Қош келдіңіз Гость • Тіркелу • Кіру • RSS
Жексенбі, 5.5.2024, 08:11
Главная » Файлы » Қазақ тілінде » Хадис

Шарх хадис
[ Скачать с сервера (172.5 Kb) ] 20.10.2011, 11:49

Барлық мақтау бүкіл әлемдердің раббысы Аллаһқа тән. Оның құлы әрі елшісі пайғамбарымыз Мұхаммедке Аллаһтың сәлемі мен салауаты болсын!

Осы лекцияға тақырып ретінде Хузайфа ибн Йаманның р.а «Расында біз жәһилетте (надандық дәуірінде) және жамандықтарда едік»  деген хадисі алынды.

Ол кісі былай дейді:

«Адамдар Аллаһтың елшісінен  жақсылықтар жайында сұрайтын еді. Мен жамандықтар маған жетіп қалуынан қауіптеніп, одан сол турасында сұрайтынмын:

Ей Аллаһтың елшісі! Расында біз жәһилетте  және жаман-дықтарда едік. Аллаһ Тағала осы бір жақсылықты алып келді, осы жақсылықтан кейін жамандық бар ма?- дедім.

Ия,-деді.

Сол жамандықтан кейін жақсылық бар ма?- дедім.

Ия, онда түтін бар (яғни жақсылық, азырақ өзгерістерге ұшыраған).

Оның түтіні не?- деп сұрадым.

Сондай бір қауымдар бар, менің сүннетімнен өзгені ұстанады, әрі менің тура жолымнан басқамен жүреді, олардан жақсылықтар көресің және жамандықтар көресің.

Сол жақсылықтардан кейін жамандық бар ма? – дедім.

Ия, Жәһаннамның есіктеріне үгіттеушілер болады, кім оларды қабыл қылса оны тозаққа лақтырады,- деді.

Ей, Аллаһтың елшісі! Бізге оларды сипаттап бер,- дедім.

Ия, олар біздің туыстарымыздан болған қауым және біздің тілімізде сөйлейді,- деді.

Иә, Аллаһтың елшісі! Сол нәрсе маған жетіп келсе, не айтар едіңіз?

Мұсылмандардың жамағатын әрі басшысын бекем ұстанасың,- деді.

Егер оларда жамағатта, басшыда болмаса ше?- дедім.

Талдың түбіріне тісіңмен жармассаң да сол жағдайда болып, тіпті саған өлім жеткенге дейін сол ағымдардың барлығынан ұзақ бол,- деді». (Бухарйи және Муслим риуаяты)

Шарх

Шындығында Аллаһ Тағала шыншылдың екі жүздіден ажыралуы үшін, халыққа туындайтын бүліктер, қиыншылықтар мен сынақтар болуын үкім әрі тағдыр қылды.

Аллаһ Тағала:

«Алиф Лям Мим (1) Адамдар «сендік» деумен сыналмай қойып қойылатындықтарын ойлай ма? (2) Рас олардан бұрынғыларды да сынаған едік. Сондай-ақ Аллаһ әлбетте шыншыларды да біледі, өтірікшілерді де біледі(3)»[1]- дейді.

Фитна, яғни сынақ — адам иман келтірдім, бой ұсындым, мұсылман болдым деумен тасталып қоймайды. Қиыншылықтар, сынақтар жетуі тиіс. Егер сынақтар кезінде иманына сабырлық танытса және иманына бекем болса, расында ол иманын растаған болады. Ал егер сынақтар кезінде бұрылып, дінінен қайтса, міне бұл жалған иман келтірген мұнафық болады. Аллаһ Тағала айтқанындай: «Адамдардың кейбіреулері (екі жүзді мұнафықтар): «Аллаһқа, ахирет күніне сендік"- дейді. Бірақ олар сенбейді. {8} Олар (өздерінше) Аллаһты және иман келтіргендерді алдайды. Бірақ олар өздерін ғана алдағандарын сезбейді. {9} Олардың жүректерінде дерт бар (күншілдік дерті), сонда Аллаһ олардың дертін арттыра түсті. (Мұсылмандар дамыған сайын күншілдік дерті қоза түсті.) Сондай- ақ оларға өтірікшіліктерінің салдарынан күйзелтуші азап бар{10}».[2]

Міне Аллаһтың заңы осы. Аллаһ Тағала: «Аллаһ мүміндерді осы сендер болған күйде, жақсыдан жаманды айырмай қоймайды. Әрі сендерге көместі де білдірмейді»[3] - дейді.

Аллаһ Тағала мүмін, мұсылмандарға жалғаншының шыншылдан, өтірікші, мұнафықтан шынайы мүміннің, жаманнан жақсының ажыралып тұруы үшін адамдарға қиыншылық сынақтар жібереді. Міне бұл — Аллаһтың даналығы.

Сынақтар міне осындай ғибадатқа лайық болған Тәңірдің даналығымен болып тұрады. Егер сынақтар болып тұрмаса, хақ батылменен[4] бүркеледі, мүмін мұнафықпен шатастырылады, бір- бірінен ажыралмай қалады.

Осы хадисте атақты сахаба Хузайфа ибн Йаман +: «Адамдар Аллаһтың елшісінен r жақсылықтар жайында сұрайтын еді»-деді.

Сахабалар / жақсылығы бар нәрселерден: Ізгі амалдардан, ақидадан және қарым-қатынастардан сұрайтын.

Хузайфа  өзіне жамандық жетіп қалуынан қауіптеніп жамандықтар турасында сұрайтын еді. Міне осы тек қана жақсылықтарды үйренумен шектелмеудің дәлелі. Керісінше одан ұзақ болу үшін жамандықтарды танып білу керек.

Егер де жамандықтарды танып білмесе оған жолығып қалуы ықтимал. Ақын айтқанындай:

عرفت الشر لا للشر و لكن لتوقيه              و من لا يعرف الشر من الخير يقع فيه «Жамандықты танып білдім жамандық қылу үшін емес, бірақ одан сақтану үшін, кім жамандықты жақсылықтан айыра алмаса оған тап болады».

Адам хақты дәлелдерімен айғақтарын білуі қажет. Батылдан сау қалуы және адамдарды одан ескерту үшін, батыл мен күмәнді танып- үйренуі керек. Егер де оны танып білмесе қалайша одан ұзақ болады, әрі  адамдарды одан қайтіп сақтандырады?!

Міне осы жерде Құраннан үлгі алу керек, онда: хақ пен батыл, иман мен күпір, таухид пен серік қосу, халал мен харам баяндалған. Мұсылман адам тек таухидті, халалды, хақты баяндауға шектелмейді, керісінше одан ұзақ болу мақсатында соған теріс келетін істерді де айқын баяндайды.

Дәл осылай пайғамбарымыз r сүннетінде: жақсылық пен        жамандықты, хақ пен батылды дін істерінің бәрінде баян қылған.

Ғұламалар өз еңбектерінде таухид пен шіркті, күпір мен екі жүзділікті, Әһлі сүннет[5] ақидасы[6] мен адасқан ағымдардан болған Жәһмия,[7] Мұғтазиля[8],   сияқты тағы басқа  топтардың  ақидаларын баян еткен.     Өзара қарым-қатынастарда дұрыс пен бұрысын баян еткен. Дұрыс некелерді және жалған некелерді, бұзық некелерді айтып өткен. Аллаһ Тағала Құранда, Оның елшісі r сүннетте баяндағанындай әйелдерден неке қылуы харам болатын түрін айқындап берген. Шариғат әдептерін және оған қарама-қайшы жаман әдептерді баян қылған. Сондықтан мұсылман адам өзінің дін ісітерінде көзі ашық болып хақты дәлелімен, батылды оның қателіктерімен танып біледі және сол арқылы батылдан ұзақ болып, басқа адамдарды да одан ұзақ болуға шақыра алады.

Осы себептен ақида кітаптарында таухид, Әһлі сүннет ақидасын және адасқан ақидаларды, олардың қателіктерін, және олардың жоюын табасың. Осының  барлығы  мұсылман безендірілген сөздер мен батыл   үгіттерге және бұзылған жолдарға алданып калмауы әрі олар дін істерінде дұрыс танымда болып, оған теріс келетін істерден ұзақ болуы үшін істелінген.     Қазіргі күнде кейбір надан, адасқан адамдар: батыл ақидаларды оқымай-ақ қойыңдар, тек дұрыс ақиданы оқумен шектеліңдер, адасқандардың ақидаларын тануға әрі олардың күмәндарын әшкерелуге қол сұғуды қойыңдар, бұларды тастаңдар, мұсылман балаларына тек дұрыс ақиданы ғана үйретіндер, оларға теріс сөздердің қателіктерін, жалғандарын әшкерелеуді үйретпеңдер,- дейді. Осылар не білімнен еш хабары жоқ наданнан шыққан, немесе батыл мазһаптармен олардың күмәндарына теріс келуді қаламайтын бет бұрғандардан шыққан сөз.

Олар кейде адамның: "Мен мұсылманмын, мүмінмін" - деуі    жеткілікті, Исламның жалпы есімі жетеді, Әһлі сүннет және жамағат, адасқандар, ағымдар, келіспеушіліктер демеңдер, бұл мұсылмандардың арасын ажырату - дейді.

Бұның барлығы адастырушылық, өйткені Аллаһ Тағала хақты батылдан, тура жолды адасудан, шірікті таухиттен ажыратып берген.

Мұның барлығын жалпы дін істерінде ғибадат, қарым-қатынас, ахлақтарда жеке-жеке байандап өткен.

Өздерінің дін істерінде анық хабардар болып, тура мұсылман жалған мұсылманнан ажыралып тұру үшін адамдарға сол нәрселерді баян етіп айқындап беру қажет, өйткені Исламға ауытқу және алдамыш кірмейді. Хақты батылдан, жаманды жақсыдан ажыратып білу үшін, жалпы атау мен шектеліп қалмаймыз, өйткені бұл адамдарды адастыру, алдаушылық, мұндай үгіттерден сақ болайық. Хақ жалғаннан, тура жол адасудан айқындалып егежей-тегежейлі ажыралу кажет.

Хузайфа t пайғамбарымыздан r жамандық туралы сұрайтын еді. Ол кісі пайғамбарымыздан r жақсылықтар жайында сұраумен шектелмеді, сол нәрсені пайғамбарымыз r мақұлдады. Оған жақсылықты түсінуің жетеді деген жоқ, керісінше (жамандықтар турасында сұрауын) мақұлдады. Оған одан сақтануы және өзгелерді де сақтандыру үшін алдағы болатын жамандықтарды баяндап берді.  Міне осы — сүннет, осы — Аллаһтың және пайғамбарымыздың r тұтқан бағыт-бағдарлары.

Хузайфа t: «Ей Аллаһтың елшісі r расында біз Жәһілетте, жамандықтарда едік» - деді.

Жәһілет жәһіл деген сөзден алынған, ол: білімсіздік – деген мағынаны білдіреді. Яғни, Исламнан бұрын болған істер, Мұхаммед r жіберілуінен алдыңғы надандық дәуірі. Өйткені олар ғибадаттарында, қарым-қатынастарында, ішіп-жеулерінде, тұрмыс құруларында және де басқа істерінде адасу мен надандыққа белшесінен батқан. Исамен u Мұхаммедтің r арасында болған мерзімнің ұзақтығы себепті адасу мен надандықта болған, төрт жүз жылдан астам ұзақ уақыт онда елшілік әсері үзіліп, жоғалып, надандық пен адасулар таралып кеткен. Адамдар пұттарға, талдарға, тастарға, тағуттарға,[9] жындарға, адамдарға, періштелерге, әулиелерге, ізгі адамдарға табынатын. Ғибадаттарында бөлшек-бөлшек болып кеткен. Халал мен харамның, жақсы мен жаманның арасын ажырата алмайтын. Олар  рибамен[10] алыс-беріс қылатын еді. Егер қарыз алушы қарызды төлеу керек болса, оған айтады: қазір төлейсің, немесе қарызды саған өсіріп уақытын саған кешіктіремін, міне осы жәһілет рибасы.

Өзара байланыстарында осы нәрсе басым еді. Мал дүниелерін талау, тонау, ұрлау, адамдардың малын жалған жолмен жейтін еді. Азық-түліктерінде өлексе мен қанды халал дейтін. Қанды, өлексені, жаман нәрселерді азық қылар еді. Өз ара соғысшыл халық еді, болмашы нәрсеге соғысатын еді. Оларда не басшы, не дәулет болмаған. Рулық жүйеге бірігетін немесе Парсы мен Румның қоластына кіретін. Күшті әлсізді жейтін, залым жауыздық қылады, ешкім оны қайтармайды, жәһілет дәуірінде осылайша еді.

Оларды барлық жағынан надандық шырмап алған. Солардын ең үлкені — ғибадат пен ақидада Аллаһқа ортақ қосулары, қайта тірілуді жоққа шығаратып, пайғамбарлықты, елшілікті қайтарулары әрі: «Аллаһ адам баласына еш бір нәрсе түсірмеді»[11]- деулері еді.

Аллаһ Тағала Мұхаммедті r хақ дінмен және тура жолмен жіберді. «Өйткені, Ол, елшісін туралық* және хақ дінмен* бүкіл діндерге басым болсын деп жіберген. Егер мүшріктер жақтырмаса да»[12].

Өтініш жалғасын жүктеп оқыңыз.


Категория: Хадис | Добавил: admin | Теги: шархы, хадис
Просмотров: 982 | Загрузок: 147 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
0  
1 кудайберген   (17.03.2012 01:55) [Материал]
ассалямуалейкум уа рахматуллахи уа баракатух

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]