Қош келдіңіз Гость • Тіркелу • Кіру • RSS
Сенбі, 20.4.2024, 17:30
Главная » Статьи » Қазақ тілінде » Мақалалар

Оразаның артықшылығы

Барлық мақтау бүкіл әлемдердің Раббысы Аллаһ тағлаға лайық. Мен Аллаһтан басқа құлшылыққа лайық ешкім жоқтығына, Мұхаммед (Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оны құлы әрі елшісі екеніне куәлік етемін.

Әй мүміндер! Алладан шынайы қорқумен қорқыңдар да Мұсылман болған күйде ғана өліңдер. (Ал Имран сүресі, 102 аят) .

Қадірменді бауырлар! Жыл бойы асығып күткен, күнәларға тәубе етіп ізгі амалдарға асығатын Қасиетті Рамазан айы да жақындап келеді. Аллаһ қаласа осы айдың соңғы он күндігінде Рамазан айын қарсы аламыз. Қасиетті айда көп ізгі амалдар жасауға, күнәларымызға тәубе етуге асығайық. Өйткені бұл ай мүмін адамның әр қадамына есеп беріп, амалдарына өте мұқият болатын ай. Рамазан айы, куәлік айы. Ол жақын арада бізге куәлік етеді. Біз оны жақсы күтіп алдық па?! Аллаһтың парыз еткен оразасын өз деңгейінде орындап жатырмыз ба?! Себебі Рамазан айы: «Ей ізгілік қалаушы, кел! Ей жамандық қалаушы тоқта» - деп келеді.

"Рамазан – адамдарға тура жол нұсқаушы, ақ пен қараны айырушы, бекем тұтынатын дәлел ретінде Құран түсіріле бастаған ай. Рамазан айы туғанын көрген адам ораза ұстасын. Кімде-кім ауру болып, әйтпесе сапарда жүрсе, онда басқа күндерде өтесін. Алла сендерге жеңілдік болуын қалайды, ауырлық түсіргісі келмейді” (Бақара/187

Пайғамбарымыз (Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтқандай:

Рамазан айы келісімен Жәннат есіктері ашылып, Тозақ есіктері құлыптанады және шайтандар кісенделеді. (Имам Бухари 3035; Насаий 2072, 2077).

Рамазан айының қадір қасиетін толық білсек, Аллаһтың Рахметінің өте кең екенін түсінеміз. Құдси хадисте айтқандай: «Ораза Мен үшін, оның сыйын Мен өзім беремін. «(Пендем) мен үшін тағамнан, сусыннан және шахауатынан бас тартады. (Имам Бухарий 6938; Имам Аҳмад 8749, 9112)

Хадистен түсінгеніміздей, Оразаның сауабын Раббымыз Өзі беремін деп тұр! Өйткені Ораза құлшылық. Аллаһ тағла айтқандай: «Әй, иман келтіргендер! [163] Сендерден бұрынғыларға ораза тұту бұйырылғандай, сендерге де ол бұйырылды [164]. Әрине тақуа боласыңдар! [165]» (Бақара сүресі, 183-аят). Аллаһ тағла оразаға бұйырып тур. Демек ораза Аллаһ сүйетін амал болғандықтан, оны орындаған адам сауап алады.

Ораза сөзінің тілдік мағынасы араб.: صوم«ас-саум» – өз нәпсісін тыю, жаманнан алыстау, парсыша «ураза» – күндік. Шариғи мағынасы — Рамазан айы кірісімен таңсәріден бастап күн батқанға дейін оразаны бұзатын амалдарды жасамай, олардан тиылу. Рамазан айының келуі хадисте айтылғандай болады: «Оны(рамазан айының тууы) көрсеңдар, ораза тұтыңдар да, оны көрсеңдер, ораза тұтуды тоқтатыңдар, ал егер бұлтты болса, оған(яғни рамазан айының тууына) шамалап өлшем жасаңдар»(Сахих ал-Бухари).

Соңында әлемдердің Раббысы – Аллаһқа мақтау айтамыз!



Источник: http://musilman.kz/
Категория: Мақалалар | Добавил: admin (19.07.2012)
Просмотров: 916 | Комментарии: 1 | Теги: сиям, саум, рамазан, Ораза | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
0  
1 Ting   (20.10.2012 10:11) [Материал]
Unparalleled accuracy, uneuqivocal clarity, and undeniable importance!

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]