Фитна, яғни сынақ — адам иман
келтірдім, бой ұсындым, мұсылман болдым деумен тасталып қоймайды. Қиыншылықтар,
сынақтар жетуі тиіс. Егер сынақтар кезінде иманына сабырлық танытса және
иманына бекем болса, расында ол иманын растаған болады. Ал егер сынақтар
кезінде бұрылып, дінінен қайтса, міне бұл жалған иман келтірген мұнафық болады.
Аллаһ Тағала айтқанындай: «Адамдардың кейбіреулері (екі жүзді
мұнафықтар): «Аллаһқа, ахирет күніне сендік"- дейді. Бірақ олар
сенбейді. {8} Олар (өздерінше) Аллаһты және иман
келтіргендерді алдайды. Бірақ олар өздерін ғана алдағандарын сезбейді. {9}
Олардың жүректерінде дерт бар (күншілдік дерті), сонда Аллаһ
олардың дертін арттыра түсті. (Мұсылмандар дамыған сайын күншілдік
дерті қоза түсті.) Сондай- ақ оларға өтірікшіліктерінің салдарынан
күйзелтуші азап бар{10}»
|