Қош келдіңіз Гость • Тіркелу • Кіру • RSS
Дүйсенбі, 19.11.2018, 17:05
Главная » Файлы » Қазақ тілінде » Құран

«Фатиха» сүресінің тәпсірі
[ Скачать с сервера (35.0 Kb) ] 20.10.2011, 12:13

Құран Кәрім осы сүремен басталғандығы себепті бұл сүре «Фатиха»[1] деп аталды. Және «Масани» деп те аталады, өйткені ол намаздың әрбір рәкағатында оқылады. Сондай-ақ, бұл сүренің басқа да бірнеше есімдері бар.

بِسْمِ اللَّهِ الرَّحْمَنِ الرَّحِيمِ

1. Аллаһтан сәттілікті және істің жүзеге асуын тілеп, әрі қабыл етуін сұрай отырып Аллаһтың атымен бастаймын

Аллаһ – Жалғыз Өзі құлшылыққа лайықты болған жаратушы Ұлы Раббымыздың есімі. Ол Аллаһ Таъаляның есімдерінің ішіндегі ең ерекшесі. Бұл есіммен Аллаһ Таъалядан басқа ешбір зат аталмайды.

Ар-Рахмаан мен Ар-Рахиим﴿ Аллаһ Таъаляның көркем есімдерінен. Ар-Рахмаан﴿ – Бүкіл жаратылысты қамтиды, ал (Ар-Рахиим) — тек мүмин-мұсылмандарға арналған Аллаһтың мейірімділігі.

الْحَمْدُ لِلَّهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ

 

2. Бүкіл мадақтар барша әлемдердің Раббысы Аллаһқа тән

Бұл аятта Аллаһ Таъаля Өзіне мақтау айтты. Бұның мазмұнында пенделеріне де соны бұйыратындығы білінеді. Аллаһ Таъаля сол мадақтарға Өзі ғана лайықты. Ол Аллаһ Таъаля бүкіл жаратылысты Жаратушы, істерін атқарушы, барлық жаратқандарын сан алуан нығметтерімен қамқорына алушы. Сондай-ақ, әулиелерін иманмен, салихалы амалдармен тәрбиелеуші.

الرَّحْمَنِ الرَّحِيمِ

3. Аса Қамқор, ерекше Мейірімді

Ар-Рахмаан﴿ мен Ар-Рахиим﴿ Аллаһ Таъаляның көркем есімдерінен. Ар-Рахмаан﴿ – бүкіл жаратылысты қамтиды. Ар-Рахиим﴿ – тек мүмін-мұсылмандарға арналған Аллаһтың мейірімділігі.

مَالِكِ يَوْمِ الدِّينِ

4. Қиямет күнінің Иесі!

Ол жалғыз Өзі Қиямет күнінің Иесі. Ол күн – амалдарға сәйкес жаза беру күні. Қиямет күнінде иелік тек Аллаһқа ғана тән. Өйткені ол күні ешкім ешнәрсеге ұмтыла алмайды және Оның рұқсатынсыз ешкім тіл қата алмайды.

Мұсылманның бұл аятты намаздың әр ракағатында оқуы, оған ахирет күнін еске түсіреді. Сонымен қатар күнәлардан тыйылып, салихалы амалдармен сол күнге әзірленуіне түрткі болады.

إِيَّاكَ نَعْبُدُ وَإِيَّاكَ نَسْتَعِينُ

5. Тек Саған ғана құлшылық қыламыз және тек Сенен ғана жәрдем тілейміз!

Расында біз бойұсынумен құлшылық атаулының барлығын тек Өзіңе ғана арнаймыз және барлық ісімізде тек Өзіңнен жәрдем тілейміз. Себебі, істің барлығы Сенің қолыңда, онда ешкімге шаңның тозаңындай үлес жоқ. Әрі онда Аллаһтан өзгеге байлану дертіне ұшыраған жүректерге шипа және де рия, өзін сүйушілік, тәкаппарлық ауыруларына ем бар.

اهْدِنَا الصِّرَاطَ الْمُسْتَقِيمَ

6. Бізді тура жолға бастай гөр!

Бізге тура жол нұсқап, соған бастап, сәтті қылып, Өзіңе жолыққанға дейін сол жолда бекем қыл.

Ол жол – елшілер мен пайғамбарлардың соңы Мухаммад (солляЛлаһу ъалайһи уа саллям) көрсеткен, Аллаһтың ризалығы мен жәннатына жеткізетін анық, айқын Ислам жолы. Демек, осы жолда берік тұрудан басқа пендеге бақытты жол жоқ.

صِرَاطَ الَّذِينَ أَنْعَمْتَ عَلَيْهِمْ غَيْرِ الْمَغْضُوبِ عَلَيْهِمْ وَلَا الضَّالِّينَ

7. Өзің нығметке бөлегендердің жолына, ашуға ұшырағандардың және адасқандардың жолдарына емес!

Өзің нығметке бөлегендеріңнің – пайғамбарлар, шыншылдар, шаһидтер және игілердің жолына. Себебі, олар дұрыс бағыт пен туралық иелері.

Ақиқатты біле тұра, оған амал қылмай ашуға ұшыраған яһудтер мен олардың кейіпіндегілердің жолын ұстанушылардан қыла көрме. Және бұрыс бағытқа бет алып, жолдан адасқан християндар мен олардың соңынан ілесушілерден қыла көрме.

Бұл дұғада қарсылық, надандық, адасу ауыруларынан мұсылманның жүрегіне шипа бар. Сондай-ақ нығметтердің ең ұлысы – Ислам нығметі екеніне нұсқау бар. Өйткені, кім хақты артығырақ танып, оны бекем ұстанса, сонда ол тура жолға ең лайықты адам болып табылады. Олай болса күнәсіз сахабалар пайғамбарлардан кейінгі сол жолға ең лайықты жандар.

Категория: Құран | Добавил: admin | Теги: тапсір, фатиха, тафсир, Құран
Просмотров: 763 | Загрузок: 97 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]