Главная » Файлы » Қазақ тілінде » Фиқһ |
В категории материалов: 9 Показано материалов: 1-9 |
Сортировать по: Уақыты бойынша · Атауы бойынша · Рейтингі бойынша · Пікірлер саны бойынша · Жүктелуі бойынша · Қаралуы бойынша
Әй мұсылман қарындасым! Шындығында сен Аллаһ жатырыңда жаратқан нәрестеге жауаптысың. Сондықтан оны жасырма. Аллаһ Құранда: ﴿ وَلاَ يَحِلُّ لَهُنَّ أَن يَكْتُمْنَ مَا خَلَقَ اللّهُ فِي أَرْحَامِهِنَّ إِن كُنَّ يُؤْمِنَّ بِاللّهِ وَالْيَوْمِ الآخِرِ ﴾ «Егер, Аллаһқа және ақірет күніне сенсе, оларға Аллаһ жатырларында жаратқан (нәрестені) жасыру адал болмайды»[29] - деді. Жатырыңдағы перзентті түсіруге және одан құтылуға қандай жолмен болса да тырыспа. Өйткені Аллаһ Тағала саған егер екі қабат кезіңде қиналатын болсаң көптеген жеңілдіктер берді. Егер екі қадат кезіңде ораза ұстау қиын болса, не жүктігіңе зиян тигізсе, аузыңды ашуды рұқсат етті. Қазіргі кездегі кең таралған аборт операциялары харам нәрсе. Егер жатырыңдағы сәбиге жан үрленіп қойса, кейін ол аборт себепті өлетін болса — бұл Аллаһ харам еткен кінәсәз жанды өлтіру болып табылады. Бұл қылық қылмыстық жаупкершілікке әкеліп соғады, ал ол жауапкершілік — дия төлеу[30]. Және кейбір имамдардың айтуынша кәфәрәт төлеу, ол — бір мүмін құлды азат ету, егер оған шамасы келмесе екі ай қатарынан ораза тұту. Кейбір ғұламалар бұл қылықты — жаңа туылған сәбиді тірідей топырақ астына көму деп атаған. Шейх Мухаммад ибн Ибрахим фатауалар жинағында (151/11):«Жатырдағы сәбидің өлгені анықталмайынша, оны түсіруге әрекеттенуге болмай-ды, егер анықталса, болады» - деді. |