Қош келдіңіз Гость • Тіркелу • Кіру • RSS
Жексенбі, 5.5.2024, 01:28
Главная » Файлы » Қазақ тілінде » Ақида

В категории материалов: 20
Показано материалов: 11-20
Страницы: « 1 2

Сортировать по: Уақыты бойынша · Атауы бойынша · Рейтингі бойынша · Пікірлер саны бойынша · Жүктелуі бойынша · Қаралуы бойынша

Бүкіл әлемнің Раббы Аллаһқа мадақ! Пайғамбарымыз Мұхаммедке, отбасына және оның жолымен жүрген бүкіл үмметіне Аллаһтың сәлемі мен игілігі болсын! Омар бин аль Хаттабтың (Ол кісіге Аллаһ разы болсын!) жеткізуі бойынша: «Біз Аллаһтың елшісімен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бірге отырған бір күні, біздің арамызға ерекше ақ киімді және ерекше қара шашты кісі кіріп келді. Оның үстінде сапар шеккен адамның ешбір ізі болмады, бірақ біздің арамызда оны танитын да ешкім болмады. Ол Пайғамбардың, оған Аллаһтың иілігі мен сәлемі болсын, алдына келіп отырды. Тізелерін оның тізелеріне тигізіп және қолдарын аяғына қойып: «Иә Мұхаммад, маған ИСЛАМ жайлы айтшы», - деді. Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Ислам дегеніміз - ол 1) Аллаһтан басқа құдай жоқ екендігі және Мұхаммад Аллаһтың елшісі екендігіне сену, 2) намаз оқу, 3) зекет төлеу, 4) Рамадан айында ораза ұстау және 5) мүмкіндігің болса қажыға бару», - деп айтты. Ол (келген адам): «Сен дұрыс айттың», - деді, ал біз болсақ, оның Аллаһтың елшісінен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, әуелі сұрап алып, артынша оның жауабына «дұрыс айттың» дегеніне таң қалдық. Ол: «Енді маған ИМАН жайлы айтшы», - деді. Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Ол дегеніміз: 1) Аллаһқа, 2) Оның періштелеріне, 3) Оның кітаптарына, 4) Оның елшілеріне, 5) Қияметке, 6) Барлық жақсылық пен жамандық Аллаһ тарапынан жазмыш екендігіне сену», - деді. Ол: «Сен дұрыс айттың», - деді. Сосын: «Маған ИХСАН жайлы айтшы», - деді. Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Ол дегеніміз, Аллаһты көріп тұрғаныңдай құлшылық ету, неге десе?, (сен Оны көрмесең дe), Оның сені көріп тұрғаны ақиқат», - деді. Ол: «Енді маған ҚИЯМЕТ жайлы айтшы», - деді. Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Сұралушы сұраушыдан артық білмейді», - деді. Ол: «Енді маған оның белгілерін (алдында не болатыны жайлы) айтып берші», - деді. Пайғамбар: «Күң өзінің ханшайымын туады; аш-жалаңаш, бейшара қойшылардың биік  ғимараттар салып жарысқанын көресің», - деді. Содан соң ол (келген кісі) кетті, ал мен бірер уақытқа бөгелдім. Сонда Пайғамбар: «Иә Омар, сен кімнің сұрақ қойғанын білесің бе?», - деді. Мен: «Аллаһ және Аллаһтың елшісі бәрінен жақсы біледі», - дедім. Пайғамбар: «Бұл - сендерді діндеріңе үйретуге келген Жебірейіл (періште)», - деді.[1] [1] Хадис имам Муслимнің жеткізуімен келтіріледі.

Ақида | Қаралды: 923 | Жүктелді: 138 | Жариялаушы: admin | Уақыты: 08.07.2011 | Пікірлер (0)

Жәбрәйіл періште пайғамбарымызға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) келіп Ислам, Иман және Ихсан туралы сұрақтар қойған хадисті бәріміз білеміз, иншааллаһ. Сол хахисте иман туралы сауалға Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай жауап берген еді: «...Аллаһқа, періштелеріне, кітаптарына, елшілеріне, Ахырет күніне иман келтіруің. Және тағдырға: оның жақсылығы мен жамандығына иман келтіруің». Ал енді иманның осы тіректерінің мағынасын тереңірек ашсақ!       

Ақида | Қаралды: 779 | Жүктелді: 90 | Жариялаушы: admin | Уақыты: 08.07.2011 | Пікірлер (0)

«Білместікпен ақталу» тақырыбы Исламда «Узр биль-джәхль» деп аталады және бұл мәселеде ғалымдардың арасында екі түрлі пікір бар. Ғалымдардың бір тобы: «Білместікпен жасалған ширк тек тармақтарында кешіріледі, ал Исламның негіздерінде ол кешірілмейді», – деген болса, ал басқалары: «Негіздерінде де, тармақтарында да кешіріледі», – деді. Бірақ, күштірек пікір – Аллаһ білместікпен жасалған тіпті үлкен ширкті де кешіреді! Және бұл пікірдің дәлелдері де өте күшті: Аллаһ Тағала былай деді: وَمَا كُنَّا مُعَذِّبِينَ حَتَّى نَبْعَثَ رَسُولاً «Біз бір пайғамбар жібермейінше ешкімді жазаламаймыз». (әл-Исра 17: 15). Қатада айтатын: "Ақиқатында, Аллаһ Тағала ешкімді, оған Аллаһтан хабар немесе түсіндірме келіп жетпейінше, жазаламайды!” «Тафсир әт-Табәри» 8/50. Хафиз Ибн Кәсир былай деген: "Бұл аятта Аллаһ Тағаланың Әділ екендігіне, және Ол ешкімді, оған елшілердің елшілігімен дәлел ұсынбайынша, жазаламайтынына нұсқау бар!” «Таф-сир Ибн Кәсир» 4/25. Бұл – елшілердің миссиясы туралы білместіктің – жазалауға бөгет болып табылатындығына нұсқайтын айқын және тікелей аят!  
Ақида | Қаралды: 713 | Жүктелді: 89 | Жариялаушы: admin | Уақыты: 08.07.2011 | Пікірлер (0)

Жәбрәйіл періште пайғамбарымызға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) келіп Ислам, Иман және Ихсан туралы сұрақтар қойған хадисті бәріміз білеміз, иншааллаһ. Сол хахисте иман туралы сауалға Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай жауап берген еді: «...Аллаһқа, періштелеріне, кітаптарына, елшілеріне, Ахырет күніне иман келтіруің. Және тағдырға: оның жақсылығы мен жамандығына иман келтіруің». Ал енді иманның осы тіректерінің мағынасын тереңірек ашсақ! Аллаһқа иман келтіру Аллаһ Тағалаға иман келтiру мына төрт нәрсенi қамтиды. Бiрiншiсi: Аллаһ Тағаланың бар екендiгiне иман келтiру. Аллаһ Тағаланың барлығына болмыс, ақыл, шариғат және сезiм дәлел бола алады. Ал ендi, осыларға жеке-жеке тоқталып өтейiк.
Ақида | Қаралды: 786 | Жүктелді: 106 | Жариялаушы: admin | Уақыты: 06.07.2011 | Пікірлер (0)

«Білместікпен ақталу» тақырыбы Исламда «Узр биль-джәхль» деп аталады және бұл мәселеде ғалымдардың арасында екі түрлі пікір бар. Ғалымдардың бір тобы: «Білместікпен жасалған ширк тек тармақтарында кешіріледі, ал Исламның негіздерінде ол кешірілмейді», – деген болса, ал басқалары: «Негіздерінде де, тармақтарында да кешіріледі», – деді.
Ақида | Қаралды: 713 | Жүктелді: 58 | Жариялаушы: admin | Уақыты: 06.07.2011 | Пікірлер (0)

Имам әл-Әджурри былай дейтін: "Алғашқы және одан кейінгі ұрпақ ғалымдарының арасында хауәридждер – Аллаһқа және Оның Елшісіне бағынбаған ең жаман адамдар екендігіне келіспеушілік болмаған. Олардың сан-алуан оразалары, намаздары және ыждағатты ғибадаттары оларға ешқандай пайда келтірмейді. Және тіпті олардың ашық түрде жақсылыққа үндеп, жамандықтан тыйуы да оларға көмектеспейді, өйткені олар Құранды өздерінің әуестері мен қалауларына сәйкес тәпсірлейді! Бізді олардан Аллаһ пен Оның Елшісі, және ізгі халифалар мен сахабалар, сондай-ақ олардың ізбасарлары да сақтандыратын!"әш-Шәри’а” 1/21.
Ақида | Қаралды: 628 | Жүктелді: 189 | Жариялаушы: admin | Уақыты: 24.05.2011 | Пікірлер (0)

Оны дәріптеп, әрі Одан жәрдем мен кешірім сұрап жалбарынатын Аллаһқа барлық мақтау мен мадақтар болсын. Жанымыздың жамандықтары мен жаман іс-амалдарымыздан Аллаһқа сиынып, Одан пана тілейміз. Кімде-кімді Аллаһ тура жолға бастаса, онда оны ешкім де адастыра алмайды. Ал кімде-кімді адастырса, онда оны тура жолға салар ешкім жоқ. Біз Аллаһтан өзге құлшылыққа лайық ешкім жоқ екеніне, Оның серігі жоқ, әрі Жалғыз екеніне куәлік етеміз, сондай-ақ Мұхаммед – Оның құлы әрі елшісі екеніне куәлік етеміз.

Одан кейін:

Ізгі ата-бабалардың (әс-сәләфу-ссалих) ақидасы қысқаша түрде баяндалған осы еңбектің авторы – қазіргі заманғы мухаддис-ғалым шейх ‘Абдул-Қадир әл-Әрнаут, Аллаһ оны Өз мейіріміне алсын.

Шейх ‘Абдул-Қадир өзінің тақуалығымен, сәләфтардың мәнһәжына (әдістеме және жол)[2] ерумен танымал болған мухаддис-ғалым. Ол әлсіз хадистерден сенімді хадистерді бөліп шығаруға, хадистердің мағынасын зерттеуге, әрі оларды тарата отырып, оқытып үйретуге өзінің бүкіл ғұмырын арнады.

Ол ислам әлеміне ‘Абдул-Қадир әл-Әрнаут деген есіммен танымал болды. Негізі шейхтің есімі Қадри болатын, ал әл-Әрнәут деген тіркеске келер болсақ, оның албандық шығу тегіне байланысты айтылған-ды, өйткені арабтар Албаниядан шыққан адамдарды әрнауттар деп атайды.


Ақида | Қаралды: 757 | Жүктелді: 113 | Жариялаушы: admin | Уақыты: 22.05.2011 | Пікірлер (0)

Бұл кітапша Құранда Аллаһ уәде еткен мәңгілік бақыт пен ләззәт орны болған Жәннәттан үміті бар, сондай-ақ,  қабір азабынан, мәңгілік азап болған Тозақтан «аман болсам» деген әрбір кісіге арналған. Мұнда, Пайғамбарымыз  сахих хадисте хабар бергендей, әрбір кісіге қабірде қойылатын үш сұрақтың алғашқысы: «Раббың кім?» деген сұрақтың қысқаша жауабы айтылады. Бұл кітаптың түпнұсқасы сұрақ-жауап түрінде берілмеген. Ал біз оны сұрақ-жауап ретінде беруіміздің себебі есте тез сақталуын, түсінуге жеңіл болуын қаладық. Осы кітаптағы мәселелерді түсінген кісі, діннің ең ұлы негіздерін үйреніп шығады. Аллаһ Құранда көптеген аяттарда құлшылықты дәлелге негізделіп жасауды, кім не айтса да, дәлел талап етуді бұйырған.
Ақида | Қаралды: 747 | Жүктелді: 171 | Жариялаушы: admin | Уақыты: 19.05.2011 | Пікірлер (0)

Бұл әрбір мұсылманға маңызды болып табылатын жолдау. Ғалымдар оған шарх(түсіндірме) жазуға қатты көңіл бөлген. Онда адамға қабірде қойылатын үш сұраққа, яғни Раббысы, діні және пайғамбары туралы сұраққа жауап бар.
Ақида | Қаралды: 1383 | Жүктелді: 1006 | Жариялаушы: admin | Уақыты: 19.05.2011 | Пікірлер (0)

Тумаған, туылмаған, теңдесі болмаған, Мәңгілік бар Жалғыз Аллаһқа мақтау-мадақтар болсын!

 

Үмметі осы күнге дейін «Аллаһтан басқа ешбір тәңір жоқ, Мұхаммед – Аллаһтың елшісі»,-деп таухид сөздерін жалғастырып келе жатқан, адамзат қауымына таза таухидті жеткізіп, бүкіл әлемді Жалғыз Аллаһқа құлшылық етуге шақырған пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.а.с.) сәлем мен салауаттар болсын!

 

«Ислам ақидасы бойынша 200 сұрақ» деген атаудың өзі-ақ бұл сұрақтарға жауаптар қайтарылатынын аңғартады. Шындығында, бұл кітап – таухид (Аллаһтан басқа ешбір тәңір жоқтығы) туралы, қиындығы жағынан бірте-бірте күрделене беретін сұрақ-жауаптар түрінде жазылған оқулық.

 

Ақида | Қаралды: 801 | Жүктелді: 1058 | Жариялаушы: admin | Уақыты: 19.05.2011 | Пікірлер (0)

1-10 11-20