Қош келдіңіз Гость • Тіркелу • Кіру • RSS
Жұма, 19.4.2024, 09:16
[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
  • Страница 1 из 1
  • 1
ФОРУМ » Ақида » Ақида мәселесіндегі сұрақтар » "Тағут" деген не? («Тағут» сөзі «шектен шығу, шекарадан асу» деген мағына беред)
"Тағут" деген не?
adminУақыты: Сейсенбі, 16.08.2011, 12:48 | Хабарлама # 1
Администратор(модератор)
Топ: Администратор
Хабарламалары: 16
Статусы: Желіден тыс
Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен!

«Тағут» сөзі «шектен шығу, шекарадан асу» деген мағына береді. Сондықтан, жағасынан тасып жатқан өзен туралы арабтар: «тоғо (шекарадан асты) әл-ма у (су)», - дейді.
Ал шариғатта «тағут» сөзіне ең жақсы анықтама берген – ол Ибн әл-Қайим (оған Аллаһтың мейірімі жаусын). Ол, автор келтіргендей, былай деді: “Тағут – бұл адамның шектен шығуына себеп болатын ма`буд (оған басқалар құлшылық етілетін нысан), мәтбу` (оның артынан басқалар ілесетін нәрсе) немесе муто` (оған басқалар бағынатын біреу)”.
Шариғат белгілі бір шекараларды орнатып қойғаны бәрімізге мәлім. Егер адам шариғат орнатқан шекаралардан бір нәрсе арқылы асса, онда сол нәрсе тағут болып саналады. Имам Ибн әл-Қайим: “адамның шектен шығуына себеп болатын ма`буд (оған басқалар құлшылық етілетін нысан)”, - деді. Мысалы: адам Аллаһтан басқа біреуге құлшылық етсе, сол құлшылық нысаны тағут болады. Алайда, оның тағут болуы немен байланысты? Жауап: егер құлшылық объектісі құлшылық етіліп жатқанына разы болса, сонда ғана тағутқа айналады. Ал егер ол бұған қарсы болса, онда ол тағут деп аталмайды. Өйткені, ол істен бас тартты, өзін одан аулақ етті.
Аллаһ Тағала былай деді: «Сендер де, құлшылық етіп жүрген нәрселерің де, өздерін соған кіретін, Тозақтың отыны боласыңдар. Егер де олар (шынайы) тәңір болғанда, ол жаққа кірмейтін еді. Бірақ барлығы сол жерде мәңгі қалады» (Әнбия сүресі, 98-99-аяттар). Осы аят түскенде мушриктер (көпқұдайшылар) қуанып кетеді. Олар: “Сондай болса, онда біз де, біздің тәңірлеріміз `Иса да, `Узәйр да – барлығымыз бірге Тозақта болады екенбіз ғой. Бұл нендей керемет”, - деп, аяттың мағынасын өз көңіл-қалауларына сай бұрмалады. Бірақ Аллаһ артынша мына аяттарды түсіріп, имансыздардың үмітін үзді: «Ал оларға Біз алдын ала ең жақсысын белгелегендер, одан алыстатылады. Олар оның еш дауысын да естімейді. Олар онда жандары қалағандарын алып, мәңгі қалады» (Әнбия сүресі, 101-102-аяттар). Бұл аят, өзіне құлшылық етілгенге разы болмаған кісі сөгіске лайық емес екенін дәлелдейді.
Аллаһ Тағала `Иса пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жайлы былай дейді: «Аллаһ: “Әй, Мәриям ұлы `Иса! Сен адамдарға: «Мені және анамды Аллаһтан өзге екі тәңір етіп алыңдар», - деп айтқан ба едің?”, - дейді. Ол былай айтады: “Сен пәксің! Оған құқығым болмаған нәрсені мен қалайша айта аламын? Егер солай айтқан болсам, онда оны білетін едің. Сен менің жанымдағыны білесің, ал мен Сенің Жаныңдағыны білмеймін. Расында, Сен – көместерді білушісің! Мен Өзің әмір еткен нәрсеңнен басқа оларға ештеңе айтпадым: «Менің де, сендердің де Раббыларың – Аллаһқа құлшылық етіңдер!». Араларында болғанымда, мен оларға куә едім. Ал Сен мені алып кеткеніңде, оларға Өзің бақылаушы болдың. Сен - әр нәрсеге Куәсің!”» (Мәида сүресі, 116-117-аяттар). Сондықтан, `Иса (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тағут болып табылмайды. Өйткені, адамдар оған құлшылық еткенімен, ол оған разы болмады.
Тура сол сияқты, егер біреудің артынан шариғаттың шекарасынан асып адамдар ілессе, немесе шектен шығып біреуге жұрт бағынса, ал олар бұған разы болмаса, олар тағут деп саналмайды.
Шейх Мухаммад әт-Тәмими былай деді: "Тағуттар көп, бірақ олардың бастылары бесеу:
- Иблис (оны Аллаһ лағынет етсін);
- Өзіне құлшылық етілгенге разы болатын адам;
- Өзіне құлшылық етуге шақырған адам;
- Ғоибты (жасырын, көмес) білетінін мәлімдеген адам;
- Аллаһ түсірмегенімен үкім еткен адам" (Қараңыз: "Сәләсәту әл-усул").

Аллаһ жақсырақ біледі!
 
ГостьУақыты: Бейсенбі, 15.05.2014, 00:51 | Хабарлама # 2
Топ: Қонақтар





If you wrote an article about life we'd all reach entmnhtegienl.
 
ФОРУМ » Ақида » Ақида мәселесіндегі сұрақтар » "Тағут" деген не? («Тағут» сөзі «шектен шығу, шекарадан асу» деген мағына беред)
  • Страница 1 из 1
  • 1
Поиск: