Қош келдіңіз Гость • Тіркелу • Кіру • RSS
Жұма, 19.4.2024, 12:55
Главная » Статьи

Всего материалов в каталоге: 65
Показано материалов: 41-60
Страницы: « 1 2 3 4 »

Бұл үммет бірін-бірі жақсылыққа бұйырып, жаманшылықтан қайтарумен фитнадан құтылады. Пайғамбарымыз r хадисінде айтқанындай: "Аллаһ Тағаланың қойған шегінде тоқтайтын адамдар — жақсылыққа бұйырып, жаманшылықтан қайтарушы-лар. Ал оның шегінде тоқтамайтындар — Аллаһ қайтарған істерді істеушілер. Бұлар кеменің үстінде тұрып құра (жебе) тастаған қауым сияқты. Сонда олардың кейбіреулеріне кеменің үстінде, ал кейбіреулеріне төменінде болуына нәсіп етті. Төмендегілер жоғарыдан су алатын еді. Кейін олар: "Жоғарыдағыларға азар беріп қайтеміз, өйткенше төменнен тесіп, суды ала бермеймізбе?"-деді. Егер олар төменнен тескенде, кеме барлығымен бірге батып кететін еді. Егер жоғарыдағылар төмендегілер-ді кемені тесуден қайтарса, барлығы аман қалады. Ал егер қайтармаса, барлығы бірге суға батып өлер еді." Әлбетте бұл — мұсылмандар үшін анық мысал әрі ғибрат.
Мақалалар | Қаралды: 804 | Жариялаушы: admin | Күні: 29.07.2011 | Пікірлер (0)

Умар ибн ‘Абдуль-‘Aзиз былай деген: "Аллаһқа білімсіз ғибадат етуші, пайдаға қарағанда көбірек зиян келтіреді”. Әхмәд "әз-Зухд” 365, иснәды сахих.

Шейх Ибн әл-Қайим өзінің танымал өлең жолдарында мынандай ұлы сөздерді айтқан: "Надандық – өлтіретін ауыру, оның шипасы екі нәрседе – Құран мен Сүннетте, және дәрігері – дана ғалым болып табылады!” "Шәрху усули сәләсә” 18.

Бұл үмметтің имамдары: "Егер білімсіз (адам) сөйлеуін тоқтатқанда, келіспеушіліктер жойылар еді!” – деп ақиқатты айтқан. "әл-Ләтаиф” 41.

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай дейтін: "Күпірлікте айыптаудағы асығыстық надандықтың билеуінде болғандарға тән!” "Буғйя әл-муртәд” 1/345.

Фатуалар | Қаралды: 871 | Жариялаушы: admin | Күні: 04.07.2011 | Пікірлер (0)

Ақиқатында, шайтаның мұсылмандарды уәс-уәстайтын және адастыратын екі жолы бар. Олардың біреуіне ол күнәларға бейім, селқостыққа және дінге деген немқұрайлыққа берілетіндерді итермелейді. Мұндай мұсылманға ол күнәларды және нәпсісінің дегенімен жүруді әдемі етіп көрсетіп, оны Аллаһқа және Оның Елшісіне (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) мойынсынудан алыстатады.
Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтатын: «Жәннәт (нәпсі) ұнатпайтын нәрселермен, ал Тозақ әуес-қалаулармен қоршалған». әл-Бухари 6487, Муслим 2822.
Ал басқа жолға шайтан ғибадатта және Аллаһқа бағынуда ыждағаттылық танытатындарды итермелейді. Мұндай адам үшін ол шектен шығушылықты әдемі етіп көрсетіп, дінді бұзу үшін, онда орынсыз нысапсыздық жасауға итермелейді. Пәк Аллаһ Тағала былай деді: «Йә, Кітап Иелері! Діндеріңде нысапсыздық көрсетпеңдер және Аллаһ туралы тек шындықты айтыңдар!» (ән-Нисә 4: 171).
Аллаһ Тағала сондай-ақ, былай деді: «Әй, Кітап иелері! Ақиқатқа қарсы діндеріңде орынсыз шектен шықпаңдар, және бұрынрақ тура жолдан тайып, адасушылыққа түскен және өзге көпшілікті адастырған адамдардың әуесін құптай бермеңдер!» – де». (әл-Мәидә 5: 77).
Фатуалар | Қаралды: 974 | Жариялаушы: admin | Күні: 04.07.2011 | Пікірлер (1)

Қандайда бір іс-әрекеттің зиянды, немесе пайдалы екендігін анықтау оның мәнін нақты тұспалдаусыз мүмкін емес. Сонымен бірге осы салада білім мен тәжірибеге ие болған адамдарға жүгіну де қажет. Әскери мамандардың пікірі бойынша «шәһидтік» актілер қарсыласты түреуішпен шаншуға ұқсайды, өйткені олар кездейсоқ жасалады, үлкен көлемге және тұрақты сипатқа ие болмайды және тіпті дұшпанға үлкен шығын да келтірмейді. Олар қарсыластың салмақты жеңілістеріне алып келмейді және оны шегінуге мәжбүрлемейді. Олар қарсылас үстінен жеңісті де қамтамасыз етпейді, тек оның ашу-ызасын одан сайын күшейтіп, оны жоспарлары мен тактикасын өзгертуге мәжбүрлейді және бұл оның тарапынан жылдам және күтілмеген жауапқа әкеп соқтырады. Сөйтіп, бұл операциялар соғыста қойылатын мақсаттарға қол жеткізуді де қамтамасыз етпейді және көптеген жағдайда кесірлі зардаптарға соқтырып, жағдайды одан сайын қиындата түседі.
Фатуалар | Қаралды: 1111 | Жариялаушы: admin | Күні: 30.06.2011 | Пікірлер (0)

«Шәһидтік» деп аталатын актілердің жақтаушылары өзінің пайдасына дәлел ретінде қабылдайтын көптеген егжей-тегжейліктер болғандығы себепті, мен төменде төрт мазхабтардың (1) пікірлерін келтіруді және ержүрек адамға дұшпан әскерлерінің ішіне тереңдеп кіруіне рұқсат ететін олар бекіткен нормалар мен шарттарды ескерткенді дұрыс көрдім.

Дұшпан әскерлерінің ішіне тереңдеп кіру төменде келтірілетін шарттардың ең болмағанда бірі болғанда рұқсат етіледі:

- егер дұшпанның қатарларына тереңдеп кіруші адам аман қалуды қаласа;

- егер осындай амалды жасау дұшпанның жеңілуіне алып келсе;

- егер мұндай әрекет мұсылмандарға пайда келтірсе;

- егер егер мұндай әрекет мұсылмандарды дұшпандармен күресуге жігерлендірсе.

Фатуалар | Қаралды: 916 | Жариялаушы: admin | Күні: 30.06.2011 | Пікірлер (1)

Қазіргі заманның кейбір діндар-ғалымдары мұсылман адамға, егер ол осыны өзін құрбан ету ретінде жасаса, мақсатты түрде өзінің жанын қиюына(1) рұқсат етіледі деп есептейді. Алайда көптеген ғалымдар, соның ішінде имам Абд әл-Азиз ибн Баз, имам Мухаммад әл-Усәймин, имам-мухаддис Мухаммад Нәсир әд-Дин әл-Әлбәни, шейх Салих ибн Фәузан әл-Фәузан, шейх Абд әл-Азиз ибн Абдуллаһ Әл әш-Шейх т.б. сынды көрнекті діндарлар, мұндайға тыйым салған.

Сауд Арабиясы Корольдігінің бас муфтиі шейх Абд әл-Азиз ибн Абдуллаһ Әл әш-Шейх қазіргі замандағы «шәһидтік» актілеріне байланысты былай деген: «Мен бұл операциялар үшін ешбір шариғи негізді білмеймін және оларды Аллаһтың жолындағы джихад деп есептемеймін. Олар өзін-өзі өлтіруге жататады деп қорқамын».

Фатуалар | Қаралды: 934 | Жариялаушы: admin | Күні: 30.06.2011 | Пікірлер (0)

Шындығында Аллаһ Тағала өзінің пайғамбарларын адамдарды Аллаһты бірлеуге шакырулары үшін және құлшылықты тек Аллаһқа арнаулары әрі Аллаһты Адамдарға таныту үшін жіберді. Құранда Аллаһ Тағала айтты:

((وَلَقَدْ بَعَثْنَا فِي كُلِّ أُمَّةٍ رَّسُولاً أَنِ اعْبُدُواْ اللّهَ وَاجْتَنِبُواْ الطَّاغُوتَ))

«Расында әр үмметке: «Аллаһқа құлшылық етіңдер де тоғуттан сақ болыңдар» дейтін елші жібердік».

Аллаһ Тағала бұл аятта әр үмметке оларды бір Аллаһқа құлшылық етуге шақыру үшін, сондай-ақ оларды тоғуттарға құлшылық етуден сақтандыру үшін пайғамбарларды жібергенін айтты.

Мақалалар | Қаралды: 820 | Author: (шейх Ибн Баз) | Жариялаушы: admin | Күні: 28.06.2011 | Пікірлер (0)

"Ислам бес нәрсеге құрылған: Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқ және Мұхаммед оның елшісі, деп куәлік беру, намаз оқу, зекет беру, Рамазанда ораза тұту және қажылыққа бару". Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқ және Мұхаммед оның елшісі деп күәлік беру — осы тіректердің ең біріншісі әрі ең маңыздырағы. Адам осы ұлы сөздерді айтуымен сырттай мұсылман болып есептелсе де, бұл оны тек тілмен айтып сонымен жеткілікті болатын құлшылық емес, керісінше оның дәлел еткен нәрселеріне міндетті түрде амал қылу уәжіп болады. Бұл сөздердің мағынасы: жалғыз Аллаһқа ықыласпен құлшылық етуді және тек қана Аллаһ құлшылыққа лайықты, әрі одан басқаға арналған құлшылықтың барлығы бекер екендігін білдіреді. Сол сияқты бұл сөздердің мағынасы Аллаһты және оның елшісін r жақсы көруді талап етеді, ал бұл жақсы көру тек Аллаһқа ғана құлшылық етуді және оның елшісінің r сүннетіне еруді талап етеді.
Мақалалар | Қаралды: 974 | Author: (шейх Ибн Баз) | Жариялаушы: admin | Күні: 28.06.2011 | Пікірлер (0)

Дұрыс ақида исламның, және үмметтің негізі болған-дықтан, мақаланың тақырыбы ретінде таңдадым.

Құран мен сүннеттен белгілі болғаны, сөздер мен амал-дар дұрыс ақидаға сәйкес болса ғана қабыл етіледі. Егер де ақида дұрыс болмаса, одан шыққан сөздер де, амалдар да жойылып кетеді. Аллаһ Құранда былай дейді:

﴿ وَمَن يَكْفُرْ بِالإِيمَانِ فَقَدْ حَبِطَ عَمَلُهُ وَهُوَ فِي الآخِرَةِ مِنَ الْخَاسِرين﴾

«Кім иманға күпірлік қылса, ақиқатында оның амалы жойылады да, және ол ақіретте зиянға ұшыраушы-лардан болады».

Мақалалар | Қаралды: 881 | Жариялаушы: admin | Күні: 28.06.2011 | Пікірлер (0)

Бұл – адамның заңдар шығарып, оларды орындауға өзінің билігі жүретіннің барлығын міндеттеуі. Ол Шариғаттың үкімдерін басқалардың үкімдерімен ауыстырады және өзінің билігі жүретіндердің барлығын оларды орындауға міндеттейді, сонымен бірге жоғарыда аталып кеткен құбылыстардың біреуі де орын алмайды. Яғни адам осыны халәл деп тұрып алмайды (истихләл), Шариғаттың үкімін жоққа шығарма (джухд), өтірік деп санамайды (такзиб), Шариғаттан жақсырақ өзге қандайда-бір нәрсе бар деп айтпайды (тәфдыйль), басқа бір заңдар мен басқару жүйелерін Шариғатқа теңестірмейді (мусауә) және Шариғаттың үкімін алмастырып, Шариғаттың негізінде үкім шығарып жатырмын деп те айтпайды.

Осы жағдайға қатысты Шариғаттың үкімі: кіші күпірлік (куфр әсғар). Басқаша айтқанда, бұл іс-әрекет (амал) адамды Исламнан шығармайды және оны кәпір етпейді.

Фатуалар | Қаралды: 1018 | Жариялаушы: admin | Күні: 30.05.2011 | Пікірлер (1)

Адамдардың ғибадатты тастауы Бүлік кезінде адамдар ғибадат жасауды, яғни өздері сол үшін жаратылған нәрсені тастайды.  (Аллаһқа) деген мойынсұнушылық тоқырайды, жүректер тәртіпсіздікке келіп шатасады, оларды бүліктен туындаған үрей мен қобалжу билейді. Олар тыныштық пен жайбарақаттылық таба алмағандықтың салдарынан Аллаһты лайықты түрде зікір ете алмайды. Сондықтан да бүліктер кезінде орындалатын ғибадаттар үшін, тыныштық кезіндегі жасалатын ғибадаттарға қарағанда, көбірек сауап беріледі. Мұны Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мына сөздері дәлелдейді: «Аллаһқа тынышсыз уақытта ғибадат ету (сауабы бойынша) маған қарай қоныс аудару (хижра жасау) сияқты». Муслим 2948. Яғни кім бүліктер қызатын және адам өлтірулер жиіленетін кезде осыған кіріспей, өзін ғибадатқа арнаса, оның (Аллаһтан) алатын сыйы Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) көшіп баратын адамның сыйы сияқты болады. Бұл хадисте бүлік кезінде ғибадаттан қолы босамайтын адам жетістікке жететініне және бүліктің жамандығынан құтқарылатындығына нұсқау бар.
Мақалалар | Қаралды: 863 | Жариялаушы: admin | Күні: 30.05.2011 | Пікірлер (0)

Ақиқатында, бүлік (фитна)[1] Ислам үшін де, мұсылмандар үшін де көптеген апаттардың себебі болып табылады. Сондықтан да бүліктен Аллаһ, Оның Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) және осы үмметтің саләфтары да алдын ала ескерткен.  Аллаһ тағала былай деген: «Және сендерден жеке залым болғандарға ғана кесірі тиіп қалмайтын фитнадан (бүліктен) сақтаныңдар!» (әл-Әнфәл 8: 25). Әз-Зубайр ибн әл-‘Аууам (оған Аллаһ разы болсын) былай дейтін: "Біз бұл аятты Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын), Абу Бакрдың, ‘Умардың және ‘Усманның кезінде оқитынбыз және біз осы түскен жағдайымызға келіп түспегенімізше, осы нәрсе бізге келіп тиеді-ау деп ойламаппыз”. Ахмад 3/31, әл-Баззар 976. Шейх Ахмад Шакир хадистің жету жолының (иснадының) сенімділігін (сахихтығын) растаған.
Мақалалар | Қаралды: 834 | Жариялаушы: admin | Күні: 30.05.2011 | Пікірлер (0)

Басшыға сөзбен қарсы шығуға  болады ма? Бұл сұраққа атақты ғұлама Шейх Фаузан жауап береді.
Фатуалар | Қаралды: 796 | Жариялаушы: admin | Күні: 26.05.2011 | Пікірлер (0)

Мәжбүр болған қажеттілік кезінде өзін-өзі өлтіру рұқсат етілетіндігі туралы пікір – қате болып табылады. Шариғат мұсылман адамға өзін-өзі қасақана өлтіруге тыйым салады. Аллаһ Тағала мүміндерге былай деп айтады: «Және өздеріңді-өздерің (бір-біріңді) өлтірмеңдер. Өйткені Аллаһ сендерге ерекше мейірімді. Ал кім осы айтылғанды дұшпандықпен және зұлымдықпен істесе, оны жақында отқа саламыз. Бұл Аллаһқа оңай». (ән-Нисә; 29-30).

Аллаһ Тағала: «…дұшпандықпен және зұлымдықпен», – деп айтып, өзін-өзі не өзгелерді абайсыздықпен (қасақана емес) өлтіруді, сондай-ақ, Шариғат бойынша өлім жазасына лайық болғандарды, немесе мұсылман әмірі яки оның орынбасары тарапынан жаза тағайындалған адамды өлім жазасымен жазалауды (бұл аяттың үкімінен) бөліп шығарды.

Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Сендерден бұрын өмір сүргендердің арасында жарақаты бар бір адам өмір сүрген еді. Ол, сабырлық танытпай, пышақты алып, өзінің қолын кесті. Төгіле бастаған қан ол өлгенге дейін тоқтамады. Ал сонда Аллаһ Тағала былай деді: «Құлым өзін-өзін өлтіріп, Мені озды және Мен оған Жәннәтті харам етемін». (1) әл-Бухари.
Фатуалар | Қаралды: 889 | Author: Әу Умар әл-Ғаззи | Жариялаушы: admin | Күні: 26.05.2011 | Пікірлер (0)

Әлемдердің Раббысы – Аллаһқа мадақ, Пайғамбарымыз Мухаммадқа , оның отбасы мүшелеріне және барлық сахабаларына Аллаһтың сәлемі мен игілігі болсын!

Содан соң:

Соңғы кезде баяғыда бастан өтіп және ұмытылып кеткен такфиршілердің фитнасы, нақты айтқанда ұласпалы такфир деп аталатын фитна қайта оянып жүр. Ұласпалы (тізбекті) такфир – бұл қандайда бір надан өзінің надандығына және Құран мен Сүннет мәтіндерін ӨЗІНІҢ ғана түсінуіне негізделіп қандайда бір мұсылманға такфир жасайды (оны кәпір дейді), ал содан соң мұсылмандарға: «Сен пәлен нәрселерді істеп жүрген және пәлен нәрселерді айтып жүрген пәленшені кәпір деп санайсың ба?» – деген сұрақты қойып, емтихан өткізе бастайды. Ал, егер сұрақ қойылған адам: «Жоқ», – десе, немесе тіпті күмәнданса, онда ол мұндай надан үшін кәпірге айналады, және бұл тізбек үзіліссіз жалғаса беруі мүмкін. Нәтижеде осы әлгі сорлы сияқтылардың дүние жүзінде өзінен және өзінің бір-екі жақтастарынан өзге мұсылман жоқ деп есептеуіне алып келеді. СубханАллаһ, бұл алғашқы хауәридждердің сеніміне нендей ұқсас. Имам Әбуль-‘Аббәс әл-Әсам былай деп баяндайтын: "Бірде екі хауәридж Қағбаны айналып тауап жасапжүріп, бірі екіншісіне: «Мені мен Сенен өзге бұл жаратылыстардың біреуі де Жәннәтқа кірмейді!» – деді. Екіншісі: «Жәннәттің кеңдігі көктер мен Жердің кеңдігіндей, ал ол тек сені мен мен үшін жаратылғанба?» – деп сұрады. Біріншісі: «Ия!» – деп жауп берді! Сонда екіншісі оған: «Ол сен үшін», – деді де, оның сенімдерінен бас тартты” (әл-Ләләкәи: "Шәрх усуль әл-и’тиқад” 2317).

Мақалалар | Қаралды: 696 | Жариялаушы: admin | Күні: 25.05.2011 | Пікірлер (0)

Оны дәріптеп әрі Одан жәрдем мен кешірім сұрап жалбарынатын Аллаһқа барлық мақтау мен мадақтар болсын. Жанымыздың жамандықтары мен жаман іс-амалдарымыздан Аллаһқа сиынып, Одан пана тілейміз. Кімде-кімді Аллаһ тура жолға бастаса, онда оны ешкім де адастыра алмайды. Ал кімде-кімді адастырса, онда оны тура жолға салар ешкім жоқ. Біз Аллаһтан өзге құлшылыққа лайық ешкім жоқ екеніне, Оның серігі жоқ әрі жалғыз екеніне куәлік етеміз, сондай-ақ  Мұхаммед Оның құлы әрі елшісі екеніне куәлік етеміз.

WWW.TOISLAM.COM сайтынан Әбу Салих бауырымыздың таңдап, жинақтап әрі толықтырған баспа күйіндегі бір топ дәрістер жиынын қалың мұсылман жұртшылығы назарына ұсынамыз. Бауырымыздың осынау еңбегі үшін оған алғысымызды айтып, оған Аллаһ екі дүниеде де жақсылық беруін сұраймыз. Мұхаммедке, оның отбасына және оның сахабаларына Аллаһ тағаланың салауаттары мен сәлемдері болсын!


Мақалалар | Қаралды: 873 | Жариялаушы: admin | Күні: 25.05.2011 | Пікірлер (0)

Исламның фундаментальдық принциптерінің бірі болып өміріне қол сұғылмайтын болып табылатындарды өлтіруге қатаң тыйым салынғандық табылады. Өлімге лайықты болмаған адамның өміріне ешкім, соның ішінде ол адамның өзі де, қол сұғуға құқықты емес. Дұшпандардан және дұшпан еместерден болған әйелдерге, балаларға, мүгедектерге, өзін ғибадатқа бағыштағандарға және мүлдем соғыспайтындарға қатысты бұл тыйым ерекше қатал болып табылады.

Аллаһ Тағала ізгі құлдар туралы: «Олар Аллаһпен бірге басқа тәңірге жалбарынбайды. Аллаһ өлтірілуін харам еткен кісіні орынсыз өлтірмейді де, зина жасамайды», – дейді. (әл-Фурқан; 68);

Мақалалар | Қаралды: 852 | Author: Әбу Умар әл-Ғаззи | Жариялаушы: admin | Күні: 24.05.2011 | Пікірлер (0)

Біз – Қазақстандық жастармыз, біздің елімізде полицияшылар бізге қысым жасайды, кейбіреулерімізді түрмелерге отырғызады. Біз мынандай сұраққа айқын жауап алғымыз келеді: Біз ғалымдардың бірауызды пікірі кәпірлермен соғысудан бұрын оларды дінге шақыру міндетті болып табылатындығы туралы айтатынын біле тұра, күшті күпірлігімен және Ислам мен мұсылмандарға деген дұшпандығымен ерекшеленетін кейбір полицияшыларды өлтіре бастасақ болады ма? Және біздің әрекеттеріміз Аллаһтың жолындағы джихад болып аталады ма? Аллаһ сізге игілік сыйласын және білімдеріңізді арттырсын.

Жаупты «Минбару-ль-Таухид уә-ль-Джихад» сайтының пәтуалар комитетінде мүшелікте тұратын шейх Әбу Мунзир әш-Шинқити береді:
Фатуалар | Қаралды: 808 | Жариялаушы: admin | Күні: 24.05.2011 | Пікірлер (0)

«Шәһидтік» актілерді жақтаушылардың кейбіреулері Иорданиядағы жиырма сегіз ислам ғалымдарының докторлары Палестина жерінде мұндай актілерді өткізуге ерекше рұқсат етілгендігі туралы пәтуа шығарғандығына сілтеме жасауы мүмкін. Бұл дәйекке жауап беру үшін, осы пәтуаның мәтінін келтіру керек, ал онда нақтырақ айтқанда былай деп айтылады:
Фатуалар | Қаралды: 749 | Жариялаушы: admin | Күні: 24.05.2011 | Пікірлер (0)

«Шәһидтік» актілерді рұқсат етілген деп есептеушілер өзге дәлелдерінің қатарында Аллаһ Тағаланың мына аятын да келтіреді: «Ал Біз үшін күресетіндерді, Біз міндетті түрде, Біздің жолдарымызбен жүргіземіз. Ақиқатында, Аллаһ ізгілік жасаушылармен бірге!» (әл-Анкәбут; 69). Және осымен бірге олар: «Бұл аят муджәхидтер тура жолмен жүруде және джихадтың олар ойлап тапқан тәсілдері әрқашан нәтижелі болады!» – дейді.
Мақалалар | Қаралды: 798 | Жариялаушы: admin | Күні: 24.05.2011 | Пікірлер (0)

1-20 21-40 41-60 61-65