Қош келдіңіз Гость • Тіркелу • Кіру • RSS
Дүйсенбі, 29.4.2024, 04:10
Главная » Файлы » Қазақ тілінде » Ақида

Салафтардың манхаджы
[ Скачать с сервера (267.0 Kb) ] 22.05.2011, 13:31

Оны дәріптеп, әрі Одан жәрдем мен кешірім сұрап жалбарынатын Аллаһқа барлық мақтау мен мадақтар болсын. Жанымыздың жамандықтары мен жаман іс-амалдарымыздан Аллаһқа сиынып, Одан пана тілейміз. Кімде-кімді Аллаһ тура жолға бастаса, онда оны ешкім де адастыра алмайды. Ал кімде-кімді адастырса, онда оны тура жолға салар ешкім жоқ. Біз Аллаһтан өзге құлшылыққа лайық ешкім жоқ екеніне, Оның серігі жоқ, әрі Жалғыз екеніне куәлік етеміз, сондай-ақ Мұхаммед – Оның құлы әрі елшісі екеніне куәлік етеміз.

Одан кейін:

Ізгі ата-бабалардың (әс-сәләфу-ссалих) ақидасы қысқаша түрде баяндалған осы еңбектің авторы – қазіргі заманғы мухаддис-ғалым шейх ‘Абдул-Қадир әл-Әрнаут, Аллаһ оны Өз мейіріміне алсын.

Шейх ‘Абдул-Қадир өзінің тақуалығымен, сәләфтардың мәнһәжына (әдістеме және жол)[2] ерумен танымал болған мухаддис-ғалым. Ол әлсіз хадистерден сенімді хадистерді бөліп шығаруға, хадистердің мағынасын зерттеуге, әрі оларды тарата отырып, оқытып үйретуге өзінің бүкіл ғұмырын арнады.

Ол ислам әлеміне ‘Абдул-Қадир әл-Әрнаут деген есіммен танымал болды. Негізі шейхтің есімі Қадри болатын, ал әл-Әрнәут деген тіркеске келер болсақ, оның албандық шығу тегіне байланысты айтылған-ды, өйткені арабтар Албаниядан шыққан адамдарды әрнауттар деп атайды.

Шейх 1928 жылы сол кезде Югославияға мемлекетіне қарасты Косова аймағындағы Врела ауылында дүниеге келді. ‘Абдул-Қадир өнегелі жанұяда тәрбиеленгендіктен көркем мінезді болып өсті. Шейхтің үш жасында 1932 жылы сербтер албандық мұсылмандарды қудалай бастаған шақта, шейхтің әкесі отбасымен бірге Дамаск қаласына хижра жасады (көшті). Дамаскке көшіп келген соң көп ұзамай шейхтің анасы қайтыс болды.

Болашақ шейх Дамаскте өсті. «Әл-Әдәб әл-исләми» мектебінде екі жыл оқыған соң, ол "әл-Ис’аф әл-хайрий” мектебінде бес жылдық білім алды. Содан кейін, ол мектепті тастап, жұмыс істеуге мәжбүр болды. Ол сағат жөндейтін шеберханаға жұмысқа тұрды, бірақ оның жұмысы білім алуға кедергі болмады. Күндіз жұмыс істеп, нәпақасын тауып, ал кешке Құран мен фиқһ сабақтарына қатысатын. ‘Абдул-Қадирдың жұмыс істеген шеберханасы әл-Азхар университетінің түлегі, діни ғылымдардан және араб тілінен сабақ беретін Са’ид әл-Әхмар деген білімді кісінің шеберханасы еді. Кішкентай баланың Құран мен пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) хадистерін жаттауға деген ерекше алғырлығын байқаған Са’ид ‘Абдул-Қадирді білім іздену жолына қарай бағыттау керек екенін ұғынды. Бір күні Са’ид кішкентай баланың қолынан ұстап: «Құлыным менің! Сен білім ізденуге ғана жарайсың», - деп, ‘Абдул-Қадирдың қолына азын-аулақ ақша ұстатып, оны «әл-мәсжид әл-әмуи» мешітіне апарды. Сол жерде ол кішкентай ‘Абдул-Қадирды шейх ‘Абдур-Раззақ әл-Халәбидің қолына тапсырды. Осылайша, ол білім ізденушілердің қатарына қосылып, діни ғылымдарды, араб тілін оқып-үйрене бастады.

Шейх ‘Абдул-Қадир әл-Әрнаут ешқандай ресми оқу орнында оқымаған. Ол алғашқы білімді шейх Субхи әл-‘Аттар мен Суләйман Ғауижи әл-Әлбәниден оқыды. Сонымен қатар, ол Хамди әл-Әрнаут пен шейх Нәсыруддин әл-Әлбәнидің әкесі Нух Нәжәти әл-Әлбәни сияқты кейбір албандық шейхтерден білім алды. ‘Абдул-Қадир он жылдай шейх Мухаммад Салих әл-Фәрфурдан білім талап етті және оған әртүрлі белгілі, танымал «‘Ақида әт-Таһәуия», «Нурул-идах», «Мәрақ әл-фәләх», Ибн ‘Абидиннің «Хашиясын» және т.б. секілді еңбектерден емтихан тапсырды. Сонымен бірге, ол араб тілі мен тәпсірден емтихандар тапсырды.

Шейх ‘Абдул-Қадир әл-Әрнаут Мухаммад Әмин әл-Мисри, Ибн Нәфи’, әр-Рафи’и, ‘Абдур-Рахман әл-Әлбәни, Мухаммад ибн Лютфи және көптеген т.б. өз кезеңінің танымал ғалымдарынан білім талап етіп, үлкен пайда алды.

Шейх ‘Абдул-Қадирдің шәкірттері туралы айтар болсақ, ол өзінің оқушыларын шариғи ғылымды бірге оқып-үйреніп жүрген бауырлары деп есептейтін.

Ол әзілдеуді ұнататын жайдары, үнемі күліп жүретін ақылды кісі еді. Оның ең керемет қасиеті – тәкаппарлығы жоқтығы болатын, басқа біреудің алдында өзін ешқашан артықпын деп санамайтын. Шейхке тән сыпайылық туылғаннан бергі қасиеті еді, ал білім оны одан сайын арттырды. Ол әрдайым хаттың соңына: «Құдіретті Аллаһ Тағалаға мұқтаж, әрі Дамаск қаласындағы хадис ғылымына қызмет етуше құл ‘Абдул-Қадир әл-Әрнаут», - деп жазатын, ал кейде хадис ғылымын зерттеуші студент дейтін. Сонымен қатар, ол ақиқатты жеткізіп, түсіндіруде табанды, әрі батыл болатын. Ол Сүннетке ермейтін кісіні сөгіп кінәлаудан қорықпайтын және бидғат пен бидғатшыларға қатты, әрі қатал еді.

Шейх ‘Абдул-Қадир әл-Әрнаут қолы ашық жомарт кісі еді және шақырғаннан қалмайтын, түрлі жиналыстарға қатысты. Ол насихат жасау үшін бірде-бір мүмкіндікті жібермейтін. Ол қай жерде отырса да: «Пәленше түгенше жеткізді, түгенше Әбу Һурайрадан жеткізді, ал ол Аллаһ елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін жеткізді ... », - деп кібіртіктемей сенімді түрде хадисті сөзбе-сөз айтатын.

Өз кезеңіндегі ғалымдармен келіспеушілікке түсудің негізгі себебі – шейх белгілі бір мазхабты ұстанбайтын және қайбір имам болса да оған соқыр ілеспейтін. Белгілі бір мәселеде қай мазхабтың дәлелі күшті болса, соған ерді. Белгілі бір мазхабқа еруге байланысты ол былай деді: «Бұл мәселені жақсылап түсіндіру керек, өйткені егер қарапайым, сауатсыз мұсылман адам туралы әңгіме қозғалып жатса, онда оның мазхабы – өз имамының мазхабы,  сол имамның артынан еруі – кәдімгі қалыпты жағдай, себебі оның басқа ешқандай мүмкіншілігі жоқ. Ал білім іздену жолында енді алғашқы қадам жасап, әлі күшті пікірден әлсіз пікірді айыра алмайтын адам болса, ол өз шейхінен естігеніне ереді. Егер ол фиқһты оқыған, барлық имамдардың дәлелдерін білетін нығайған білім ізденуші студент болса, мұндай жағдайда ол күшті пікірді әлсіз пікірден ажырата алады. Және менің пікірім бойынша, мұндай адамға мазхабқа соқыр еруге рұқсат етілмейді».

Міне, осы жерден шейхтің белгілі бір мазхабқа соқыр ермей, керісінше ізгі ата-бабалардың (әс-сәләфу әс-салих) түсінігіндегі Құран мен Сүннетке ергені айдан анық белгілі болды.

Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) хадистеріне деген махаббаты шейхті сәләфияға[3] алып келді. Хадистің сенімділігін анықтау (тахқиқ) ғылымының арқасында, шейхтың аты әлемге танылды. Мүмкін біздің дәуірімізде шейх әл-Әлбәниден кейін хадис ғылымына зор еңбек еткен шейх ‘Абдул-Қадир әл-Әрнауттай ешкім жоқ шығар. Материалдың толық мәтінімен танысу үшін жүктеп алуыңызды сұранамыз..

Категория: Ақида | Добавил: admin
Просмотров: 757 | Загрузок: 113 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]