Қош келдіңіз Гость • Тіркелу • Кіру • RSS
Сенбі, 27.4.2024, 01:09
Главная » Статьи » Қазақ тілінде » Мақалалар

«әс-Саләму ‘алә мәни-ттабә’аль-худа» деп сәлемдесу туралы

Соңғы кезде мұсылмандардың арасында «Тура жолға ілескенге саләм» (ас-саляму ‘алә мәни-ттабә’аль-худа) деген сәлемдесу түрі тарала бастады.

Бұл қателік екендігінде және осылай істейтін адам мына үш жағдайдың біреуіне түсетініне ешқандай күмән жоқ:

1. Не ол бұл мәселенің үкімін білмейді;

2. Не ол ақиқатқа тек өзі ілеседі, ал ол осылайша сәлем берген адамдары оған ілеспейді деп ойлайды;

3. Не ол осы сәлемдесу арналған адамдарды кәпір деп есептейді!

Сәлемдесудің бұл түрінің Исламда кәпірлерге қатысты болған жағдайдан басқа ешбір негізі жоқ. Мұндай сөздермен Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Ираклий, Макаукис сияқты т.б. кәпірлерлермен, оларға жолдау жіберген кездерде сәлемдескен! Және осы себепті имам әл-Бухари өзінің «Сахихындағы» 3/321 осы хадисті келтірген тарауды «Кітап иелеріне не жазу керектігі туралы тарау» деп атаған. Және бұл мәселені саләфтар да дәл осылай түсінген.

Му’мәр Қатаданың былай деп айтқанын баяндаған: «Кітап иелерімен сәлемдесу – бұл «әс-саләму ‘алә мәни-ттабә’аль-худа!»» Абдур-Раззақ 9841.

Ал мұсылмандарға келер болсақ, оларға қатысты сәлемдесудің мұндай түрі рұқсат етілмеген!

Бұған қоса, Усама ибн Зайд былай деп баяндаған: «Бірде Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) арасында мұсылмандар мен яхудилер бірге болған адамдардың жанынан өтіп бара жатып оларға сәлем берді!»

Бұл хадисті әл-Бухари және Муслим келтірген, ал имам Абу ‘Иса әт-Тирмизи бұл хадис келтірілген тарауды «Мұсылмандар да, басқалар да болған жиналысқа Саләм» деп атаған. Қараңыз: «әл-Джәми’ әт-Тирмизи» 3/182.

Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әдеттегі сәлеммен мұсылмандар да, яхудилерде болған мәжіліске сәлем бергеніне назар бұрыңыздыр! Ал тек кәпірлерге ғана жасалатын сәлемдесудің үлгісімен мұсылмандармен сәлемдесетіндер туралы не айтуға болады?!

Бірақ арасында мұсылмандары да, кәпірлері де бар жиналысқа сәлем жолдаған (берген) адам өзінің салемін тек мұсылмандарға ғана жолдауға ниет етуі қажет!

Шейх ‘Абду-Ссаләм ибн Бәрджис салеммен байланысты барлық шариғи үкімдерге арналған өзінің танымал «Ахкаму-ссаләм» деген кітабының талқыланып жатқан сәлемге арналған тарауында (36-бет) былай деп жазған: "Алайда Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзінің сахабаларына деген сәлемі және олардың оған деген сәлемі тек «әс-Саләму аләйкум уарахмәту-ллаһи уә бәракәтух» болған. Сондықтан мүміндердің өзара сәлемдесуі де осылай болуға тиіс. Ал «әс-Саләму ‘алә мәни-ттабә’әл-худа» деген сәлемдесуге келсек, ол тек кәпірлерге жолданған!”

Сондай-ақ сәлемнің бұл түрі шариғат мұсылмандардың арасында заңдастырған түрін ауыстырылуына алып келеді, ал бұл, күмәнсіз, бидъат болады!

Шейх Ибн ‘Усайминнен: «Мұсылманға «Әс-саләму ‘алә мәни-ттабә’әл-худа» деп сәлем берудің үкімі қандай және арасында мұсылмандар да, кәпірлер де болған адамдарға қалайша сәлем беру керек?» – деген сұрақ қойылды.

Шейх былай деп жауап берді: "Мұсылман адаммен «Әс-саләму ‘аля мәни-ттаба’әл-худа» деп сәлемдеспеу керек, өйткені сәлемдесудің бұл түрін Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мұсылман еместерге жазғанда атап кеткен. Мұсылман бауырмен «Әс-саләму аләйкум!» деген сөздермен сәлемдесу керек. Ал «әс-саләму ‘алә мәни-ттабәа’әл-худа» деген сөздерге келсек, оның мағынасы сенің бауырың тура жолмен жүрмеуде деген болады. Ал егер топтың ішінде мұсылмандар мен христиандар болса, олармен әдеттегі сәлеммен сәлемдесу керек, бірақ «әс-Саләму аләйкум» дегенде мұсылмандарға деген сәлемдесуді меңзеу керек!» Қараңыз: «Фәтауә Ибн Усаймин» № 15230.

Шейх ‘Абдуль-Мухсин әл-‘Аббадқа «Өз мұсылман бауырына хат жазған мұсылман оны «әс-саләму ‘алә мәни-ттаба’әл-худа» деген сөздермен аяқтауына болады ма?» деген сұрақ қойылды.

Шейх былай деп жауап берді: "Бұл дұрыс емес және мұны істеуге болмайды! Бұл кәпірлерге қатысты сәлемдесу болып табылады! «Әс-Саләму аләйкум уәрахмәтуЛлаһи уә баракәтух!” деп айту керек!» Тыңдаңыз: «Шәрх Сунан әт-Тирмизи» № 386.

Категория: Мақалалар | Добавил: admin (24.05.2011)
Просмотров: 970 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
0  
1 Tatyana   (14.05.2014 23:43) [Материал]
Wow! That's a really neat anrwse!

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]