Қош келдіңіз Гость • Тіркелу • Кіру • RSS
Бейсенбі, 28.3.2024, 19:14
Главная » Статьи » Қазақ тілінде » Мақалалар

Рамазан айында жасалған күнә

2012 жылдың 28 шілдесі күні Алматы қаласындағы ішкі істер қызметкерлерін жауыздықпен өлтіру жағдайы еліміздің беделіне нұқсан келтіретін іс-әрекеттердің бірі. Бұл істі кім істесе де немесе істетсе де Аллаһ білуші мұсылманмын деген есі дұрыс адамның ісі емес. Себебі, бұл тірлік діннен хабарсыз адамның іс-әрекетіне ұқсайды. Ардақты Пайғамбар ғ.с. бір хадисінде: «Аллаға Зулхижжа айының алғашқы он күндігінен артық күндер жоқ» деген. Сонда сахабалар: «Аллаһ жолындағы жиһадта ма?» деп сұрады. Сонда Пайғамбар ғ.с.: «Тіпті Аллаһ жолындағы жиһад та артық бола алмайды ...» деген. Осы хадиске назар аударсақ, Зулхижжа айының дәрежесі жиһадтан артық болса, онда Зулхижжа айынан артық Рамазан айының дәрежесін өзіңіз бағалай беріңіз. Асыл дінімізде адам өлтіру үлкен күнә тірлікке жататыны белгілі. Ал, қасиетті айда адам өлтіру 700 (жеті жүз) есе күнә арқалайтыны тағы бар. Осыған қарап бұл тірлік ислам дінін ұстанушылар емес, шектен шыққан қаныпезер, басбұзарлардың тірліктері. Жазықсыз кеткен адамдардың қаны мен жаны оның артында қалған еңіреп жары мен бала-шағасын жетім болуына себепші болғандар міндетті түрде заң алдында жазасын алғандары лайықты түрде болды.

         Пайғамбарымыз ғ.с. Ибн Аббас деген сахабасынан риуаят етіледі бұл хадис: «Аллаға адамдардың ең жек көрініштісі үшеу деген:

1) Меккедегі мешітте тұрып дінге сенбейтін адам;

2) Ислам дініндегі надан дәуірдегі салт-дәстүр мен ырымдардың сақталуын қалаған адам;

3) Нақақтан кісінің қанын төгуге әрекет ететін адам деген».

         Аллаһ өткендеріміздің алдынан жарылқап, жайларын жаннаттан қылсын. Қылмыс жасап елге, жерге үрей туғызушы залымдарға сазайын берсін.

Құрметті бауырлар! Адам қаны текке кетпейді, айналып кейін өз басымызға соғатынын естен шығармайық. Аллаһ елімізді бәле-жаладан сақтасын! Әмиин!

 

Абу Джафар



Источник: http://күнә
Категория: Мақалалар | Добавил: admin (09.08.2012)
Просмотров: 949 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
0  
1 Jaylen   (22.10.2012 14:09) [Материал]
You're the grtesaet! JMHO

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]