Қош келдіңіз Гость • Тіркелу • Кіру • RSS
Жұма, 29.3.2024, 13:19
Главная » Файлы

Всего материалов в каталоге: 34
Показано материалов: 31-34
Страницы: « 1 2 3 4

Оны дәріптеп, әрі Одан жәрдем мен кешірім сұрап жалбарынатын Аллаһқа барлық мақтау мен мадақтар болсын. Жанымыздың жамандықтары мен жаман іс-амалдарымыздан Аллаһқа сиынып, Одан пана тілейміз. Кімде-кімді Аллаһ тура жолға бастаса, онда оны ешкім де адастыра алмайды. Ал кімде-кімді адастырса, онда оны тура жолға салар ешкім жоқ. Біз Аллаһтан өзге құлшылыққа лайық ешкім жоқ екеніне, Оның серігі жоқ, әрі Жалғыз екеніне куәлік етеміз, сондай-ақ Мұхаммед – Оның құлы әрі елшісі екеніне куәлік етеміз.

Одан кейін:

Ізгі ата-бабалардың (әс-сәләфу-ссалих) ақидасы қысқаша түрде баяндалған осы еңбектің авторы – қазіргі заманғы мухаддис-ғалым шейх ‘Абдул-Қадир әл-Әрнаут, Аллаһ оны Өз мейіріміне алсын.

Шейх ‘Абдул-Қадир өзінің тақуалығымен, сәләфтардың мәнһәжына (әдістеме және жол)[2] ерумен танымал болған мухаддис-ғалым. Ол әлсіз хадистерден сенімді хадистерді бөліп шығаруға, хадистердің мағынасын зерттеуге, әрі оларды тарата отырып, оқытып үйретуге өзінің бүкіл ғұмырын арнады.

Ол ислам әлеміне ‘Абдул-Қадир әл-Әрнаут деген есіммен танымал болды. Негізі шейхтің есімі Қадри болатын, ал әл-Әрнәут деген тіркеске келер болсақ, оның албандық шығу тегіне байланысты айтылған-ды, өйткені арабтар Албаниядан шыққан адамдарды әрнауттар деп атайды.


Ақида | Қаралды: 752 | Жүктелді: 113 | Жариялаушы: admin | Уақыты: 22.05.2011 | Пікірлер (0)

Бұл кітапша Құранда Аллаһ уәде еткен мәңгілік бақыт пен ләззәт орны болған Жәннәттан үміті бар, сондай-ақ,  қабір азабынан, мәңгілік азап болған Тозақтан «аман болсам» деген әрбір кісіге арналған. Мұнда, Пайғамбарымыз  сахих хадисте хабар бергендей, әрбір кісіге қабірде қойылатын үш сұрақтың алғашқысы: «Раббың кім?» деген сұрақтың қысқаша жауабы айтылады. Бұл кітаптың түпнұсқасы сұрақ-жауап түрінде берілмеген. Ал біз оны сұрақ-жауап ретінде беруіміздің себебі есте тез сақталуын, түсінуге жеңіл болуын қаладық. Осы кітаптағы мәселелерді түсінген кісі, діннің ең ұлы негіздерін үйреніп шығады. Аллаһ Құранда көптеген аяттарда құлшылықты дәлелге негізделіп жасауды, кім не айтса да, дәлел талап етуді бұйырған.
Ақида | Қаралды: 741 | Жүктелді: 171 | Жариялаушы: admin | Уақыты: 19.05.2011 | Пікірлер (0)

Бұл әрбір мұсылманға маңызды болып табылатын жолдау. Ғалымдар оған шарх(түсіндірме) жазуға қатты көңіл бөлген. Онда адамға қабірде қойылатын үш сұраққа, яғни Раббысы, діні және пайғамбары туралы сұраққа жауап бар.
Ақида | Қаралды: 1367 | Жүктелді: 1006 | Жариялаушы: admin | Уақыты: 19.05.2011 | Пікірлер (0)

Тумаған, туылмаған, теңдесі болмаған, Мәңгілік бар Жалғыз Аллаһқа мақтау-мадақтар болсын!

 

Үмметі осы күнге дейін «Аллаһтан басқа ешбір тәңір жоқ, Мұхаммед – Аллаһтың елшісі»,-деп таухид сөздерін жалғастырып келе жатқан, адамзат қауымына таза таухидті жеткізіп, бүкіл әлемді Жалғыз Аллаһқа құлшылық етуге шақырған пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.а.с.) сәлем мен салауаттар болсын!

 

«Ислам ақидасы бойынша 200 сұрақ» деген атаудың өзі-ақ бұл сұрақтарға жауаптар қайтарылатынын аңғартады. Шындығында, бұл кітап – таухид (Аллаһтан басқа ешбір тәңір жоқтығы) туралы, қиындығы жағынан бірте-бірте күрделене беретін сұрақ-жауаптар түрінде жазылған оқулық.

 

Ақида | Қаралды: 795 | Жүктелді: 1058 | Жариялаушы: admin | Уақыты: 19.05.2011 | Пікірлер (0)

1-10 11-20 21-30 31-34