Қош келдіңіз Гость • Тіркелу • Кіру • RSS
Жұма, 26.4.2024, 04:35
Главная » Статьи » Қазақ тілінде » Фатуалар

Конституция және барша үшін міндетті заңдар жасап шығару (тәшри‘ ‘ам)

Конституция және барша үшін міндетті заңдар жасап шығару әшри‘ ‘ам)

Бұл – адамның заңдар шығарып, оларды орындауға өзінің билігі жүретіннің барлығын міндеттеуі. Ол Шариғаттың үкімдерін басқалардың үкімдерімен ауыстырады және өзінің билігі жүретіндердің барлығын оларды орындауға міндеттейді, сонымен бірге жоғарыда аталып кеткен құбылыстардың біреуі де орын алмайды. Яғни адам осыны халәл деп тұрып алмайды (истихләл), Шариғаттың үкімін жоққа шығарма (джухд), өтірік деп санамайды (такзиб), Шариғаттан жақсырақ өзге қандайда-бір нәрсе бар деп айтпайды (тәфдыйль), басқа бір заңдар мен басқару жүйелерін Шариғатқа теңестірмейді (мусауә) және Шариғаттың үкімін алмастырып, Шариғаттың негізінде үкім шығарып жатырмын деп те айтпайды.

Осы жағдайға қатысты Шариғаттың үкімі: кіші күпірлік (куфр әсғар). Басқаша айтқанда, бұл іс-әрекет (амал) адамды Исламнан шығармайды және оны кәпір етпейді.

Дәлелдер:

Осы іс-әрекет адамды Исламнан шығаратын үлкен күпірлік (куфр акбар) болып табылатындығына шариғи дәлелдердің жоқтығы. Шариғат бізге: егер адам адамдар тарапынан ойлан жасап шығарылған заңдардың күшін баршаға жүргізсе немесе адамдарды оларды орындауға міндеттесе, бұл үлкен күпірлік (куфр акбар) және мұндай адам кәпірге айналады деп айтпайды. Яғни бізде барша үшін заң шығаратын адам мен кейбіреулер үшін заң шығаратын адамның арасында, сондай-ақ өзіне бағынатын адамдарды соларды орындауға міндеттейтін адам мен адамдарды міндеттемейтін адамның арасында айырмашылық бар екендігіне шариғи дәлелдер жоқ.

Бұл жағдаймен алты мәселе байланысты.

Бірінші мәселе:

Шариғаттың үкімдерінің орнына басқа үкімдерді қолданатын және өзіне бағынышты болған адамдарды сол үкімдерді орындауға міндеттейтін адам, мұны міндеттемейтін адамға қарағанда, ауырлау қылмыс жасап жатыр деп жорамалдауға болады. Алайда біз қылмыстың ауырлығы туралы емес, адам кәпір болады ма – сол туралы айтудамыз, ал бұл сұраққа жауап беру үшін шариғи дәлелдерге ие болу қажет.

Екінші мәселе:

Біз қарап жатқан жағдайда адам кәпірге айналады деп есептейтіндердің кейбіреулері мына дәлелді келтіреді. Олар: «Егер адам Шариғат үкімдерін басқа үкімдермен ауыстырса, ал содан соң оларды өзінің билігі жүретіннің барлығы үшін заңға айналдырса, ол міндетті түрде кәпір болады, өйткені оның іс-әрекетінен ол осы адамдар ойлап тапқан үкімдер Шариғаттың үкімдерінен жақсырақ және пайдалырақ деп есептейтіні шығады», – дейді. Алайда бұл тұжырым төрт себепті сын көтермейді.

1. Ғалымдар адамның амалдары онда белгілі сенімдердің болуына тек осындай байланыстылықтың болуы туралы сенімді түрде мәлім болған жағдайларда ғана нұсқайды деп бекіткен. Адамның сенімдері оның сөздерінен байқалатын нәрсемен бірдей болмауы мүмкін. Тіпті егер адамның сөздері мен амалдарының салдары оған (сенімдердегі) жоққа шығаруды телуге мүмкіндік беретіндей болса да, егер бұл оның өзінің сөздерінен және амалдарынан шықпаса.

Ибн Таймийя, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Сөздер мен амалдардың салдары міндетті түрде (соларға тиісті) сенімдердің болуына нұсқамайды, тек егер осындай себепті-салдарлы байланыстың бар болуы сенімді түрде белгілі болмаса. Егер адамның сөздерінен ол Аллаһтың сипаттарынының мәнін теріске шығаратыны байқалса, бұл оның олар шындығында да мәнсіз деп сенетініне нұсқамайды, ол оларды мойындауы және өзінің сөздері Аллаһтың сипаттарын мәнінен айырып жатқанын білмеуі мүмкін».[1]

Ол, Аллаһ оны рахым етсін, сондай-ақ былай деген: «Егер адамның сөздері онда белгілі сенімдердің болуын тұспалдаса және оған осы түсіндірілсе, ал содан соң ол өз сөздерінің астында осындай сенімдердің бар екенін растаса, онда оның сөздері шынында да тиісті сенімдердің болуына нұсқайды. Ал егер оған оның сөздері белгілі сенімдердің болуына нұсқайтыны туралы түсіндірілсе, ал ол өз жағдайында осындай байланыстың болуын жоққа шығарса, онда оның сөздерін онда осындай сенімдердің бар болуына нұсқау ретінде қабылдауға болмайды, тіпті егер осындай сөздер әдетте соларға тиісті сенімдердің салдары болып табылса да… Егер адамның өзі бұл байланысты тәрк етсе, біз ешбір жағдайда оның сөздері онда тиісті сенімдердің бар болуын дәлелдейді деп айта алмаймыз».[2]

Ибн Таймийя, Аллаһ оны рахым етсін, сондай-ақ былай деген: «Егер біреу: «Адамда белгілі бір сенімдердің болуына нұсқайтын сөздер мен амалдар онда шынында да осындай сенімдер бар екендігіне дәлел бола алады ма?» – деп сұрап жатса, «Бұл олай емес», – деп жауап беру дұрыс болады, адам өз амалдары мен тиісті сенімдердің байланыстылығы туралы білген және оны өз жағдайында мойындаған жағдайдан басқа. Ал егер бұл осылай болмаса, біз оған оның сөздері немесе амалдары нұсқайтын сенімдердің бар болуын тели алмаймыз, өйткені бұл оған өтірік жапсыру болады».[3]

2. Сөздер мен амалдардың салдары бір болуы міндетті емес. Мысалы, адам Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес басқаруы (билік құруы) немесе шешімдер шығаруы, бірақ сонымен бірге Шариғаттың үкімдері оның басшылыққа алған үкімдерінен жақсырақ және пайдалырақ деп сенуі мүмкін. Алдын біз Ибн Таймийяның егер адамның сөздерінен ол Аллаһтың сипаттарының мәнін жоққа шығаратындығы байқалса, бұл оның шындығында да олардың мәнін теріске шығаратындығын білдірмейді деген сөздерін келтірген болатынбыз.

v Сөйтіп, бұл дәлел ретінде қолданыла алмайды, әсіресе адамды күпірлікте айыптау сияқты салмақты мәселеде. Мұндай мәселелерде біз дәлел ретінде тек нақты білетін нәрселерімізді ғана пайдалана аламыз.

3. Әһлю-Суннә адамды тек осыда күмән болмаған жағдайда ғана күпірлікте айыптайды, өйткені күмәндар Шариғат орнатқан жазаларды қолдануға бөгет болып табылады, ал күпірлікте айыптау – одан да салмақты мәселе және ол күмәндарды бөгет деп санау үшін лайықтырақ.

Шейхуль-ислам Ибн Таймийя, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Егер адамның мұсылман болғаны сенімді түрде белгілі болса, онда күмәндардың туындауы оны кәпір деп санау үшін негіз болып табылмайды».[4]

Мухаммад ибн Абду-ль-Уәххаб, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Біз барлық ғалымдар бір ауызды кәпір деп санайтын адамды ғана кәпір деп есептейміз».[5]

4. Егер біз қарап жатқан мәселеде адам кәпірге айналады деп есептейтіндердің пікірімен келіссек, онда біз Әһлю-Суннә бір ауызды кәпір деп есептемейтін адамды да кәпір деп есептеуміз керек болады. Бұл – қандайда-бір күнәлі нәрсені заңдастырған адам. Мысалы, жанұя басшысы өз отбасы мүшелері үшін белгілі бір күнәлі нәрсені заңды етеді де, оларды осы үкімге ілесуге міндеттейді және оны осы үшін айыптайтындарға қайшы келіп, кеңестер мен насихаттарға құлақ асудан бас тартады. Осы пікірді жақтаушылардың пікіріне салсақ, ол кәпірге айналады. Алайда Әһлю-Суннә мұндай адамды кәпір деп санамайды.

Үшінші мәселе:

Аталған жағдайда адам кәпірге айналады дегендердің кейбіреуі дәлел ретінде Аллаһ Тағаланың зинақорларды жазалау туралы үкімін басқа үкіммен ауыстырған және зинақордың бетіне күйе жағып, оны елдің алдына масқаралауға шығаратын яхудилер туралы хадисті келтіреді. Муслимнің «Сахихындағы» № 4415 хадистен дәл солар туралы Аллаһ Тағала мына аяттарды түсіргені шығып келеді: «Әй, Пайғамбар! Күпірлікті ұстануға тырысатын және жүректері иман келтірмеген болса да, ауыздарымен: «Иман келтірдік», – деп айтатындар сені кейітпесін. Яхудилердің арасында өтірікке құштарлықпен құлақ асатындар, сондай-ақ саған келмеген басқа бір адамдарға құлақ асатындар бар. Және олар сөздерді олардың орындарын алмастырып бұрмалайды да: «Егер сендерге осы берілсе, оны алыңдар да, егер ол берілмесе, онда бой тартыңдар!» – дейді»; «Кім Аллаһтың түсіргенімен үкім етпесе, міне солар кәпірлер»; «Және кім Аллаһ түсірген заң бойынша билік етпесе, міне солар залымдар». «Кім Аллаһтың нұсқауымен үкім етпесе, міне солар бұзақылар».[6]

Бұл пікірдің жақтаушылары осы аяттарда Аллаһ Тағала бұл адамдарды олар зинақорлардың бетіне күйе жағуды барлық яхудилер үшін заң еткені және басқаларды осы заңды орындауға міндеттегені үшін ғана кәпір деп атады деп есептейді. Алайда бұл тұжырым негізсіз, өйткені аталған яхудилер тек аталған себеп бойынша ғана кәпір болмады.

Біріншіден, олар Аллаһ Тағаланың некеде болған зинақорға тағайындаған жазаны, яғни таспен ұруды жоққа шығарды, бұл хадистен айқын көрінеді. Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) олардан: «Сендер Таураттан зинақорларды таспен ұру әмірін таппадыңдар ма?» - деп сұрады. Олар: «Біз онда ондай ешнәрсені таппадық», – деп жауап берді.[7] Олардың оқымыстысы Тауратты оқи бастағанда, таспен ұру туралы жазылған жерді қолымен жауып қойды да, оның алдында және одан кейін жазылған нәрселерді ғана оқыды. Сөйтіп олар Аллаһ Тағаланың үкімін тәрк етті (джухд). Ал «джухд», біз алдын айтқанымыздай, адамды кәпір етеді және діннен шығарады.

Екіншіден, олар Аллаһ Тағаланың некеде болған зинақорға тағайындаған жазасын, яғни таспен ұруды басқа жазамен алмастырды және сонымен бірге осынысын Аллаһтың үкімі деді. Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) олардан: «Сендер Тауратта таспен ұруға қатысты не табасыңдар?» – деп сұрады. Олар: «Біз зинақорларды масқаралауға шығарамыз және оларды сабаймыз», – деді.[8] Сөйтіп, олар Аллаһтың үкімін алмастырды (табдиль). Ал «табдиль», біз біз алдын айтқанымыздай, Әһлю-Суннәның бір ауызды пікірі бойынша адамды діннен шығарады және оны кәпір етеді.

Ибн Абду-ль-Барр, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Бұл хадисте олар Тауратқа өтірік жапсырғанына және өздерінің өтірігін Раббыға және Оның Кітабына телігеніне дәлел бар».[9]

v Сонымен, бұл оқиғаны Шариғаттың үкімдерін басқа үкімдермен ауыстырушы және оларды өзінің білігінің астында болғандарға жаппай және міндетті етуші адам кәпір болады дегенге дәлел ретінде пайдалануға болмайды. Бұл жағдайда әлгі яхудилердің күпірлігін келіспеушіліктің өзегі болған расталмаған себеппен –яғни ойдан шығарған үкімді жалпыға міндетті заңға айландырумен емес, алайда айқын себептермен – яғни Аллаһтың әмірін жоққа шығарумен (джухд) және оны басқа үкіммен алмастырумен (табдиль) байланыстыру қисынды болады, өйткені бізде аталған яхудилер өздері ойдан шығарған үкімді жалпыға арналған заңға айналдырғандығы себепті кәпір деп аталғандығына дәлел де жоқ.

Төртінші мәселе:

Ибн Усәймин, Аллаһ оны рахым етсін, өз уақытында пәтуә шығарған болатын, оған сәйкес аталған жағдайда адам кәпір болады, алайда кейіннен ол өзінің пікірін өзгертті де, бұл мәселеге байланысты жаңа пәтуә шығарды.

Ескі пәтуә:

Ибн Усәймин, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Оларға адамдарды Ислам Шариғатына қайшы келетін заңдармен өмір сүруге міндеттеп, осы заңдарды адамдар оларға сәйкес өмір сүру үшін енгізетіндер жатады.

Олар бұл заңдарды олар адамдар үшін Шариғат заңдарынан жақсырақ және пайдалырақ деп есептегендіктен ғана енгізуде. Бұл әп-айқын нәрсе, өйткені адам қандайда-бір жолды таңдап, өзге бір жолды қалдырғанда, осыны таңдаған жолы тастаған жолынан жақсырақ деп сенгендігінен ғана істейді».[10]

Ибн Усәймин, Аллаһ оны рахым етсін, сондай-ақ былай деген: «Шариғаттың заңдарына қайшы келетін заңдарды енгізетін адам осыны өзінің енгізіп жатқан заңдары адамдар үшін Исламның заңдарынан жақсырақ және пайдалырақ деп сенгендігінен істейді».[11]

Бұл пәтуәда назар бөлуге тиіс болған үш жәйт бар.

1. Бұл жағдайда адам белгілі сенімдерге ие екендігіне дәлел ретінде шейх адамның іс-әрекетінен келіп шығатын салдарларға сүйенді. Ал жоғарыда біз адамның амалдары оның сенімдеріне олардың арасындағы байланыстың бар болуы туралы сенімді түрде белгілі болғанда ғана нұсқайды деп айтқан болатынбыз. Адамның сенімдері оның сөздері мен амалдарынан келіп шығатын нәрселермен байланысты болмауы да мүмкін.

2. Шейх, Аллаһ оны рахым етсін, бұл жағдайдағы адамды күпірлікте айыптаудың себебін адамның сеніміне қатысты етті. Ал дәл осы туралы біз қаралып жатқан жағдайды талқылаудың ең басында айтып кеткен едік. Бірақ проблема шейхтың күпірлікті амалдың салдарына байлағанында, ал оның (осы салдардың) сенімнен келіп шығуы тіпті міндетті емес. Бұл жөнінде шейхтың келтірілген пәтуасына ілесетіндер және сонымен бірге күпірлікті сеніммен байланыстыруды мурджиялықтың көрінісі деп есептейтіндер ойлануы қажет.

3. Шейх мұндай дәйекті осыдан басқа бірде-бір мәселеде қолданбаған болатын және егер де сөздер мен амалдарды адам белгілі бір сенімге ие екендігіне дәлел ретінде қолдану орынды (заңды) болатын болса, мұндай дәлелдерді шейхтың өзі де, басқа ғалымдар да қолданатын еді, алайда біз мұның осылай екенін көріп тұрған жоқпыз.

Жаңа пәтуа

Ибн Усәймин, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Ал егер адам Шариғаттың жақсырақ екендігін білсе, бірақ басқа үкімге ілессе, өзі өзге үкім (қаулы) ойлап шығарса немесе өзге үкімдерді (қаулыларды) адамдар оған сәйкес өмір сүруге міндетті конституция ретінде енгізсе, біз оны залым жәбірлеуші деп санауымыз қажет, алайда, бұл Құран мен Сүннеттен келіп шығатынындай, оны кәпір деп атай алмаймыз».

Пәтуәның толық мәтіні кітаптың соңында келтіріледі.

Бесінші мәселе:

Кейбіреулер Шариғатқа қайшы келетін қаулыларды жалпыға бірдей заңдарға айналдыру – салыстырмалы түрде жақында ғана пайда болған құбылыс деп есептейді. Осыдан шыға келе олар: «Бұл жағдайда адам кәпір болмайды деген ескірген пікірді ұстанудың мәні жоқ, өйткені осындай жағдайда адам кәпір болады деген дәлел жоқ және ертедегі ғалымдар мұндай жағдайда адам кәпір болады деп есептемеген», – дейді.

Алайда бұл тұжырым екі себептен қате болып табылады.

1. Егер бұл осындай болғанда, ешнәрсе үшін күпірлікте айыптауға болмас еді, ал бұл жөнінде ешкім айтпаған. Шариғатқа қайшы келетін үкімдерді жалпыға ортақ заңдарға айналдыратын және өзгелерді оларды орындауға міндеттейтін адамды кәпір деп есептейтіндер дәлел ретінде Аллаһ Тағаланың зинақорлық үшін тағайындаған жазасын күйе жағумен алмастырған яхудилердің оқиғасын келтіреді. Біз бұл оқиға жөнінде және іс жүзінде ол олар оны дәлел ретінде қолдануға тырысатын нәрсеге нұсқамайтыны туралы айтып кеткен едік.

2. Шариғат үкімдерін басқа үкімдермен алмастыру, сонсоң оларды адамдар орындауға міндетті жалпы заңдарға айналдыру жағдайлары бір неше ғасырлар бұрын да орын алған. Мысал ретінде мұсылман мемлекеттерінде енгізілген салықтарды келтіруге болады, ал олардың Шариғатқа ешқандай қатысы жоқ еді. Бұл салықтарды енгізген әмірлер адамдарды оларды төлеуге міндеттейтіні және оларды осы салықтарды төлемегені үшін жазалайтыны айқын-ақ, ал іс жүзінде олар тыйым салынған еді. Бұл – Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес басқарудың (билік құрудың) және шешім шығарудың көрнекті мысалдарының бірі. Егер осындай іс-әрекеттер адамды кәпір еткенде, сол құбыластардың замандастары болған ғалымдар, әрине, мұны түсіндірер еді және үнсіз қалмас еді.

Алтыншы мәселе:

Бұл мәселеде білім ізденушілердің арасында келіспеушіліктер бар, мұны жоққа шығаруға болмайды, алайда қазіргі заманның көрнекті ғалымдары – Ибн Баз, әл-Әлбәни және Ибн Усәймин, Аллаһ оларды рахым етсін, заң жасап шығарушы адам кәпір болып табылмайды дегенге бір ауызды келіскен.


[1] Ибн Таймийя «Мәджму‘ әл-фәтауә», 16-том, 461-бет.

[2] Ибн Таймийя «Мәджму‘ әл-фәтауә», 29-том, 42-бет.

[3] Ибн Таймийя «Мәджму‘ әл-фәтауә», 20-том, 217-бет.

[4] Ибн Таймийя «Мәджму‘ әл-фәтауә», 12-том, 422-бет.

[5] Абдурахмән ибн Қасим, «Әд-дурар әс-сунниййя», 1-том, 102-бет.

[6] «әл-Мәидә» сүресі, 41, 44, 45, 47-аяттар.

[7] Этот хадис приводит әл-Бухари в «Сахих», № 4556.

[8] әл-Бухари «Сахих», № 3635.

[9] Ибн Абд-ль-Барр «әт-Тамхид», 9-том, 14-бет.

[10] Ибн Усәймин, «әл-Фәтауә», 2-том, 143-бет.

[11] Ибн Усаймин, «әл-Фәтауә», 2-том, 143-бет

 

Категория: Фатуалар | Добавил: admin (30.05.2011)
Просмотров: 1019 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
0  
1 Ally   (14.05.2014 14:21) [Материал]
That insight solves the prlembo. Thanks!

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]