Қош келдіңіз Гость • Тіркелу • Кіру • RSS
Сенбі, 27.4.2024, 00:18
Главная » Статьи » Қазақ тілінде » Фатуалар

Видео: Шейх Салих әл-Фаузан: «Біз джихадты жақсы көреміз, бірақ бұл – джихад емес»

Сұрақ:

 

Сұраушы былай деді: «Құрметті шейх, джихадқа деген  мұндай жеккөрушілік пен адамдарды оған қатыспауға ынталандыру қайдан (келуде)? Ислам үмметі джихадқа мұқтаж екендігі, ал дұшпандар оны қаламайтыны белгілі ғой. Біз неліктен олармен (дұшпандармен) келісеміз? «Турхибун»/ «қорқытыңдар»  (8:60) деген сөздің мағынасы қандай? Аллаһ сізге игілікпен қайырсын!

 

Жауап:

 

Біз джихадты жақсы көреміз, бірақ бұл джихад емес! Біз алдын да мұның джихад еместігін айтқан болатынбыз. Бұл қирату! Адамдарды қақысыз өлтіру джихад болып табылады ма? Ал кейде адам тіпті өзін өзі қақысыз өлтіріп жатады!   Бұл – джихад емес! Джихадтың өз ережелері, шарттары және қағидалары бар. Оған мұсылман әмірі шақырады және ол оған басшылық жасайды. Тіпті Бану Исраиль де өз пайғамбарына: «Біз Аллаһтың жолында шайқасуымыз үшін бізге патша тағайында» (2:246), – деп айтты. Олар соғысу үшін өздерімен өздері қаруланып шықпады, бірақ: «Біз Аллаһтың жолында шайқасуымыз үшін бізге патша, – яғни басшы, – тағайында», – деді. Олар мұны кімнен сұрады? Өздерінің пайғамбарларының біреуінен, әмірден!   Билік мәселелеріне қатысты джихад  әмірдің құзыры болып табылады. Ол – джихад жасауға бұйрық беруші және оны басқарушы. Ол әскерді мобилизациялайды, қару-жарақ дайындайды. Ал «қорқытыңдар» деген сөзге келер болсақ, бұл Аллаһтың дұшпандарына қатысты. «Аллаһтың дұшпанын қорқытыңдар» (8:60). Аллаһ мұсылмандарды немесе олармен келісімі барларды  (муахадин) қорқытыңдар деп айтқан жоқ. Аллаһ: «Аллаһтың дұшпанын және өз дұшпандарыңды қорқытыңдар», – деді. Ия.

Категория: Фатуалар | Добавил: admin (22.09.2011)
Просмотров: 865 | Комментарии: 1 | Теги: теракт, Шейх Фаузан, Джихад, жиһад | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
0  
1 Unity   (21.10.2012 05:16) [Материал]
This atrilce keeps it real, no doubt.

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]