Қош келдіңіз Гость • Тіркелу • Кіру • RSS
Бейсенбі, 25.4.2024, 18:00
Главная » Файлы » Қазақ тілінде » Ақида

В категории материалов: 20
Показано материалов: 1-10
Страницы: 1 2 »

Сортировать по: Уақыты бойынша · Атауы бойынша · Рейтингі бойынша · Пікірлер саны бойынша · Жүктелуі бойынша · Қаралуы бойынша

Ізгі ата-бабалардың (әс-сәләфу-ссалих) ақидасы қысқаша түрде баяндалған осы еңбектің авторы – қазіргі заманғы мухаддис-ғалым шейх ‘Абдул-Қадир әл-Әрнаут, Аллаһ оны Өз мейіріміне алсын.

Шейх Абдул-Қадир өзінің тақуалығымен, сәләфтардың мәнһәжына (әдістеме және жол)1 ерумен танымал болған мухаддис-ғалым. Ол әлсіз хадистерден сенімді хадистерді бөліп шығаруға, хадистердің мағынасын зерттеуге, әрі оларды тарата отырып, оқытып үйретуге өзінің бүкіл ғұмырын арнады.

1 «Мәнһәж» сөзінің мағынасы туралы № 11-ші сілтемеден қараңыз.

Ақида | Қаралды: 1425 | Жүктелді: 127 | Жариялаушы: admin | Уақыты: 12.07.2012 | Пікірлер (1)

Біл, Аллаһ сені Өзіне бағынуға жетелейтін тура жолмен жүргізсін, әл-ханифия – бұл Ибраһимнің діні. (Оның мәні) жалғыз Аллаһқа құлшылық етіп, дінді шын ықыласпен орындау. Аллаһ Тағала былай деді: «Мен жындар мен адамдарды тек Өзіме құлшылық қылулары үшін ғана жараттым» (Зарият сүресі, 56-аят) [3].

Ақида | Қаралды: 970 | Жүктелді: 135 | Жариялаушы: admin | Уақыты: 24.06.2012 | Пікірлер (0)

Мухаммад Сулайм ат-Тамимидің атақты, әрі ақида мәселесіндегі маңызды болған  "Үш негіз және оның дәлелдері" кітабы. Кітаптың мәтіндері мен шархын білім ізденуші бауырлар тексерген. Аллах баршамызға пайдалы етсін. 
Ақида | Қаралды: 1021 | Жүктелді: 1140 | Жариялаушы: admin | Уақыты: 24.06.2012 | Пікірлер (2)

Бұл кітапта Сүннет жолын ұстанған ең ірі ғалымдардың жауаптары жинақталған. Егер қаласаңыз, оларды бүгінгі күнде сәнге айналған «вахаббист» сөзімен атаңыз. Бұл жауаптарда террористік актілердің кез-келген түрінен, бейбіт адамдарды өлтіруден және ұрлаудан, өзін-өзі өлтіруден, жарылыстардан қорқытып айтылатын ескерту бар, өйткені мұндай іс-әрекеттер озбырлыққа және жәбірлеуге жатады.

Сондай-ақ, бұл жауаптар осы адасушылық жолын ұстанып жүргендердің күмәндарын теріске шығарады. Осы тақырыпқа қатысты ғалымдардың сөйлеген сөздерінің басым бөлігі 11-қыркүйектегі әйгілі уақиғалардан көп уақыт бұрын айтылған болатын, бұл, өз кезегінде, Исламның оларға ешбір қатысы жоқ екендігіне күә болады. Бұл пәтуаларды оқу – әрбір әділ адамның құқығы болып табылады және шындықты білуге ұмтылған барлық сауатты адамдардың мүддесіне үйлеседі.

Ақида | Қаралды: 1315 | Жүктелді: 225 | Жариялаушы: admin | Уақыты: 03.12.2011 | Пікірлер (0)

Құран, Сүннет және бір ауызды келісім  (әл-ижма’) «әл-жама’аға» ілесуге нұсқап, одан бөлініп шығуға тыйым салады!

Аллаһ Тағала былай деп айтты: «Адамдар біртұтас қауым еді, бірақ келіспеушіліктерге түсті» (Юнус  10: 19).

Мужәхид былай деген: "Адамдар бір үммет болатын және Адамның балаларының бірі өзінің бауырын өлтірген кезден бастап өзара келіспейтін болды. әт-Табари 13708.

Ал адамзат бытыраңқы болып, адамдар өздерінің дінінен ауытқығаннан кейін, Аллаһ Тағала оларға Өзінің елшілерін жіберді, ал олар адамдарға Оның дінін жеткізді және оларды біртұтас қауым етіп, араларын біріктіріп нығайтты. Аллаһ Тағала былай деп айтты: «(Мухаммад) Аллаһ Нухқа нұсқау берген нәрселерді және саған уахи еткенімізді, сондай-ақ Ибраһимге, Мусаға және Исаға нұсқау берген нәрселерімізді сендерге діни жол қылды: «Дінді мықты орындаңдар да, дінде бөлінбеңдер»» (әш-Шура 42: 13).

Имам әл-Бағауи  былай деген: "Аллаһ барлық пайғамбарларды дінді орнату үшін, әл-жама’аға ілесу үшін және келіспеушілікке түспеу үшін, әрі адамдар келіспеушілік пен бытыраңқылықты тастаулары үшін жіберді”.  Қз.: ”Тафсир әл-Бағауи” 4/122.

Ақида | Қаралды: 1308 | Жүктелді: 204 | Жариялаушы: admin | Уақыты: 08.11.2011 | Пікірлер (0)

Ислам діні: Аллаһ Тағала оны өзінің елшісі пайғамбарымыз Мұхаммедке түсірген және пайғамбарымызды жіберіп сол арқылы барлық діндерге мөр басқан дін. Сондай-ақ, пенделері үшін оны еш кемшіліксіз, толық қылған, әрі олар үшін Ислам дінімен разы болып, одан басқа ешқандай дінді қабыл етпеймін деген дін.
Ислам келуінен бұрынғы шариғатқа ерген адамдар су жоқ болса таяммум қылмайтын еді, олар су тапқанға дейін намаздарды кешіктіріп, кейін су табылған соң дәрет алып, барлығын жинап оқитын болған. Ал пайғамбарымыз Мұхаммедтің шариғатында таяммум келді. Сондықтан кім-де кім су таба алмаса немесе оны қолдануға шамасы келмесе, топырақпен таяммум алып, намазын оқиды.
Ақида | Қаралды: 883 | Жүктелді: 157 | Жариялаушы: admin | Уақыты: 29.07.2011 | Пікірлер (1)

Аллаһ Тағала адамдарға өнеге насихат жеткізу үшін және оларды ақиқат жолына шақыру үшін елшілерді жіберді және Кітаптарын түсірді. Мысалы, Мусаға (Аллаһтың оған сәлемі болсын) түсірілген Таурат туралы Аллаһ Тағала былай деді: «Мусаға (Тәурат) тақтайларында әр нәрсені үгіт түрінде ашалап жазған едік: «Сонда оны мықты ұста және еліңе әмір ет. Оның көркем нұсқауларын алсын!» (әл-А’раф 7: 145).

‘Иса пайғамбардың (Аллаһтың оған сәлемі болсын) Інжілі туралы Аллаһ былай деп айтты: «Және пайғамбарлардың ізінше өзінің алдындағы Тәуратты растаушы етіп, Мәрйям ұлы ‘Исаны жібердік. Әрі оған ішінде туралық, нұр болған алдындағы Тәуратты бекітуші, сондай-ақ, сақтанушылар үшін тура жол, үгіт түрінде Інжілді бердік». (әл-Мәидә 5: 46).

Соңғы пайғамбар және елші Мухаммадқа (Оған Аллаһтың сәлемі мен игілігі болсын) түсірілген Өзінің соңғы уахиі – Құран туралы Аллаһ Тағала былай деп айтты: «Аллаһтың өздеріңе берген нығметін әрі сендерді насихаттау үшін түсірген Кітапты, хикметті түсініңдер». (әл-Бәқара 2: 231).

Ақида | Қаралды: 965 | Жүктелді: 143 | Жариялаушы: admin | Уақыты: 11.07.2011 | Пікірлер (0)

Құрметті оқырман! Көп адамдар бұл дүниеге не үшін келгенін білмейді. Олар өздерінің жаратылу мақсатынан бейхабар. Өкінішке орай, олардың ішінде өздерін мұсылман деп cанайтындар да аз емес. Аллаһқа құлшылық етуге шақырсаңыз, бет бұрады. Аллаһтан қорқу керек екендігін  ескертсеңіз, құлақ аспайды. Сондай кісілердің кейбір күдіктері мен түрлі-түрлі сылтаулары бар. Алайда, Аллаһқа шүкір, негізсіз сылтаулардың ешқайсысы жауапсыз қалдырылмаған. Аллаһ Тағала былай деген:

«Елшілерді қуандырушы, ескертуші ретінде жібердік, олардан соң адамдардың Аллаһқа қарсы айтар еш сылтаулары болмас үшін». (Ниса сүресі, 165-аят)

Құлшылық етпейтіндердің насихаттарға нанбайтындары аздай, олар Аллаһтың мейіріміне ұмтылып, Оның азабынан қорқып жүрген бауырларымыз бен әпке-қарындастарымызға түрлі сын айтып, тіл тигізеді. Аллаһ Тағала тура жолға бет бұрған құлдарына табандылық нәсіп етсін! 

Сонымен кітапшамыздың басты мақсаттары:

-         Адамдарға өмірге не үшін келгендерін еске түсіру;

-         Құлшылықтың маңыздылығын түсіндіру;

-         Құлшылықтан бас тартатындай сылтау жоқ екенін айқындау;

-         Құлшылық етушілерге жабылған жалаға жауап беру.
Ақида | Қаралды: 1009 | Жүктелді: 147 | Жариялаушы: admin | Уақыты: 10.07.2011 | Пікірлер (0)

Расында, мақтаулар мен мадақтарға Аллаһ лайық! Оны дәріптейміз, әрі Одан жәрдем мен кешірім сұрап жалбарынамыз. Жанымыздың жамандықтары мен жаман іс-амалдарымыздан Аллаһқа сиынып, Одан пана тілейміз. Кімде-кімді Аллаһ тура жолға бастаса, онда оны ешкім де адастыра алмайды. Ал кімде-кімді адастырса, онда оны тура жолға салар ешкім жоқ. Біз Аллаһтан өзге құлшылыққа лайық ешкім жоқ екеніне, Оның серігі жоқ, әрі Жалғыз екеніне куәлік етеміз, сондай-ақ Мұхаммед Оның құлы, әрі елшісі екеніне куәлік етеміз. «Әй иман келтіргендер! Аллаһтан шынайы қорқумен қорқыңдар да, мұсылман болған күйде ғана өліңдер!» (Әли ‘Имран сүресі, 102-аят). «Әй адам баласы! Сендерді бір кісіден (Адам атадан) жаратқан және одан оның жұбайын (Хауа ананы) жаратып, ол екеуінен көптеген ер, әйелді таратқан Раббыларыңнан қорқыңдар! Сол арқылы өзара сұрасқан Аллаһтан және туыстардың (арасын үзуден) сақтаныңдар! Шәксіз, Аллаһ сендерді Бақылаушы» (Ниса сүресі, 1-аят). «Әй иман келтіргендер! Аллаһтан қорқыңдар да, дұрыс сөз сөйлеңдер! Аллаһ істеріңді оңғарып, күнәларыңды кешіреді. Сондай-ақ кім Аллаһқа, Елшісіне бой ұсынса, әрине ол ұлы табысқа жетеді» (Ахзаб сүресі, 70-71-аяттар).
Ақида | Қаралды: 950 | Жүктелді: 463 | Жариялаушы: admin | Уақыты: 08.07.2011 | Пікірлер (0)

«Қо`ида» (көпше түрі «қоуә`ид») дегеніміз – одан көптеген мәселелер тарайтын, бөлініп шығатын бір негіз. Ал бұл жолдауда тек таухид пен ширк тақырыбындағы негіздер баяндалады. Таухид тақырыбындағы қағида қандай? Ширк тақырыбындағы қағида қандай? Міне осы сұрақтардың жауабын автор, атылмыш жолдауында беруге тырысады. Өйткені, көптеген адамдар таухид пен ширк терминдерінің мағынасында қатеге ұрынған. Қазір әрбір адам бұл түсініктерді өз көңіл-қалауларына сай бұрмалап түсіндіреді. Алайда, біздің мақсат – бұл тақырыптағы негіздер мен ережелерді үйреніп алу, жүректерімізде берік іргетас қалап алу. Бірақ бұл қағидаларды біз өз ойымыздан емес, көсем деп біреуді таңдап, соның бізге сендірген идеологияларынан емес, Қасиетті Құраннан және пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Асыл Сүннетінен аламыз. Әсіресе, таухид және ширк секілді өте маңызды мәселелерде. Егер сен бұл қағидаларды үйреніп, оларды түсініп алсаң, онда бұдан кейін елшілердің жіберілуіне, кітаптардың түсірілуіне себеп болған таухидті ұғып аласың, сондай-ақ Аллаһ сақтандырған, дүние мен Ахыретте үлкен зиян әкелетін ширктен аулақ болып, оны мәнісіне анық көз жеткізесін. Бұл өте маңызды нәрсе! Бұл нәрсені білу, саған намаз, зекет және т.б. құлшылықтардың үкімдерін білуден де қажеттірек. Себебі, бұл ең әуелгі, ең негізге мәселе болып табылады. Тағы да өйткені, намазың да, оразаң да, зекетің де, басқа да құлышылық түрлері дұрыс сенімге (`ақида) негізделмеген болса, есептелмейді де, қабыл болмайды. Құлшылық жалғыз Аллаһқа ғана арналып, ықыласты түрде орындалуға тиіс.

Ақида | Қаралды: 786 | Жүктелді: 161 | Жариялаушы: admin | Уақыты: 08.07.2011 | Пікірлер (0)

1-10 11-20