Қош келдіңіз Гость • Тіркелу • Кіру • RSS
Бейсенбі, 2.5.2024, 05:23
Главная » Файлы » Қазақ тілінде » Фиқһ

Тағамдағы хәләл мен харам
[ Скачать с сервера (921.5 Kb) ] 28.05.2011, 20:06

Халәл тағаммен тамақтану қажеттігі туралы

және жануар бауыздаумен байланысты  ережелер


Мейрімді Рахымды Аллаһтың атымен!

Кіріспе

Аллаһқа мадақ. Біз Оны мадақтап, Одан ғана көмек және күнәләріміздің кешірілуін сұраймыз. Өзіміздің жанымыздың кесапаты мен жаман істерден Аллаһтан пана іздейміз. Кімді Аллаһ тура жолға салса, оны ешкім адастыра алмайды және кімді Аллаһ тура жолдан тайдырса, оны ешкім тура жолға шығара алмайды. Біз Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкімнің жоқтығына, Оның серігі жоқтығына куәлік береміз. Сондай-ақ, Мухаммад - Аллаһтың құлы және Оның елшісі деп куәлік етеміз.

Осыдан кейін:

Аллаһ Тағала Өзінің елшілері мен пайғамбарларына және олар жіберілген адамдарға халәл нәрселермен ғана қоректенулерін және игі амалдар жасауларын бұйырды. Ұлы Аллаһ былай деді: «Әй, иман келтіргендер! Ризықтандырғанымыздың жақсысынан жеңдер». (әл-Бақара 2: 172).

Тыйым салынған (харам) нәрселерді жеудің зияны мен қауіпі - оның себебінен амалдар мен дұғалар қабыл болмайды, ал Ақыретте ол үшін жаза бар. Әбу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, Аллаһ елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізген: «Расында, Аллаһ Тағала – Игілігінде Пәк, және ол игі болған нәрседен басқаны қабыл етпейді. Расында, Аллаһ пайғамбарларға нені жүктеген болса, иман келтіргендерге де соны жүктеді. Аллаһ Тағала былай деді: «Иә, пайғамбарлар! Таза нәрселерден жеңдер де, таза амалдар жасаңдар». (әл-Муминун 23: 51). Ұлы Аллаһ сондай-ақ былай деді: «Иә, иман келтіргендер! Ризықтандырғанымыздың жақсысынан жеңдер». (әл-Бақара 2: 172).



Категория: Фиқһ | Добавил: admin
Просмотров: 657 | Загрузок: 198 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 1.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]