Главная » Файлы |
Всего материалов в каталоге: 34 Показано материалов: 1-10 |
Страницы: 1 2 3 4 » |
Ізгі ата-бабалардың (әс-сәләфу-ссалих) ақидасы қысқаша түрде баяндалған осы еңбектің авторы – қазіргі заманғы мухаддис-ғалым шейх ‘Абдул-Қадир әл-Әрнаут, Аллаһ оны Өз мейіріміне алсын. Шейх ‘Абдул-Қадир өзінің тақуалығымен, сәләфтардың мәнһәжына (әдістеме және жол)1 ерумен танымал болған мухаддис-ғалым. Ол әлсіз хадистерден сенімді хадистерді бөліп шығаруға, хадистердің мағынасын зерттеуге, әрі оларды тарата отырып, оқытып үйретуге өзінің бүкіл ғұмырын арнады. 1 «Мәнһәж» сөзінің мағынасы туралы № 11-ші сілтемеден қараңыз. |
Құран Кәрім осы сүремен басталғандығы себепті бұл сүре «Фатиха»[1] деп аталды. Және «Масани» деп те аталады, өйткені ол намаздың әрбір рәкағатында оқылады. Сондай-ақ, бұл сүренің басқа да бірнеше есімдері бар. بِسْمِ اللَّهِ الرَّحْمَنِ الرَّحِيمِ 1. Аллаһтан сәттілікті және істің жүзеге асуын тілеп, әрі қабыл етуін сұрай отырып Аллаһтың атымен бастаймын Аллаһ – Жалғыз Өзі құлшылыққа лайықты болған жаратушы Ұлы Раббымыздың есімі. Ол Аллаһ Таъаляның есімдерінің ішіндегі ең ерекшесі. Бұл есіммен Аллаһ Таъалядан басқа ешбір зат аталмайды. ﴾Ар-Рахмаан мен Ар-Рахиим﴿ Аллаһ Таъаляның көркем есімдерінен. ﴾Ар-Рахмаан﴿ – Бүкіл жаратылысты қамтиды, ал (Ар-Рахиим) — тек мүмин-мұсылмандарға арналған Аллаһтың мейірімділігі. |