرِّ وَالتَّقْوَى وَلاَ تَعَاوَنُواْ عَلَى الإِثْمِ وَالْعُدْوَانِ 

«(Ей, момындар) жақсылық және тақуалық жолын-да бір-бірлеріңе жәрдемдесіңдер, күнә және шектен шығу жолында жәрдемдеспеңдер!»[2]-деген сөзіне және

وَالْعَصْرِ, إِنَّ الْإِنسَانَ لَفِي خُسْرٍ, إِلَّا الَّذِينَ آمَنُوا وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ وَتَوَاصَوْا بِالْحَقِّ وَتَوَاصَوْا بِالصَّبْرِ

«Асрға серт, барлық адамзат зиян шегуде. Тек иман келтірген және игі амалдар істеген, бір-бірлеріне шындықты үгіттескен және осы шындық жолында сабыр етуді үгіттескендер ғана зиян шекпейді»[3],-деген сөзіне және пайғамбарымыздың :

" الدين النصيحة" قيل لمن يا رسول الله؟ قال:" لله ولكتابه ولرسوله ولأئمة المسلمين و عامتهم"

—«Дін — насихат». Сахабалар: кім үшін иә Аллаһтың елшісі?- дегенде:

—«Аллаһ үшін, оның кітабы және елшісі әрі мұсылмандар мен олардың басшылары үшін»[4] -деген сөзіне амал қылып жаздым.

Өзіме және сендерге өсиет ететін ең ұлық нәрсе — барлық жағдайда Аса пәк Аллаһқа тақуалық қылу. Бұл Аллаһ және Оның елшісінің өсиеті. Аллаһ Құранда:

﴿وَلَقَدْ وَصَّيْنَا الَّذِينَ أُوتُواْ الْكِتَابَ مِن قَبْلِكُمْ وَإِيَّاكُمْ أَنِ اتَّقُواْ اللّهَ ﴾

«Сендерден бұрын кітап берілгендерге де, сендерге де: «Аллаһтан қорқыңдар»-деп әмір еттік»[5]- деді.

Пайғамбарымыз көп хұтбаларында сахабаларға: «Сендерге Аллаһқа тақуалық қылуды және басшыларыңа құлақ салып бойұсынуды өсиет етмін»[6] - дейтін.

Тақуалықтың негізгі мағынасы: Аллаһтың бұйырғанын істеу және харам еркен күналардан сақтанып, одан ұзақ болу.

Аллаһ пенделерін тақуалыққа бұйырды және тақуалардың қиыншылықтарын кетіріп, істерін жеңілдетуді, күналарын кешіруді және оларға күтпеген жерлерінен сауаптары мен ризықтарын көбейтуді уәде етіп былай деді:


﴿يَاأَيُّهَا النَّاسُ اتَّقُوا رَبَّكُمْ إِنَّ زَلْزَلَةَ السَّاعَةِ شَيْءٌ عَظِيمٌ ﴾

«Ей, адамдар, Раббыларыңнан қорқыңдар! Өйткені (Қиямет) сағатының (алдындағы) сілкініс — өте қорқы-нышты нәрсе»[7],

﴿يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا اتَّقُوا اللَّهَ وَقُولُوا قَوْلًا سَدِيدًا, يُصْلِحْ لَكُمْ أَعْمَالَكُمْ وَيَغْفِرْ لَكُمْ ذُنُوبَكُمْ وَمَن يُطِعْ اللَّهَ وَرَسُولَهُ فَقَدْ فَازَ فَوْزًا عَظِيمًا﴾

«Ей, момындар, Аллаһтан қорқыңдар да тура сөз сөйлеңдер! (Сонда) Аллаһ істеріңді түзетеді және күнәләріңді жарылқайды. Кім Аллаһқа және Оның пайғамбарына бойұсынса, ұлы бақытқа жетеді»[8],

﴿وَمَن يَتَّقِ اللَّهَ يَجْعَل لَّهُ مَخْرَجًا, وَيَرْزُقْهُ مِنْ حَيْثُ لَا يَحْتَسِبُ وَمَن يَتَوَكَّلْ عَلَى اللَّهِ فَهُوَ حَسْبُهُ ﴾

«Кім Аллаһтан қорықса, Аллаһ оған (қиыншылық-тан) шығатын жол жасайды да, оны ойламаған жерінен ризықтандырады және кім Аллаһқа тәуекел ететін болса, Аллаһ оған жетерлі»[9],

﴿وَمَن يَتَّقِ اللَّهَ يُكَفِّرْ عَنْهُ سَيِّئَاتِهِ وَيُعْظِمْ لَهُ أَجْرًا﴾

«Кім Аллаһтан қорықса, оның күналарын өшіреді және оның сыйын ұлы қылады»[10],

﴿فَاتَّقُوا اللَّهَ مَا اسْتَطَعْتُمْ وَاسْمَعُوا وَأَطِيعُوا وَأَنفِقُوا خَيْرًا لِّأَنفُسِكُمْ وَمَن يُوقَ شُحَّ نَفْسِهِ فَأُوْلَئِكَ هُمُ الْمُفْلِحُونَ﴾

«Шамаларың келгенше Аллаһтан қорқыңдар, (сендерге насихат етіліп жатқан кеңеске) құлақ салыңдар да, бойұсыныңдар және де қайыр-садақа істеңдер, өздерің үшін жақсырақ болады. Кім өз нәпсісінің сараңдығынан сақтанса, солар құтылушылар»[11]

Тақуалыққа бұйыратын, оған шақыратын және тақуалар үшін көптеген жақсылықтар әзірленгенін баяндайтын аяттар өте көп. Сондықтан, құрметті ағайындар, барлы-ғымызға жасырын және әшкере, қиыншылық пен жеңілдік жағдайлардың барлығында Аллаһтан қорқуымыз уәжіп болады. Мұның барлығы Аллаһтың сіздерге бұйырған намаз, зекет және одан басқа да әмірлерін орындаумен және қайтарған барлық күналардан қайтумен болады. Кімде-кім осы бұйрықтарды Аллаһтан сауп үміт етіп және азабынан қорқып орындаса, сол сияқты тыйым салған харам істерден Аллаһтың сауабын үміт етіп, азабынан қорқып сақтанатын болса, Аллаһтың оларға дүние-ақыретте нәжәт табатын және бақытқа бөленетін уәдесімен уәделенген тақуалардың қатарына кіреді.

Адамға уәжіп болған ең ұлы іс — жалғыз Аллаһ үшін болған құлшылықта ықыласты болу және барлық ширкті[12] тастау. Аллаһ Құранда:

﴿وَقَضَى رَبُّكَ أَلاَّ تَعْبُدُواْ إِلاَّ إِيَّاهُ ﴾

«Раббың тек бір өзіне ғана құлшылық етуіңді бұйырды»,[13]

﴿ فَاعْبُدِ اللَّهَ مُخْلِصًا لَّهُ الدِّينَ ألا لِلَّهِ الدِّينُ الخَالِصُ﴾

«Аллаһқа ықыласпен құлшылық қыл, естеріңде бол-сын, таза дін Аллаһқа тән»[14],

﴿وَمَا أُمِرُوا إِلَّا لِيَعْبُدُوا اللَّهَ مُخْلِصِينَ لَهُ الدِّينَ حُنَفَاء وَيُقِيمُوا الصَّلَاةَ وَيُؤْتُوا الزَّكَاةَ ﴾

«Негізінде, олар дінді тек Аллаһқа арнаған, тура жолдан аумаған күйлерінде құлшылық етуге, намазды орындауға және зекет беруге бұйырылған еді»[15]- дейді.

Міне осы — «Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешбір тәңір жоқ»,- деген сөздің мағынасын білдіреді. Өйткені Аллаһ айтқанындай және білім иелерінің келісімі бойынша Аллаһтан басқа ақиқат құлшылық қылынуға лайықты ешбір тәңір жоқ.

﴿ذَلِكَ بِأَنَّ اللَّهَ هُوَ الْحَقُّ وَأَنَّ مَا يَدْعُونَ مِن دُونِهِ هُوَ الْبَاطِلُ ﴾

«Міне, күдіксіз Аллаһ — ол хақ, олардың Аллаһтан өзгеге құлшылық еткендері — ол бекер»[16].

Сондықтан кімде-кім Аллаһтан басқа біреу үшін намаз оқыса, ораза тұтса, немесе сәжде қылса, немесе бір қабірден, не тас, теректен және тағы басқалардан сұрайтын болса, Аллаһқа серік қосқан әрі «Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқ» - деген сөзді өтірікке шығарған болады. Сол сияқты кім Аллаһтан басқа біреу үшін құрбан шалса; жындар мен әулиелерге жақындаймын деп немесе олардың зиян тигізуінен қорқып солар үшін құрбан шалатындар сияқты, мұның барлығы Аллаһ оны харам еткен және оны істеген адамға тозақ уәде еткен ширкке жатады. Аллаһ Тағала:

﴿قُلْ إِنَّ صَلاَتِي وَنُسُكِي وَمَحْيَايَ وَمَمَاتِي لِلّهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ﴾

«(Мұхаммед ) «Әлбетте, намазым, ғибадаттарым (яғни бауыздайтын құрбандықтарым), өмірім мен өлімім бүкіл әлемдердің Раббысы Аллаһ үшін. Оның ешбір серігі жоқ», - де»,[17]

﴿فَصَلِّ لِرَبِّكَ وَانْحَرْ﴾

«Раббың үшін намаз оқы және (мал сойып) құрбандық шал»[18],

﴿إِنَّ اللّهَ لاَ يَغْفِرُ أَن يُشْرَكَ بِهِ وَيَغْفِرُ مَا دُونَ ذَلِكَ لِمَن يَشَاء ﴾

«Әлбетте, Аллаһ Өзіне (ешбір нәрсенің) серік қосылуын кешірмейді. Осыдан басқа күналарды Өзі қалаған пенделері үшін кешіреді»,[19]

﴿إِنَّهُ مَن يُشْرِكْ بِاللّهِ فَقَدْ حَرَّمَ اللّهُ عَلَيهِ الْجَنَّةَ وَمَأْوَاهُ النَّارُ وَمَا لِلظَّالِمِينَ مِنْ أَنصَارٍ﴾

«Әлбетте, кімде-кім Аллаһқа серік келтірсе, Аллаһ оған жәннатты арам етеді және (олардың) барар жері тозақ болады. Зұлымдық етушілер үшін ешбір жәрдемші болмайды»[20] - деді.

Пайғамбарымыз : «Кім Аллаһтың алдына Оған еш-нәрсені серік келтірмеген күйде келсе, жаннатқа кіреді, кім Аллаһтың алдына Оған бір нәрсені серік келтірген күйде келсе, тозаққа кіреді»[21] - деді. Тағы бір хадисте: «Кім Аллаһқа серік келтірген күйде өлсе, тозаққа кіреді»[22]- деді. Басқа хадисте: «Аллаһ Өзінен басқа біреуге арнап құрбан шалған адамды лағынеттеді»[23] - деді.

Сондай-ақ рия[24], Аллаһтан басқа біреумен қасам ішу, мысалы: Қағбамен немесе пайғамбармен қасам ішу, немесе аманатпен, не тағы басқа жаратылғандармен қасам ішу — кіші ширкке[25] жатады. Өйткені пайғамбарымыз сахабаларына: «Мен сендер үшін ең қатты қоқатын нәрсе — кіші ширк» - деді. Сахабалар: «Ол не, иә Аллаһтың елшісі?» дегенде: «Рия» - деп жауап берді[26]. Тағы бір хадисте :«Кімде-кім қасам ішетін болса, Аллаһпен қасам ішсін, немесе үндемесін!»-деді. Басқа хадис-те:«Кімде-кім Аллаһтан басқа біреумен қасам ішсе, күпірлік немесе серік келтірген болды»[27]-деді. Имам Ахмад Омар ибн Әл Хаттабтан (оған Аллаһ разы болсын) пайғамбарымыздың былай дегенін риуаят етті: «Кім Аллаһтан өзге біреумен қасам ішсе, ақиқатында серік келтірді»[28], «Кім аманатпен қасам ішсе, ол бізден емес»[29].

Аллаһтан өзге біреумен қасам ішуден қайтаратын хадистер өте көп. Сондықтан барлық мұсылмандарға одан сақ болу, әрі басқаларды да сақтандыру және қасам ішуді тек қана аса пәк Аллаһқа шыншылдық білдірумен арнау уәжіп болады. Өйткені бір нәрсемен қасам ішу — оны ұлықтауды білдіреді, ал ұлықтауға тек қана Аллаһ лайықты.

Сондай-ақ кіші ширкке: «Аллаһ және пәленше қаласа», «Бұл Аллаһтан және сізден», «Егер Аллаһ және сіз болмасаңыз», «Егер Аллаһ және пәленше болмаса», - деген сөздер жатады. Өйткені пайғамбарымыз : «Аллаһ және пәленше қаласа деп айтпаңдар, бірақ Аллаһ кейін пәленше қаласа деңдер!»[30] - деді. Ибн Аббас (оған Аллаһ разы болсын) бір адамның өз досына: «Аллаһ және сен қаласаң», «Аллаһ және пәленше болмаса» - деген сөзіне: бұның барлығы Аллаһқа ортақ қосу - деді. Сол сияқты бір адам пайғамбарымызға : «Аллаһ және сіз қаласаңыз» - дегенде, ол кісі: «Мені Аллаһқа серік қылдың ба?, жалғыз Аллаһ қаласа (деп айт)»[31] - дейді.

Сондықтан әр мұсылманға өз дінін үйренуі және ширктің барлығынан, кішісінен де үлкенінен де, көбінен де азынан да сақтануы уәжіп болады, содай-ақ білмеген нәрселерін білім иелерінен сұрауы уәжіп болады, өйткені Аллаһ Құранда:

﴿فَاسْأَلُواْ أَهْلَ الذِّكْرِ إِن كُنتُمْ لاَ تَعْلَمُونَ﴾

«Егер білмейтін болсаңдар, білім иелерінен(яғни ғалымдардан) сұраңдар»,[32]

﴿وَاتَّقُواْ اللّهَ وَيُعَلِّمُكُمُ اللّهُ وَاللّهُ بِكُلِّ شَيْءٍ عَلِيمٌ﴾

«Аллаһтан қорқыңдар! Аллаһ сендерге (тура жолын) білдіреді»[33]- дейді.

Пайғамбарымыз : «Аллаһ кімге жақсылық қаласа, оны дінде білімді қылады»[34] - деді.

Тағы да бұлардан басқа қайтарылған ширк істеріне сиқыр қылу, бал ашу, құс ұшыру ырымы, немесе тұмар тағу; ол Құраннан не басқа нәрседен болса да, сол сияқты оған ширк араласқан немесе мағынасы белгісіз дем салулар жатады. Пайғамбарымыз өз хадисінде: «Құрдымға апаратын жеті нәрседен шеттеніңдер» - деді. Сахаба-лар: «Олар нелер, иә Аллаһтың елшісі?» – деп сұрағанда пайғамбарымыз : «Аллаһқа серік келтіру, сиқыр, Аллаһ арам еткен кінәсіз біреуді өлтіру (ал жазықты болса, жазасын тартады), өсім жеу[35], жетімнің малын жеу, (соғыста) жаумен беттескен күні артқа қашу және мұнтаздай, бейқам иманды әйелдерге жаман ат тағу» - деп жауап береді.[36] Имам Ән-Насаи Абу Һурайрадан(оған Аллаһ разы болсын) пайғамбарымыздың былай дегенін риуаят етті: «Кімде-кім түйіншек түйетін болса, содан соң оған үрлеп түкіретін болса, онда ол сиқыр жасаған болады, ал сиқыр жасаған адам ақиқатында ортақ қосқан болады. Кімде-кім бір нәрсеге жармасса, соған тапсырылады(яғни, Аллаһтың көмегінен мақрұм қала-ды)»[37]. Тағы бір хадисте пайғамбарымыз : «Кімде-кім құс ұшуын жорып ырымдайтын болса, немесе ол үшін құс ұшуы жорылса, немесе бал ашып, не өзіне бал аштыратын болса, немесе сиқыр жасап, не өзі үшін сиқыр жасататын болса, ол бізден емес»[38], «Кім балшыға барып, оның айтқанын растайтын болса, ол Мұхаммедке түсірілген нәсеге күпірлік білдірген болады»[39]-деді. Имам Муслим өзінің «Сахих» атты кітабында пайғамбарымыздың былай дегенін риуаят етті: «Кімде-кім балшыға барып, одан бір нәрсе жайлы сұраса, оның қырық күн бойы намазы қабыл етілмейді». Басқа хадисте пайғамбарымыз : «Расында дем салу, тұмарлар тағу және тәнті қылу (тиуәлә[40]) — ортақ қосу болып табылады»,[41] - деді. Басқа хадисте пайғамбрымыз : «Аллаһқа ортақ қосуы болмаған дем салуда ешқандай зиян жоқ»[42] - деді.

Мағынасы белгісіз дем салуларда шірктің болып қалуынан қорыққандықтан оларды тастау және басқаларды да одан сақтандыру уәжіп болады. Имам Ахмад Ұқбату ибн Амрден(оған Аллаһ разы болсын) пайғамбарымыздың былай дегенін риуаят етті: «Кімде-кім тұмар ілсе, онда Аллаһ оның істерін оңдамас, Ал кім моншақ (айқұлақ) ілсе, Аллаһ оған тыным бермес»[43]. Имам Ахмадтың тағы бір риуаятында пайғамбарымыз : «Кім тұмар тағатын бола, серік келтірген болды», - деді. Ибн Масғұд (оған Аллаһ разы болсын) пайғамбарымыздың : «Құстың ұшуын жору — ортақ қосу, құстың ұшуын жору — ортақ қосу»[44] - деп үш рет қайталағанын айтты. «Муснад» атты кітапта Абдуллаһ ибн Амр ибн Әл-Астан пайғамбарымыздың былай дегені риуаят етілді: «Кімді құстың ұшқанын жору ырымы қажеттілігінен қайтаратын болса, ол серік қосқан болды» - деді. Сахабалар: «Оның кәфәрәті не?» - деп сұрағанда, пайғамбарымыз : « Оның кәфәрәті: «Иә, Аллаһ, сенің жақсылығыңнан басқа жақсылық жоқ, сенің құсыңнан басқа құс жоқ[45], Сенен басқа құлшы-лыққа лайықты ешкім жоқ» - деп айту»[46] - деді.

Бал ашу, сиқыр, құс ұшуын жору ырымынан қайтаратын әрі балгер мен сиқыршылардан сұраудан және оларды растаудан қайтаратын, оларға қатаң тыйым салатын хадистер өте көп. Сондықтан әр мұсылманға Аллаһтың азабынан қорғанып, Одан сауап үміт етіп және Аллаһ және оның елшісінің әміріне бой ұсынғандықтан, бұл қатаң тыйым салынған істерден ұзақ болу әрі осындай істермен шұғылданған адамдарды бұдан қайтару міндет болады.

Аллаһтан барлығымызға амандық тілейміз! Аллаһ барлығымызды Оның разы болатын істерін істеуге нәсіп етсін, әрі жүректеріміз бен амалдарымызды түзетіп, әрдайым Одан қорқатын құлдарынан қылсын! Сондай-ақ Өзінің дініне жәрдемін төгіп, оның жауларына қарсы жеңіс ке жеткізсін! Патшамызды және барлық мұсылмандардың басшыларын Өзінің разы болатын істеріне бастап, олардың айналасындағыларды да туралыққа салсын және барлығы-мызды адастыратын фитналардан сақтасын! Әмин!


Сауд Арабия мемлекетінің бас муфтиі

Абдуль Азиз ибн Абдурахман ибн Баз.






[1] Зәрият. 55

[2] Мәидә. 2

[3] Аср. 1-2-3

[4] Имам Муслим риуаяты.

[5] Ниса. 131

[6] Абу Дауд. Хадис сахих (4607)

[7] Хаж. 1

[8] Ахзаб. 70-71

[9] Талақ. 2-3

[10] Талақ. 5

[11] Тағабұн. 16

[12] Ширк: Аллаһқа ортақ қосу

[13] Исра. 23

[14] Зүмәр. 2

[15] Бәйинә. 5

[16] Хаж. 62

[17] Әнғам. 162

[18] Кәусәр.2

[19] Ниса. 48

[20] Мәида.72

[21] Муслим риуаяты, хадис сахих (152).

[22] Бухарий риуаяты, хадис сахих (4227)

[23] Муслим риуаяты, хадис сахих (43)

[24] Көз бояушылық.

[25] Кіші ширк (Аллаһқа ортақ қосу) деп: Құран және сүннетте аталуы ширк деп келген нәрселерді айтады. Ширктің бұл түрі адамды діннен шығармайды және оны тозақта мәңгі қалдырмайды, бірақта уәжіп болған Аллаһты бірлеу кемелдігін азайтады.

[26] Имам Ахмад риуаяты, хадис хасан, «Муснад» атты кітаб (23680).

[27] Бұл хадисті Абу Дауд пен имам Тирмизий ибн Омардан сахих иснадпен риуаят етті.

[28] Хадис сахих.

[29] Абу Дауд риуаяты, хадис сахих (2353)

[30] Абу Дауд риуаяты, хадис сахих (4980)

[31] Ибн Хузайма р-ты, хадис сахих.

[32] Нахыл. 43

[33] Бақара. 282

[34] Бухарий, Муслим р-ты.

[35] процент

[36] Бухарий, Муслим.

[37] Хадистің иснады әлсіз,(4079)

[38] Әл Баззар риуаяты, хадис сахих.

[39] Имам Ахмад р-ты, хадис сахих,(9532)

[40] Тиуәлә - деп күйеуге тағылатын нәрсені айтады. Адамдар сол себепті ердің әйеліне ғашықтығы артады және әйелдің еріне ғашықтығы артады деп ойлайды, мұның барлығы Аллаһқа ортақ қосу болып табылады, өйткені бұл ешқандай себепке жатпайды.

[41] Имам Ахмад р-ты, хадис хасан, (3615)

[42] Муслим риуаяты.

[43] Хадис хасан, (17440)

[44] Абу Дауд р-ты, хадис сахих, (3910)

[45] Сенен басқа жол көрсетуші жоқ.

[46] Хадис хасан (7045)

Категория: Мақалалар | Добавил: admin (10.10.2011)
Просмотров: 881 | Теги: құлшылық, уаджіптігі, ықылас | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]