Қош келдіңіз Гость • Тіркелу • Кіру • RSS
Жексенбі, 5.5.2024, 19:29
Главная » Статьи » Қазақ тілінде » Мақалалар

Рамазан — ең ұлы ай

إن الحمد لله نحمده ونستعينه ونستغفره، ونعوذ بالله من شرور أنفسنا ومن سيئات أعمالنا، من يهده الله فلا مضل له، ومن يضلل فلا هادي له، وأشهد أن لا إله إلا الله وحده لا شريك له، وأشهد أن محمداً عبده ورسوله صلى الله عليه وعلى آله وأصحابه ومن تبعهم بإحسان إلى يوم الدين وسلم تسليماً.

Шындығында барлық мақтау Аллаһқа тән, Оны мадақтаймыз әрі Одан жәрдем тілейміз! Аллаһтан кешірім сұраймыз және амалдарымыз бен нәпсіміздің жамандығы-нан пана сұраймыз. Аллаһ кімді тура жоға салса, оны ешкім адастыра алмайды, ал кімді адастырса, оны ешкім тура жолға сала алмайды! Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқ, Ол жалғыз, Оның ешқандай серігі жоқ деп және Мұхаммед r Оның құлы әрі елшісі деп куәлік беремін! Пайғамбарымызға, оның от басына және сахабаларына әрі оларға жақсылықта ергендерге Аллаһтың сәлемі мен салауаты болсын!

Құрметті мұсылман ағйын! Міне, айлардың ішіндегі ең ұлы, мүбарак болған Ораза айы да жетіп келді. Сондықтан бүгінгі уағызымыз ораза жайлы болмақ.

Осыған кірісуден бұрын, өзіміздің осы өмірге не үшін келгендігіміз жайлы айтып өтсек. Әрбір саналы адам баласы өзіне: «Мен дүниеге не үшін келдім? Ертең өлгеннен кейін  не болады?» - деген сұрақ қояды. Бұл жалған дүниеге не үшін келгенімізге Аллаһ Тағала Құранда былай дейді:

﴿وَمَا خَلَقْتُ الْجِنَّ وَالْإِنسَ إِلَّا لِيَعْبُدُونِ﴾

«Жын мен адамзатты тек Өзіме құлшылық етулері үшін жараттым»[1].

Бұл аяттан біз өзіміздің тек Аллаһқа құлшылық етуіміз үшін жаратылғандығымызды білдік. Сондай-ақ пайғам-барымыз (саллалаһу алейһи уә сәлләм) осы жайлы өз хадисінде Мұғаз ибн Жәбәлға (Оған Аллаһ разы болсын) :

"حَقُّ اللهِ عَلى العِبادِ أَنْ يَعْبُدوهُ وَلا يُشْرِكُوا بِهِ شَيْئاً "

« Аллаһтың пенделерге болған ақысы — пенделердің Аллаһқа құлшылық етулері және Оған еш-нәрсені серік қылмаулары» - деді.

Құлшылық дегеніміз не? Оны қалай түсінеміз? Құлшылық дегеніміз: «Аллаһ Тағаланың жақсы көретін және одан разы болатын, ашық және жасырын сөздер мен амалдар».

Құлшылықтың не екенін білгенімізден кейін, оның қабыл болу шарттарын білуіміз керек. Ғибадаттардың қабыл болуының ең басты екі шарты болады.

Біріншісі: Құлшылық тек Аллаһ разылығы үшін болуы керек.

Екіншісі: қылған құлшылығымыз пайғамбарымыз (саллалаһу алейһи уә сәлләм) көрсетіп кеткен сүннетіне сай болуы керек.

Бұған дәлел — Аллаһ Құранда Кәф сүресінің 110 аятында былай дейді:

﴿فَمَن كَانَ يَرْجُو لِقَاء رَبِّهِ فَلْيَعْمَلْ عَمَلًا صَالِحًا وَلَا يُشْرِكْ بِعِبَادَةِ رَبِّهِ أَحَدًا﴾

« Кім Раббысына жолығуды үміт етсе, ізгі амал істесін және құлшылығында Аллаһқа еш-нәрсені серік етпесін».

Пайғамбарымыз (саллалаһу алейһи уә сәлләм) :

"تركت فيكم أمرين لن تضلوا ما تمسكتم بهما كتاب الله و سنتي"

« Мен сендерге екі нәрсе тастап кеттім, егер ол екеуін мықтап ұстансаңдар, ешқашан адаспайсыңдар, ол —Аллаһтың кітабы және менің сүннетім» - дейді.

Егер осы шарттардың біреуі жоғалатын болса, ол амал қабыл етілмейді. Бұл жайында Аллаһ Құранда былай дейді:

﴿ وَقَدِمْنَا إِلَى مَا عَمِلُوا مِنْ عَمَلٍ فَجَعَلْنَاهُ هَبَاء مَّنثُورًا ﴾

«Олар қандай  бір амал қылған болса, рас оны қолға алып, шашылған тозаңға айналдырамыз».[2]

Пайғамбарымыз (саллалаһу алейһи уә сәлләм) өз хадисінде:

"من عمل عملا ليس عليه أمرنا فهو رد"

« Кімде-кім біз оған бұйырмаған амалды істейтін болса, ол оған қайтарылады».[3]

Сондықтан қандай да бір амал істейтін болсақ, ниетімізді түзеп, амалымызды пайғамбарымыздың (саллалаһу алейһи уә сәлләм) сүннетіне сай орындауымыз керек.

*****

 

 

Құрметті мұсылман қаумы! Жоғарыда айтылып өткен құлшылықтың бірі — қасиетті Рамазан айында ораза тұту.

Бұл — айлардың ең ұлық айы, өйткені бұл айда жаннат есіктері ашылады, жақсылықтар сауабы артады және дұғалар қабыл етіледі әрі дәрежелер көтеріліп, күналар кешіріледі. Сондай-ақ осы айда Аллаһ өзінің пенделеріне жақсылықтардың түр-түрін береді.

Аллаһ Тағала осы Рамазан айында ораза тұтуды Исламның бір рүкіні қылды. Пайғамбарымыз (саллалаһу алейһи уә сәлләм) осы айда өзі ораза тұтып, адамдарға да ораза тұтуды бұйырды.

Пайғамбарымыз (саллалаһу алейһи уә сәлләм) өз хадисінде былай дейді:

" من صام رمضان إيمانا واحتسابا غفر له ما تقدم من ذنبه"

« Кімде-кім оразаның парыздығына иман келтіріп және сауабын үміт етіп ораза тұтатын болса, оның өткен күналары кешіріледі».

Бұл айда мың айдан артық болған қадыр түні бар. Кімде-кім бұл айдың жақсылығын, беркесін және ұлықтығын білмесе, ақиқатында көптеген жақсылықтардан құр қалғаны. Бұл мүбәрак болған Рамазан айын қуанышпен, намаз-оразамен және барлық күналардан тәубе етумен қарсы алыңыздар!

Пайғамбарымыз (саллалаһу алейһи уә сәлләм) : «Егер Рамазан айы кірсе, жаннат есіктері ашылып, тозақ есіктері жабылады және шайтандар кісенделеді» - деді.

Әй, мұсылмандар! Осы ұлық болған Рамазан айын ғибадаттың түр-түрімен, намаз, садақа беру, Құран оқу, тәспих, Алладан күнәләр үшін кешірім сұрау және пайғамбарымызға r салауат айту, кедей-міскіндерге, жетім-жесірлерге жақсылық қылумен қарсы алыңыздар!

Ақиқатында пайғамбарымыз (саллалаһу алейһи уә сәлләм) адамдардың ең жомарты бола тұра Рамазан айы келген  уақытта жомарттығы арта түсетін еді.

Оразаларыңызды Аллаһ харам еткен нәрселерді істеп  бұзып қоюдан сақтаныңыздар! Пайғамбарымыз (саллалаһу алейһи уә сәлләм) өз хадисінде былай дейді:

"من لم يدع قول الزور  والعمل به فليس لله حاجة في أن يدع طعامه وشرابه"

« Кімде-кім өтірік сөзді, онымен амал қылуды және надандықты тастамаса, оның тамағы мен сусынынан тыйылуына Аллаһтың қажеті жоқ»[4]

Жәбір ибн Абдулла (Оған Аллаһ разы болсын) былай дейді: «Егер ораза тұтсаң, құлағың, көзің, тілің де өтірік пен харам нәрселерден тыйылсын, әрі өзің де көршіңе зиян тигізуден тыйыл, керісінше байсалды бол және ораза тұтқан күніңді ораза тұтпаған күніңмен бірдей қылма!»-деген.

Әй, мұсылмандар! Оразаны бұзатын және оның саубын кемітетін әрі Аллаһты ашуландыратын басқа да күналардан сақ болыңдар! Пара алу, зина, ұрлық қылу, адам өлтіру, жетім-жесірдің малын жеу, өтірік айту, аманатқа қиянат жасау, әке-шешеге қарсы келу сияқты күналар. Бұлар әрдайым, Рамазаннан басқа уақыттардың бәрінде, барлық жерлерде тыйым салынған күналар, ал Рамазанда оның күнасы әлде қайда арта түседі. Егер адам жоғарыда айтылған күналардың барлығынан сақтанып, оразасын пайғамбарымыздың r хадисі талап еткендей өткізсе, бұл оған нәпсісінің тәрбиесі және мінез-құлқының көркеюуі әрі жүріс-тұрысының түзелуі болады. Рамазаннан кейін осының әсері оның мінезі мен жүріс-тұрысында білініп тұрады.

Әй иман келтіргендер! Осы ұлық айда ізгі амалдар істеуге ұмтылыңдар! Өйткені бұл дүниеге Аллаһ бізді тек Өзіне құлшылық етуіміз үшін жаратқан. Әли ибн Әбу Толиб (Оған Аллаһ разы болсын) айтқанындай: «Бұл өткінші дүниеде амал бар, есеп жоқ, ал ақыретте болса, есеп бар, бірақ амал жоқ». Егер біз әр күнімізді бір парақ деп есептесек, сол парақтың бетін ізгі амалдармен толтырайық! Бұл ізгі амалдар Ораза айында арта түспек. Пайғамбарымыз (саллалаһу алейһи уә сәлләм) хадисінде Аллаһ Тағала былай деді дейді:

"يقول الله عزَّ وجلَّ:"كل عمل بني آدم له الحسنة بعشر أمثالها إلى سبعمائة ضعف، إلا الصيام فإنه لي و أنا أجزي به، ترك شهوته و طعامه و شرابه من أجلي: للصائم فرحتان فرحة عند فطره،

و فرحة عند لقاء ربه، والخلوف فم الصائم أطيب عند الله من ريح المسك"

«Адам баласының әрбір амалы өзі үшін, әрбір жақсылық сауабы оннан жеті жүз есеге дейін көбейеді, тек оразаның сауабын мен өзім беремін! Өйткені ол шаһуатын, тамағы мен сусынын мен үшін тастады. Ораза ұстаушыға екі қуаныш бар: бірінші қуанышы ауыз ашарда, екіншісі Раббысының алдына келген кезде. Ораза ұстаған адамның аузынан шыққан иісі Аллаһтың алдында әтірдің иісінен де жағымдырақ»[5].

Тағы бір хадисте пайғамбарымыз (саллалаһу алейһи уә сәлләм) : «Шындығында ораза сабырлықтан» - дейді. Аллаһ Құранда сабыр етушілер туралы былай дейді:

﴿ إِنَّمَا يُوَفَّى الصَّابِرُونَ أَجْرَهُم بِغَيْرِ حِسَابٍ﴾

«Шын мәнінде сабыр етушілерге сауаптары есепсіз беріледі».[6]

Осы себепті пайғамбарымыз (саллалаһу алейһи уә сәлләм) ораза айын сабыр айы деп атаған және басқа хадисінде: «Ораза — сабырлықтың жартысы» - деген.

Аллаһ өз пенделеріне парыз еткен оразаның көптеген хикметтері бар, олардың бірі:

1-  Ораза мұсылманды ішіп-жеуін тастаумен Аллаһқа жақындататын ғибадаттың түрі.

2-  Ораза адамды тақуалыққа жетелейтін себептерден.

3-  Пенде ораза тұту себепті Аллаһтың оған берген тамақ, ішімдік сияқты нығметтерін таниды, сөйтіп Раббысына осы берген нығметтеріне шүкірлік етеді.

4-  Ораза нәпсіні сабырлық пен шыдамдылыққа тәрбиелеуге үйретеді.

5-  Ораза адам асқазанының жылына бір рет толық тазалануына мүмкіндік береді.

Жоғарыда атап өткен пайдалар оразаның кейбір жақсылықтарынан ғана.

Оразаның парыздығы

Ораза тұту әрбір мұсылман ер мен әйелге парыз болады. Ал балалардан жеті жасқа толғандарына ораза тұту — мұстахаб[7]. Оразаның парыз екендігіне дәлел — Аллаһ Құранда былай дейді:

﴿ يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُواْ كُتِبَ عَلَيْكُمُ الصِّيَامُ كَمَا كُتِبَ عَلَى الَّذِينَ مِن قَبْلِكُمْ لَعَلَّكُمْ تَتَّقُونَ﴾

«Әй иман келтіргендер! Сендерге де бұрынғыларға парыз қылынғандай ораза парыз қылынды. Әрине сақсынарсыңдар!».[8]

Ал пайғамбарымыз (саллалаһу алейһи уә сәлләм) былай дейді:

" بني الإسلام على خمس: شهادة أن لا إله إلا الله و أن محمدًا رسول الله وإقام الصلاة وإيتاء الزكاة و صوم رمضان، وحج البيت"

«Ислам бес нәрсеге құрылған: Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқ және Мұхаммед Оның елшісі деп күәлік беру, намаз оқу, зекет беру, ораза тұту және қажылыққа бару»[9].

Әрбір мұсылман оразаның парыз екендігін білгеннен соң оған таң атудан бұрын түннен ораза тұтамын деп ниет етуі уәжіп болады. Өйткені пайғамбарымыз (саллалаһу алейһи уә сәлләм) :

"من لم يبيت الصيام قبل طلوع الفجر فلا صيام له"

«Кімде-кім таң атудан бұрын ораза тұтамын деп ниет етпесе, оған ораза жоқ»[10] - деді.

Жоғарыда айтылған ниет тек парыз оразаға қатысты, ал нәпіл ораза тұтуға егер таң атқаннан кейін еш нәрсе жеп, ішпеген болса, күннің ортасынан бастап ниет етуге болады, өйткені бұл жайында пайғамбарымыздан (саллалаһу алейһи уә сәлләм) сахих хадистер келген.

Әрбір ораза тұтамын деген адамға оразасын рия үшін не атақ үшін тұтуға болмайды, керісінше Аллаһ разылығын қалап, оның сауабын үміт етіп тұтуы шарт.

Ораза күндерінде аузын ашуға рұқсат етілген үзірлі адамдар

1-  Ораза тұтуға шамасы келмейтін ауру адам.

Бұл кісіге аузын ашу рұқсат етіледі, бірақ Аллаһ оған шипа беріп, ауыруынан жазылса, оразадағы аузын ашқан күндерін өтеуі шарт етіледі. Өйткені Аллаһ тағала былай дейді:

﴿ فَمَن كَانَ مِنكُم مَّرِيضًا أَوْ عَلَى سَفَرٍ فَعِدَّةٌ مِّنْ أَيَّامٍ أُخَرَ ﴾

«Ал біреу науқас не сапарда болса, басқа күндерде санын толтырсын»[11].

Бұл нәрсе тек бір шартпен болады, егер ораза себепті сол ауруы асқынып кететін болса, оған аузын ашуға рұқсат етіледі. Ал егер ораза кеселді асқындырмаса, аузын ашуы үзірге жатпайды.

Егер сенімді дәрігерлердің күәлігімен ауырудың жазылмайтындығы анықталса, ол кісіге ораза тұту және қазасын өтеу парыз болмайды. Ондай науқасқа Рамазан айының әр күні бір міскінді тамақтандыруы керек және тамақтандыратын азық мөлшері 2,5-3кг шамасындай болуы керек. Осы кәффәраны[12] бір міскінге немесе одан да көп адамға Рамазанның басында немесе арасында немесе соңында барлығын бірден беруге болады.

Жүкті және емізулі баласы бар әйелдің үкімі науқас адамның үкімі сияқты, яғни өзіне немесе баласына ораза тұту қиын болса, аузын ашуға рұқсат етіледі, кейін шамасы келген кезде қазасын өтейді.

Ал мусафир адамға (сапардағы адам) ораза тұтуы немесе тұтпауы өз еркінде, оған сапарда ораза тұтуы қиын болмаса да аузын ашуы жақсырақ. Бұл жайында Аллаһ Құранда былай дейді:

﴿ فَمَن كَانَ مِنكُم مَّرِيضًا أَوْ عَلَى سَفَرٍ فَعِدَّةٌ مِّنْ أَيَّامٍ أُخَرَ﴾

«...Ал біреу науқас, не сапарда болса, басқа күндерде санын толтырсын...».[13]

Пайғамбарымыз (саллалаһу алейһи уә сәлләм) және сахабалар сапарда ауыздарын ашқан, ал кім ораза тұтса бола береді. Әмір ибн Хамза Пайғамбарымыздан (саллалаһу алейһи уә сәлләм) осы жайында сұрағанда ол кісі былай деп жауап берді: «Қаласаң тұт, ал қаласан аузыңды аш».

2- Еттеккір көрген әйел

Айлық етеккір жағдайындағы әйел ораза мен намазды тоқтатады. Тазарғаннан кейін оразаның қазасын өтейді, ал намаздың қазасын өтемейді. Бухарий мен Муслим риуаят еткен  хадисте: Муаза деген әйел Айша  анамыздан (Оған Аллаһ разы болсын) : « Не үшін етеккір болған әйел оразаның қазасын өтейді де, намаздың қазасын өтемейді? » - деп сұрады. Сонда Айша анамыз оған: « Пайғамбарымыз (саллалаһу алейһи уә сәлләм) кезінде оразаның қазасын өтеуге бұйырылатын едік, ал намаздың қазасын өтеуге бұйырылмайтын едік» - деп жауап берді.

Әлбетте бұл нәрсе Аллаһтың әйел затына болған мейірімділігі мен рахымдылығы.

3-Нифас[14] жағдайындағы әйел

Нифас 40 күн мерзімінде болады. Нифас кезінде ораза мен намазды тоқтатады, егер осы мерзім ішінде нифастан тазарса, намаздың қазасын өтемейді, оразанын қазасын өтейді. Нифастың ең көп созылатын уақыты 40 күн.

Егер 40 күннен асса бұл нифас қаны емес, керісінше истихаза, яғни ауру қаны деп аталады.[15] Истихаза қаны кезінде намаз ораза т.б. ғибадаттар орындала береді.

4-Ораза тұтуға шамасы жоқ қариялар

Егер қария (ер,әйел) кісілерге ораза тұту ауыр болса ораза тұтпауға рұқсат етіледі.  Олар оразаның әр бір күні бір міскінді тамақтандырады. Анас ибн Малик (Оған Аллаһ разы болсын) қартайған кезінде ораза тұту оған қиын болды, сонда ол кісі аузын ашып, әр күні бір міскінді тамақтандырды.

Оразаны бұзатын нәрселер

Біріншісі: Жеп – ішу.

Мұсылман адамға таң атқаннан күн батқанша жеп – ішуден тыйылу уәжіп болады. Егер біліп тұрып  жеп – ішсе, орнын толтыруы керек. Бұл туралы Аллаһ Тағала Бақара сүресінің 187 аятында былай дейді:

﴿ وَكُلُواْ وَاشْرَبُواْ حَتَّى يَتَبَيَّنَ لَكُمُ الْخَيْطُ الأَبْيَضُ مِنَ الْخَيْطِ الأَسْوَدِ مِنَ الْفَجْرِ ثُمَّ أَتِمُّواْ الصِّيَامَ إِلَى الَّليْلِ ﴾

«...Және таңнан, қара жіптен ақ жіп (яғни қараңғылықтан сәуле) айырылғанға дейін ішіңдер, жеңдер де сонан кейін оразаны кешке дейін толық орындандар».

Кімде – кім ұмытып жеп – ішсе оның  оразасы бұзылмайды. Пайғамбарымыз (саллалаһу алейһи уә сәлләм) өз хадисінде: «Кімде – кім ораза кезде ұмытып ішіп, жесе, оразасын жалғастырсын. Өйткені оны Аллаһ Тағала тамақтандырып, сусындандырды», - деген.

Екіншісі: Хайз[16] және нифас қандарының келуі.

Егер күн батудан бұрын хайз ауруын сезсе, бірақ қанды көрмесе ол оразаны, намазды бұзбайды.

Үшіншісі: Кім әдейі өзін мәжбүрлеп құсса, оразасы бұзылады. Өйткені пайғамбарымыз (саллалаһу алейһи уә сәлләм) : «Кімде – кім еріксіз құсса оған қаза жоқ, ал кім әдейілеп құсса оразасы бұзылады, қазасын өтеу керек»- деді.

Төртіншісі: Ораза кезде әйелімен қосылу оразаны бұзады.

Бесіншісі: Еркектің ұрығының шаһуатпен не, әйелімен қосылумен немесе оған қараумен, не бұдан басқа жасырын жолдармен шығуы — оразаны бұзады.

***

Оразаны бұзбайтын нәрселер

Біріншісі: Спиртті дененің сыртына қолдану оразаны бұзбайды, бірақ түнде қолдану абзал болады.

Екәншісі: Тіс пастасын қолдану, өйткені бұл мисуак тәрізді, дегенмен судың ішке кетіп қалуынан абай болу керек. Егер еріксіз кетіп қалса ораза бұзылмайды.

Үшіншісі: Көзге, құлаққа дәрі тамызу оразаны бұзбайды. Ал мұрынға дәрі тамызу оразаны бұзады. Пайғамбарымыз (саллалаһу алейһи уә сәлләм) сөзінде: «Оразадан басқа кезде мұрынға суды жақсылап ал» - деді, яғни дәрет алған кезде мұрынға суды абайлап алу қажет.

Төртіншісі: Ойлап немесе ұйықтағанда жүніп болып қалу оразаны бұзбайды, бірақ ғұсыл алу қажет.

Бесіншісі: Әйелін құшақтау, сүю оразаны бұзбайды, бірақ қосылудан абай болған жөн.

Алтыншысы: Түкірікті жұту оразаны бұзбайды.

***

Осындай Ұлық айда ғибадаттардың түр – түрін істеу жақсырақ болады. Нәпіл намаз, таһажут намаз, Құран оқу, тәспих айту, жақсылыққа бұйырып,  жамандықтан қайтару, әке – шешеге жақсылық істеу, ауруларды зиярат ету сияқты т.б. ғибадаттарды істеу мұстахаб болады.

Түндегі оқылатын тәһажжуд  намазы болса оның мәртебесі өте ұлық. Аллаһ Құранда осы түнгі намаздарды оқитын тақуаларды мақтап былай деді:

﴿ إِنَّ الْمُتَّقِينَ فِي جَنَّاتٍ وَعُيُونٍ, آخِذِينَ مَا آتَاهُمْ رَبُّهُمْ إِنَّهُمْ كَانُوا قَبْلَ ذَلِكَ مُحْسِنِينَ , كَانُوا قَلِيلًا مِّنَ اللَّيْلِ مَا يَهْجَعُونَ﴾

«Шәксіз тақуалар жәннәттарда, бұлақтарда болады, олар өздеріне Раббыларының бергенін алады, өйткені олар бұдан бұрын жақсылық істеуші еді, олар түнде азғана ұйықтаушы еді, олар таң сәрілерде жарылқану тілеуші еді».[17]

Пайғамбарымыз (саллалаһу алейһи уә сәлләм) : «Парыз намазынан кейінгі ұлық намаз – түнгі намаз»- деген.

Аллаһ Тағала Пайғамбарымыздың ең артығы Мұхаммедке (саллалаһу алейһи уә сәлләм) түнгі намаз оқуды бұйырып былай деді:

﴿ يَا أَيُّهَا الْمُزَّمِّلُ (1) قُمِ اللَّيْلَ إِلَّا قَلِيلًا (2) نِصْفَهُ أَوِ انقُصْ مِنْهُ قَلِيلًا  (3) أَوْ زِدْ عَلَيْهِ وَرَتِّلِ الْقُرْآنَ تَرْتِيلًا (4)

«Әй бүркенуші! Түнде тұр! Бірақ аз ұйықта!Түннің жарымын немесе одан да аздап кеміт, не оған біраз қос, сондай – ақ Құранды өте анықтап оқы!».[18]

Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (саллалаһу алейһи уә сәлләм) алдыңғы және кейінгі күнәларі кешіріле тұра түндегі нәпіл намаздарды өте көп оқитын еді.

Пайғамбарымыз r тағы бір хадисінде былай дейді: «Түнде Адамдар ұйықтап жатқан кезде намаз оқындар, жәннәтқа сәлеметпен кіресіндер».

Ақиқатында жоғарыда айтып өткендей осы ұлы айдағы жақсы амалдардің бірі – Аллаһтың дініне шақыру. Аллаһ Құранда былай дейді:

﴿ وَمَنْ أَحْسَنُ قَوْلًا مِّمَّن دَعَا إِلَى اللَّهِ وَعَمِلَ صَالِحًا وَقَالَ إِنَّنِي مِنَ الْمُسْلِمِينَ﴾

««Шын! Мен Мұсылмандарданмын» - деп, Аллаға шақырып, ізгі іс істеген адамнан сөз тұрғысынан кім жақсырақ?».[19]

Аллаһ Құранда өз дініне шақырған адамдарды мақтады. Олардың ең ұлылары Пайғамбарлар, Пайғамбарлардың ең ұлығы Мұхаммед (саллалаһу алейһи уә сәлләм) .

Ол кісі (саллалаһу алейһи уә сәлләм) бізге Аллаһтың аманатын барлық мүшріктерден тиген зиянға сабыр қилуымен жеткізді.

Осы Ұлы айда орындалатын ғибадаттардың бірі тарауих намазы. Мұсылмандармен бірге пайғамбарымыз (саллалаһу алейһи уә сәлләм) тарауих намазын оқыған. Кейін тарауих намазы парыз болып қалуынан қорқып, үйінде оқыған. Омар ибн Хаттаб (Оған Аллаһ разы болсын) халифа кезінде мұсылмандардың мешітте жеке-жеке,  екі-үш, немесе топ болып тарауих намазын оқып жатқанын көрді. Кейін солардың барлығын бір имамның артына жиып, жамағатпен оқуға біріктірді. Пайғамбарымыз (саллалаһу алейһи уә сәлләм) рамазанда намаз оқуға қызықтырған. Хадисте: «Кімде – кім Рамазанда иманмен, сауап үміт етіп намазға тұрса, оның алдыңғы күнәләрі кешіріледі» - деген.

Мұсылмандарға осы тарауих намазын оқу дүние және ахиретте пайдасы орасан зор. Әлбетте тарауих намазында мұсылман қоғамы үшін көптеген жақсылықтар бар. Мәселен: мұсылмандардың бірігіп намаз оқуы, Құран оқып, оны тыңдауы, насихаттарды тыңдауы, жекелей және жамағат болып Аллаһтан дұға – тілек сұрауы сияқты. Имамға ұйып намаз оқыған кісінің имам 11-13 ракағат оқыса да, не 23 ракағат оқыса да,[20] имаммен бірге намазды аяқтауы дұрыс болады. Пайғамбарымыз (саллалаһу алейһи уә сәлләм) айтады: «Кімде – кім имам намазын бітіргенше имаммен бірге болса, Аллаһ оған түнімен оқылған намаздың сауабын жазады»-дейді.

Яғни 13 ракағат оқушы кісіні де, 23 ракағат оқушы кісіні де айыптап тартысу өте орынсыз нәрсе. Жоғарыда айтып өткен хадиске сай имаммен бірге намазды аяқтау абзал болады. Кейбір ертедегі ғалымдар мен имамдарымыздың 36 немесе 41 ракағат оқығандығы туралы шейхуль Ислам ибн Таймиядан жеткен хабарлар бар.

Пітір садақа

Тек осы айда ғана орындалатын ғибадаттардың бірі —пітір садақасы. Бұл пітір садақасы әр бір ер, әйел, үлкен, жас, азат немесе құл және қүң адам болсын, барлығына парыз.

Пітір садақаның мөлшері екі жарым, үш кг құрма, күріш, бидай тағы сондай азықтардан беріледі. Пайғамбарымыз (саллалаһу алейһи уә сәлләм) және оның сахабалары (Оларға Аллаһ разы болсын) істегені сияқты азық түлікпен беру абзал.

Айт намазы

Кейбір Ғұламалардың айтуынша айт намазының үкімі парыз-кифая[21]. Кейбір Ғұламалар бұны жұма намазы сияқты парыз-айн[22] деген. Осы сөз дұрысырақ.

Балағатқа жеткен әр бір ер кісінің бұл намаздардан  қалуы дұрыс емес. Әйел затына иіс су себінбестен, шариғаттың талабына сай киініп, айт намазына қатысуы сүннет болады. Бухарий және Муслим Умму Атиядан риуаят еткен хадисте: «Біз екі айтта сондағы жақсылықтарға серік болулары үшін жас қыздарымызды және етеккір уақытындағы әйелдерді де айт намазға алып шығуға бұйырылдық» - деді. Бірақ еттекірдегі әйел намаз оқымайды.

Айт намазына келген кісіге тәкбір, тәсбих айту, Құран оқу, Аллаһ Тағаланы көп зікр қылып отыруы дұрыс болады. Айт намазға шомылып, иіс су себініп, таза, әдемі киімдерін киіп, мешітке барарда бір жолмен, қайтарда басқа жолмен қайту сүннет болады. Сондай – ақ айт намазының тәкбірін айту сүннет болады. Айт күні мұсылмандарға сахабалардың сүннетіне сәйкес бір – бірін:

" تقبّل الله منا و منكم"

«Аллаһ бізден де сіздерден де амалдарды қабыл қылсын» - деп құттықтаулары дұрыс болады.

Аллаһтан барлығымыз үшін хидаят-тауфиқ,
Категория: Мақалалар | Добавил: admin (03.08.2011)
Просмотров: 1111 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]