Қош келдіңіз Гость • Тіркелу • Кіру • RSS
Сенбі, 24.8.2019, 20:49
Главная » Файлы

Всего материалов в каталоге: 34
Показано материалов: 1-10
Страницы: 1 2 3 4 »

Уважаемые братья и сестры мусульмане, воистину, Ислам  это религия облегчение и середины,  лишенная крайностей. Это прямой путь, по которому завещали следовать Аллах и Егл посланник(мир ему и блогословение Аллаха).
  Всевышний Аллах сказал:
  "Мы сделали вас общиной, придерживающейся середины" (Сура Бакара, 143 аят)

Акида | Қаралды: 438 | Жүктелді: 82 | Жариялаушы: admin | Уақыты: 09.08.2012 | Пікірлер (2)

Ізгі ата-бабалардың (әс-сәләфу-ссалих) ақидасы қысқаша түрде баяндалған осы еңбектің авторы – қазіргі заманғы мухаддис-ғалым шейх ‘Абдул-Қадир әл-Әрнаут, Аллаһ оны Өз мейіріміне алсын.

Шейх Абдул-Қадир өзінің тақуалығымен, сәләфтардың мәнһәжына (әдістеме және жол)1 ерумен танымал болған мухаддис-ғалым. Ол әлсіз хадистерден сенімді хадистерді бөліп шығаруға, хадистердің мағынасын зерттеуге, әрі оларды тарата отырып, оқытып үйретуге өзінің бүкіл ғұмырын арнады.

1 «Мәнһәж» сөзінің мағынасы туралы № 11-ші сілтемеден қараңыз.

Ақида | Қаралды: 1056 | Жүктелді: 120 | Жариялаушы: admin | Уақыты: 12.07.2012 | Пікірлер (1)

Біл, Аллаһ сені Өзіне бағынуға жетелейтін тура жолмен жүргізсін, әл-ханифия – бұл Ибраһимнің діні. (Оның мәні) жалғыз Аллаһқа құлшылық етіп, дінді шын ықыласпен орындау. Аллаһ Тағала былай деді: «Мен жындар мен адамдарды тек Өзіме құлшылық қылулары үшін ғана жараттым» (Зарият сүресі, 56-аят) [3].

Ақида | Қаралды: 659 | Жүктелді: 125 | Жариялаушы: admin | Уақыты: 24.06.2012 | Пікірлер (0)

Мухаммад Сулайм ат-Тамимидің атақты, әрі ақида мәселесіндегі маңызды болған  "Үш негіз және оның дәлелдері" кітабы. Кітаптың мәтіндері мен шархын білім ізденуші бауырлар тексерген. Аллах баршамызға пайдалы етсін. 
Ақида | Қаралды: 747 | Жүктелді: 1133 | Жариялаушы: admin | Уақыты: 24.06.2012 | Пікірлер (2)

Мұсылман адам жалпы сауабы мол маусымдарды күналарынан шынайы тәубе етуімен қарсы алады. Өйткені қандай да бір жақсылықтан махрум қалу күналар себепті болады. Аллаһ Тағала бұл жайында айтады:

) وَمَا أَصَابَكُم مِّن مُّصِيبَةٍ فَبِمَا كَسَبَتْ أَيْدِيكُمْ(

«Сендерге келген қандай бір қиындық өздеріңнің істеген күналарың себепті»

Фиқһ | Қаралды: 569 | Жүктелді: 0 | Жариялаушы: admin | Уақыты: 09.01.2012 | Пікірлер (0)

Барлық мақтау әлемдердің Раббысы Аллаһқа тән, оның құлы әрі елшісі пайғамбарымыз Мұхаммедке, оның жанұясына және сахабаларына Аллаһтың сәлемі мен салауаты болсын! Расында Аллаһтың бізге берген нығметтерінің бірі — бізге көптеген жақсылықтарға жететін әрі молдаған сауаптарға ие болатын маусымдарды нәсіп етуі.
    Бұл үмметтің өмірі алдыңғы үмметтерге қарағанда өте қысқа екені белгілі. Пағамбарымыз r айтады: " أعمار أمتي ما بين الستين إلى السبعين " «Менің үмметімнің ғұмыры алпыс пен жетпістің арасы».(1) Бірақта Аллаһ Тағала өзінің кеңшілігінен бізге сол қысқа өмірдің орнын толтыратын, және өмірімізді берекелі қылатын жақсы амалдарды берді. Адам оларды істейтін болса өте ұзақ өмір сүрген адамдай болады. Соның бірі қадір түні.
Фиқһ | Қаралды: 813 | Жүктелді: 0 | Жариялаушы: admin | Уақыты: 09.01.2012 | Пікірлер (0)

Бұл кітапта Сүннет жолын ұстанған ең ірі ғалымдардың жауаптары жинақталған. Егер қаласаңыз, оларды бүгінгі күнде сәнге айналған «вахаббист» сөзімен атаңыз. Бұл жауаптарда террористік актілердің кез-келген түрінен, бейбіт адамдарды өлтіруден және ұрлаудан, өзін-өзі өлтіруден, жарылыстардан қорқытып айтылатын ескерту бар, өйткені мұндай іс-әрекеттер озбырлыққа және жәбірлеуге жатады.

Сондай-ақ, бұл жауаптар осы адасушылық жолын ұстанып жүргендердің күмәндарын теріске шығарады. Осы тақырыпқа қатысты ғалымдардың сөйлеген сөздерінің басым бөлігі 11-қыркүйектегі әйгілі уақиғалардан көп уақыт бұрын айтылған болатын, бұл, өз кезегінде, Исламның оларға ешбір қатысы жоқ екендігіне күә болады. Бұл пәтуаларды оқу – әрбір әділ адамның құқығы болып табылады және шындықты білуге ұмтылған барлық сауатты адамдардың мүддесіне үйлеседі.

Ақида | Қаралды: 1031 | Жүктелді: 219 | Жариялаушы: admin | Уақыты: 03.12.2011 | Пікірлер (0)

Құран, Сүннет және бір ауызды келісім  (әл-ижма’) «әл-жама’аға» ілесуге нұсқап, одан бөлініп шығуға тыйым салады!

Аллаһ Тағала былай деп айтты: «Адамдар біртұтас қауым еді, бірақ келіспеушіліктерге түсті» (Юнус  10: 19).

Мужәхид былай деген: "Адамдар бір үммет болатын және Адамның балаларының бірі өзінің бауырын өлтірген кезден бастап өзара келіспейтін болды. әт-Табари 13708.

Ал адамзат бытыраңқы болып, адамдар өздерінің дінінен ауытқығаннан кейін, Аллаһ Тағала оларға Өзінің елшілерін жіберді, ал олар адамдарға Оның дінін жеткізді және оларды біртұтас қауым етіп, араларын біріктіріп нығайтты. Аллаһ Тағала былай деп айтты: «(Мухаммад) Аллаһ Нухқа нұсқау берген нәрселерді және саған уахи еткенімізді, сондай-ақ Ибраһимге, Мусаға және Исаға нұсқау берген нәрселерімізді сендерге діни жол қылды: «Дінді мықты орындаңдар да, дінде бөлінбеңдер»» (әш-Шура 42: 13).

Имам әл-Бағауи  былай деген: "Аллаһ барлық пайғамбарларды дінді орнату үшін, әл-жама’аға ілесу үшін және келіспеушілікке түспеу үшін, әрі адамдар келіспеушілік пен бытыраңқылықты тастаулары үшін жіберді”.  Қз.: ”Тафсир әл-Бағауи” 4/122.

Ақида | Қаралды: 968 | Жүктелді: 198 | Жариялаушы: admin | Уақыты: 08.11.2011 | Пікірлер (1)

Исламнан бұрын деп жалпы жер бетіндегі адамдардың, атап айтқанда арабтардың өмір сүрген жәһілет дәуірін айтады. Сол кезде адамдар пайғамбарлардың келуі тоқтаған және тура жолдың жоғалған кезеңінде еді. Аллаһ Тағала оларға қарап хадисте айтылғанындай олардың ішінен кітап иелерінің қалдықтарынан басқа арабтарды да, араб еместерін де жақтырмады. Сол уақытта әйел адам әсіресе араб елдерінде көбінше өте қиын кезеңде өмір сүрген еді. Арабтар қыз баланың дүниеге келуін жақтырмайтын, олардың кейбіреулері оны топырақ астында өлсін деп тірідей жерге көметін болған. Кейбіреулері оны Құранда айтылғанындай қорлық-зомбылық пен қиыншылық өміріне тастап қоятын еді.
Фиқһ | Қаралды: 747 | Жүктелді: 1168 | Жариялаушы: admin | Уақыты: 08.11.2011 | Пікірлер (0)

Құран Кәрім осы сүремен басталғандығы себепті бұл сүре «Фатиха»[1] деп аталды. Және «Масани» деп те аталады, өйткені ол намаздың әрбір рәкағатында оқылады. Сондай-ақ, бұл сүренің басқа да бірнеше есімдері бар.

بِسْمِ اللَّهِ الرَّحْمَنِ الرَّحِيمِ

1. Аллаһтан сәттілікті және істің жүзеге асуын тілеп, әрі қабыл етуін сұрай отырып Аллаһтың атымен бастаймын

Аллаһ – Жалғыз Өзі құлшылыққа лайықты болған жаратушы Ұлы Раббымыздың есімі. Ол Аллаһ Таъаляның есімдерінің ішіндегі ең ерекшесі. Бұл есіммен Аллаһ Таъалядан басқа ешбір зат аталмайды.

Ар-Рахмаан мен Ар-Рахиим﴿ Аллаһ Таъаляның көркем есімдерінен. Ар-Рахмаан﴿ – Бүкіл жаратылысты қамтиды, ал (Ар-Рахиим) — тек мүмин-мұсылмандарға арналған Аллаһтың мейірімділігі.

Құран | Қаралды: 887 | Жүктелді: 98 | Жариялаушы: admin | Уақыты: 20.10.2011 | Пікірлер (0)

1-10 11-20 21-30 31-34