Қош келдіңіз Гость • Тіркелу • Кіру • RSS
Сәрсенбі, 24.4.2024, 01:25
[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
  • Страница 1 из 1
  • 1
ФОРУМ » Ақида » Ақида жайлы түсінік » Ақида деген не? («Ақида» сөзінің мағынасы)
Ақида деген не?
adminУақыты: Дүйсенбі, 15.08.2011, 20:56 | Хабарлама # 1
Администратор(модератор)
Топ: Администратор
Хабарламалары: 16
Статусы: Желіден тыс
Кез келген ислам терминінің екі мағынасы бар: тілдік және шариғи. Әрі осы екі мағына арасында бір байланыс болады. Мысалға, егер «әс-соум» (ораза) терминін қарастырсақ, онда оның Құран аяттарында тілдік және шариғи мағынасында келгенін байқаймыз.
Аллаһ Тағала `Исаның (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) анасы Мәриямның сөздерін келтіріп, былай дейді:
«Аса қамқор (Аллаһ) үшін ораза (әс-соум) атадым…», (Мәриям сүресі, 26-аят). Бұл аятта «әс-соум» (ораза) сөзі тілдік мағынада келіп тұрғаны анық. Себебі аяттың жалғасында Мәриям :
«…Сондықтан бүгін еш адаммен сөйлеспеймін!» (яғни, сөйлесуден тиыламын) - дейді, (Мәриям сүресі,26-аят).
«Әс-соум» (ораза) сөзі тілдік мағынасында, тиылуды білдіреді, кез-келген нәрседен тиылуды. Ал шариғаттық мағынада болса «таң атқаннан, күн батқанға дейін ішіп-жеуден, жыныстық қатынастан тиылуды» білдіретін термин. Бұл мағынасында «әс-соум» (ораза) сөзі келесі аятта келген: «…сендерден кім (Рамазан) айында болса ораза ұстасын», (Бақара сүресі, 185-аят).
Сол сияқты түбірі «`айн», «қоф» және «дәл» әріптерінен тұратын «`ақода» етістігі араб тілінде түйін, келісім, уәде, сенімділік, беріктік, табандылық деген әр-түрлі мағына береді. Бұған мысал ретінде келесі аяттарды келтіруге болады. Аллаһ Тағала былай айтты:
«Түйіншектерге(`уқод) дем салушылардың кесірінен (Аллаһқа сиынамын)», (Фаляқ, 4).
«Әй, иман келтіргендер, уәделеріңді (`уқуд) орыңдаңдар!», (Мәида, 1).
Осымен түбірлес «`ақида» сөзі. Шариғаттық термині ретінде адамға діннен белгілі және жүрегімен анық сенетін нәрселердін барлығын білідіреді.
Бұл ілім саласын немесе осы ғылымды «усулуд-дин» (дін негіздері) деп те атайды. Тағы да оны «ат-таухид» (бірқұдайшылық) деп атайды, өйткені бұл ғылымның қарастыратын басты мәселесі Аллаһтың затындағы, есімдері мен сипаттарындағы, Оның істеріндегі бірлігі. Оны «иман» (сенім) деп те атайды, себебі Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Жәбрейілдің иман туралы сұрағына жауап беріп, оның алты негізін атап кетті: Аллаһқа, періштелеріне, кітаптарына, елшілеріне, Ақырет күніне және тағдырға, оның жақсылығы мен жамандығына иман келтіру.

Аллаһ жақсырақ біледі!
(http://al-hanifiya.kz сайтының форумынан алынды)
 
ГостьУақыты: Бейсенбі, 15.05.2014, 07:15 | Хабарлама # 2
Топ: Қонақтар





Thanks alot - your answer solved all my problems after several days stiugglrng
 
ФОРУМ » Ақида » Ақида жайлы түсінік » Ақида деген не? («Ақида» сөзінің мағынасы)
  • Страница 1 из 1
  • 1
Поиск: