Қош келдіңіз Гость • Тіркелу • Кіру • RSS
Бейсенбі, 2.5.2024, 14:47
Главная » Файлы » Қазақ тілінде » Ақида

Хауәридждердің кең таралған ерекшіліктері мен сипаттары
[ Скачать с сервера (188.0 Kb) ] 24.05.2011, 15:40

Имам әл-Әджурри былай дейтін: "Алғашқы және одан кейінгі ұрпақ ғалымдарының арасында хауәридждер – Аллаһқа және Оның Елшісіне бағынбаған ең жаман адамдар екендігіне келіспеушілік болмаған. Олардың сан-алуан оразалары, намаздары және ыждағатты ғибадаттары оларға ешқандай пайда келтірмейді. Және тіпті олардың ашық түрде жақсылыққа үндеп, жамандықтан тыйуы да оларға көмектеспейді, өйткені олар Құранды өздерінің әуестері мен қалауларына сәйкес тәпсірлейді! Бізді олардан Аллаһ пен Оның Елшісі, және ізгі халифалар мен сахабалар, сондай-ақ олардың ізбасарлары да сақтандыратын!” "әш-Шәри’а” 1/21.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде хауәридждердің сектасы ислам әлемі үшін қандай қауіптілік төндіретіні түсінікті болады. Бұл сектаның пайда болуы туралы бір неше рет айтылған пайғамбарлық ескертулер және оның өзінің, оның сахабаларының және үмметіміздің ұлы имамдарының одан сақтандыруы бұл сектаның ерекше зияндылығына нұсқайды және барлық мұсылмандарды хауәридждерге тән сипаттар мен ерекшіліктерді біліп, олардан қашқақтауға міндеттейді. Өкінішке орай, біздің кезімізде көптеген мұсылмандар өздерінің надандығына байланысты хауәридждердің кейбір сипаттары мен ерекшіліктерін, өздері осы туралы білмей, алып жүр.

Айтып өткеніміздей, хауәридждер жиырма шақты топқа бөлінген және олардың көзқарастары бір-бірінен ерекшеленетін болды. Алайда біз тек олардың ең кең таралған сипаттары мен ерекшеліктерін түсіндірумен шектелеміз. Және кім солардан алыс болса, онда Аллаһ өздерін Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) «Оттың иттерінің иттері!» деп айтқан олардың сипаттарынан сақатағаны үшін Оған шүкіршілік айтсын.

1. Олар мұсылмандарды үлкен күнәлар жасағандығы үшін күпірлікте айыптайды

Бұл – хауәридждердің ең танылған ерекшелігі, алайда олардың араларында мұсылмандарды тіпті кіші күнәлар жасағандары үшін күпірлікте айыптайтындары да болған. Қараңыз: «әд-Дурар» 1/360.

Хауәридждердің күнәхар мұсылмандарды күпірлікте айыптауы ислам үмметіндегі келіспеушіліктерге бастау болды.

Хафиз Ибн Рәджәб былай деп жазады: "Бұл үмметтегің ең алғашқы келіспеушілік – бұл хауәридждердің күнәхар мұсылмандар кәпір болады деп, Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларымен келіспеушіліке келуі болды. Олар оларды кәпір деп атады және өмірі мен мал-мүлкін рұқсат етіп, кәпірге қатысты істейтіндерді оларға істеді. Содан соң олардан кейін күнәхар мұсылмандар мұсылмандарға да, кәпірлерге де жатпайтынын мәлімдеп, орташа бір жағдай туралы айтатын муътазиләлардың келіспеушілігі пайда болды. Кейін пасық мұсылман толыққанды иманға ие деп айтатын муржилердің келіспеушілігі пайда болды!” Қараңыз: «әл-Джәми’» 1/114.

Хауәридждер мұсылмандарды Құран мен Сүннетте «күпірілік», немесе оларды істеген адам Тозаққа түседі деп аталған күнәларды істегені үшін күпірлікте айыптайды. Бұл олардың дін негіздерін мұлдем білмейтінін және олардың шариғат мәтіндерін түсінуінің деңгейін растайды. Ия, расында да, көптеген үлкен күнәлар Құран мен Сүннетте «күпірлік» деп аталады, алайда бұл оларды істеген адам үлкен күпірлікке түседі дегенді білдірмейді. Мұндай тәсіл осы күнәнің ерекше ауырлығына нұсқау үшін қолданылады, бірақ ешқашан адамды діннен шығаратын үлкен күпірлікте айыптау үшін емес. Мұндай күпірлік кіші күпірлік деп аталады. Дәл сондықтан да имам әл-Бухари өзінің сахихында мұндай хадистерді қамтыған бапты: «Күпірліктен төмен болған күпірлік» деп атаған. Айтылғанды растау үшін Джәбирдің былай деп айтқан хадисін келтіруге болады: «Өзінің иелерінен қашып кеткен кез-келген құл, оларға қайтып бармайынша, күпірлікке түседі». Бұл хадистің жеткізушілерінің біреуі болған Мәнсур былай деген: «Аллаһпен ант етемін, ол (Джәбир) бұл сөздерді Пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жеткізген, бірақ мен олардың менің ауызымнан осы жерде, яғни Бәрсада риуаят етілуін қаламаймын». Муслим 1/45.

Мәнсурдың бұл хадисті Бәсрада айтқысы келмеуінің себебі – Бәсрада онсыз да мұсылмандарды күнәлар жасағандығы үшін күпірлікте айыптайтын хауәридждердің және муътазиләлардың көп болуы еді. Ол олардың бұл хадисті біліп, өздерінің адасушылықтарында мығыдалып, оны өздерінің көзқарастарын ақтау үшін қолданатынына қауіптенген болатын.

Хафиз Ибн ‘Абдуль-Бәрр былай деген: «Әһлю әс-Суннә уәл-джәмә’а, нақты айтқанда білім иелері, бірде бір мұсылман үлкен күнәлар жасағандығы үшін, олар қаншалықты үлкен болса да, Исламнан шықпайтынына бір ауызды келіскен!» Қараңыз: «әт-Тамхид» 16/315.

Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтатын: «Мұсылманды күпірлікте айыптаған – оны өлтірген сияқты!» әт-Табәрани. Хадистің сахихтығын әс-Суюты және әл-Әлбәни растаған. Қараңыз: «Сахих әл-джәми’» 6269.

Хузәйфә Аллаһтың Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін баяндаған: «Ақиқатында, мен сендер үшін Құранды оқитын және оның әдемілігі оның жүзінен байқалатын және Исламның қорғаушысына айналатын адамнан қорқамын. Кейін ол Құранды арқасына тастап қалдырады да, өзінің көршісіне қылыш алып тап береді және оны ширкте (көпқұдайшылықта) айыптайды». Хузәйфә: "Уа, Аллаһтың пайғамбары, олардың қайсысы көпқұдайшылдыққа жақын, айыптаушысы ма, әлде айыпталушысы ма?!” – деп сұрады. Ол: «Жоқ, айыптаушысы», – деді. әл-Бухари "әт-Тарих” 297, Ибн Хиббән 81. Хадистің сахихтығын имам әл-Хайсами, хафиз Ибн Кәсир және шейх әл-Әлбәни рәстаған. Сондай-ақ, "әс-Сильсилә әс-сахиха” 3201 қараңыз.

Имам әл-Әсбәхани былай деп айтатын: "Әһлю-Суннә уәл-джәмә’а, бірін-бірі күпірлікте айыптайтын хауәридждер, рафидилер және қадариялар сияқты бидъаттың жақтаушыларынан ерекше, бірін-бірі күпірлікте айыптамайды! Егер олардың жетеуі бір мәжілісте бас қосса, онда бірін-бірі күпірлікте айыптауының себебімен міндетті түрде тарап кетеді. Олар - Аллаһ олар туралы: «Яхудилер: «Христиандар тура жолмен жүрмейді», – деді, ал христиандар: «Яхудилер тура жолмен жүрмейді» (әл-Бәқара; 113), – деген яхудилер мен христиандар сияқты. "әл-Худджә” 2/255.

Имам Әбуль-‘Аббәс әл-Әсам былай деп баяндайтын: "Бірде екі хауәридж Қағбаны айналып тауап жасап жүріп, бірі екіншісіне: «Мені мен сенен өзге бұл жаратылыстардың біреуі де Жәннәтқа кірмейді!» – деді. Екіншісі: «Жәннәттің кеңдігі көктер мен Жердің кеңдігіндей, ал ол тек сені мен мен үшін ғана жаратылған ба?» – деп сұрады. Біріншісі: «Ия!» – деп жауп берді! Сонда екіншісі оған: «Ол сен үшін», – деді де, оның сенімдерінен бас тартты”. әл-Ләләкәи: "Шәрх усуль әл-и’тиқад” 2317.

2. Олар өздерімен келіспейтін мұсылмандардың мал-мүлкі мен өмірін халәл деп санап,оларды күпірлірлікте айыптайды

Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) хауәридждер туралы былай деген: «Пұтқа табынушыларды қалдырып, иман иелерін өлтіретін болады!» әл-Бухари 3344.

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай деген: "Хауәридждер – бұл мұсылмандарды күпірлікте айыптай бастаған ең алғашқы адамдар. Олар күпірлікте күнә жасаушыларды, сондай-ақ олардың бидъаттарымен келіспегендерді айыптап, осындай мұсылмандардың өмірі мен мал-мүлкін өздеріне халәл деп санады. Өздерімен келіспейтіндердің барлығын кәпір деп атайтын бидъатты жақтаушылардың жағдайы осындай. Әһлю-Суннә уәл-джәмә’аға келер болсақ, олар тек Құран мен Сүннетке ілеседі, Аллаһқа және Оның Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мойынсұнады, ақиқатқа ереді және Аллаһтың жаратылыстарына мейірімділік танытады”. Қараңыз: "Мәджму’уль-фәтауә” 3/279.


Категория: Ақида | Добавил: admin
Просмотров: 628 | Загрузок: 189 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]